Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған


қосушы  болмаңдар.  Жəне  əке-шешеге,  туыстарға,  жетімдерге,  пақыр-міскіндерге,  алыс-



Pdf көрінісі
бет29/139
Дата24.12.2021
өлшемі1.17 Mb.
#148293
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   139
Байланысты:
Қ.Бағашар. Ала жіпті аттама
Жоспарлау, Қ.Бағашар. Ала жіпті аттама
қосушы  болмаңдар.  Жəне  əке-шешеге,  туыстарға,  жетімдерге,  пақыр-міскіндерге,  алыс-

жақын көршіге жол серік болғанға, жолда қалғандарға жəне қол астыңдағыларға жақсылық

қылыңдар.  Негізінен,  Аллаһ  тəкаппар,  мақтаншақты  жақсы  көрмейді»  («Ниса»  сүресі,  36-

аят).  Аятта  бөгде  көрші  деп  үйі  шалғайдағы,  не  болмаса  туыс  емес  жəне  діні  бөлек  көрші

айтылса, жақын көрші деп үйі жақын, не болмаса қаны мен діні бір туыс айтылған.

Пайғамбарымыз

  (саллаллаһу  алəйһи  уə  сəллəм):

  «Жəбірейіл  маған  көршіге  жақсылық  жасау  туралы  көп



айтқаны  соншалық,  көршіні  көршіге  мұрагер  қылады-ау  деген  ойлап  қалдым»,  –  деген  еді

[41]


.

Бірде  Əбу  Зарға  (р.а.):  «Əбу  Зар,  ас  қатығың  болмаса,  көже  пісіргенде  суын  көбірек  қылсаң  да

көршілеріңе  дəм  татыр»,  –  деген  болатын

[42]


.  Бір  табақ  көжеден  көршінің  қамын  күйттеген

Ислам жүйесінің əділ жолын ұғына білсек, қоғамымыз айтарлықтай гүлденер еді.

Өздеріңіз  білетіндей,  күні  бүгін  де  қалалы  жердегі  көп  қабатты  үйлер  бірінің  үстіне  бірі

мінгесе соғылғандықтан, адамдар бір-біріне етене жақын өмір сүреді. Десек те, кірпіш пен тас

қабырғалар  адамды  жұтып  қойған  тəрізді,  біреуді  біреу  біліп  болмайды.  Мұндайда  көршінің

қамын  ойлап,  уайымын  жейтіндер  некен-саяқ.  Ислам  нұсқағандай  көрші  мен  көршінің

арасындағы  ізгілік  пен  ынтымақтың  тамырына  əлдеқашан  балта  шабылғандай.  Бір  сөзбен

айтқанда, біз осы жағдайды түзеп, тек Пайғамбарымыздың

  (саллаллаһу  алəйһи  уə  сəллəм) 

,  Құранның  нұсқауына

орай көршілерді ойлап, оларға көмектесуіміз керек.

Əбу  Хұрайрадан  (р.а.)  жеткен  риуаятта  Пайғамбарымыз

  (саллаллаһу  алəйһи  уə  сəллəм) 

бірде  үш  қайтара:

«Уаллаһи, иман келтірген болмайды», – дейді. Сахабалар: «Кім иман келтірген болмайды? – деп

сұрайды.  Сонда  Пайғамбарымыз:  «Зияны  тимесе  екен  деп  көршісінен  сескенетін  адам»,  –

дейді

[43]


.  Басқа  бір  риуаятта  «Көршісінен  қауіптенетін  адам  жаннатқа  кіре  алмайды»  деп

айтылған


[44]

.



Əбу  Хұрайра  (р.а.)  риуаят  еткен  тағы  бір  хадисте  Аллаһ  елшісі

  (саллаллаһу  алəйһи  уə  сəллəм) 

былай  деген:

«Уа,  мұсылман  əйелдер,  көрші  тұрған  ақ  жаулықтылар  бір-біріне  сый-сияпат  жасауды

ескерсін.  Бір-біріне  қойдың  сирағын  ұсынып  болса  да,  жоқшылықты  сылтауратып,

байланысты үзбесін»

[45]

.

Пайғамбарымыз



  (саллаллаһу  алəйһи  уə  сəллəм) 

көршімен көршінің арасындағы татулықтың туын тұғырынан

құлатпауды  шаңырақтың  отанасына  тапсырған.  Мұның  себебі,  əдетте  қазан-ошақтың  билігі

əйел затының қолында болғандықтан болар.

Көршіңіз  не  берсе  де  қомсынбай  ризалықпен  ала  біліңіз.  Пайғамбарымыз

  (саллаллаһу  алəйһи  уə  сəллəм)

Аллаһ үшін ұсынылған нəрсенің көлемі болмайтынын айтқан. Сондықтан, көршінің ақ ниетпен

əкелген базарлығын риясыз көңіл хошымен қабыл алып, алғыс айту қажет.

Əбу  Хұрайрадан  (р.а.)  жеткен  риуаятта  Аллаһ  елшісі

  (саллаллаһу  алəйһи  уə  сəллəм) 

«Үйінің  өз  ауласы

жағындағы қабырғасына шеге қаққысы келген көршісінің қолын байламасын» деп өсиеттегенін

айтады.  Əбу  Хұрайра  (р.а.)  хадисті  жеткізген  соң  жанында  отырғандарға:  «Неге  осы  сүннетті

орындауға  күш  салмайсыңдар?  Уаллаһи,  сендер  жалғастырып  əкеткенше  өзім  осы  сүннетті

орындауға тырысып бағамын», – деген екен

[46]


.

Тағы  да  Əбу  Хұрайра  (р.а.)  жеткізген  бір  хадисте: «Аллаһ  пен  ақырет  күніне  сенген  кісі





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   139




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді