«ҚазақИЯ, мен саған міндеттімін» атты дөңгелек үстелінің талдауы Топ жетекшісі: Б. А.Қағазов

Loading...


Дата02.04.2020
өлшемі0.56 Mb.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ



«ҚАЗАҚИЯ, МЕН САҒАН МІНДЕТТІМІН»

атты дөңгелек үстелінің талдауы

Топ жетекшісі: Б.А.Қағазов

Дайындаған: Ә.К. Әскерова




«Өнер колледжі – музыкалық-эстетикалық бейіндегі
дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат» кешені» КММ


«ҚАЗАҚИЯ, МЕН САҒАН МІНДЕТТІМІН»

атты дөңгелек үстелінің сценарийі

Дайындаған: Ә.К. Әскерова




Петропавл қаласы

«Қазақия, мен саған міндеттімін» атты дөңгелек үстелінің сценарийі
Негізгі мақсаты: оқушылардың зияткерлік-шығармашылық әлеуетін дамыту, жерлес ақынымыз Мүталлап Қанғожиннің әдеби мұрасын насихаттау;

Міндеттері:

- қатысушылардың жерлес ақынның шығармашылығы арқылы шығармашылық қабілеттерін, дүниетануын және зерттеу дағдыларын дамытуға ықпал ету;


- қатысушылардың жерлес ақынның шығармашылығына қызығушылығын, көркем әдебиетті оқуға махаббатын ояту; 
- Мүтәллап Қанғожиннің өмірі мен шығармашылыққа деген мақтанышы мен сүйіспеншілігін тудыру.

Өткізілетін орны: 421 кабинет

Көрнекілігі: Мүтәллап Қанғожинның портреті, шығармалары бойынша әдеби көрме, презентация, бейнесюжет.

Түрі: дөңгелек үстел

Құрметбек Коля:«Ақынның ойы» өлеңін оқиды



Мұғалім сөзі: Сәлеметсіңдер ме, құрметті жамағат! Коля орындауында Сіздер тыңдап шыққан өлеңнің авторы жерлес ақынымыз Мүтәллап Қанғожин.

Мүтәллап Мұхамәдиұлы – бүгінгі қазақ зиялы қауымының бетке ұстар азаматы. Оның шығармашылық қабілеті елге кең танымал, ол Қазақстан Республикасының Журналистер одағының және Жазушылар одағының мүшесі, теледидар және радио саласының үздігі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Солтүстік Қазақстан облысының, Есіл ауданының құрметті азаматы.

1937 жылы 17 желтоқсанда Есіл ауданының Қарағаш ауылында дүниеге келген ақын ағамыз бүгінде сексеннің сеңгіріне сергек шығып отыр. Жүрекжарды жырларымен өскелең ұрпақтың рухани тұрғыдан сусындауына өзінің үлесін қосып, бүгінде аймақтың лайықты құрметіне бөленген ағамызды мерейлі мерекесімен шын жүректен құттықтап, деніне саулық тілейміз. Ақ таңдар сізге әрдәйім нұрын шашып, өміріңіз өнегемен өріле берсін. Қолыңыздан қаламыңыз түспей, жасыңыз жарқын жүзбен жүзге жетсін демекпіз.



  • Ал, дөңгелек үстелімізді бастайық.


Дөңгелек үстелдің барысы:


Кіріспе сөз:
Армысыздар, бүгінгі дөңгелек үстелге жиналған қонақтар! Солтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, ақын, журналист Мүттәлап Қанғожиннің 80 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отырған дөңгелек үстелімізге қош келдіңіздер!

(Дөңгелек үстелдің мақсаты мен сұрақтарына тоқталып өту)
Жүргізуші:

  • Бүгінгі дөңгелек үстеліміздің негізгі мақсаты: оқушылардың зияткерлік-шығармашылық әлеуетін дамыту, жерлес ақынымыз Мүталлап Қанғожиннің әдеби мұрасын насихаттау;

  • Қарастырылатын сұрақтары:

1) «Мүтәллап Қанғожиннің өмір жолы»

2) «Мүтәллап Қанғожиннің шығармашылығы»

3) «Мүтәллап Қанғожин. Менің Мағжаным»

4) «М. Қанғожин мемлекеттік тіл мәселесі жайлы»


Жүргізуші:

Мүтәллап Мұхамадиұлы - Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі;


Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері;
Солтүстік Қазақстан облыстық «Қазақ тілі» қоғамының алғашқы төрағасы;
Бүкілодақтық және Республикалық телебайқауының жеңімпазы;
Республикалық Мағжан Жұмабаев өнер фестивалінің жүлдегері;
Солтүстік Қазақстан облысы мен Есіл ауданының құрметті азаматы;
Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты;
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетенің профессоры; әрі «Үздік еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарының иегері. 

Жерлес ақынымыздың өмір жолы туралы бейнесюжетке назар аударайық.



(Бейнесюйжет)
Жүргізуші: Бірінші сұрақ бойынша, яғни ақын өмірі жайында 9 сынып оқушысы Өмірзақ Жан баяндайды.

  • Құрметті дөңгелек үстел қатысушылары, келесі сұрақтарға жауап берсеңіздер:

  1. Мүтәллап Қанғожиннің еңбек жолы неден басталды?

  2. Мүтәллап Қанғожиннің тілші болуына не себеп болды?

  3. Қарапайым трактор тіркеушісінен бүгінгі дәрежеге жетудің құпиясы неде деп ойлайсыздар?

Жүргізуші: Мүтәллап Мұхамәдиұлының әдеби мұрасы зор. «Қызылжар», «Өмірім менің», «Сарыарқаны сағындым», «Мен Мағжанның көшесінде тұрамын», «Белый дом Аблая» сынды бірнеше кітаптардың авторы. Көптеген өлеңдері қазақ тілінен орыс тіліне аударылған. Жастарды ұлтжандылыққа, отан сүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеуден шаршаған емес. Әлі күнге дейін келешек ұрпақтың ертеңгі болашағы үшін, аянбай еңбек етуде.

Мүтәллап өлеңдері өзінің жылылығымен, ойлылығымен көңіл аударады. Дала жөнінде, даланың жайсаң жанды адамдары жөнінде барынша тебіренеді. Өз шығармасында өлеңнің бар қаруын толық пайдалануға ұмтылады.

Сіздердің назарларыңызға 8 сынып оқушысы Құрметбек Коля «Мүтәллап Қанғожиннің шығармашылығы туралы» қысқаша баяндаманы ұсынып отыр. Қарсы алыңыздар.


  • Құрметті дөңгелек үстел қатысушылары келесі сұрақтарға жауап беріңіздер:

  1. Ол кісі өзінің өлеңдерінде жас ұрпақты неге шақырады?


Жүргізуші: 

Мүтәллап Қанғожин - Қызылжар өңіріндегі көзі тірі қаламгерлердің арасында ұлы ақынымыз Мағжан Жұмабаевтың есімі мен артына қалдырған асыл мұрасын айрықша ардақтап, насихаттау ісіне айтарлықтай белсенділікпен атсалысып келе жатқан қайраткер азамат, журналист, белгілі ақын, мағжантанушы. Келесі баяндама «Мүтәлллап Қанғожин. Менің Мағжаным» баяндамашы 9 сынып оқушысы Темірлан.




  1. Мүтәллап Қанғожиннің Мағжан Жұмабаевтың есімі мен артына қалдырған асыл мұрасын насихаттау жұмыстарын атаңыз.

  2. «Менің Мағжаным» атты кітабы мағжантануда алған орны жайлы айтсаңыз.

Жүргізуші: 

Мүтәллап Мұхамәдиұлы облыстық «Қазақ тілі» қоғамын ұзақ жылдар бойы басқарды. Бірнеше жылдар көлемінде ұлтаралық келісімді сақтау, мемлекеттік тілді насихаттау, патриотизмге тәрбиелеу мақсатында облыс көлемінде тақырыптық сұхбаттар мен телебағдарламалар ұйымдастырған.

Соңғы, төртінші, сұрақ. Сіздердің назарларыңызға 9 сынып оқушысы Ақерке Алтайқызы «Мүтәллап Қанғожин мемлекеттік тіл жөнінде» тақырыбында баяндаманы ұсынып отыр. Қарсы алыңыздар.


  1. Егер де салыстыратын болсақ мемлекеттік тілдің сол кездегі және қазіргі таңдағы жағдайы қандай?

  2. Сондай дәрежеге қалай, кімнің арқасында жеттік?

  3. Тілдің қолданысын кеңейтуге бағытталған Мүтәллап ағамыздың елеулі жұмыстарын атап шықсаңыз.

  4. Мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ету үшін не істеуміз қажет? 


Қорытынды сөз:

Мүтәллап ағамыз өмір бойы адамдық абыройына шаң жұқтырмауына тырысып келеді. Кез келген кісі тәрізді тірліктің тайластарында талай сүрінсе де жауырынын жерге тигізбей, қатал тағдыр алдында тізесін бүкпей, тік тұрып кеткен, жеңімпаз күрескер тұлғасын аңғарамыз... Және ақын ағамыздың артында аңыз болып айтылар іс-әрекеттері аз емес..

Жастарды ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеуден шаршаған емес. Әлі күнге дейін келешек ұрпақтың ертеңгі болашағы үшін, аянбай еңбек етуде. Ел алдында бүгінгі күнге дейін міндеттіндей...

Мүтәллап қанғожин. «Қазақия, мен саған міндеттімін» оқитын Әлихан





Жүргізуші: Бүгінгі дөңгелек үстеліміз өз мәресіне жетті. Құрметті үстел қонақтары, Мүталлап баураған поэзияның құдіреті мен елге деген сүйіспеншілігі жайлы әңгіме қозғадық.

Мүтәллап ағамызға болаттай берік денсаулық, мол бақыт, ұзақ өмір тілейміз. Бізге деген жаңа өлеңдерді асыға күтеміз, шығармашылыққа жеміс тілейміз!

Дөңгелек үстелімізге қатысқандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Назарларыңызға рахмет!
SWOT талдауы

1


Күшті жақтары

  1. Зерттеу жұмыстарымен айналысады;

  2. Ресми кездесудегі балалардың өз-өзін ұстау мәдениеті қалыптасады;

  3. Бірлесе жұмыс атқарады.

Әлсіз жақтары

  1. Оқушылар оқымайды, сондықтан газет, журналдардан қажетті ақпаратты таңдай алмайды;

  2. Үнемі нұсқаулық жасау керектігі;

  3. БАҚ алдында, көрермендердің алдында өздерін ұстай білмеуі;

  4. Риясыз сұрақтарға жауап бере алмайды.




Мүмкіндіктері

  1. Аймағымыздың көрнекті ақын М.Қанғожиннің өмірі мен шығармашылығымен таныса отырып, өздеріне үлкен сабақ, шығармашылық шабыт алады.

  2. Шешендік өнерлерін шыңдайды.

  3. Ақындық өнерімен айналысады.

Қауіптері

  1. Дөңгелек үстелге қатысушылардың толық ақпараттарды меңгермеуі;

  2. Білген ақпараттары аудиторияға толық жеткізе алмауы;

  3. Қызықты сұрақтардың болмауы.


Достарыңызбен бөлісу:

Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
бойынша жиынты
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
білім беретін
жалпы конкурс
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
дістемелік сыныстар
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік мекемесі
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
Мектепке дейінгі
дебиеті маманды
білім беруді
жалпы білім
дістемелік материалдар
мектепке дейінгі
ауданы кіміні
мерзімді жоспар
конкурс туралы
облысы бойынша
рметті студент
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
разрядты спортшы
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
аласы кіміні

Loading...