Үшіншіден, бүгінде мұнайдан түсетін супертабыстар жоқ.
Төртіншіден, жаһандық экономика саяси факторлардың қысымын сезінуде.
ІІ. Қазақстанның дағдарысқа қарсы мүмкіндіктері
Біріншіден, қазірдің өзінде индустриялық-инновациялық дамудың екінші бесжылдығын бастадық, яғни шикізат ресурстарына ғана қарап қалмайтын экономика құрудамыз.
Екіншіден, «Нұрлы Жол» Мемлекеттік инфрақұрылымдық даму бағдарламасын қабылдадық.
Үшіншіден, 5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асырудамыз.
Төртіншіден, қажетті мемлекеттік қор мен алтын-валюта резервін жинақтадық.
Бесіншіден, мұнай бағасы барреліне 30-ға дейін және 20 долларға дейін төмендеген жағдайларға ойластырылған іс-қимылдар нұсқасы әзірленді.
Алтыншыдан, Қазақстанда инновациялық индустрияландыру шеңберінде құрылған экономиканың жаңа секторлары экономикалық өсімнің драйверлеріне айналуда.
Жетіншіден, қазақстандықтардың экономикалық мінез-құлықтары өзгеруде. Еңбек өнімділігінің 60 пайыздан астамға артқаны байқалып отыр.
«Қазақстан -2050» Стратегиясын жүзеге асыру
Біріншіден, Давос экономикалық форумының Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі көрсеткіші бойынша Қазақстан әлемде 42-ші орынға ие болды.
Екіншіден, бизнес үшін барынша қолайлы жағдайлар жасайтын елдердің әлемдік рейтингінде Қазақстан 41-ші позицияны иеленді.