Қазақстан интернеттің даму барысы мен болашағы туралы сөз қозғамас бұрын, әуелі өткен ғасыр соңының ғаламат жаңалығы туралы мағлұматбере кеткен жөн

Loading...


Дата13.04.2020
өлшемі33.9 Kb.
ИНТЕРНЕТ

Қазақстан интернеттің даму барысы мен болашағы туралы сөз қозғамас бұрын, әуелі өткен ғасыр соңының ғаламат жаңалығы туралы мағлұматбере кеткен жөн. ИНТЕРНЕТ дегеніміз – компьютерлік желілердің бүкіл әлемдік топтастырылымының кооперативтік басқару жүйесі. Әрине, мұндай терминдік сөйлем құрылымын кез келгеннің түсіне қоюы қиын. Ойды қарапайымдау етіп таратсақ, мысалы, өз компьтерімен біртұтас интернет желісіне қосылған адам әлемнің кез келген нүктесінде тұрған келесі компьтерде сақтаулы тұрған ақпаратқа оңай қол жеткізе алмақ. Бұл жүйеде ақпарат алмасу біріңғай тәртіпке негізделген. Әр пайдаланушы интернетке қол жеткізу үшін бірлескен желілердің бірінің пайдаланушысы болса жеткілікті.

Мемлекеттік, өңірлік, корпоративтік және басқа да компьютелік желілердің мұндай жиынтығы бір-бірімен түрлі мәлімет тарату арналары арқылы байланыстырылған. Дәлірек айтсақ интернетке кіруде телефон байланысы немесе технология тілінде «шлюз», «гейт» деп аталып жүрген трансмұхиттық талшықты-оптикалық желілер мен ғарыштық арналар пайдаланылады. Қызметтері дербес жүргізілетін мұндай жүйелер арқылы бүкіл жер шарын қамтитын біртұтас жаһандық желі құрылады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек қазіргі таңда интернет әлемнің барлық елдерін түгел қамтып, оның қызметін 500 милионнан астам адам пайдалануда. Және де ай сайын бұл көрсеткіш 7-10 пайызға өсіп отыр. 60-жылдары аталған агенттіктің негізгі міндеті компьютерлерді бір-бірімен қосу әдісін әзірлеуге бағытталды. Оның ішінде әуе арқылы бомбалау кезінде болуы ықтимал зақымдарға төтеп беретін желілердің құрылуы тұңғыш тыңғылықты зерттелді.Зерттеу шаралары интернеттің бастапқы құрылымы саналатын ARPA net өірге әкелді. Желі 1969 жылы әскери тапсырыстарды орындайтын америкалық бірқатар университеттер мен компанияларды өзара байланыстыра алды.

ARPA net үлгісі желілік қатынас бойынша ақпарат таратумен ақпарат қобвлдау негізінде қалыптасқанымен, онда кез келген уақытта ақпараттың жойылып кету сенімсіздігі сейілген жоқ.

Интернеттің ресми туған күні 1969 жылғы 29 қазан болып тұңғыш рет Стэндфорт ғылыми зерттеу институтынан Лос-Анжелестегі Калифорния университетіне алғашқы ақпарат жолданған. Желі арқылы ғылыми зерттеу нәтижелерімен жедел алмасу тиімділігіне орай ендігі жерде оған АҚШ- тың басқа да университеттерінен компьютерлер қосылуға мүдделілік білдіре бастады. Біртұтас желі арқылы шешілетін азаматтық мәселелердің молынан топтасуы нәтижесінде 1983 ж. АҚШ-тың қорғаныс министірлігі желіні екіге бөлуге мәжбүр болды. ARPA net ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналса, жаңа желі MIL net қорғаныс министірлігінің құзырында қалдырылды.

Егер интернеттің бүкіл әлемдік ресми тарихы 1957 жылдан тарқатылса бұрынға Кеңестер кеңістігінде ол 1982 жылдан бастап қолдана бастады. Осы жылы мМәскеудегі И. Курчатов атындағы атом энергиясы институты бірқатар ғылыми зерттеу институттарының мамандарымен бірлесіп, отандық операциялық жүйені құру жұмысына кірісті. «Өзара үндес біртұтас мобильдік операциялық жүйе» деп алалған кеңістік желі кейінгі жылдары түрлі электрондық машиналарға енгізіле бастады. 1990 жылы 1 тамызда КУРЧАТОВ технология институтында алғашқы отандық компьютерлік желі іске қосылды. Ол бірқатар уақыт жаңа құрылып жатқан коммерциялық құрылымдар, мемелекеттік және қоғамдық ұйымдарды компьютерлік желімен өзара байланыстырды. 1990 жылы 28 тамызда кеңестік желі алғашқы рет халықаралық телефон байланысымен жақандық интернет желісіне қосылды. Ал араға ай салып жоғары деңгейлі тарату желісі таратылды.

1991 жылы сәуір айынан бастап интернет еліміздің аумағында еркін тарала бастады. Алматы қаласында тіркелген «Парасат» фирмасы RELCOM өңірлік желілік торабы арқылы орыс тілінде ақпарат алмасатын электронды пошта қызметін іске қосты. Қазақстандықтар жаңа құбылыстың мүмкіндігі шектеусіз екенін 1991 жылы Мәскеуде болған тамыз оқиғасы туралы ақпаратты болғандай тарата бастағанда-ақ айқын аңғарған. Құланның қауысына, мылтықтың басуы дәл келгендей, бұл оқиға елімізде интернетті кеңінен насихаттаудағы нақты дерек ретінде ұсталды. Тығыны ашылған процестің енді тынысын тарылту мүмкін емес еді. 1993 жылы Қазақстандық желі АҚШ-тың негізгі байланыс желісіне еніп, бұл мерзім еліміздегі интернеттің ресми туған күні болып белгіленді. 1994 жылғы19 қыркүйекте Халықаралық желілік ақпарат орнатылғанда отнандық сайттар шоғырын топтастырған жоғары деңгейлі .kz, домені тіркелді. Нәтижесінде қазақстандық сайттар өндірісі аса серпінді күшпен өрістей бастады. Статистикалық мәліметтерде 1995 жылы тұңғыш рет қазақстандық сайттардың алғашқы тізімдемесі пайда болып, 1996 жылы тұңғыш электронды басылымның ресми түрде тіркелгені жазылады. 1997 жылы қазақстандық сайттар бүкіл әлемдік деңгейде өзінің сапалығын айқындап, халықаралық наградаларға ие бола бастаған.

1999 жылдан әлемдік интернет жүйесін үйлестіруші IANA халықаралық ұйымы «Қазақ желілік ақпарат орталығы» мекемесіне .kz, жоғары деңгейлі доменге менеджерлік қолдау көрсету міндетін жүктеді. Сол кезеңнен бастап аталған ақпарат орталығы арқылы интернеттегі домендік аттарды дербес түрде тіркеу тәртібі енгізілген болатын. Бұл кезде кез келген жеке тұлғаға өз веб-сайтын ашуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта сіз .kz, домині бойынша жеке сайтыңызды ақшаңыз келсе тіркелім бағасы 100 ақыш долларын құрайды. Көрсетілген сомаға тіркелген мерзімнен бастап екі жыл қатарынан тұрақты қызмет көрсетілмек.

ИНТЕРНЕТ – бұл компьютерлердің тікелей біріккен жиынтығы емес. Егер екі компьютер әлемнің екі бұрышында тұрып, интернет арқылы мәлімет алмасып жатса, онда оларды бір-бірімен тікелей бір желі арқылы немесе виртуалды жалғанған деп қарастыруға болмайды. Егер сен біреуге мәлімет жіберсең, ол бір жолмен жүрмейді. Ол мәлімет бөлшектерге бөлініп, әртүрлі жолдармен бір мезгілде жүруі мүмкін. Егер екінші бөлшек, бірінші бөлшекке қарағанда жіберілген жерге бірінші жетсе, ол бірінші бөлшектен кейін ғана шыға алады, себебі ол бөлшектердің әрқайсысы номерленген.

Интернеттің теориялық негізі.

Алғашқа компьютерлер арқылы мәлімет айырбастау 50-жылдарда-ақ басталған және ол тәжірибелік мағанада болған. Тек 60-шы жылдардың аяғында АҚШ-тың қорғаныс министірлігінің өңдеу агентінің қаражатында бірінші ұлттық масштапқа желі құрылды. Бұл желі бірінші ғылыми зерттеулер білім орталықтарын біріктірді. Оның басты мақсаты – ғылыми техникалық жобалармен жұмыс істейтін ұжым топтарын бағыттау және негізгі жұмысы электрондық почта мен ғылыми, жобалы қарастыру құжаттық файылдарды алмастыру.

ARPANET ЖЕЛІСІ 1969 ЖЫЛЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙ БАСТАДЫ. Сол уақытта желіге кіретін аздаған түйіндесу жүйелері, белгіленген желілер арқылы байланысқан. Ақпаратты қабылдау және жолдама жұмыстары, түйіндесу жүйелерінде орналасқан компьютерлердегі бағдарламалар қамтамасыз етіледі.

Желі жаңа түіндесу жүйелерінің қосылуы арқылы ұлғаяды, ал 80 жылдардың басында едәірүлкен түйіндесу жүйелерінде аймақтық желілер ARPANET-тің жалпы архитектурасын біраз төменгі деңгейде қадағалайды.

Есептеу құралдарының ішінде әрдайым аппараттық және бағдарламалық қамтамасыздандырудың бірлік принципі кіреді. ARPANET-тің ұлғаюы аппараттық жүйелерді және торларды қосу арқылы атқарылған уақытта, Интернет 1983 жылы ЖАСАЛҒАН. Осы жылы компьютерлік байланыстың бағдарламалық қамтамасыздандырылуы революциялық өзгеріске ұшырады. Интернеттік жасалған күні ТСР/ІР протоколының стандартизациялау күні болып есептеледі. Осы жерде ТСР/ІР-дің желілік протокол емес, екі протокол екенін айтып кеткеніміз жөн, олар әртүрлі деңгейде жатыр, басқаша айтсақ бұл құжаттың тіркесуі ТСР құжаты – тасымалдаушы деңгейінің құжаты. Ол мәліметтік тасымалдамасын басқарады. ІР құаты мекен-жай. Ол желілік деңгейге атады және мәліметтік қайда тасымалданып жатқанын белгілейді.

ТСР құжаты.

ТСР құжатының көмегімен тасымалданып жатқан мәліметтер бөлшектенеді және қабылдаушының компьютерінде дұрыс саралануы үшін нөмірленеді. Шахмат ойынын елестетіп ТСР құжатының жұмысын анығырақ түсінуге болады.Екі ойыншы бір уақытта қағазға жазу арқылы оншақты жалғамалар жұмыс істейді.Екі компьютер бір-бірімен бір физикалық жалғау арқылы жалғанған, дәл солай бірнеше ТСР жалғауларын бір уақытта қолдануға болады. Осылайша екі аралық торлы серверлері бір уақытта, бір желі арқылы бірнеше ТСР бөлшектерін жолдай алады.

Интернет қызметтері:

Интернетте жұмыс істеу немесе оны қолдану туралы сөз айтылғанды, оның кейбір қызметтері ғана айтылады. Желі клиенттері өздерінің мақсатына байланысты керекті қызметтерді ғана қолданады.

Әртүрлі қызметтер әртүрлі құжаттарға ие. Оларды қолданбалы құжаттар деп атаймыз. Олардың жұмыс істеуін арнаулы бағдарламалармен бақылайды.

Сондықтан арнаулы бір интернет қызметімен жұмыс істеу үшін, компьютерлерге арнаулы бағдарлама онату керек, ол бағдарлама берілген қызметтің құжаты бойынша жұмыс істуі керек. Мұндай бағдарламаларда – клиенттік немесе клиент деп атайды. Мыс. Интернетте файлды тасымалдау үшін арнаулы қолданбалы құжат, FTP қолданылады (File Transfer Protocol). Осыған байланысты, интернетте файлды қолдану үшін:



  • Компьютерде FTP-нің клиенті болып келетін бағдарлама басу қажет;

  • FTP қызметін атқаратын сервермен қатынас құру қажет;

Терминалды деңгей.

ЕуІрет – компьютермен арақашықтықта қатынау құжаты, оның қызметі тарихта алдыңғылардың бірі болып табылады. Алыстағы компьютерді осы құжат қызметі арқылы қадағалауға болады. Мұндай қадағалауды консольды немесе терминалды деп атайды. Бұрындағы бұл қызмет алыстағы есептеу центрлері арқылы күрделі математикалық есептерге кеңінен қолданылған. Егер өте күрделі есептерді дербес компьютерлерде шығару үшін апталар бойы тынымсыз жұмыс істеу керек болса, ал алстатылған күшті ЭЕМ-де оны бірнеше миутта істеуге болады, сонда дербес компьютерлер тек мәлімет енгізу және шешім қабылдауға қолданылады.

Қазіргі кезде дербес компьютерлерінің жылдамдығының күрт жоғарылауы, осындай қызметтерге деген сұранысты азайтып жіберді. Дегенмен ТеІпет – қызметі интернет жүйесінде әлі де қолданылады. Оны көбінесе әртүрлі техникалық жабдықтардың қызметін қадағалауда қолданылады, ондай техникалық жабдықтарға телескоп, видеокамералар, өндірістегі жұмыстар жатады.

Біз негізгі ТеІпет клиенттердің атын атаймыз, өйткені ТеІпет — қызметті ұсынатын әрбір сервердің өзінің клиенттік өзгешелігі болады. Оны интернет желімісі арқылы алып, өз компьютеріне енгізіп, серверге қосып, алыстағы құрылғылармен жұмыс істеуге болады. Қарапайым ТеІпет клиенті Windows 98-дің операциялық жүйе құрамына кіреді.

Электронды пошта:

Бұл қызмет алдыңғылардың бірі болып саналады. Оның интернеттегі жұмысын арнаулы «пошталық сервер» қызметі қамтамасыз етеді. Егер назар аударсаңыздар «сервер» деген сөзді айтқанда оны жекелеген арнаулы компьютерлер деп қараумен бірге, оны тағы да бағдарламалық қамтамасфз етуден, қарастыруға болады. Демек, Интернетті біркомпьютерлік түйін бірнеше серверлердің функциясын атқарады және әртүрлі қызметтіердің жұмысын қамтамасыз етеді, сонымен бірге ол әртүрлі есептерді шешуге қабілетті дербес компьютер болып қала береді.

Пошталық серверден кейін мәлімет алғаннан кейін, оларды тізбек бойынша пошталық сервер адресатына жібереді. Осы жерде олар жинала береді. Адресаттардың арасындағы жалғау анықталғаннан кейін, оның пошталық серверімен автоматты түрде компьютердің адресатына мәлімет жіберіледі.

ІР (Internet Protocol) құжаты.

Енді ІР құжатын қарастырайық. Ол интернет құжаты. Бұл құжаттың негізгі белгісі. Әрбір әлем желісіне қатысушының мекен-жайы бар. Бұл мекен-жайсыз ТСР пакеттерін дәл керекті жұмыс орнына тасымалдай алмаймыз. Бұл мекен-жайды жай ғана төрт байт арқылы бере аламыз. Екі компьютер екі континентте орналасып, байланысы үлкен дәрежелі космостық байланыс болса, бір-біріне жақын болып есептеледі. «Жақын» болмаса «алшақ» екендігін анықтайтын арнаулы маршрутизаторлар бар.

Маршрутизаторлардың рөлін арнаулы компьютерлермен қатр желінің бүбіндегі серверінде жұмыс істейтін арнаулы бағдарламалар атқара алады.

Бір байт 256 әркелкі белгілерден құралады, сонда төрт байт арқылы 4 миллиардтан астам ІР мекен-жайларын қмти аламыз. Тәірибеде, кейбір жергілікті желі ерекшеліктеріне байланысты мекен-жайлар саны 3 миллиардқа жетеді.

Соңғы жылдарды Web құжаттарда активті құраушылар кең қолданылады. Бұл да объект, бірақ олар текстік, графиктік немесемультимедиялық белгілер ғана емес олар қолданушының компьютер экранында жай бейнеленген бағдарламаға енгізілген басқа жұмыстарды атқаратын бағдарламалық код.

Активті құраушылар құрту опрациясын істемес үшін, оны броузер бақылауы арқылы орындайды. Броузер істелетін команданы болдырмайды, ол қатты дискпен істелетін операцияны тоқтатады.

Тексте графикті әне басқа да объектілерді енгізу мүмкіндігі HTML тегі арқылы істеледі, Бұл Web парақтарды безендіру жағынан ең қолайлы және тиімді, Бірақ WWW ойы бойынша онша тиімді емес. HTML тегі арқылы қолданылатын Web-парағының ең бастысы гипертекстік всілтеме болып табылады.



Тексттің кез келген фрагменті мен немесе тег арқылы суретпен, Web-парағымен байланыстыруға болады. Тышқан пернесінің сол ағын басқан кезде, тексте немесе суретте гиперсілтеме болып табылады, ана құжатты әкелуге сұраныс жіберіледі. Бұл құжат өз жағынан басқа құжаттарға гиперсілтеме болады. Бұл түрде гипертекстік электрондық құаттар арасында еркін қозғалуы – Web-кеңістігінің құжаттар арасында еркін қозғалуы — Web серфинг деп аталады. Web-құжаттар арасында мақсатты қозғалу – Web навигациядеп аталады. Жүздеген миллин құаттар арасындағы гипертекстік байланыс Интернеттің Физикалық серверінде сақталған. WWWлогикалық кеңістігінің бар екенін айқындайды.

Пайдаланған әдебиеттер:

  • «Интернеттен именбе» Егемен Қазақстан — 20 наурыз 2005 жыл

  • «Информатикалық қоғам» — Ана тілі 15 ақпан 2001 жыл

  • «Информатика негіздері. ИНТЕРНЕТ»– Қ. Аганина, Е. Бертай 2003жыл


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
бойынша жиынты
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
білім беретін
жалпы конкурс
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
дістемелік сыныстар
идаларын бекіту
Республикасы кіметіні
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мерзімді жоспар
білім беруді
дістемелік материалдар
жалпы білім
ауданы кіміні
мектепке дейінгі
конкурс туралы
облысы бойынша
рметті студент
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
мелетке толма
директоры бдиев

Loading...