Қазақстан Республикасы білім басқармасы Шымкент қаласы



бет3/15
Дата20.11.2021
өлшемі24.11 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Аккультурация - әртүрлі мәдениеттердің өзара әсерін білдіретін ұғым.

Аксиология – құндылықтар туралы ілім. Құндылықтарды жан – жақты зерттеу мәселесін социологияға Макс Вебер енгізген болатын.

Алғашқы топ — индивидтердің алғаш рет әлеуметтенуі жүретін, қарым-қатынастары, жеке дара, формальды емес сипатта болатын топ. Топ мүшелерінің негізгі мақсаты өзара араласу.

Анархизм («бассыздық», «басқарусыздық») — адамдар арасындағы баршаға ортақ тәртіптерді мойындамайтын, жеке адамның шексіз еркіндігін уағыздайтын, мемлекеттік және басқа да биліктің түрлерін жоққа шығаратын қоғамдық-саяси ағым. Өзінің мемлекеттік билікті жою, ұйымдастырылған саяси күрес, беделді, тәртіпті мойындамау деп жариялаған саяси ағым; XIX ғ. ортасында қалыптасқан.

Анимизм (рух, жан) — заттық дүние құбылыстарының жандылығын бiлдiретiн термин. Анимизм терминiн ғылыми қолданысқа ағылшын этнографы және мәдени антропологы Э.Б.Тайлор (1832-1917) енгiзген. Ежелгi мәдениетке талдау бере келе, магия, тотемизм, фетишизм сияқты ecкi ceнім-нанымдардың қатарында ол анимизмдi де атап өтедi. Оның пiкiрi бойынша анимизм кейiнгi дамыған дiндерге апаратын баспалдақ есебiнде болады және олардың ментальдық дүниесiне енедi. Басқа халықтардың дүниетанымы мен сенiм-нанымдарындай анимизм қазақтың дәстүрлi рухани мәдениетiнде терең ұялаған. Мысалы, Ш.Уәлиханов қазақи түсiнiкте жанның үш түpi бар дейдi: ет жан, шыбын жан, рухи жан.

Анимизмнің көрінісіне қазақы дүниетанымдағы «киелi», «қасиетті» жер бедерлерi мен атаулары жатады. Табиғат аясындағы мәдениет үшiн қоршаған орта киелi таулардан, құтты өзендер мен көлдерден, ағаш-бұталардан, т.б. тұрады. Табиғи құбылыстар да қасиеттi мағынаға ие болады, олардың рухы және иесi бар делiнедi.



Аномия — қоғамның құндылықтар жүйесiндегi түбегейлi дағдарыстарды бiлдiретiн ұғым. Аномия өзiнiң төмендегiдей белгiлерiмен анықталады: 1) қалыптасқан құндылықтардың мәнін жоғалтуы салдарынан болатын ретсiздiк нормативтiк-баптық вакуум; 2) әлеуметтiк үйлесiмдiктiң жоғалуы,қоғамдағы құндылықтардың жиынтық бейнесiне айналған жеке тұлғалар беделiнiң жоғалуы; 3)адамдардың жоғары мұраттардан, өмiрлiк құштарлықтарынан айырылуы; 4) мiнез-құлықтағы тұрақсыздық, өзiн-өзi өлтiрудiң көбейуi, т.б.;

– қоғамдық тәртіпті ретке келтіріп тұрған ережелердің бұзылуы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
тоқсан бойынша
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бағалауға арналған
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жиынтық бағалауға
Әдістемелік кешені
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
республикасы білім
арналған тапсырмалар
туралы хабарландыру
білім беретін
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Жұмыс бағдарламасы
Қазақ әдебиеті
болып табылады
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
бағдарламасына сәйкес
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
мамандығына арналған
туралы анықтама
оқыту әдістемесі
қойылатын жалпы
әдістемелік ұсыныстар
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
республикасының білім
жалпы білім
мемлекеттік әкімшілік
білім берудің
қазақ тілінде