ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАС ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ
ЖАНЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ АКАДЕМИЯСЫ
ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫНА, СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТКЕ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕУ ҚЫЗМЕТІНЕ АЛҒАШ РЕТ КІРЕТІН АДАМДАРҒА АРНАЛҒАН ТҮСУ ЕМТИХАНДАРЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ.
Қосшы, 2020
Осы бағдарлама Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 11-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2020 жылғы 17 шілдедегі бірлескен бұйрығымен бекітілген «Прокуратура органдарына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке және экономикалық тергеу қызметіне кіретін адамдар үшін бастапқы кәсіптік даярлыққа іріктеу және өту шарттары қағидаларының» 6-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Кіріспе
Осы бағдарлама Қазақстан Республикасының Конституциясына, әкімшілік, қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасына, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы", "Құқық қорғау қызметі туралы" және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді.
Бағдарламада конституциялық, әкімшілік, қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу құқығын, сондай-ақ аталған заңнаманы реформалаудың қазіргі заманғы жағдайларында мемлекеттік және құқық қорғау қызметін дамытудың негізгі бағыттары ескерілген.
Бағдарламаның құрылымы 7 бөлімнен тұрады:
I-Конституциялық құқық;
II-Әкімшілік құқық;
III-Қылмыстық құқық;
IV-Қылмыстық іс жүргізу құқығы;
V-Мемлекеттік қызмет туралы;
VI-Құқық қорғау қызметі туралы;
VII-Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы.
Бастапқы кәсіптік даярлықтан өтуге үміткер адам конституциялық, әкімшілік, қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу құқығының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы, сондай-ақ мемлекеттік және құқық қорғау қызметінің мәні мен құрылымын білуі тиіс.
Жауап беруге дайындық кезінде прокуратура органдарына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке және экономикалық тергеу қызметіне алғаш рет кіретін адамдар үшін түсу емтиханының бағдарламасын пайдалануға жол беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |