Ұсынылған әдебиеттер: 6нег.[424-460],15қос. [456-489]
Бақылау сұрақтары:
Интернет электрондық поштасының компоненттерін атаңыз.
Пайдаланушы агентінің мақсаты қандай? Пошта алмасу агентінің қызметі қандай? Аралық агенттің мақсаты қандай?
РОР3 хаттамасының жұмыс сызбасы.
Электрондық пошта хабарламаларының құрамдық бөліктері.
SMTP командалар тізбегі?
SMTP жауаптарының коды.
23 - Дәріс. Token Ring технологиясы
Дәрістің мақсаты: Token Ring технологиясымен танысу және физикалық деңгейін қарастыру
Тақырыпта қарастырылатын мәселелер:
Token Ring технологиясының физикалық деңгейі
Сақинаға басымдылықпен қатынау
Мәліметтер қадры және үзілісті тізбек
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистері).
Token Ring желісі Ethernet желісі сияқты желінің барлық станцияларын сақина тәрізді байланысқан кабель бөліктерінен тұратын мәліметтерді тасымалдауды сипаттайды. Сақина жалпы бөлінген ресурс ретінде қарастырылады және оған қол жеткізу үшін Ethernet желісіндегі сияқты кездейсоқ емес алгоритм керек емес. Бұл құқық маркер формат кадр көмегімен беріледі.
Token Ring технологиясы 1984 жылы IBM компаниясымен жасалынған, одан кейін IEEE 802 комитетіне стандарттық проект ретінде берілген, осының негізінен 1985 жылы 802.5 стандарты қабылданды. IBM компаниясы Token Ring технологиясын өзіндік негізгі желілік технологиясын әртүрлі компьютерлер класының негізінен локальды желіні қолданады. Олар мэнфремдер, мини-компьютерлер, персоналдық компьютерлер. Қазіргі уақытта дәл IBM компаниясы негізгі Token Ring технологиясының заңды иегері, бұл компания осы технологияның 60%-тей желілік адаптерін шығарады.
Token Ring желісі 2 биттік 4-16 Мбит/с жылдамдықпен жұмыс істейді. Әртүрлі жылдамдықта жұмыс істейтін аралас станциялар бір сақинада бола алмайды. 16 Мбит/с-пен істейтін Token Ring желісі 4 Мбит/с стандартына қарағанда көптеген жетістіктері бар. Бұл технология Ethernet қарағанда күрделі технология болып табылады. Оның тұрақтылықты болдырмау қасиеті бар. Сақина тәрізді құрылымның кері байланысын қолданатын Token Ring желісінде желі жұмысын қадағалау процедурасы анықталады, онда жіберілген кадр әрқашанда шығарушы станциясына қайтып оралады. Кейбір жағдайларда желі жұмысында табылған қателіктер автоматты түрде жойылады. Мысалы, жоғалынған маркер қалпына келуі мүмкін. желісінен басқа FDDI желісі, сонымен қатар 802.4 стандартына жақын ArcNet жатады.) ортаға қолжетімділік үшін логикалық сақина бойынша станциядан станцияға циклдік түрде құық беріледі. Token Ring желісінде сақина көрші станцияларды қосатын кабель бөліктерінен тұрады.Сол себепті әрбір станция өзінің алдынғы және кейінгі станцияларымен байланысты және тек солармен ғана тікелей мәліметтерді айырбастауы мүмкін. Станцияның қолжеткізімді физикалық ортасын қамтамасыз ету үшін сақина бойынша арнайы формат пен қойылым- маркер кадры айналады. Token Ring желісінде кез-келген станция әрқашанда тек бір ғана станциядан тікелей мәліметтер алады, яғни сол сақинадағы алдынғы мәліметтерден. Мұндай станция жақын арадағы активті көрші деп аталады, мәліметтер ағымынан жоғары жатқан
Достарыңызбен бөлісу: |