Қазақстан Республика Мәдениет және спорт министрлігі



бет1/3
Дата12.04.2022
өлшемі21.32 Kb.
#220461
  1   2   3
Байланысты:
Туремуратова Асель СӨЖ Психология 11
prakticheskie zadaniya 10 (2), Туремуратова Асель бөож10, Презентация Базарбаевой Т.А., grapf-kaz

Қазақстан Республика Мәдениет және спорт министрлігі

Халықаралық Туризм және Қонақжайлылық университеті

Тапсырманы орындаған: Туремуратова Асель

Пән мұғалімі: Ералина Айгуль Қуандыққызы

Тобы:21-03



СӨЖ-11

Тақырыбы: Тұлға және топ (әлеуметтік- психологиялық ықпал ету)

Жоспар:

І. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

1. Топтағы тұлғааралық қатынастың мәні

2. Кикілжің және одан шығу жолдары

3. Социометрия әдісі

IV. Қорытынды

V. Пайдаланылған әдебиеттер



Тұлға және топқа психологиялық сипаттамасы. Адам индивид болып туылады, тұлға болып қалыптасады. Егер адам өзіндік санаға ие болып өз бетінше жаңғыртушы іс-әрекет орындауға қабілетті болса, онда ол адамды «тұлға» дейміз. Тұлғаның психологиялық құрылымына оның мінезі, қабілеттілігі, темпераменті жатады. Тұлғаның тұлға болып қалыптасуына педагогикалық қарым-қатынастың ықпалы өте үлкен және маңызды. Оның қалыптасуына тек қана педагог, ата-ана ғана емес қоршаған орта, айналасындағы араластын адамдардың да әсері баршылық. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыпасуы мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ол көп аспектілі және әртүрлі ғылымдардың тоғысында қарастырылады. Ертедегі грек ғалымдары жеке тұлғаның дамуына биологиялық факторлар да әсер етеді деп есептеген. Адам даму процесі мен оның нәтижесі үш өзекті жағдаяттардың бірлікті әрекетімен жасалады, олар- тұқымқуалаушылық, қоршаған орта, іс-әрекет және тәрбие. Психологияда «жеке тұлға» деген ұғымның әртүрлі түсіндірмелері бар, бірақ олардың көбі мына түсінікке келіп тіреледі: жеке тұлға дегеніміз әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Жеке тұлғаның ең басты белгісі- оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік қызметтерді (болмысқа, адамдарға, өзіне, еңбекке, жалпы қоғамға қатысты) атқаруы. Жеке тұлға, сондай-ақ, психологиялық дамудың белгілі бір деңгейіне ие (темперамент, мінез-құлық, қабілеттілік, ақыл-ой дамуының деңгейі, қажеттіліктер, мақсат-мүдделер). Психологиялық ғылымда «тұлға» категориясы іргелі ұғымдардың қатарына жатады. Бірақ «тұлға» ұғымы тек психологияға тән емес, ол барлық қоғамдық ғылымдармен зерттеледі, оның ішінде философиямен, әлеуметтанумен, педагогикамен, т.б. Сонда психологиялық ғылым шеңберінде тұлғаны зерттеу спецификасы неде және психологиялық тұрғыдан тұлға дегеніміз не? Алдымен сұрақтың екінші бөлігіне жауап беруге тырысқан жөн. Мұны жасау оңай емес, себебі тұлға деген не деғен сұраққа барлық психологтар түрліше жауап береді. Олардың жауаптары мен ойларыны әр қилы болуы тұлға феноменінің күрделі екендігін білдіреді. Осы орайда И.С.Кон былай деп жазады: «Бір жағынан, он нақты индивидті әрекет субъектісі ретінде, оның барлық жеке бас қасиеттерімен, әлеуметтік рөлдерімен бірге белгілейді. Екінші жағынан, тұлға индивидтің әлеуметтік қасиеттері ретінде, осы адамның басқа адамдармен тура немесе жанама өзара әрекеттесуі нәтижесінде түзілген бойындағы әлеуметтік маңызы бар қасиеттердің жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Тұлғамен қарым-қатынасқа түсетін адамдар оны еңбек, таным және қарым-қатынас субьектісінде көреді. Ғылыми әдебиеттегі тұлға анықтамаларының әрқайсысы тәжірибелік зерттеулермен және теориялық негіздеулермен бекітілген, сондықтан «тұлға» ұғымын қарастырғанда оларды ескеру керек. Тұлға деп жиі әлеуметтік даму барысында бойына әлеуметтік және өмір үшін маңызды қасиеттерді жинаған адамды атаймыз. Демек, тұлға сипаттамалары қатарына адамның генотиптік және физиологиялық ұйымдасуымен байланысты ерекшеліктер жатқызылмайды. Адамның танымдық психикалық процестерінің немесе әрекеттерінің жеке дара стилі, даму ерекшеліктерін сипаттайтын қасиеттер тұлға қасиеттері қатарына жатқызылмайды, ал адамдар мен қоғамға қатысты көрініс беретін қасиеттер тұлғаның қасисттері болып саналады. Қазіргі кезде психологияның ерекшелігі психиканы зерттеуші бағыттың көптігі, тұлға теориясының кеңдігі мен мәселенің күрделілігі психологияның алдында тұрған теориялық міндеттерге және ғылымның дамуының ішкі қажеттіліктеріне байланысты. Тұлға — жеке адамның мақсатының орындалуы, ерік-жігерінің іске асуы, өзі жөніндегі ойын еркін іске асыруға дайындығы және оны іске асыруының нәтижесі. Ерік-жігер механизмі дегеніміз – адамның өзіне тән қасиеттерін іске асыруы. Адам ойына келген іс-әрекетті іске асыруда ерікке жол береді. Бірақ адам бір нерсені істерде алдымен еркін ақыл-парасат таразысына салып, оны іске асыру жөн бе, басқалар оған қалай қарар екен? -деген ойға қалады. Ерік-жігердің іске асырылуы ақыл мен санаға бағынышты. Алайда, әр тұлғаның эмоциялық сезім дүниесі әр басқа. Біреу жауыздықты көргенде айғайлап, бақырып, ішкі сезімінің сыртқа шығуына еркіндік берсе, екінші біреу іштей булығып, көгеріп-сазарып, тас-түйін болып қатып қалады. Бұл әр тұлғаның эмоциялық сезімі өзін-өзі ұстай алу еркіне байланысты құбылыс. Тұлға теориясы – бұл болжамдардың жиынтығы немесе тұлға дамуының табиғаты мен механизмінің болжамы. Тұлға теориясын тек түсіндіруге тырысып қана қоймай, ол адамның жүріс-тұрысын сипаттайды. Мінез-құлықты түсіндіру жолдары бойынша, барлық тұлға теорияларын психодинамикалық, социодинамикалық және интеракционистік деп бөлуге болады. Топтағы тұлғааралық қатынасты социометрия әдісімен зерттейді. Бұл әдісті енгізген Дж. Морено. Топтағы әрбір адам екі түрлі: іскерлік (ресми) жәнс жеке (бейресми) қатынаста болады. Біріншісі топтың бүкіл құрамымен бірге құжатқа түсірілу, ал екіншісі ұнату, жақсы көру, достық, жолдастық, жек көру, жауласу т.б. себептер негізінде пайда болады. Іскерлік қатынастарға шек қоюға болады, ал жеке қатынасқа шек қою мүмкін емес. Іскерлік және жеке қатынастар тұлғааралық қатынас жүйесін құрайды. Тұлғааралық қатынасын зерттеген кезде бақылау, эксперимент, әр түрлі әңгімелесу әдістері пайдаланылады. Мұндай әдістердің бірі — таңдау болып саналады. Бұл әдісті тұңғыш ұсынған американ психологі Дж. Морено. Бұл өз бетінше объективті әдіс және оны әлеуметтік психологияның басқа әдістерімен бірге тұлғааралық қатынасты зерттеген кезде қолдануға болады. Топ — жалпы белгілердің негізін (мақсат, іс-әрекет түрі, әлеуметтік деңгей, жас ерекшелігі, адамдар саны және т.с.с.) құрастырған адамдардың әлеуметтік жиынтығы. Топ — жалпы белгілердің негізін (мақсат, іс-әрекет түрі, әлеуметтік деңгей, жас ерекшелігі, адамдар саны және т.с.с.) құрастырған адамдардың әлеуметтік жиынтығы. Топ ұғымының шығуы күрделі. Европада бұл сөз ХVІІ ғасырдың аяғынан кейін пайда болды. Сонымен топты төмендегідей сипаттағы жеке адамдардың жиналысы құрайды деп саналады. Топтың сипаттамасы:

  1. Бір-бірімен жиі арақатынас;

  2. Өздерін бір топтың мүшесі ретінде санайтын;

  3. Өздерінің қызығушылықтары бойынша жалпы нормаларды бөлісетін;

  4. Рөлдер бөлісінің бірдей жүйесіне қатынасатын;

  5. Бірдей объектілермен, идеялармен өзін теңестіретін;

  6. Топты қанағаттанудың қайнар бұлағы ретінде қабылдайтын;

  7. Өзара байланыста болатын;

  8. Өздерін біртұтас сезінетін;

  9. Өздеріне қатысты іс-әрекетті реттейтін.

Топқа психологиялық анықтама беретін болсақ онда белгілі бір сипаттамалар негізінде негізінде әлеуметтік біртұтастылықтан бөлініп шығатын шамасы шектелген жалпыламалық болып табылады. Топтарды өлшемі бойынша келесідей бөлу кең таралған:

● үлкен және кіші топтар;

● нақты және шартты. Нақты топтар дегеніміз — белгілі бір бір іс-әрекетке түсетін күрделі түрде ұйымдасқан адамдар тобы. Шартты топтар дегеніміз – бір-бірімен тікелей немесе жанама объективтік арақатынас жасамайтын субъектілерден тұрады. Олардың әлеуметтік және психологиялық сипаттамалары ортақ болады. Үлкен шартты топтарды зерттеу олардың мүшелерінің дамуын болжауға және оларға қатысты өзінің стратегиясын жасауға мүмкіндік береді. Кіші топтар бұл - ортақ мақсаттармен немесе міндеттермен біріктірілген, әрқашанда тікелей қатынас жасайтын жеке адамдар. Ішкі құрылысының қарапайымдылығы кіші топтың ерекшелігі болып табылады. Кіші топта әдетте, беделді лидер немесе беделді жетекші болады.Топ мүшелерінің арақатынасын реттеуші ұйымның сипатына байланысты топтарды бөле отырып ресми ұйым топтың құрылымының сырттан берілетінін болжайды, ал топтың ресми емес ұйымын адамдардың психологиялық арақатынасы қалыптастыратын ішкі құрылымдық ерекшеліктер реттейді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
Қазақстан республикасы
рсетілетін қызмет
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Жалпы ережелер
білім беретін
бағалау тапсырмалары
бекіту туралы
республикасы білім
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалаудың
қызмет стандарты
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
арналған жиынтық
болып табылады
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
жалпы білім
Әдістемелік кешені
нтізбелік тақырыптық
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Мектепке дейінгі
Зертханалық жұмыс
республикасының білім
оқыту әдістемесі
Инклюзивті білім
туралы хабарландыру
білім берудің
Жұмыс бағдарламасы
туралы жалпы
қазақ тілінде
Қысқа мерзімді
тақырыптық жоспар
пайда болуы
пәнінен тоқсан