Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған


а) Ер адамның əйелі алдындағы міндеттері



Pdf көрінісі
бет39/139
Дата24.12.2021
өлшемі1.17 Mb.
#148293
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   139
Байланысты:
Қ.Бағашар. Ала жіпті аттама
Жоспарлау, Қ.Бағашар. Ала жіпті аттама
а) Ер адамның əйелі алдындағы міндеттері

Əйелін  асырауға  жеткілікті  адал  табыс  табу

[82]

.  Пайғамбарымыз 



(саллаллаһу  алəйһи  уə  сəллəм)

  садақаның

абзалы отбасына жұмсалғаны екенін айтқан.

Отбасында  кездескен  қиындықтарды  жарымен  бірге  бөлісіп,  «Сендердің  жақсыларың  –

əйелдеріңе жайлы болғандарың» деген хадиске сай дөрекілікке бармай оларды дұрыс басқаруға

тырысу керек.

Ер  адамға  байсалды  мінез  жарасады.  Бұл  отбасы  тыныштығы  үшін  де  маңызды.  Шаңырақ

астында  оқта-текте  орнайтын  келіспеушіліктерде  қызбалыққа  салынбай,  салқынқандылық

танытуы шарт.

Қайын жұртқа қолдан келген көмекті аямай, құрмет көрсете білу керек.

Қолы қалт еткенде əйеліне қолғабыс жасаудың да ешқандай əбестігі жоқ. Сахабалар Айша

(р.а.) анамыздан Аллаһ елшісі үйде немен шұғылданатынын сұрағанда, Айша анамыз ол кісінің

қарапайым  отағасы  ретінде  аяқкиім  жөндеу,  киім  жамау,  қой  сауу,  торсық  жамау  секілді  үй

шаруасымен айналысқанын айтқан.

Ер  адам  бөтен  адамдардың  алдында  өз  əйелін  кемсіте  сөйлеп,  ыңғайсыз  жағдайға

қалдырмайды.

Балағаттауға, қол жұмсауға болмайды.

Екеуара  ренжіскенде  сабыр  сақтап,  қателікті  өзінен  деп  білу  қажет.  Пайғамбарымыз

  (саллаллаһу

алəйһи  уə  сəллəм) 



«Ер  адам  əйелінің  жаман  қылығы  мен  сөзіне  ашуланбасын,  басқа  жақсы  қылығын

ескеріп разы болсын» деген.

Болмашы қателіктерді қаузап, отбасының құтын қашырмаған жөн.

Əйелі діни сауатты болуы үшін оған білгенін үйретсе нұр үстіне нұр.

Əйелімен үнемі кеңесіп, маңызды шаруаларда оның да пікіріне жүгінгені дұрыс.

Ерлі-зайыптылар  бір-бірінің  көңіл  көтеру  жəне  тынығу  құқықтарына  көңіл  бөлгені  жөн.

Пайғамбарымыз

  (саллаллаһу  алəйһи  уə  сəллəм) 

жиын-тойларда, айт күндері жəне басқа да атаулы күндерде көңіл

көтеруге,  ойын-сауық  құруға  рұқсат  берген.  Ислам  ғалымдары  ғибадат  жасауда  артық  кетудің

өзі адамды зеріктіретінін айтып, шариғат шеңберінде көңіл көтеріп демалғанды жөн деп білген.

Реті  келгенде  əйелінің  көңілін  көтеріп,  əзілдескені  жөн.  Пайғамбарымызға

  (саллаллаһу  алəйһи  уə  сəллəм)




жастай  тұрмысқа  шыққан  Айша  (р.а.)  анамыз  үйінде  қуыршақтарының  болғанын,  құрбылары

келгенде бірге ойнағандарын айтады. Пайғамбарымыз

  (саллаллаһу  алəйһи  уə  сəллəм) 

бұған тыйым салмай

[83]

, өзі


де  осыны  айтып  əзілдейді  екен

[84]


.  Сондай-ақ,  айт  күні  Айша  анамызды  эфиопиялықтардың

ойындарын  тамашалауға  алып  барған

[85]

.  Тағы  бірде  осы  Айша  анамызбен  жарысқаны  да



бар

[86]


.

Үй ішіндегілердің бақыты да отағасының мойнында. Адамның бақытты болуы көбіне діни

танымына байланысты. Өйткені, дін қос дүниенің бақытына бастайтын жалғыз жол. Сол себепті

отағасы  отбасы  мүшелерін  діни  біліммен  қамтамасыз  етіп,  олардың  ғибадатын  қапы

жібермеуіне, ахлағын жетілдіруіне жағдай жасауы керек.

Əйелінен бастап, бүкіл отбасы мүшелерін жақсы көріп, өзін де жақсы көргізе білуі керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   139




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді