Nearest Active Upstream Neighbor,NAUN. Станция әрқашан мәліметтерді жақын арада жатқан мәліметтердің ағымынан төмен орналасқан көршісіне береді.
Суретте ортаға қолжетімді сипатталған алгоритм уақытша диаграммамен көрсетілген. Мұнда, 6 станциядан тұратын сақинада А пакетінің 1-ші станциядан 3-станцияға берілуі көрсетілген. 3 станциядан өткенен кейін А пакетінде 2 белгі орнатылады: адресті тану белгісі және пакеттің буферге көшірмесін жасау белгісі.1-ші станциясына пакет қайтіп келгеннен кейін, жіберуші өз пакетін бастау адресі бойынша қабылдайды және сақинадан өз пакетін жояды. 3-станциясы бойынша орнатылған белгілер станция-жіберушіге пакеттің адресатқа жеткенін және өз буферіне көшіріліп алынғанын айтады.
Сурет 13
Маркер
Маркер кадры әрқайсысының ұзындығы бір байттан тұратын үш өрістен тұрады:
Бастапқы шектегіш (Start Delimiter, SD) маркер басында, сонымен қатар желі бойынша өтетін кез келген кадр басында пайда болады. Өріс JKOJKOOO манчестерлік кодты символдардың бірегейлі тізбегін ұсынады. Сондықтан бастапқы шектегішті кадр ішіндегі биттік тізбекпен шатастыруға болмайды.
Қатынауды басқару (Access Control) төрт бағыныңқы өрістерден тұрады: PPP, T, M, және RRR, мұндағы PPP – приоритет биттері, Т – маркер биті, М – монитор биті, RRR – приоритеттің қордағы биттеті. 1 мәні орналастырылған Т биті кадрдің қатынау маркері екендігін көрсетеді. Монитор битінде 1 мәні орналасса, монитор белсенді болады, егер 0 мәні орналасса, маркер немесе кадрды беретін кез келген басқа станция болып табылады. Егер белсенді монитор 1 мәнін қабылдайтын монитор битінен тұратын маркерді немесе кадрды көретін болса, онда белсенді монитор осы маркер немесе кадрдың бұрынырақта сақинада болғанын және станциямен өңделмегенін біледі. Егер бұл кадр болса, онда ол айналымнан (сақинадан) жойылады. Егер бұл маркер болса, онда белсенді монитор оны сақина бойы ары қарай жібереді. Басымдылықтар өрісін қолдану төменде қарастырылады.
Соңғы шектегіш (End Delimeter, ED) – маркердің соңғы өрісі. Бастапқы шектеу өрісі сияқты бұл өріс те JK1JK1 манчестерлік кодтардың бірегейлі тізбегінен тұрады, сонымен қатар, І және Е екі бірбитті белгілерден тұрады. I (Intermediate) белгісі кадрдың (1-0) кадрлар сериясында соңғы немесе (1-1) кадрлар сериясында аралық болып табылатынын көрсетеді. E (Error) белгісі – бұл қате белгісі. Егер 0 мәні орнатылса ол жіберуші-станциясы болып табылады, егер бақылау сомасы бойынша немесе кадрдың басқа да түзетілмейтін қателер табылатын болса, онда кадр өтетін сақинаның кез келген станциясындағы бұл белгі 1 мәніне тең болуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |