Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған


орындаңдар»,  «Сертті  орындаңдар.  Сөз  жоқ,  уəде  сұралады»



Pdf көрінісі
бет35/139
Дата24.12.2021
өлшемі1.17 Mb.
#148293
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   139
Байланысты:
Қ.Бағашар. Ала жіпті аттама
Жоспарлау, Қ.Бағашар. Ала жіпті аттама
орындаңдар»,  «Сертті  орындаңдар.  Сөз  жоқ,  уəде  сұралады»,  –  деген  («Ниса»  сүресі,  1-аят;

«Исра» сүресі, 34-аят). Əйтсе де, өзіне тапсырылған істі төтенше жағдайлардың салдары қолын

байлап,  бітірмеген  немесе  қабілетінің  шектеулігімен  орындай  алмаған  болса,  оған

жауапкершілік жүктелмейді.

Сонымен  қатар,  жұмысшы  өзіне  сеніп  тапсырылған  құрал-жабдықтар  мен  өзге  де

дүниелерге  үлкен  жауапкершілікпен  қарауы  тиіс.  Жұмыс  орнының,  не  болмаса  қожайынның

мүлкі  аманат  есебінде  болғандықтан,  оны  ысырап  ету,  бүлдіру  кісі  ақысын  бұзу  болып

табылады.  Пайғамбарымыз

  (саллаллаһу  алəйһи  уə  сəллəм):

  «Əрқайсың  билеушісің  жəне  қарамағыңдағыларға



жауаптысың.  Мемлекет  басшысы  –  жауапкер,  ол  өз  қол  астындағылар  үшін  жауапты.  Ер

адам  отбасына  жауапкер  жəне  отбасы  мүшелерінің  жағдайына  бірінші  алаңдаушы.  Əйел

күйеуінің  үйіне  жауапкер.  Қызметші  (жұмысшы)  қожайынның  сеніп  тапсырған  мүлкіне

жауапкер  жəне  сол  үшін  жауапты»,  –  деген

[67]


.  Қарапайым  ғана  мысал,  жұмыс  орнының

рұқсатынсыз  қызметтік  көлікті  жеке  басының  шаруасы  үшін  мінуге,  кеңседегі  телефонды

қызмет бабынан тыс мақсаттарға пайдалануға болмайды. Өйткені, сұраусыз дүние жоқ.

Ең алдымен қожалықтың басшысы жалдаған жұмыскерінің ар-намысына құрметпен қарауы

керек.  Жіберген  кішігірім  олқылықтары  болса,  кешіріммен  қарағаны  жөн.  Ал,  ауыр  сөздер

айтып  балағаттауға  мүлде  қақысы  жоқ.  Жəне  де  қалыпты  еңбек  жағдайларын  жасау,  шамадан

тыс  жұмыс  жүктемеу,  намаз,  ораза  секілді  ғибадаттарын  орындауына  кедергі  келтірмеу  де

жұмыс берушінің міндеті. Əйтпесе, ол кісі ақысын елемеуі секілді өрескелдікке ұрынып, дініміз

үшін харам саналған жайтқа бой ұрған болып саналады. Сондай-ақ, жұмыс берушінің тағы бір

міндеті  жалақыны  уақытылы  жəне  толықтай  төлеу  екені  айтпаса  да  түсінікті.  Пайғамбарымыз

(саллаллаһу 

алəйһи 


уə 

сəллəм) 


Аллаһ  тағаланың «Мен  қияметте  мына  үшеудің:  менің  атыммен  ант  етіп,

антынан  тайған  адамның,  азат  адамды  құл  деп  сатып  ақшасын  жеген  адамның,  жұмысшы

жалдап  еңбекақысын  бермеген  адамның  дұшпанымын»

[68]

  дегенін  айта  келе,  «Жұмысшының

ақысын маңдай тері құрғамай тұрып беріңдер» деген

[69]


.

Ислам құқығында жұмысшыны істейтін жұмысының сипатына орай, жеке жұмысшы жəне

мердігер деп екі сыныпқа бөліп қарастырады. Жеке жұмысшы деген өлшемге өзімізге таныс кез

келген  мекеме  немесе  кəсіпорында,  сондай-ақ  жеке  кəсіпкердің  қарамағындағы  жұмысшыны

айтамыз. Тұрақты түрде аптасына 40 сағат жұмыс істеуге келіскен бұл жұмысшы осы уақытты

толықтай  қызметіне  бөлуі  тиіс.  Берілген  тапсырманы  уақытынан  бұрын  орындап  қойса  да,

жұмыс  орнынан  тапжылмауы  керек,  не  болмаса  уақытын  ұтымды  пайдалану  үшін  жұмыс

берушімен алдын-ала келіскені жөн.

Ал,  мердігер  дегеніміз  əдетте  бір  жолға  ғана  қызмет  көрсетумен  айналысатын  шаштараз,

тігінші,  аяқкиім  жөндеуші  жəне  ұста,  құрылысшы  секілді  белгілі  бір  жұмысты  атқарған  соң

қызмет көрсету мерзімі аяқталатын мамандық иелерін атаймыз.

Пайғамбарымыз

 

(саллаллаһу 



алəйһи 

уə 


сəллəм) 

жұмыс  берушінің  ақысына  мұқият  қараған  жұмысшыға

берілетін  сауап  туралы: «Аллаһтың  жəне  қожайынының  ақысын  сақтаған  құлдың  барлығына

Аллаһ екі есе сауап береді», – деген.



Хишам  ибн  Хаким  ибн  Хизам  (р.а.)  Шам  қаласында  төбесінен  зəйтүн  майы  құйылып,

күннің астында тұру жазасы кесілген шаруаларды көріп:

– Бұл не сұмдық? – деп сұрайды.

– Жер салығын

[70]

 төлемегені үшін, – деген жауап алады. Сонда Хишам (р.а.):



–  Ант  етейін,  мен  Аллаһ  елшісінің

 

(саллаллаһу 



алəйһи 

уə 


сəллəм): 

«Адамдарды  дүниеде  қасақана

қинағандарға  Аллаһ  міндетті  түрде  азап  көрсетеді»  дегенін  естідім,  –  дейді.  Мұны  естіген

əмір шаруаларды бұл жазадан босатқан екен

[71]

.

Хадистерде  қарамағымыздағы  адамдармен  бір  дастархан  басында  отырмасақ  та,  ішкен-



жегеніміз  бен  кигенімізді  олармен  де  бөлісуімізді,  шамасы  жетпейтін  жұмысқа  жекпеуімізді

міндеттейді. «Қарамағында  бауыры  күнелтетін  əркім  оған  өз  дастарханынан  дəм  татырсын,



өз  кигеніндей  киіммен  қамтамасыз  етсін.  Оларды  қауқары  жетпейтін  жұмысқа  жекпеңдер.

Ауыр тірлікке міндеттесеңдер оларға өздерің де қолғабыс жасаңдар»

[72]

.

«Қызметшілерің  дастархан  басында  бірге  отырмайтын  болса,  оның  үлесін  бөлек  алып



беріңдер. Өйткені, тамақты істеген сол»

[73]

.

Бұл  хадистердегі  қызметші  сөзін  үй  күтуші,  көмекші,  жұмыскер  деп  түсінуге  болады.



Қарамағында  осындай  бағыныштылары  барлар  оларды  мейлінше  сыйлап,  ақыларын  аяқ  асты

қылмай, сыпайы қарым-қатынас ұстанғаны абзал.

Ескере  кететін  тағы  бір  жайт,  іскерлік  қатынастарда  ақшалай  міндеттемелерді  уақытылы

қайтармауды  қоғамымызда  жиі  орын  алатын  келеңсіз  оқиғалардың  қатарына  жатқызамыз.

Пайғамбарымыз

  (саллаллаһу  алəйһи  уə  сəллəм) 

қаржылық жағдайы келісті бола тұра, қарызын кешіктіруді қиянат

жасау деп білген. Құран кəрім: «Егер біріңе-бірің сенсеңдер, аманатты мойнына алған адам





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   139




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді