Тақырыптың өзектілігі: Елбасымыздың «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» жолдауында (17 қаңтар, 2014 жыл) белгіленген «орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек; мектеп түлект рі қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс, оларды оқыту нәтижесі сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуы тиіс»деген міндетін орындауда мұғалімдердің біліктілігі қашанда бірінші орынға шығады. Қазіргі таңда қазақ тілі -мемлекеттік тіл, қарым-қатынас тілі -орыс тілі, және ағылшын тілі-әлемдік кеңістікті тану тілін оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан- жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану- заман талабы болып отыр. Қазіргі таңда білім берудің әлеуметтік құрылымы маңызды элементтердің біріне айналып отыр. Дүниежүзінде білімнің рөлі артып, әр елдің білім беру жүйесі тағайындалған. Бірақ, ол әлем халықтарының білім берудегі тәжірибесімен, бағыт-бағдарымен деңгейлес болуы қажет. Қазақстан Республикасындағы үлкен өзгерістердің білім беру саласында қамтылуы маңызды іс-шара болып табылады. Осы орайда білім беруді дамыту тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудағы маңызды құжат екендігі сөзсіз. Профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы жаңаша - өзгерген мақсатпен оқушылардың өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін меңгеруді талап етеді. Деңгейлік тапсырмалар рейтинг- ұпай-балл жинау әдісімен бағаланатынын ескерсек, оқушылардың деңгейлік сабақ өткеннен кейін де сол тапсырмаларда жіберген қателіктеріне, тапсырмаларын орындауда қолданған тәсілдеріне анализ жасап, қателіктері мен кемшіліктерін анықтай білуге мүмкіндік береді. Келесі тапсырмаларда оқушы неғұрлым көбірек ұпай жинау үшін ізденіп оқытушыдан, жолдастарынан, қосымша материалдан білім жинайды. Деңгейлік тапсырмалардын тиімділігі:
Оқушы деңгейлік тапсырмаларды өздері таңдайды. Егер қиын
деңгейлік тапсырманы орындай алмаса, онда ол тапсырмадан жеңілірек
алады;
- Әрбір оқушы тапсырмамен қамтамасыз етіледі;
- Оқушыларды бір-бірінен көшіру әдеті жоғалады, адамгершілік
қасиетке, жоғары саналылыққа баулиды;
- Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырады, ақыл- ойын ,
ойлау қабілетін дамытады;
Деңгейлік тапсырмаларды енгізгенде басты мақсат –сынып оқушыларын «қабілетті» және «қабілетсіз» деп жасанды түрде әр түрлі топтарға бөлуді болдырмау. Осы арқылы деңгейлік және дербес оқыту принциптерімен қатар, барлық оқушыға қатысты ізгілендіру принципі де сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: |