Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған


ə) Əйелдің ері алдындағы міндеттері



Pdf көрінісі
бет40/139
Дата24.12.2021
өлшемі1.17 Mb.
#148293
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   139
Байланысты:
Қ.Бағашар. Ала жіпті аттама
Жоспарлау, Қ.Бағашар. Ала жіпті аттама
ə) Əйелдің ері алдындағы міндеттері

Құқық  саласында  бір  адамның  міндетінің  орындалмауы,  екінші  бір  адамның  құқығының

бұзылуы болып табылады. Бір адам өз жауапкершілігін орындамай отырып, басқа бір адамның

ақысын  аяқ  асты  етеді.  Сондықтан,  міндетіне  жауапты  қарамаған  адамның  ақыретте  жағдайы

мүшкіл  болады.  «Құдайдан  қорықпағаннан  қорық»  демекші,  расында  Құдайдың  құдіретінен

титтей  де  сескенбейтін  адам  –  қиянаттың  кез  келгеніне  бара  алады.  Ал,  біреудің  ала  жібін

аттамай, адал өмір сүру ең алдымен тақуалықты қажет етеді.

Біз алдыңғы бөлімде үй иесі отағасының міндеттерін айтып өттік. Ал, бұл бөлімде отбасы

ұйытқысы  əйел  затының  міндеттерін  сөз  етпекпіз.  Төменде  келтірілген  тұжырымдарды

кейбіреулер  анахронизм,  ескінің  қалдығы  деуі  де  мүмкін.  Бірақ,  не  десек  те  мұның  өмірдің

өзінен алынғаны шындық.

Сонымен, əйелдің күйеуі алдындағы міндеттері мынадай:

Əйел  адамның  жүзі  жылы  болмақ  керек.  Отағасын  таңертең  күлімсіреп  шығарып  салып,

кешкісін дəл солай қарсы алғаны жөн;

Үй шаруасына епті, жұмысына тындырымды, тиянақты болуы тиіс;

Күйеуімен  кеңеспей,  не  болмаса  ескертпей  ештеңе  істеуіне  болмайды.  Пайғамбарымыз

(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм):

 «Кез келген əйел күйеуінің рұқсатынсыз үйінен тысқары шықса, күйеуі бұған разы



болмайынша,  не  болмаса  үйіне  қайтып  келмейінше,  Аллаһтың  наразылығында  болады»,  –

деген;


Тұрмысты, күйбең тіршілікті ғана ойламай, ақырет азығын да ескеріп, ғибадатын мүлтіксіз

орындауы  керек.  Пайғамбарымыз

  (саллаллаһу  алəйһи  уə  сəллəм) 

осыны  меңзеп: «Бес  уақыт  намазын  оқыған,



Рамазан  оразасын  ұстаған,  арын  сақтаған  жəне  күйеуіне  бағынған  əйел  жаннатқа  қалаған

есігінен кірсін» деген;

Қонақжай болуы;

Күйеуі жақтырмайтын адамдарды үйіне кіргізбеуі, қонақ қылмауы;

Қажет болғанда күйеуінің шаруаларына қолғабыс жасауы;

Екеуара  сүйіспеншілікті  арттыратын  мəселелерге  мəн  беріп,  күйеуі  басқаға  көз  салмас

үшін күтінуі керек;

Бөтен  ер  адамдармен  сөйлескенде  əдептен  аттамағаны  жөн.  Бұл  туралы  Құран  кəрімнің

«Нұр»  сүресінде  айтылған.  Пайғамбарымыздың

  (саллаллаһу  алəйһи  уə  сəллəм) 

д а : «Ұяттың  болғаны  жақсы,



əйелдерде болса тіпті жақсы» дегені бар;

Үнемдей білу де үлкен өнер. Ысыраптың барлық түрі харам. Əйелдердің осыған мəн беруі;

Ерлі-зайыптылардың бір-біріне жиі дұға етуі;

Пайғамбарымыз

  (саллаллаһу  алəйһи  уə  сəллəм):

 «Күйеуі төсекке шақырғанда əйелі бармай, күйеуі ашуланса,

күйеуінің  төсегіне  қайтқанға  дейін  немесе  таңға  дейін  періштелер  əйелге  лағынет  айтады»,  –

деген


[87]

. Əйел затына мұны да қаперде ұстау;

Əйел  адам  үй  ішінің  жиһазын  жарасымды  реттеп,  отауын  барынша  сəнді  ұстағаны  абзал.



Əйелдің аса маңызды міндеттерінің бірі балаларды адамгершілікке тəрбиелеу.

Бұндай  ізгі  қасиеттерді  өзіне  үлгі  етуі  əйелдің  имандылығына  байланысты  екені  даусыз.

Сондықтан о баста қалыңдықты дұрыс таңдау керектігі турасында Баласағұн бабамыздың мына

кеңесін жастар уақытында ескергені жөн:

Əйел алмақ болсаң егер қарарсың,

Жіті бағып, таңдаулысын аларсың.

Жақсы болсын тегі, заты, ұрығы,

Пəк, ұятты болсын жанның тұнығы.

Дұрыс үйдің қызын ал, қол тимеген,

Сенен өзге еркек жүзін көрмеген.

Сені сүйіп, басқа жанды білмесін,

Жаман, тексіз қылық істеп жүрмесін.

Көркін емес ізгі құлқын аларсың,

Жақсы болса ерірсің де жанарсың.

Көркін қуып алма құлқы кемісті,

Құлық жақсы болса кемел келісті.

Сұлу құмар, сұлуды аңсап сор қума,

Қызық жүзді сарғайтпа һəм қор қылма.

Жібек мінез – қыз-келіншек шырыны,

Біле білсең, əйел көркі - қылығы!

Ақылды, пəк болса, асылға баларсың,

Үш сипаттың бəрін содан табарсың

[88]

.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   139




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді