Азаматтық-саяси қайшылықтар. Қазақстан азаматтық қарама-қайшылық жылдарында


Тоталитаризм жағдайындағы Қазақстанды модернизациялау



бет2/2
Дата31.12.2022
өлшемі29.27 Kb.
#405181
1   2
Байланысты:
Еңбекті қорғау тест, Домашка 3 практика, елеукенов, 5 тарих, 2, 3, 9 тарих, 12 тарих, 653417, 10, 9, 8, 88, тест абай, 99
3.3.
Тоталитаризм жағдайындағы Қазақстанды модернизациялау. 1917 жылғы қазан төңкерісі Ресей империясының астанасы – Петроградта мемлекеттік билікке большевиктер партиясының келуімен басталып, жаңа мазмұн мен тұрпаттағы әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани қатынастарды орнықтырудың алғашқы қадамына айналды. Орталықта және жер-жерлерде билік жұмысшы, солдат, шаруа өкілдері басқарған Кеңестерге өткендіктен ел де, өкімет те кеңестік деген атауға ие болды. Бұл билікті жүзеге асырған Ресей социал-демократтар партиясының солшыл тобы – большевиктер еді.
Қазақстан қалаларында, темір жол бойындағы елді мекендерде кеңес билігі тез орнықты. 1917 жылдың қазан-желтоқсан айларында Перовск (Қызыл Орда), Әулиеата (Тараз), Шымкент, Петропавловск, Семей, Қостанай, Ақмола қалаларында, Ордада, 1918 жылдың көктеміне дейін Ақтөбе, Атбасар, Павлодар, Алматы қалаларында ресми билік кеңестер қолына көшті. 1918 жылдың жазында Қазақстанның оңтүстік облыстары қараған Түркістан Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы жарияланып, ол РКФСР құрамына кіретін болғандықтан большевиктердің бұрынғы отар аймақтағы ықпалы айтарлықтай күшейді. Бірақ, кеңес билігі ауылдарға кешеуілдеп жетті және жергілікті халық бұл билікті бірден қабылдамады.
Социалистік идеяның қазақ даласында осыншалықты шапшаң тарауы мен пәрменді күшке айналуының әлденеше себебі бар еді. Бірінші кезекте большевиктер көсемі Ленин халықтың санасы мен жүрегін мазалап жүрген көкейкесті мәселелерді шеше алды. Төңкерістің бірінші күнінде қабылданған Бітім, Жер туралы декреттер «Ресей азаматарына!», «Жұмысшыларға, солдаттар мен шаруаларға!» үндеулер барлық соғысушы елдерге демократиялық бітімді ұсынды, жерге помещиктік меншікті жойды, өндіріске жұмысшы бақылауын енгізуді. Іле-шала қабылдаған «Ресей халықтары құқықтарының Декларациясында» ұлт араздығы саясатына тыйым салынатыны, барлық халықтардың тең құқылығы, олардың өзін-өзі билеуге, дербес мемлекет құруға еріктілігі, ұлттық және ұлттық-діни артықшылықтар жойылатындығы, шағын ұлттар мен этнографиялық топтар еркін дамитыны жарияланды.
Большевиктік бастамалар қолдау да тауып жатты. 1918 жылы 28 ақпан-1 наурыз аралығында өткен Ақмола уезі Кеңестерінің бірінші съезінде «барлық егіншілерге қолайлы егіндік, шабындық жер беруге, мұқтажына қарай халықты мал азығымен, тұқыммен ..., сауынмен және құрал-сайманмен қамтамасыз етуге», «ірі капиталды және капиталистік мүлікті кәмпескелеуге, оны кеңес өкіметінің қарауына тапсыруға», халықтың революциялық сотын ұйымдастыруға, 8 сағаттық жұмыс күнін енгізуге, «пролетарлық-шаруалық республика үкіметі шығарған заңдар мен декреттерді ешқандай кедергіге қарамастан дереу жүзеге асыруға» шешім қабылданды.
Қазақстанға социалистік идеяның орнығуы Қызыл әскер штыгымен де жүзеге асырылды. 1918 жылдың мамыр айында басталған кеңестік Ресейге қарсы шетел интервенциясы мен азамат соғысы Қазақстанды қамтымай қалмағаны белгілі. Большевиктермен соғысқан Колчак, Дутов, Толстов армияларына қарсы тұрған Арал, Ақтөбе, Жетісу майдандарының Қызыл әскерлері Кеңес өкіметін қалпына келтіру барысында Қазақстанға социалистік идеяны да бекемдеді. Азамат соғысының аласапыранында өлке тұрғындары ақтардан да, қызылдардан да зор жапа шекті. Дегенмен, жеңіс большевиктер жағында қалғандықтан социалистік қоғамды құру жалғаса берді. Қазақ зиялы қауымы бұл саясатты сын көзбен қабылдап, сенімсіздік танытқан кез мол болды. Бірақ, ұлт теңдігі, автономия алу, еркіндік идеялары халықты баурап алды.
Бұл бағыттағы іргелі өзгеріске 1920 жылғы 4 қазанда Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасының құрылуы мен 1921 жылдың көктемінен жаңа экономикалық саясатқа көшуді жатқызған жөн. Қазақ АКСР-ін құруға даярлық 1919 жылғы 10 шілдеде В.И. Ленин қол қойған «Қырғыз (қазақ) өлкесін басқару жөніндегі революциялық Комитет (Казревком)» туралы декретпен басталды. Казревкомның басқаруына Астрахан губерниясы аумағының қазақтар мекендеген бөлігі Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстары кірді. 1920 жылы 26 тамызда Бүкілодақтық Атқару Комитеті мен РКСФР Халық комиссарлар Кеңесі Декретімен астанасы Орынбор қаласында орналасқан Қырғыз (қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы құрылатын болды. Құрылтай съезі 1920 жылғы 4-12 қазан аралығында Орынбор қаласында өтті. 4 қазан күні қазақ кеңестік ұлтық мемлекеті дүниеге келді. Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы болып Сейтқали Меңдешев сайланды, Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағалығына В.Радус - Зенькович тағайындалды.
Ал, жаңа экономикалық саясаттың мәні Азамат соғысы жылдарында қолданылған ерекше іс-шаралардан – өндіріс пен бөлуді орталықтандырудан, мемлекеттің қолына азық-түліктің, шикізаттың ресурстарын шоғырландырудан бас тарту еді. «Әскери коммунизм» саясаты атанған сол іс-шаралар аясында ақшалай жалақының орнына коммуналдық қызмет, көлік, т.б. үшін карточкалық «паек» берілетін, ірі кәсіпорындармен қатар орта, тіпті ұсақ кәсіпорындар да национализацияланған еді, астық монополиясы мен азық-түлік салғырты, жалпыға бірдей еңбек міндеткерлігі енгізілген болатын. 1921 жылғы наурызда РКП (б) Х съезі мақұлдаған жаңа экономикалық саясат бойынша заттай салықтың орташа мөлшері азық-түлік салғырты мөлшерінен 30-50%-ға төмендетіліп, егілген егін көлемі мен топырақтың құнарлығы да есепке алынды. Салық заттай түрінде салынып, оның мөлшері ертерек, алдын ала, егін себу жұмыстары басталғанға дейін хабарланды, жиналатын бүкіл өнімнің 5%-ын ғана құрады. Егін шаруашылықтарынан тыс мал шаруашылығына да заттай салық салынды. Бастапқыда 13 салық енгізілгенімен, кейінірек олар бірыңғай ауыл шаруашылық салығымен алмастырылды. Осылайша, нарықтық қатынастарға мүмкіндік молайды.
Бірақ, 1921 жылғы аштық жаңа экономикалық саясатты жүзеге асыруға көп кедергі келтірді. Осы жылы Қазақстанның басым бөлігінде қуаңшылық орын алып, жұт жайлаған еді. Жұттан малдың 80%-ы қырылып қалды. Елде ашаршылыққа ұшыраған адамдар саны 2 млн 300 мыңнан асып түсті. Қазақстанды аштық қысып жатқанына қарамастан Орталық үкімет азық-түлік отрядтарын шығарып, халықтың қолындағы ауыл шаруашылық өнімдерін – етті, майды, астықты зорлықпен тартып алып, Мәскеу, Петроград, Самара, Қазан қалаларына жіберіп жатты.
Жаңа экономикалық саясат өзін ақтап шықты. Жер-су реформасы жүзеге асып, казак әскерлеріне берілген, 1916 жылғы көтерілісте кәмпескеленген жерлер қазақтарға қайтарылды. Мал басы көбейіп, жер шаруашылығының өнімділігі артайын деді. Сауда айналымының өскендігі байқалды, жыл сайын 128 жәрмеңке жұмыс істейтін болды.
Ертіс, Орал, Сырдария өзендерімен кемелер жүзуі қалпына келді. 1927 жылы мүйізді ірі қара басы 1922 жылмен салыстырғанда 253%-ға, қой-ешкі - 286%-ға, жылқы - 220%-ға, түйе - 215%-ға өсіп, төрт түліктің жалпы саны 30,5 млн бастан асып түсті. Баяу да болса, өнеркәсіп саласы нығайды. Алдымен ауыл шаруашылығы шикізатын өңдейтін кәсіпорындар қатарға қосылды. Ауыр өнеркәсіп саласы бойынша мұнай өндіру мен алтын шығару тез көтерілді. 20 жылдардың екінші жартысынан аса бере мұнай өңдіру 1913 жылғы көрсеткіштен екі есе асып түсті. Петропавл-Көкшетау, Бурное-Әулиеата темір жолдарын пайдалануға берумен Қазақстан аумағындағы темір жолдар ұзындығы 1913 жылғы 2081 шақырымнан 1928 жылы 3480 шақырымға ұзартылды.
Жұмысшы табының саны артуға бет бұрды. 1927 жылы олар 62,3 мың адамның басын құраса, әрбір бесіншісі қазақ ұлтының өкілі еді.
20 - жылдардың айтулы оқиғасына Қазақстанның әкімшілік аумағын тиянақтауды жатқызуға болады. 1924 жылы Орта Азия республикаларын ұлттық-аумақтық межелеу жүргізіліп, Түркістан АКСР-іне қарап келген Сырдария және Жетісу облыстары Қазақстанға берілді.Орынбор губерниясы Қазақ АКСР құрамынан шығарылды. 1925 жылдан 1929 жылға дейін республика астанасы – Қызыл Орда қаласында орналасты.
Кеңес өкіметінің орнығуымен қоғамдық-саяси өмірде де келелі өзгерістер жүрді. Республикадағы жетекші әрі ұйымдастырушы саяси күш міндетін 1920 жылы құрылған Қазақстан коммунистік партиясы өз мойнына алды. 1921-1926 жылдар аралығында коммунистер қатары 23,2 мың адамнан 31,9 мың адамға ұлғайған екен.
Кеңестік Қазақстанда мемлекеттік идеология мен мәдениет құрылысына үлкен мән берілді. Сауатсыздықты жою, мектептер мен арнайы орта оқу орындарын ашу, газет- журнал шығару, кітап басуды ұйымдастыру халықтың санасына маркстік-лениндік идеологияны сіңірумен ұштастырыла қолға алынып, мәдениетке таптық, партиялық көзқарас ұлықталды. Социалистік құрылыстың идеясы мен практикасын қабылдамайтындарды қуғындау мемлекеттік саясаттың мәнді белгісіне айналды. 1925 жылы Қазақстан партия ұйымы басшылығына Ф.И. Голощекиннің келуімен Кеңестер одағы бойынша Сталиннің шектеусіз жеке билігін орнату процесін тереңдеткен қадам жасалды. Қуғын-сүргінге ең алдымен Алаш қозғалысының қайраткерлері ұшырады. 1927 жылы Ә. Бөкейханов Қазақстаннан аластатылып, Мәскеуде мырзақамақта отыруға мәжбүрленді.
20-жылдардың ортасынан халық шаруашылығын қалпына келтіру міндеті шешілген соң кеңестік тоталитарлық билік ел экономикасы мен мәдениетін жоспарлы негізге көшіруді қолға алды. 1928 жылы алғаш бірінші бесжылдық жоспар енді, 1933 жылы екінші бесжылдық жоспарды орындау басталды. Үшінші бесжылдық жоспар 1941 жылы Ұлы Отан соғысының басталуымен толық аяқталмастан үзілді.
Қазақстанда бірінші және екінші бесжылдықтың алға қойған басты міндеті халық шаруашылығын индустрияландыру мен ауыл шаруашылығын ұжымдастыру еді. Түптеп келгенде, бұл екі міндет әлеуметтік-экономикалық ілгерілеу үшін қажетті алғышарттар екені күмән туғызбайды. Дамыған елдер индустриялы-урбанистік жолға түскенде кеңес елі аграрлық мемлекет мәртебесімен қала берудің арты жақсылыққа жеткізбейтіні және белгілі.
Индустриялизациялау нәтижесінде 1445 шақырымдық Түркістан, Сібір темір жолы пайдалануға берілді (1930 жыл), Балқаш мыс қорыту зауыты, Қарағанды көмір бассейіні, Шымкент қорғасын зауыты, Семей ет-консерві комбинаты, Ақмола- Қарталы темір жол желісі (1940 жыл) республиканың экономикалық әлеуетін түбегейлі өзгертті. Инженер Қ. Сәтбаевтің табанды ғылыми-практикалық ізденісімен Жезқазған кен орнының үлкен болашағы ашылды. 1940 жылы Қазақстан халық шаруашылығы жиынтық өніміндегі өнеркәсіп өнімінің үлесі 63,7%-ға жетіп, аграрлық өлкенің индустриялық-аграрлық елге айналғаны дәйектелді (1913 жылы өлке шаруашылығындағы өнеркәсіп пен көліктің үлесі 10% ғана еді, есесіне мал шаруашылығының үлесі 60%, жер шаруашылығының үлесі 30% болатын).
Қарағанды, Балқаш, Ақтөбе, Риддер қалалары ірі өнеркәсіпті елді мекендерге айналды. Жұмысшылар мен қызметкерлер саны 1 млн адамға жуықтады.
Ауыл шаруашылығын социалистік негізде қайта құру асығыс әрі күш қолданумен жүзеге асырылғандықтан халықты үлкен қасіретке ұшыратты. Шаруаға қарсы күш қолданудың алғашқы ірі науқаны 1928 жылы байлар мен жартылай феодалдардың малын, мүлік-мүккәмәлін тәркілеумен, өздерін жер аударумен жүзеге асырылды. 1929 жылы ол барлық жеке шаруа қожалықтарын ұжымшарларға біріктіруге ұласты. Бұл үшін қажетті қаржылық, материалдық-техникалық ресурстар болмағанына, еріктілік ұстанымы бұзылғанына қарамастан Мәскеудің өктемдігін, жоспар қуушылығын басшылыққа алған Голощекиндік басшылық пен жергілікті шолақбелсенділер көшпелі қазақ ауылындағы жеке меншік малды аты бар да заты жоқ ұжымшарларға жинағанына қоса, сан түрлі салық салумен халықты азық-түліксіз қалдырды. Ұжымшарға алынған малдың қора-қопсысы, жем-шөбі даярланбаған еді. Күштеп отырықшылдырғандықтан көшуден қалған ұжымшар мүшелері тұратын үй де болмады. Мал жаппай қырылып, 1931-1932 жылдары Қазақстан ауыл-селосын аштық жайлады. Осының салдарынан 2 млн- дай қазақ, 250 мыңдай басқа ұлт өкілдері аштан өлді.
Атақты ағылшын-америкалық ғалым Р. Конквест «Жатва скорби» атты өзінің кітабында ұжымдастыруды «қазақтарға шексіз қиянатпен жасалған адамзат трагедиясы» деп атады.
Зорлық пен әділетсіздікке шыдамаған шаруалар жер-жерлерде кеңес өкіметіне қарсы көтеріліске шықты, көрші елдер мен республикаларға (Қытай, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, т.б.) көшіп кетті.
Күшпен ұжымдастыру аграрлық экономиканы да тұралатып тастады. 1928-1932 жылдар аралығында ірі қара мал басы – 6,5 млн-нан 1,0 млн-ға, қой-ешкі – 18,6 млн-нан 1,4 млн-ға, жылқы – 3,6 млн-нан 0,4 млн-ға, түйе – 1,0 млн-нан 36 мың басқа дейін кеміді.
1933 жылдың басында Т.И. Голощекин қызметтен алынып, орнына білікті де байыпты басшы Л.И. Мирзоян келгеннен соң Қазақстандағы ахуал оңалайын деді. Дегенмен, бұрынғыдай күш қолдану болмаса да ұжымдастыру үрдісі жалғаса берді. 1940 жылы Қазақстандағы 6950 ұжымдар шаруалардың 99%-ын қамтып жатты. Оларға 331 МТС қызмет етті.
Соғысқа дейінгі бесжылдықтардың мәдени қорытындысы білім мен ғылым саласында, әдебиет пен өнерде, кітапхана мен клуб ісінде, бұқаралақ ақпарат құралдарында анық көрінді. Сауатсыздықты жою сәтімен аяқталды, баршаға бірдей бастауыш білім беру міндеті шешілді. Бұрын мүлде болмаған жоғары оқу орындары ашылып, ғылыми-зерттеу институттары құрылды. 1936 жылы Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігі қарт ақын Жамбыл Жабаевтың, ақын әрі жазушы Сәкен Сейфуллиннің, әнші Күләш Байсейітованың, композитор А. Жұбановтың, мәдениеттің тамаша ұйымдастырушысы Т. Жүргеновтың есімдері мен шығармаларын Одаққа әйгіледі. «Амангелді» көркем фильмінің 1938 жылы үлкен экранға шығуы –қазақ өнерінің жаңа саласы дүниеге келгенін паш етті.
1937-1938 жылдары кеңестік тоталитарлық жүйе аштықпен миллиондардың өмірін қиған қылмысынан кем түспейтін қанды қырғын ұйымдастырды. Коммунистер «халық жауларын» әшкерелей бастады. «Халық жауларының» тізіміне ең алдымен өз елі үшін аянбай тер төккен ойлы да білімді Алаш белсенділері енгізілді. Олардың арасында Ресей Мемлекеттік Думасының бұрынғы мүшесі Ә. Бөкейханов, тарихи еңбектерімен танымал инженер М. Тынышбаев, ақын-жазушылар М. Жұмабаев, М. Дулатов, Ж. Аймауытов болды. Солардың барлығы кеңес өкіметіне қарсы күресті деген айып тағылып, сотталды. Ішкі істер халық комиссариаты үштігімен атылды. Тіпті Қазақстанда кеңес өкіметін орнату жолында күрескен Т. Рысқұлов, С. Сейфуллин сияқты көптеген коммунисттер мен парасатты адамдар да тоталитаризм құрбаны болды. 1938 жылдың ақпан-наурыз айларының 15 күні ішінде ғана – 631 адам атылды. Осылайша, қазақ зиялыларының қаймағы жойылды. Елде тұтқындарды қамауда ұстауға арналған лагерлер жүйесі қаптап кетті. Соның ішінде саяси тұтқындарға арналған – Карлаг, Степлаг, АЛЖИР лагерлері бар.
Саяси қуғын-сүргін Қазақстанның инлеллектуалдық әлеуетін әлсіретіп қана жойған жоқ, адамдардың бойына үрей, қорқыныш, ертеңгі күнге сенбеу тәрізді жағымсыз қылықтарды да ұялатты.
1930 жылдардағы терең қайшылықтар КСРО-ның федеративті құрылымындағы өзгерістерден көрінді. 1936 жылы Қазақ автономиялық республикасы РСФСР құрамынан шығарылып, одақтас республикаға (Қазақ КСР-іне) айналады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
бағдарламасына сәйкес
Сабақтың мақсаты
тоқсан бойынша
сәйкес оқыту
ғылым министрлігі
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
Сабақ жоспары
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
мерзімді жоспар
тоқсанға арналған
жалпы білім
нтізбелік тақырыптық
республикасы білім
арналған жиынтық
Зертханалық жұмыс
бекіту туралы
Жалпы ережелер
арналған әдістемелік
болып табылады
Мектепке дейінгі
Қазақстан республикасының
Қысқа мерзімді
Қазақ әдебиеті
оқыту әдістемесі
Инклюзивті білім
білім берудің
рсетілетін қызмет
бағалаудың тапсырмалары
тақырыптық жоспар
атындағы жалпы
пәнінен тоқсанға
пайда болуы
туралы жалпы
әдістемелік ұсыныстар
коммуналдық мемлекеттік
қарым қатынас
пәнінен тоқсан
қызмет стандарты
мемлекеттік мекемесі