1. Пән туралы ақпарат Пәннің атауы_____«Корпоративтік қаржы»____________________________________________
Кредит саны___3__________________________________________________________________
Курс, семест__2,3курс3,5семестр_______________________________________________________
Мамандықтың шифры және атауы«5В050900-Қаржы» __________ Институт______«Сорбонна-Қазақстан»__________________________________________________ Кафедра________«Экономикалық мамандықтар»__________________________________________
Оқытушының аты-жөні, дәрежесі, атағы,қызметі ___ Изеев С.Н., э. ғ. к_____________________
Контактілік ақпарат (телефон, e-mai)_abievas @mail.ru 87026897770_________________________ 2. Бақылау түрітест түріндегі емтихан
Үй тапсырмаларының немесе СӨЖ мерзімдері ҚазҰПУ академиялық саясатына сәйкес жеңілдететін жағдайларда (ауру, шұғыл жағдайлар, күтпеген жағдайлар және т.б.) ұзартылуы мүмкін. Сындарлы сұрақтар, диалог, пікірталастарға қатысу, жаттығулар жасау және кері байланыс құпталады және көтермеленеді, ескеріледі және бағаланады:
1. Әр сабаққа тақырыпқа сәйкес, кестеге сәйкес алдын-ала дайындалу керек.
2.Үй тапсырмалары пән кестесінде көрсетілгендей семестр бойы бөлінеді.
3.Үй тапсырмаларының көпшілігінде бірнеше сұрақтар/тапсырмалар болады.
4.Семестр бойы сіз оқылатын материалды пайдаланасыз.
СӨЖ көрсетілген мерзімде орындалуы тиіс. Көрсетілген мерзімнен кейін СӨЖ қабылданбайды.
Жиынтық бағалау:
Сіздің қорытынды бағаңыз мына формула бойынша есептеледі:(АБ1+АБ2)∙0,6 +Емт∙0,4 3. Курстың академиялық презентациясы. Бұл бағдарлама студенттерге арналған арнайы ұсыныс болып табылады, ол көпшілік алдында сөйлеу тренингін және ғылыми баяндамаларға, жобаларға, студенттің біліктілік жұмысын шығаруға (дипломдық жұмыстар) ерекше назар аудара отырып презентациялар дайындауды біріктіреді және дағдыларды алады.
Тренинг әсіресе осы шеберлікке әлі тап болмаған, бірақ алдын-ала күткен төменгі курс студенттері үшін төмендегідей пайдалы болады:
сөз сойлеуімен мен презентацияларға қойылатын ресми талаптар туралы айтылады;
кез-келген, тіпті ең қызықты емес сөз сойлеуді қызықты етіп жасайтын егжей-тегжейлері
сөз сөйлеу мәтінімен және ілеспе слайдтармен жоспарлауды, құруды және жұмыс істеуді
үйренеміз;
шешендік техниканың негізгі базалық жиынтығын білеміз;
алған білімдерді қолдануға міндетті түрде жаттығамыз.
Оқу курсының типі: МК /ЖООК/ТК «Корпоративтік қаржы» курсының мазмұны меншікті қаржылық ресурстарды қалыптастыру, қаржыландырудың сыртқы көздерінің тарту, оларды бөлу мен пайдалану, сондай-ақ негізгі өндірістік қорлар мн айналым қаражаттарын, өндірісті мен өнім, қызмет көрсету жұмысты өткізуді қалыптастыру пайда болатын ақша қатынастары жүйесі болып табылады.
«Корпоративтік қаржы» курсы, нарықтық қоршаған ортада қазіргі компанияның негізгі қаржылық мәселелерді түсіну мен талдау жасау білім жүйесін құрайды. Студенттер капиталды бағалау модельдерін, алғашқы қаржы активтердің модельдерін, ақиқат актив бағасы мен инвестициялық жобаның талдауларын, компанияның шығыны мен пайдасын, қаржылық жоспарлар мен негізсіз компанияларды қарастырады. Ол қаржыны басқару мен оның бағаға және корпорацияның жұмысына әсер ету, инвестициялық және қаржылық шешімдерге керекті білім береді.
«Корпоративтік қаржы» пәнінің мақсатыкорпорация қаржысын ұйымдастыру,қаржылық тұрақтылыққа жетумақсатында тиімді басқару мен оңтайландыру, алынатын таза табысты жоғарлатып, компания иелерінің меншігі мен жағдайын жоғарлату негіздерін қамтамасыз етеді.
«Корпоративтік қаржы» пәнінің негізгіміндеттері: - корпорация қаржысының маңызын, ұйымдастыру принциптерін, функцияларын, қаржы жүйесіндегі мемлекеттің ролін, кәсіпорындардың қаржылық қатынастрарын теориялық түрде негіздеу;
- корпорация активтерінің және олардың құрылу қайнарларының, қаржылық ресурстардың маңызын, оптималды құрамын және құрылымын ашу;
- қаржылық есептеу әдістері туралы ұғым беру және практикалық дағдылардын дамыту;
- қаржылық жоспарлаудың әдістердін, принциптерін, құрылымын және мазмұнын негіздеу;
- корпорацияның қаржылық жағдайын бағалау және қаржылық тұрақтылыққа жету жолдарын анықтау, қаржылық жағдайсыздыққа және банкротқа жеткізбеу;
- стратегиялық және ағымдағы қаржылық жоспарлауда, қаржылық –шаруашылық қызметін талдауда, нақтылы экономикалық жағдайларда кәсіпорынның инвестициялық және қаржылық саясатындағы басқармашылық шешімдерін қабылдау кезінде қаржылық құралдарды қолдану үшін аналитикалық ойлау дағдыларын дамыту.
«Корпоративтік қаржы» пәнінің негізгі міндеттері түйінді құзыреттіліктермен қатар, төмендегідей арнайы құзыреттіліктерді қалыптастыру болып табылады:
Компанияның қаржылық ресурстарын талдай отырып, тиімді пайдалану бойынша білі мен түсінігі болу керек;
Компанияның инвестициялық қызметінің ұтымдылығын білімді және түсінігін қолдана білу керек;
Басқа қарылық- несиелік ұйымдармен тығыз қарым- қатынасты ұйымдастыру бойынша
пайымдауды қалыптастыру керек;
Корпорацияның бағасын көтеру үшін, талдаужасауға, жоспарлауға және инвестициялар мен қаржы ресурстарын басқаруға көмектесетін құралдарымен жеке қабілеттіліктерін қалыптастыру.