Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы қарашада №17669 болып тіркелді



бет1/3
Дата14.09.2022
өлшемі141.56 Kb.
#290348
  1   2   3
Байланысты:
v1800017669.03-08-2022.kaz
Kazakhstan , 3кл математика29апта, реферат философия 11 апта Ибрагимов Дустмурод, Жолбарыс Ернар 3к3 реферат, ожа Ахмет Ясауи, 10 б 03.05.), 1 тапсырма









Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы


Күшін жойған


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 1 қарашада № 17669 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен.

Ескерту. Күші жойылды - ҚР Оқу-ағарту министрінің 03.08.2022 № 348 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

РҚАО-ның ескертпесі!

Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5- бабының 5-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:


1. Мыналар:


1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;


2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;


3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;


4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;


5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;


6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;


7) күші жойылды - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.07.2022 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

8) күші жойылды - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.07.2022 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.07.2022 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;


2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;


3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;


4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.


3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі А.Қ. Аймағамбетовке жүктелсін.


4. Осы бұйрық:


1) 2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының 10-тармағының 6) тармақшасын және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының 2-қосымшасындағы "Коммуникативтік-тілдік дағдылар" деген бөлімдегі реттік нөмірі 9-жолды;


2) 2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының 20 және 22-тармақтарын;


3) 2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап 4-сыныптар үшін қолданысқа енгізілетін Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының 2-тарауының 1-параграфын, 3-тарауының 1-параграфын және 4-тарауының 1-параграфын;


4) 2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап 9-сыныптар үшін қолданысқа енгізілетін Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының 2-тарауының 1-параграфын, 3-тарауының 1-параграфын және 4-тарауының 1-параграфын;


5) 2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап 10-сыныптар және 2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап 11-сыныптар үшін қолданысқа енгізілетін Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының 2-тарауының 1-параграфын, 3-тарауының 1-параграфын және 4-тарауының 1-параграфын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Бұл ретте Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының 19 және 21-тармақтары, Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының 2-тарауының 2-параграфы, 3-тарауының 2-параграфы және 4-тарауының 2-параграфы, Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының 2-тарауының 2-параграфы, 3-тарауының 2-параграфы және 4-тарауының 2-параграфы 2019 жылғы 1 қыркүйекке дейін, Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының 2-тарауының 2-параграфы, 3-тарауының 2-параграфы және 4-тарауының 2-параграфы 2020 жылғы 1 қыркүйекке дейін қолданыста болады.



Қазақстан Республикасының



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
Сабақ жоспары
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
оқыту мақсаттары
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
болып табылады
қызмет стандарты
жалпы білім
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
арналған әдістемелік
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсанға
білім берудің
Әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді
республикасының білім
туралы жалпы
атындағы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Жұмыс бағдарламасы
пайда болуы
қазақ тілінде