Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «АҚпараттық ЖҮйелер және моделдеу»



бет27/56
Дата09.06.2022
өлшемі1.96 Mb.
#267237
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   56
Байланысты:
354184 (1)
Өзін-өзі тексеру тапсырмалары: 

1) Қосымша IP желісіндегі адресациялар туралы мәліметтер жинақтаңыз

2) Хаттамалар түрлерін толықтырыңыз

Әдебиеттер тізімі: 2,10
20 Дәріс. Алмасу хаттамалары


Дәрістің мақсаты: Алмасу хаттамаларымен танысу
Тақырыпта қарастырылатын мәселелер:

  1. SLIP хаттамалары бойынша қосылу

  2. Point-to Point (PPP) хаттамасы

  3. Мәліметтер қадры және үзілісті тізбек


Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистері).

1.SLIP хаттамалары бойынша қосылу


SLIP хаттамасы бойынша бірігу бұл компьютерді Интернетке қосудың ең қарапайым және алмаса немесе жеке компьютерді қосу қажет болса, онда SLIP-ті пайдалануға болады. SLIP жұмыс жасауы үшін сізге Интернет қызметін ұсынушы да өзінің түйіндік хостына қосылуды орнатқаннан кейін Интернеткте жұмыс жасайтын қандай да бір программаны іске қосу қажет, мысалы, ftp. Windows үшін барлық Интернет-программалар қатты дискте болуы қажет. Егер файлдарды жіберу қажет болса ftp программасы керек. Егер поштаны не жаңалықтарды оқу және жіберу қажет болса, онда пошта мен жаңалықтар өңдеуші программа болуы тиіс.
SLIP қосылудан басқа Интернетпен жұмыс жасау үшін терминал режимінде қосылу да қолданылады. Мұнда желілік компьютер қызмет көрсетушінің Интернетке қосылған сіздің компьютеріңіз ретінде пайдаланылады. Интернет қызметі осы хост арқылы, не Интернет программалары орындалатын мәзірден тұратын қабықша арқылы мәзірдің telnet бөлімін осылайша программаны іске қосу арқылы қызмет көрсетушінің компьютерінде бар пргораммамен жұмыс жасаймыз. Яғни қызмет көрсетушінің қатты дискінде барлық TCP/IP программалары болуы тиіс, олармен Интернетпен жұмыс кезінде қолдана аласыз. Сіздің компьютеріңіз тек жай ғана терминал ретінде, пернелердің басылуын жіберіп және хосттан орындалу нәтижелерін қабылдай отырып жұмыс жасайды.
Ал SLIP-қосылуды орындау кезінде, сіз өз компьютеріңізде өзіндік IP адресі және атауы бар Интернет түйініне айналдырасыз. Мұнда барлық TCP/IP қосымшаларын орындауға болады.
Байланыстың тізбекті каналы бойымен мәлімет алмасу стандарттары SLIP және СSLIP инкапсуляция тәсілдерін анықтайды. SLIP және СSLIP тізбекті канал бойымен Интернетке мәлімет жіберуді дайындайды. SLIP-тізбекті каналдағы мәліметтер кадрын шектеу үшін арнайы символдарды қолданады. SLIP осы мақсатқа қолданылатын келесі екі символды анықтайды: End және Esc. End символы ретінде ASCII коды 192(0хС0), Esc-символы ретінде 219 (0хDB) қызмет жасайды. SLIP хаттамасы бар компьютер End символын әрбір мәлімет пакетінің соңында жібереді. Esc симводары мәліметтер пакетінің ішіндегі Esc, End символдары секілді номерге ие мәліметтерді белгілеуге арналған.
Қабылдаушы жақтағы SLIP-ті қабылдау келіп түскен мәліметтер пакетін дұрыс ашу үшін кері іс-әрекеттерді орындайды. Егер тізбекте Esc символы кездессе SLIP бірден келесі Esc символына қарайды және оның номеріне қарай қабылданған тізбекті интерпретация жасайды. Кадрды басындағы End символы қабылдаушы жаққа байланыс желісіндегі кез келген шудан арылуға мүмкіндік береді. SLIP мәліметтер пакетін анықтау және түзету мәселесін жоғары жатқан хаттамаларға жүктейді. TCP және IP хаттамалары өзінің тақырыбы мен сегментіндегі бақылау сапасын өздері тексереді және зақымдалған жағдайда анықталған түрде әрекет жасайды. Бірақ UDP хаттамасы бақылау сапасын қолданбайды және UDP пакеттің SLIP бойымен пайдаланушыға зақымдалмай жету кепілдігі жоқ. Бұдан шығатын шешім UDP датаграмма жібергенде SLIP хаттаммасын қолдануға болмайды. SLIP пакеттерді адрестеу, пакеттерді түрлі типтермен белгілеу және пакет ішінде мәліметтерді сығуды орындай алмайды. SLIP орнатқаннан кейін әрбір жолы компьютер өзіндік IP –адреске не толық Интернет хостына айналады.
Кез келген өзге байланыс желісі секілді тақырыптармен жабдықталған пайдаланушының мәліметтер пакетін тізбекті байланыс желісі тасымалдайды. Желінің өткізгіштік мүмкіндігін үлкейту үшін тақырыптарды қысып отыру қажет. Желі бойымен пакет алмастыру тәсілдері 2 бөлікке бөлінеді: интерактивті және интерактивсіз. Байланыс каналының тиімділігі пакет алмастыру түрінен тәуелді болады. Интерактивсіз пакет алмасу мысалы ретінде екі хаттама қызмет етеді: FTP және NNTP.
Интерактивті ақпарат алмасу мысалы ретінде Telnet қызмет етеді. Пайдаланушы пернені әрбір басқан сайын енгізілген символ кодынан тұратын пакет жырақтағы желілік хостқа жіберіледі.
CSLIP хаттамасы хосттар TCP – қосылуды орнатқаннан соң өздерінде соңғы қабылданған және жіберілген пакеттердің көшірмелерін сақтауларын талап етеді, ары қарай ағымдық қосылу номерін өзінде сақтай отырып, жай ғана тақырыптағы өзгертулерді жіберіп отырады, қабылданған өзгертулердегі бар өзгеріссіз бөлігі негізінде нақты тақырыпты жинауға мүмкіндік береді. Жаңа CSLIP – пакет пайда болысымен желілік программалық жабдықтау идентификатордың қай қосылуға жататынын орнатады және нормаль түрде қайта қалпына келтіреді. CSLIP бойынша пакеттердің нағыз тақырыптары жіберілмейді, ал бұл пакет өлшемін 20 байтқа қысқартады. Ары қарай, CSLIP IP пакетінің “пакеттің жалпы ұзындығы” өрісін жібермейді, оның орнына желілік деңгейден қосылуды қабылдайды және ұзындықты кем дегенде 2 байтқа қысқартады. IP – пакеттің тақырыбында тек тақырыптың бақылау сомасы өрісі қалады және жоқ мәліметтердің бақылау сомасын жіберу қажеттігі жоқ. CSLIP тақырыбының бақылау сомасын жіберудің орнына оны сол орнында есептейді, SLIP-тен ерекшелігі де сонда, ол бақылау сомасын байланыс каналы бойымен жіберуге мәжбүр. Егер тақырыптың бақылау сомасын алып тастасақ тағы да 2 байтты экономдаймыз. Нәтижесінде TCP/IP сеансы бойында өзгеруі мүмкін пакет тақырыбында 16 байт қалады. Сонымен пакеттерді сығудың жалпы принципі:

  1. Сіздің қосымшаңыз өзінде жіберілген және қабылданған пакеттер тақырыптарын сақтауы тиіс;

  2. Қосымша тек тақырыптардағы өзгертулерді жібереді, олардан өзге жақ бастапқы пакетті қайта қалпына келтіреді.

2 Point-to Point (PPP) хаттамасы


Барлық аталған кемшіліктер РРР хаттамаларында түзетіледі, ол Интернеттің арнайы стандарты болып табылады. РРР хаттамасы үш негізгі бөліктен тұрады:

  1. Мәліметтерді инкапсуляциялау әдісі, дәл сол байланыс каналында түрлі желілік хаттамаларды пайдалануға мүмкіндік береді.

  2. Қосылуды басқару хаттамасы LCP (Link Control Protocol (LCP), программалық жабдықтау қосылуды орнату, конфигурациялау және тестілеу мақсатында пайдаланады. Алмасуға қатысатын екі жақ та нақты РРР- қосылудың өздері үшін қажетті қасиеттерін таңдау үшін LCP пайдаланады.

  3. Желіні басқару хаттамалары жиынтығы (NCP) ( Network Control Protocols), РРР – бірігуге түрлі желілік деңгейлердегі хаттамаларды қолдануға мүмкіндік береді.

РРР-ны құру кезіндегі мақсаттардың жұмысын бір-бірінен тәуелсіз қамтамасыз ету.
РРР-мәліметтер кадрын қалыптастыру кезінде ISO 3309 құжатының “мәлімет алмасу-жоғары деңгейлі қосылуды басқару процедуралары – кадр құрылымы” (Data Communikations ─ Hind level Data link Control Procedures) атаулы стандартты статусы қолданылған болатын. Бұл құжат 1979 жылы жарық көрген және HDLS деп аталатын қосылу деңгейіндегі жай хаттаманы сипаттайды. HDLC-те SLIP-тегі секілді кадрдың басын және соның арнайы жалаушаларымен маркерлеу принципі анықталған. Сонымен қатар, HDLC-те мүмкін қателерді табу үшін CRC бақылау сомасы қолданылады.
Көптеген модемдер өз жұмыстарында ASCII─ символдарын қызметті арнайы мақсаттарға қолданылады. Үнсіздік бойынша РРР мұндай символдарды дәл солайша кодтайды. Басқарушыларды кодтау желілік компьютерлерді дұрыс жабдықтамау кезінде туындайтын қолайсыздықтардан құтылуға мүмкіндік береді.
РРР артықшылықтары төмендегідей:

  1. РРР дәл сол тізбекті каналда бірнеше хаттамаларға тыныш өмір сүруге мүмкіндік береді. Мұнда “хаттама” өрісі пайдаланылады.

  2. РРР қателерді коррекция жасайды, ол үшін CRC бақылау сомасының өрісі қолданылады.

  3. РРР NCP хаттамасының қызметтерін пайдалана отырып пакеттер тақырыбын қыса алады. Дәл осы хаттама қосылу кезінде екі жақтың да IP-адрестерін орнатуға пайдаланылады.

  4. LCP хаттамасы қосылу деңгейін басқару қызметін атқарады, оның мүмкіндіктерін жай ғана өсіріп, кеңейту мүмкіндігін береді.

Екі компьютер РРР бойынша мәлімет алмастырудан бұрын, оларға байланыс каналын дұрыс қалып-күйге келтіріп, жағдайын тексеру қажет. Осы мақсаттарда LCP, бірігуді басқару хаттамасы қолданылады. Программалар LCP-ны байланыс түзуінің жағдайын тексеру үшін пайдаланады. Сонан соң желіні басқару хаттамасы, NCP, желілік деңгейдегі кейбір параметрлерді орнату үшін мысалы, IP іске қосылады. Соңында, қосылу деңгейі NCP және LCP қосылуды аяқтау жөнінде келіскенше мәліметтер алмастыруға мүмкіншілігі жететіндей болады.
РРР бойынша мәлімет алмастыру фазасы әруақытта активсіздік фазасынан басталып, аяқталады. Активсіздік фазасында желі деңгейі мәлімет алмасуға дайын емес. РРР хаттамасы активсіздік фазасында бола тұрып, физикалық деңгейдің мәлімет қабылдау және жіберу туралы дайындығын мақұлдағанын күтеді, сонан кейін ғана мәлімет алмасу фазасына өтеді. Мысалы, егер сіздің байланыс каналыңыз телефон мен модемнен тұратын болса, РРР модемнен “алып жүруші бар” сигналының жағдайын тексереді, содан ол физикалық деңгейдің жұмысқа дайындығын анықтайды. Сигнал орнатылғаннан кейін, РРР модем жырақтағы ағайынына звондап, бірікті деп есептейді де келесі қосылу фазасына ауысады.
Физикалық деңгейден анықталған сигналды қабылдап, РРР келесі фазаға ауысады. LCP қолдана отырып, РРР –ның 2 процессі де оның параметрлері туралы келіседі. Кез келген жағдайда РРР параметрлерді үнсіздік бойынша бастайды. Егер кері жақ оларды қабылдаудан бас тартса және өзгесіне ауыстыруды сұраса, РРР ұсынысты қарап шығады, егер оған жағымды болса, қабылдайды. Ары қарай желілік деңгей хаттамасының фазасы басталады, жұмысқа NCP желілік параметрлерін басқару хаттамасы кіріседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   56




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы