Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «АҚпараттық ЖҮйелер және моделдеу»



бет38/56
Дата09.06.2022
өлшемі0.8 Mb.
#267237
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   56
Байланысты:
354184 (1)
Өзін-өзі тексеруге тапсырмалар:



  1. Token Ring технологиясы мысалдарын келтіру

  2. Технологиялар арасындағы айырмашылықтарды көрсету


Әдебиеттер тізімі: 9, 10
24.-Дәріс. Ethernet технологиясы

Дәрістің мақсаты: Ethernet технологиясымен танысу

Тақырыпта қарастырылатын мәселелер:



  1. CSMA/CD қатынау әдісі

  2. Коллизиялар

  3. Ethernet желісінің максимальды өнімділігі

  4. Ethernet технологиясы кадрларының пішіндері

  5. Ethernet физикалық ортасының спецификациялары


Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистері).

Ethernet - осы күндегі локальды желінің ең көп тараған түрі. Қазіргі уақытта бұл хаттама бойынша жұмыс істейтін желілер саны 5 миллион, ал Ethernet желісінің адаптері орналасқан компьютерлер саны – 50 миллион.

Ethernet деген сөзді естігенде, осы технологияның кез келген нұсқасын алып түсінуімізге болады. Ethernet тар мағынасында - 1975 жылы Xerox фирмасы жасап шығарған Ethernet Network тәжірибелік желісінің желілік стандарты. 1980 жылдары DEC, Intel және Xerox фирмалары біріге отырып, коаксиальды кабель негізінде жасалған Ethernet стандартының ΙΙ нұсқауын өңдеп шығарды. Бұл Ethernet фирмалық стандартының соңғы нұсқауы және де оны DIX немесе Ethernet ΙΙ стандарты деп те атайды.

Ethernet DIX стандартының негізінде IEEE 802.3 стандарты ойлап шығарылды. Екі стандарттың ерекшеліктері: IEEE 802.3 стандартында MAC және LLC деңгейлері бар, ал Ethernet-те екеуі де бір арнаға біріктірілген және де мұнда конфигурацияны тестілеу хаттамасы анықталады. Кадр пішімі бойынша да біраз айырмашылықтары бар.

IEEE 802.3 стандарты физикалық ортасына байланысты келесі модификацияларға ие: 10-Base-5, 10Base-2, 10Base-T, 10Base-FL, 10Base-FB.

IEEE 802.3 стандартының қосымша бір бөлімі ретінде 1995 жылы Fast Ethernet,ал 1998 жылы Gigabit Ethernet стандарттары қабылданды.

Ethernet технологиясының физикалық деңгейлерінің нұсқаларына кабель арқылы екілік ақпаратты беру үшін манчестерлік код қолданылады.

Ethernet стандартының барлық түрлері CSMA/CD әдісі - мәліметтерді беру ортасын бөлу әдісін қолданады.

CSMA/CD қатынау әдісі

Ethernet желілерінде коллизияны анықтау және тасушыны тану ұжымдық қатынау әдісі(carrier-sense-multiply-access with detection, CSMA/CD) ретінде таныс.

Бұл әдіс жалпы логикалық шинасы бар желілерде қолданылады. Мұндай желідегі барлық компьютерлер жалпы шинаға қатынай алғандықтан, кез келген екі желі түйінінде ақпарат алмасуға мүмкіндік береді. 

Ортаға қатынау этаптары

Желі арқылы берілген барлық мәліметтер белгілі бір құрылым кадрына орналасады және бағытталған станцияның уникалды адресімен қуаттанады.

Кадрды беру мүмкіндігін алу үшін, станция бөліп тұрған ортаның бос екендігіне көз жеткізуі қажет. Ол тасушы жиілік деп аталатын сигнал гармоникасын тыңдау арқылы жүзеге асырылады. Тасу жиілігінің болмауы ортаның бос екендігін білдіреді.мысалы, манчестерлік кодтауда ол 5-10 МГц-ке тең болады.

Егер орта бос болса, түйін кадрды беру құқығына иеленеді. Бұл кадр 1 суретте көрсетілген. 1 түйін ортаның бос екендігін анықтап, өз кадрын беруді бастады. Классикалық Ethernet желісінде коаксиальды кабель сигналы 1 түйінде екі бағытта да жіберіледі. Сол себептен де желінің барлық түйіндері оны қабылдай алады. Мәліметтер кадры әрқашанда преамбуламен бірге жүреді, ол 7 байттықта 10101010, ал 8 байттықта 10101011 мағыналарына ие. Преамбула қабылдағышқа биттік және байттық синхронизммен кіру үшін қажет.

Кабельге жалғанған барлық станциялар кадрдың беріліп жақанын тапса, басқа станциялар кадр мазмұнынан өз адресін біліп алып, өзінің ішкі буферіне жазып алады, алған мәліметтерін өңдеп, өзінің жоғарыдағы стектеріне жібереді. Артынан кабель арқылы кабель-жауапты жібереді. Жіберіп отырған станция мекен-жайы осы кадрда болғандықтан қабылдаушы жауабын қайда жіберетінін бірден біліп отырады. 

2-түйін де кадрды бере бастаған кезде ортаның бос емес екендігін анықтайды, яғни онда тасу жилігін байқайды да 1-түйіннің жұмысының аяқталуын күтеді.

Кадрды жіберіп болғаннан кейін желінің барлық түйіндері 9.6 мкс техникалық үзіліс жасауы керек(Inter Packet Gap). Бұл кадраралық интервал деп те аталатын үзіліс желі адаптерлерінің қалпына келуіне және бір станция ортасының монопольды жаулап алынбауы үшін қажет. Үзілістен кейін түйіндер өз кадрларын жіберуді жалғастыра берулеріне болады. 

Коллизияның пайда болуы

Екі станция да бір уақытта кадр мәліметтерін жіберулері мүмкін. Яғни, техникалық үзілістен кейін орта бос екен деп алданып қалады. Міне осы уақытта коллизия - екі кадр мәліметтері бір бірімен соқтығысып, ақпараттың бұзылуы пайда болады.

Коллизия - Ethernet желісінде кездесіп тұратын жағдай. Бұл 1 суретте көрсетілген. Коллизия тек екі кадрдың бір уақытта берілуімен ғана емес, сонымен қатар бірі екіншісінен ертерек бастап, ал сигнал екіншісіне жетіп үлгермей қалуы жағдайынан да туындауы мүмкін.

Коллизияны туындатпау үшін барлық станциялар кабельдегі сигналдарды мұқият бақылап отырады, егер де байқап қалса өз кадрін жіберуді дереу тоқтатады.



Сурет 1. Коллизияның пайда болуы мен таратылуының сызбасы

Сонымен, CSMA/CD қатынау әдісі, станцияларға,ортаға қатынау мүмкіндігін алуға кепілдік бере алмайды. Осы кемшілігі де Ethernet технологиясын арзан етті.

Коллизияны нақты табу үшін келесі қатынас қолданылады:

Tmin >=PDV , мұндағы Tmin – ең кіші зындықта кадрді беру уақыты. PDV - коллизия сигналы желіеің ең шеткі түйініне жету уақыты.

Ethernet желісінің максимальды өнімділігі

Ethernet-тің секундына өңдейтін кадрлар саны көпірлер/коммутаторлар мен маршруттау өндірушілерімен көрсетіледі.

Ethernet технологиясының максимальды кадр ұзындығы - 1500 байт, ал қызмет ақпаратпен 1518 байт, преамбуламен 1526 байт немесе 12 208 бит.

Ал ендігі кезекте, Ethernet технологиясының әртүрлі өлшемдегі кадрларды қолданған кездегі пайдалы өткізігіштік қасиетін қарастырайық.

Пайдалы өткізігіштік қасиетті қарастырған кезде, оны қолданушылық мәліметтердің берілу жылдамдығы деп түсінеміз.Бұл өткізгіштік қасиет Ethernet протоколының номиналдық биттік жылдамдығынан келесі факторлар есебінен әрдайым аз:


  • Кадрдың қызмет ақпараты;


  • Кадраралық интервал(IPG);


  • Ортаға қатынау күтімі.




Минимальды ұзындықты кадр үшін пайдалы өткізгіштік қасиет:

Қө=14880*46*8=5,48Мбит/с

Максимальды ұзындықты кадр үшін пайдалы өткізгіштік қасиет:

Қө=813*1500*8=9,76 Мбит/с

Ethernet технологиясы кадрларының форматтары (пішіндері)

Ethernet технологиясының стандарттары, МАС деңгейіндегі форматтың сипаттамасын береді. Ал, МАС өзі LLC форматына келіп саяды.

Дегенмен де, Ethernet желілерінде арналық деңгейде 4 түрлі пішін қолданылады.

Бір - бірінен тәуелсіз үш Digital, Intel және Xerox фирмалары 802,3 комитетіне Ethernet стандартының халықаралық стандарты ретінде өз екі түрлі нұсқаларын ұсынды.


Ал, келесі бір формат Novell компаниясының күшімен туындады.

Соңында, төртінші пішін алдыңғы форматтар негізінде туындаған 802,2 комитетінің жалпы нұсқасы болды. 

Әр түрлі пішімдегі кадрларды қолдану жабдықтаманың жұмысына не болмаса желінің бағдарламалық қамсыздануына сәйкес келмеушілікті туындатады. Бірақ, қазіргі күнде барлық желі адаптерлері, желі адаптерлерінің драйверлері, коммутаторлар мен маршруттар Ethernet технологиясының барлық форматтағы кадрларымен жұмыс атқара алады. Сонымен қатар, пішім типін анықтау автоматты түрде жүзеге асырылады.

Ethernet кадрларының төрт типі:

802,3/LLC кадры (немесе Novell802,2)

Raw 802,3 кадры (немесе Novell 802,3)

Ethernet DIX (немесе Ethernet ΙΙ)

Ethernet SNAP кадры


Бұл форматтар келесі суретте көрсетілген.





Сурет 2. Ethernet кадрының форматтары



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   56




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
атындағы жалпы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру