Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет26/139
Дата24.12.2021
өлшемі1.17 Mb.
#148293
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   139
Байланысты:
Қ.Бағашар. Ала жіпті аттама
Жоспарлау, Қ.Бағашар. Ала жіпті аттама
б) Перзенттің ақылары

Ата-ананың перзенті алдындағы жауапкершілігі мен міндетіне келсек, олар мыналар:

– Жаңа туған нəрестеге шүкіршілік ретінде ақиқа құрбанын шалу;

– Мағыналы жақсы есім қою;

– Адал сүт емізу жəне сүндетке отырғызу да ата-ананың мойынындағы парыздары;

–  Сəбидің  тілі  шыққанда  тəухид  кəлимасын  үйрету  шарт.  Пайғамбарымыз

  (саллаллаһу  алəйһи  уə  сəллəм):

«Баланың ең əуелі үйренетін сөзі «лə илəһа иллаллаһ» болсын» деген еді;

–  Балаға  Аллаһ  пен  елшісін

  (саллаллаһу  алəйһи  уə  сəллəм) 

танытып,  Пайғамбарымыздың

  (саллаллаһу  алəйһи  уə  сəллəм)

өмірбаянын жəне дінін үйрету

[36]

;

– Балиғатқа толғанда намаз оқыту, ораза ұстату, жасы жеткенде төсегін бөлек салып беру.



– Құран кəрімді үйрету;

– Баланы көркем мінез-құлықпен тəрбиелеу;

Пайғамбарымыз

  (саллаллаһу  алəйһи  уə  сəллəм):

  «Ешбір  ата-ана  баласына  аса  жағымды  мінез-құлыққа

тəрбиелеуден асқан мирас қалдыра алмайды», – деген.

–  Жақсы-жақсы  сөздер  айтып  тəрбиелеу.  Тəбə-и  табиғин  дəуірінің  бетке  ұстар  ғалымы

Абдуллаһ  ибн  Мүбəракқа  біреу  келіп,  балаларының  бірінен  қатты  көңілі  қалғанын  айтады.

Сонда Абдуллаһ ибн Мүбəрак одан: «Балаларыңды қарғап-сілеп пе едің?» – деп сұрайды. «Иə»

дейді əлгі кісі. Сонда ғалым: «Ендеше, ешкімге кінə артатын жөнің жоқ. Балаларды бұзған өзің

екенсің», – дейді.

–  Əлдене  үлестіргенде,  не  болмаса  сыйлағанда  алаламау.  Нұғман  ибн  Баширдің  (р.а.)

айтуынша, əкесі оны Аллаһ елшісінің 

(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)

 құзырына апарып:

– Мен иелігімдегі құлымды осы балама ұсындым, – дейді. Сонда Аллаһ елшісі

 (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм):

– Бұған атағаныңдай басқа балаларыңды сый-сияпаттан құр қалдырмаған шығарсың? – деп

сұрайды.


– Жоқ, олай етпедім, – деді Башир (р.а.).

– Онда мына мұраңды қайтып ал! – дейді Пайғамбарымыз.




Хадистің  басқа  бір  нұсқасында  «Расулаллаһ 

(саллаллаһу 

алəйһи 

уə 


сəллəм): 

«Аллаһтан  қорқыңдар,

балалардың арасында əділетті болыңдар» деген еді. Содан соң əкем сөзінен бас тартып маған

арнаған күтушіні қайтып алды» дейді Нұғман

[37]

.

Шынымен де, бөліп-жару балалар арасында бақталастық пен қызғаныш сезімдерін оятады.



Ата-анаға деген көңілдері де суи бастайды. Пайғамбарымыз

 (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) 

бір шаңырақ астындағы

барлық балаға теңдей қарауды, оларды барлық жағдайда да алаламауды талап еткен.

–  Баланың  ойнауына  жағдай  жасау;  Ересектер  əдетте  баланың  ойынына  мəн  бермейді.

Жыламаса  болды,  аш  құлақтан  тыныш  құлақ  дейді.  Өз  аяғымен  жүріп-тұра  алатын  балаға

ойынның маңызы зор. Бала ойын арқылы физикалық жəне рухани тұрғыдан жетіледі.

– Баланың қолынан келмейтін істі талап етпеу;

– Балаға мейіріммен қарау, ұсақ-түйек кемшіліктерін кешіру; Абдуллаһ ибн Омардан (р.а.)

жеткен риуаятта Пайғамбарымызға

  (саллаллаһу  алəйһи  уə  сəллəм) 

шөл даланы мекендейтін бір топ бəдəуи келіп:

«Сендер  балаларыңды  еркелетіп,  сүйесіңдер  ме?»  –  деп  сұрады.  Пайғамбарымыз

  (саллаллаһу  алəйһи  уə  сəллəм)

«иə»  деді.  «Аллаһқа  ант  етейік,  біз  балаларымызды  мейірлене  бауырымызға  баспадық»,  –  деді

бəдəуилер. Сонда Аллаһ елшісі

  (саллаллаһу  алəйһи  уə  сəллəм):

 «Аллаһ тағала жүректеріңді мейірім сезімінен құр

қалдырса, менің қолымнан не келеді?» – деп жауап берді

[38]


.

–  Уақыты  келгенде  тəрбиелі,  діндар  жанмен  үйлендіру;  Пайғамбарымыз

  (саллаллаһу  алəйһи  уə  сəллəм)

үмбетіне  болашақ  жардың  сұлулығына,  тегіне,  байлығына  жəне  діндарлығына  қарау

дұрыстығын, ал бұлардың ішінде ең абзалы діндарлығына қарап үйлену екенін айтқан.

Кісі  ақыларының  ішінде  жауапкершілігі  ең  көбі  балалардың  құқығы,  ата-ананың  бала

алдындағы  міндеті.  Оның  ішінде  бала  тəрбиесі.  Баланы  тəрбиелеу  үшін  көйлегінің  көктігі,

тамағының  тоқтығы,  уайымының  жоқтығы  жетеді  десеңіз,  қателесесіз.  Етегінен  өргізген

балаларының  алдындағы  ата-ананың  жауапкершілігі  мұнымен  шектелмейді.  Баланы

адамгершілікпен  қанағаттандырып,  имандылыққа  баулу,  жақсы  тəрбие  беру  басты  ұстаным.

Ұрпақ  өнегесіне  жеткілікті  көңіл  бөлмеген,  не  болмаса  селқос  қараған  ересектер  өздерін  ғана

емес,  отбасыларын  да  зиянға  ұшырататынын  Құранда  Аллаһ  тағала  ашық  айтады:  «Сендер





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   139




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді