«Қазақстан 2050» Стратегиясы қоғамдық-саяси өмір мен жаңаруды демократияландыру жолын анықтау



Дата10.06.2022
өлшемі119.35 Kb.
#267738
Байланысты:
Омаров Б
Сайттар мұғалімдерге, адрес базы практиа

Омаров Б
ДБЖ-101с
«Қазақстан 2050» Стратегиясы - қоғамдық-саяси өмір мен жаңаруды демократияландыру жолын анықтау.

Келешек Қазақстан тарихнамасының өзекті мәселелерінің бірі – тәуелсіз Қазақстан Республикасының пайда болу, қалыптасу және даму тарихы болары күмәнсіз. ХХ ғасыр соңында адамзат тарихындағы ең алып империялардың бірі – КСРО-ның күйреуі нәтижесінде, әлем картасының бетінде бірнеше жаңа мемлекеттердің пайда болып, тарих сахнасына шыққандығы белгілі. Солардың бірі – Қазақстан Республикасы. Бұл бірнеше мыңжылдық тарихы бар қазақ халқының өміріндегі жаңа кезеңнің, яғни ең жаңа тарихының басталуы болды. Қазақ халқы, осы елді мекендеген басқа да ұлттар өкілдерімен бірге, өз мемлекетін қайта құру ісімен айналыса бастады. Қорытындысында өз тәуелсіздігінің 15 жылдығын қазақ халқы әлем таныған ұлттық мемлекеті бар іргелі ел ретінде қарсы алды.


Қазақстан сияқты жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орында тұрған, табиғи байлығы мол, өзіндік даму жолын таба білген елдің ең жаңа тарихы, әсіресе оның бастапқы кезеңі, атап айтқанда жаңа мемлекет ретінде дүниеге келіп, қалыптасу және даму тарихы кімді де болсақызықтырары даусыз. Ең алдымен ол, ұлт тағдыры үшін шешуші рөл атқарған аса маңызды тарихи құбылыс ретінде, осы елдің қазіргі және келешекте дүниеге келер жас ұрпағы үшін қымбат.Уақыт озған сайын қайта құрылған мемлекетіміздің алғашқы қалыптасу кезеңіне, яғни ірге тасының қайта қалану кезеңіне деген қызығушылықтың арта түсері, ол кезеңнің қарама-қайшылықтарға толы күрделі де, маңызды кезең ретінде жан-жақты зерттелері, оның тарихына арналған іргелі еңбектердің дүниеге келері анық. Сондықтан осындай заңды құбылысқа, яғни тәуелсіз Қазақстан Республикасының дүниеге келу, қалыптасу және даму тарихының терең зерттеліп, шынайы да, объективті жазылу ісіне дайындық осы бастан жүйелі де, ғылыми негізде жүргізілуі тиіс. Солардың бірі – тәуелсіз Қазақстан тарихының ірге тасын құрайтын деректік негізінің тарих ғылымының талаптарына сай дұрыс қалануы.
Ең жаңа тарихымыздың өзекті мәселелерінің бірі – тәуелсіз Қазақстанның өз мемлекеттігін құру мәселесі. Тарихымыздың басқа да түйінді мәселелері сияқты, мемлекеттігімізді қайта құру мәселесі де тұңғыш Президентіміздің еңбектерінде жан-жақты айтылған, яғни деректану ғылымының тілімен айтсақ, Н.Ә. Назарбаев еңбектерінде мемлекеттігімізді қалпына келтіру тарихы, алғашқы нақты іс-шаралардан бастап, жан-жақты бейнеленген. Сондықтан Н. Назарбаев еңбектеріне тәуелсіз Қазақстан мемлекетін қалыптастыру, нығайту және дамыту тарихының дерек көзі ретінде талдау жасау, тек деректану ғылымының ғана емес, жалпы Қазақстан тарихнамасының да өзекті мәселелерінің бірі болып табылатындығы күмәнсіз.
Егер, деректің әлеуметтік табиғаты, сол деректі жасаушы субъекттің қоғамдағы орнымен анықталатындығын ескерсек, онда Н.Ә. Назарбаев еңбектері тұңғыш Президентіміздің өзі туралы құнды мағлұмат бере алатын маңызды дерек көздері міндетін де атқарады. Демек, Н.Ә. Назарбаевтың тәуелсіздік қарсаңында және тәуелсіздік жылдарында жазған еңбектері тек тәуелсіздік тарихының ғана емес, сонымен қатар оның Елбасы ретіндегі өз тарихының да, дәлірек айтсақ, өмірі мен қызметінің, саналы іс-әрекеттерінің, мақсаты мен мүддесінің, саяси көзқарасы мен қоғамдық және азаматтық позициясының қалыптасу және даму динамикасы тарихының да дерек көздері болып табылады. Сондықтан Н.Ә. Назарбаев еңбектеріне деректанулық талдау жасау, оның тәуелсіз елдің тұңғыш Президенті ретіндегі де, әлемдік деңгейдегі тарихи тұлға ретіндегі де бейнесін айқындап, тәуелсіз Қазақстан мемлекетін қайта құру және нығайту ісіндегі рөлі мен орнын аша түсуге көмектесері анық.
Демек, ҚР тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев еңбектеріне тәуелсіз Қазақстан мемлекеттігі тарихының дерек көздері ретінде деректанулық талдау жасаудың қажеттілігі еш күмән туғызбайды.
Деректану ғылымының талаптарына сай тарихи дерек көздерінің маңыздылығын анықтау, біріншіден, зерттеушіге маңызды дерек көздерімен жұмыс істеп, олардан ғылыми құндылығы жоғары мәліметтер алуға мұмкіндік берсе, екіншіден, дерек көздерінің немесе нақты деректің ерекшелігін анықтау зерттеушіге, сол дерек көзінің немесе нақты деректің ерекшелігінен шыға отырып, соған сай келетін тәсілдер қолдану арқылы талдау жүргізуге көмектеседі. Дегенмен, тарихи деректердің де, дерек көздерінің де маңызы мен ерекшелігі, ең алдымен, сол деректерді немесе дерек көздерін жасаушы субъекттермен тығыз байланысты.
Әрине, тарихи деректің пайда болуының басты объективті алғышарты белгілі бір оқиғаның немесе қоғамдық құбылыстың болуы екендігі белгілі. Бірақ, оның әр түрлі дерек көздерінде қалайша бейнеленуі деректі жасаушы жеке субъектің қолында екендігі де анық. Олай болса, болып жатқан немесе болып өткен объективті тарихи құбылыстардың деректерде қай дәрежеде бейнеленуі, яғни объективті құбылыстар туралы субъективті мәліметтердің қай дәрежеде деректерге енуі, сол деректі жасаушы субъектің психикасына /дүниетанымы, ой өрісі, білім дәрежесі, діни наным-сенімі, қоғамдық позициясы т. т./ тікелей байланысты. Демек, Н. Назарбаев еңбектерінің ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасыр басындағы объективті қоғамдық құбылыс – КСРО-ның ыдырап, тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің пайда болуы және қалыптасуы тарихының дерек көзі ретіндегі маңызы мен ерекшеліктері, сол еңбектердің авторы, яғни тәуелсіз Қазақстан тарихының дерек көздерінің үлкен бір тобын жасаушы субъект - Н.Ә. Назарбаевтің қоғамдағы орны мен өзіндік адами және тұлғалық қасиеттерімен тығыз байланысты.
Н. Назарбаев еңбектері, деректану ғылымы тұрғысынан қарағанда, өзінің пайда болуы жағынан жазба дерек көздерінің жеке адамдық тобына жатады. Ал, жеке адамдық дерек көздерінің басты ерекшелігі, оларда субъективті фактордың айрықша орын алуында. Сондықтан дерек көздерінің осы түрлерімен жұмыс істегенде олардың авторлары, яғни деректі жасаушы субъект туралы объективті мәліметтерді пайдалана білудің маңызы үлкен. Демек, біздің зерттеу жұмысымызда субъективті фактор ретінде, дерек көздерін жасаушы Н.Ә. Назарбаев туралы мәліметтерге сүйенуге тиіс боламыз.
Н.Ә. Назарбаев еңбектерінің пайда болу объективтілігі, тарихи жағдайы және оларды сыныптау проблемалары.
Деректану ғылымының қағидасы бойынша әр бір тарихи дерек өзінің пайда болуы жағынан объективті. Өйткені ол белгілі бір тарихи оқиғаның, құбылыстың немесе қоғамдық процестің салдарында пайда болады. Дәлірек айтқанда, нақты тарихи оқиға, құбылыс немесе қоғамдық процесс нақты тарихи деректерде бейнеленеді. Сондықтан әр бір тарихи дерек өз бойында сол тарихи оқиға, қоғамдық құбылыс немесе қоғамдық процесс туралы мәлімет сақтайды. Демек, оқиға немесе құбылыс болмаса дерек те болмайды. Олай болса, кез келген деректі белгілі бір тарихи оқиғаның дерек көзі ретінде зерттеуде, оның пайда болуының объективтілігін, алғышарттарын, яғни нақты қандай оқиғаның салдарында пайда болғандығын анықтаудың маңызы үлкен. Сонымен қатар, кез келген дерек тарихилық принципіне сай белгілі бір уақытта немесе уақыт аралығында және нақты бір кеңістікте пайда болады. Уақыт ерекшелігі, дәлірек айтқанда, деректің жасалу кезеңіндегі нақты бір кеңістіктегі, яғни елдегі қалыптасқан тарихи жағдай, үстем саяси құрылыс т.б. деректің пайда болуына, оның мазмұны мен бағытына әсер етепей қоймайды. Демек, нақты дерекке немесе дерек көздеріне деректанулық талдау сол уақыт тінінде /контексінде/ жасалуы керек. Тек сонда ғана нақты деректен немесе дерек көздерінен нақты оқиға немесе құбылысқа қатысты шынайылық деңгейі жоғары мәлімет алуға болады.
Демек, Н.Ә. Назарбаев еңбектерін тәуелсіз Қазақстан мемлекеті тарихының дерек көзі ретінде қарастыруда олардың пайда болуының себептерін, алғышарттарын, яғни объективтілігін және тарихи жағдайын анықтаудың маңызы үлкен. Жұмыстың кіріспе бөлімінде айтылғандай, Н. Назарбаев 1991 жылдың көктемінде дайындаған «Әділеттің ақ жолы» атты еңбегінен бастап, 2006 жылдың қаңтарында ҚР Президенті міндетін атқаруға қайта кіріскенге дейін бірнеше іргелі еңбектер, жинақтар, Жолдаулар және кітапшалар жариялады. Солардың бәрінде дерлік, біздің тікелей зерттеу объектіміз болып табылытын - тәуелсіз Қазақстан мемлекеттігінің тарихына қатысты мәліметтер бар. Демек, олардың пайда болуының объективтілігі мен тарихи жағдайын анықтау зерттеушілерге тәуелсіз Қазақстан мемлекеті тарихы туралы ғылыми құндылығы жоғары мәліметтер алуға көмектесері анық [1, 302-307-бб.].
Н.Ә. Назарбаев еңбектерінің пайда болуының объективтілігі ең алдымен ХХ ғасырдың 80-90 жылдары Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы деп аталған алып державада орын алған түбегейлі қоғамдық өзгерістермен, сол өзгерістердің нәтижесінде Қазақстанның өз тәуелсіздігін алуымен және күрделі де түбегейлі қоғамдық өзгерістер салдарында пайда болған сол жылдардағы саяси ахуалмен тікелей байланысты. Атап айтқанда, Н. Назарбаев еңбектерінің пайда болуына алып келген және оның еңбектерінде бейнеленген нақты объективті оқиғалар, құбылыстар және қоғамдық процестер мыналар: КСРО-да қайта құру процесінің басталуы, елдегі саяси, әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың тереңдеуі, құрамында Қазақстан да бар КСРО сияқты алып империяның ыдырауы, Қазақстанның өз тәуелсіздігін алуы, жаңа тәуелсіз Қазақстан мемлекеттігін қайта құру ісінің басталуы т.т.
Н.Ә. Назарбаевтың жұмыста дерек көздері ретінде талдау жасалынған негізгі еңбектерінің аты, пайда болған уақыты, жанры және тәуелсіз Қазақстан мемлекеттігі тарихының дерек көздері ретінде пайда болуының объективтілігі 1 кестеде көрсетілді.
Деректанулық зерттеуде сыныптау проблемасының маңызы үлкен. Ол зерттеушіге нақты деректің немесе дерек көзінің ерекшелігін анықтауға және сол ерекшеліктен шыға отырып зерттеу тәсілдерін пайдалануға мүмкіндік береді. Осы қағидаға сай Н.Ә. Назарбаев еңбектерін тәуелсіз Қазақстан мемлекеті тарихының дерек көзі ретінде кезеңдік, хронологиялық, тақырыптық, мазмұндық, мақсаттық, формалық т. б. принциптерге сай сыныптауға болады. Мысалы, 1991 жылы жарық көрген «Әділеттің ақ жолы» кеңестік кезеңде дайындалып, жарияланған еңбекке жатса, басқа дерек көздері ретінде қарастырылып отырған Н. Назарбаев еңбектері тәуелсіздік кезінде жарияланған еңбектерге жатады. Ал, олардың дерек көздері ретіндегі ерекшеліктері де сол кезеңдердің ерекшеліктерінен туындайды.
Атап айтқанда, «Әділеттің ақ жолы» Қазақстанның әлі де болса КСРО-ның құрамында, саяси биліктің Орталықтың, яғни Мәскеудің және КОКП басшыларының қолында тұрған кезінде жазылған. Бұл фактордың кітаптың мазмұнына әсер еткендігі түсінікті. Сондықтан автор республика алдында тұрған проблемеларды жалпы Одақтық проблемалар контексінде қараған. Ал, басқа еңбектерде тәуелсіз мемлекет құру тарихы баяндалған. Дегенмен, олардың өздерін де тәуелсіздік тарихының даму кезеңдеріне сай сыныптау қажет болады. Мысалы, тәуелсіздіктің бастапқы кезеңінде дүниеге келген еңбектер мен соңғы жылдары пайда болған еңбектердің арасында үлкен айырмашылықтар бар. Егер, өтен ғасырдың 90-шы жылдарының бірінші жартысындағы еңбектерде негізінен елдегі саяси және экономикалық өзгерістерге байланысты туындаған қиындықтар мен жаңа мемлекет құрудың теориялық негіздері мен жолдары туралы айтылса, кейінгі еңбектерде қол жеткен табыстар мен тәуелсіздікті одан әрі нығайту бағыттары туралы айтылған.
Хроналогиялық принципке сай сыныптау да Н. Назарбаев еңбектерінің әр қайсының ерекшеліктерін анықтай түсуге мүмкіндік береді. Мысалы, 1993 жылы ҚР бірінші Констиутциясының қабылдануы елде парламентік-президентік саяси билік жүйесінің қалыптасуын заң жүзінде бекітсе, 1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған Ата заңымыз елде Президенттік басқару формасының орнағандығын заң жүзінде бекітті. Осыған сай еңбектердің де 1995 жылдың тамызына дейінгі еңбектер және одан кейінгі еңбектер болып сыныпталуы мүмкін.
Сонмен қатар, Н.Ә. Назарбаев еңбектерін тақырыптарына және мазмұнына қарай да сыныптау тәсілін пайдалануға болады. Оларды мазмұны жағынан: саяси, әлеуметтік, экономикалық мәселелерге, халықаралық қатнастарға немесе сыртқы саясатқа, ұлттық қауіпсіздікке, ұлттар достығына, қазақстар қауымдастығына, ұлт тарихына, ел келешегіне т.б. арналған еңбектер деп сыныптауға болады. Әрине, оның бәрі шартты түрдегі сыныптаулар екендігі түсінікті. Өйткені Н. Назарбаев еңбектері ел өмірінің барлық саласын қамтиды, сондықтан олардан әр алуан мәселелер бойынша маңызды мәліметтер алуға болады. Дегенмен шартты сыныптаулардың өзі де зерттеушіге зертеу мақсатына сай өз керегін табуға көмектесері күмәнсіз.
Пайда болу формасы жағынан да Н. Назарбаев еңбектері әр алуан болып келеді. Олар: заманхаттық сипаттағы еңбектер, естеліктер, ой толғаулар, сұхбаттар, Жолдаулар, баяндамалар, мақалалар т.б. Кейде осылардың бірнешеуі бір еңбекте кездесетін күрделі еңбектер де бар. Олардың әр қайысы да өздеріне сай деректанулық талдау тәсілдерін қолдануды қажет етеді. Сонымен қатар Елбасы туындыларының арасында өзінің пайда болу формасы жағынан ерекше туынды болып табылатын - өлеңдер де бар. Н. Назарбаевтың халық арасына кең тараған бірнеше ән мәтіндерінің авторы екендігі көпшілікке белгілі. Бодандық қойнауында дүниеге келіп, бүгінгі күні еліміздің ән-ұранына айналған «Менің Қазақстаным» да Назарбаев сөздерімен толықтырылып, тәуелсіз елдің ән-ұраны дәрежесіне ие болды.
Н.Ә. Назарбаев еңбектері тарихи дерек көзі ретінде сақталу формасы жағынан да әр алуан. Олар бұхаралық ақпарат құралдарының негізгі түрін құрайтын – газет не жорналдарда, жеке кітаптар мен кітапшаларда және ақпарат көздерінің ең жаңа түрі - интернетте қазақ, орыс және басқа да көптеген ұлттардың тілінде сақталуда. Жәнеде солардың көбі қазақ немесе орыс тілінде тілінде пайда болған түпнұсқалық еңбектер болып табылады. Бұл деректану ғылымы үшін маңызы аса үлкен фактор.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті ретінде Н. Назарбаев туралы аз айтылып, аз жазылып жүрген жоқ. 2005 жылғы Президенттік сайлау қарсаңында, әсіресе сайлаудан кейін, Н.Ә. Назарбаев туралы, оның айқын жеңісінің себептері туралы баспасөз беттерінде көптеген мақалар жарияланды. Н. Ә. Назарбаевтың өмірбаяны - өмірі мен атқарған қызметінің негізгі кезеңдері жұртшылыққа жақсы таныс. Сондықтан біз бұл мәселеге, яғни Н. Назарбаевтың өмірі мен қызметіне, әдеттегідей, хранологиялық принципке сай өмірбаяндық тұрғыдан емес, дерек көздерін жасаушы субъект ретінде, деректанулық тұрғыдан қарауымыз қажет болады.
Егер, осы тұрғыдан келсек, Н. Назарбаев еңбектерінің тәуелсіз Қазақстан тарихының дерек көзі ретіндегі маңызы мен ерекшелігі ең алдымен, оның тәуелсіздік қарсаңындағы және тәуелсіздік жылдарындағы ресми лауазымдарына сай атқарған қызметтерімен тығыз байланысты екендігіне ерекше көңіл аударуға тиіс боламыз. Обылыс көлемінде іскерлігімен көзге түскен Н. Назарбаев, өткен ғасырдың 80-ші жылдарынан бастап республикалық деңгейдегі басшылық қызметте болса, тәуелсіздіктің дәл қарсаңында, яғни 80-ші жылдардың соңы мен 90-шы жылдардың басында Қазақстан сияқты үлкен республиканың бірінші басшысы міндетін атқарды. Ол туралы ҚР Президентінің интернет жүйесіндегі веб-сайтында: «1979-1984 жылдары Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы. 1984 - 1989 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы. 1989-1991 жылдары - Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы, 1990 жылғы ақпан-сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болды. 1990 жылдың сәуірінен - Қазақстан Республикасының Президенті»- деп көрсетілген. Демек, бұл, Н.Ә. Назарбаевтың дәл сол жылдары болып өткен, қорытындысында КСРО –деп аталған алып империяның тағдырын шешкен аласапыран оқиғалардың бел ортасында жүріп, ел тағдыры үшін жауапты бірінші адам ретінде, жаңа тәуелсіз Қазақстан мемлекеттілігін қалыптастыру ісінің қайнар көзінде тұруына тура келді деген сөз.
Ол туралы Н. Назарбаевтың өзі «Әділеттің ақ жолы» атты кітабында: «Өзімнің қызмет жағдайыма орай осы жылдардың барлығында да, әрдайым оқиғалардың қалың ортасында жүріп, оларды талдауға және салыстыруға, қорытындылар жасауға, шешімдер қабылдауға тура келгендіктен де, өзімнің жеке пікірімді айтуға барып отырмын»-деп, жазды [1, 219-б.]. Олай болса, Н. Назарбаев еңбектерінің тәуелсіз Қазақстан тарихының дерек көзі ретіндегі басты маңызы, олардың басқа да тәуелсіз Қазақстан тарихының дерек көздерінен негізгі ерекшелігі, сол жылдарығы қоғамдық құбылыстар мен түбегейлі өзгерістердің «қалың ортасында жүріп», ел тағдырын, ұлт тағдырын шешкен «шешімдер қабылдаған» адамның дүниеге әкелгендігінде. Әрине, талай отандастарымыз, қоғам және мемлекет қайраткерлері тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихының куәгері болды, ол туралы өз естеліктерін жазды, яғни тарихи деректерді дүниеге әкелді. Сөз жоқ, олардың бәрі де Қазақстанның ең жаңа тарихының дерек көздерін құрайды. Және де келешекте тәуелсіз Қазақстан тарихын зерттеуде пайдаланылады. Дегенмен, жоғарыда келтірілген фактілер Н. Назарбаев еңбектерінің тарихымыздың түбегейлі өзгерістер кезеңінің бірінің орны бөлек дерек көздері екендігін толығымен дәлелдейді [2, 213-223-бб.].
Дегенмен, деректанушы ретінде, біз ҚР Президенті веб-сайты сияқты ресми де, маңызды дерек көзінің өзінде де қарапайым қателіктің кеткендігін айтуға мәжбүрміз. Н. Ә. Назарбаев веб-сайтта көрсетілгендей: «1990 жылдың сәуірінен - Қазақстан Республикасының Президенті»- емес, КСРО-деп атлатын алып империяның құрамындағы Қазақ КСР-нің Президенті болып сайланды. Ал, Қазақсатан Республикасы деп аталған мемлекет, сол КСРО-ның күйреуі салдарында кейін пайда болды. Бұл факті дерек қандай деңгейде пайда болмасын, оны деректанулық сыннан өткізу қажеттігін тағы бір рет дәлелдейді ғой деп ойлаймыз.
Сонымен, қорыта айтсақ, Н. Назарбаев еңбектерінің тәуелсіз Қазақстан мемлекеттігі тарихының дерек көзі ретіндегі маңызы мен басты ерекшелігі, біріншіден, оның тәуелсіздік қарсаңында және тәуелсіздік жылдарында атқарған ресми қызметтерімен тікелей байланысты. Өткен ғасырдың 80-ші жылдарынан бастап республикалық деңгейдегі басшылық қызметте болған, дәл тәуелсіздік алдында Елбасы болып сайланған Н.Ә. Назарбаевқа сол жылдары болған барлық түбегейлі өзгерістердің ортасында жүріп, тарихи құбылыстардың куәсі болуына тура келді. Жәнеде соның бәрі туралы өз еңбектерінде жазып, маңызды дерек көздерін дүниеге әкелді. Екіншіден, Н. Назарбаев еңбектерінің тәуелсіз Қазақстан мемлекеттігі тарихының дерек көзі ретіндегі маңызы мен ерекшелгі, олардың Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті туралы, оның ең бір қиын-қыстау сәттердегі тарихи шешімдер қабылдап, жаңа мемлекет қалыптастыра білу тарихы туралы мол мағлұмат сақтауында. Үшіншіден, Н.Ә. Назарбаев еңбектерінің деректік маңызы мен ерекшеліктері автордың жеке адами қасиеттерімен тығыз байланыстылығында. Оның ең бір ауыр жылдары қарапайым қазақ отбасында дүниеге келіп, еңбекке ерте араласуына байланысты, ел өмірін жете біліп, бар саналы өмірін соған қызмет етуге арнауында. Төртіншіден, Н. Назарбаевтың бастауыш партия ұйымынан бастап биліктің барлық сатысынан өтуі, оған елдің реальді саяси-әлеуметтік және экономикалық жағдайын әрдайым объкетивті бағалап, өз еңбектерінде шынайы бейнелей білуге мүмкіндік берген.

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы