"Қазақ тілі" пәнінің базалық білім мазмұны



бет1/12
Дата23.12.2021
өлшемі473 Kb.
#147208
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
8 сынып календарный 2020-2021



Түсінік хат
Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушысының 2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрығына 2-қосымша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына 192-қосымша негізге алынған.

2. Қазақ тілі пәнін оқыту мақсаты – ана тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету.

3. "Қазақ тілі" оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері: 1) қазақ тілін ана тілі ретінде тани отырып, өмірлік қажеттіліктеріне коммуникативтік әрекеттер түрінде (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым) сауаттылықпен қолдану; 2) тіл сауаттылығы мен сөйлеу сауаттылығын, сөз байлығын, басқалармен еркін қарым-қатынасқа түсу; 3) аудиовизуалды материалды тыңдау барысында өз көзқарастарын білдіру; 4) мәтіндерге қойылған мақсатқа сәйкес қорытынды, синтез, анализ жасау дағдыларын қалыптастыру.

4. Қазақ тілі" пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 8-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;

"Қазақ тілі" пәнінің базалық білім мазмұны:

1) тыңдалым және айтылым: дәйексөз, үзінді негізінде мәселені болжау, әлеуметтік-қоғамдық, мәдени- тарихи тақырыптарға байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (интервью, пікірталас үзінді) автор көзқарасы мен экспресивті-эмоционалды сөздердің рөлін талдау, астарлы ойды анықтау, тұрмыстық, әлеуметтік мәтіндерді талдау арқылы негізгі ойды анықтау, перифраз түрінде берілген сұрақтар арқылы мәтіннен қажетті ақпаратты таба білу, көтерілген мәселе бойынша ой тұжырымдау, коммуникативтік жағдаятқа сай ғылыми және халықаралық терминдерді, ғылыми деректерді орынды қолданып, диалог, монолог, полилогта өз ойын дәлелді, жүйелі жеткізу;

2) оқылым: тұтас және аралас мәтіндердегі ақпаратты салыстыру, тілдік құралдар арқылы публицистикалық және ғылыми стиль ерекшеліктерін тану, мақала, аннотация, презентация құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату, ғылыми және публицистикалық стильде жазылған мәтіндерді талдау, сілтеме жасау;

3) жазылым: тезистік жоспар құру, мақала, аннотация, тезис құрастырып жазу, графиктік мәтіндердегі деректердің маңызды тұстарын анықтап жазу, аргументативті эссе жазу,бұқаралық ақпарат құралдары материалдары негізінде стильдік ауытқуларды, орынсыз қолданылған сөз оралымдарын талдап, стильдік түзетулер жасау, редакциялау;

4) әдеби тіл нормалары: орфографиялық норма: бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атауларды орфографиялық нормаға сай жазу; орфоэпиялық норма: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану; лексикалық норма: сөздік қор мен сөздік құрам; грамматикалық норма: сөз тіркестерінің байланысу тәсілдері мен түрлері, есімді және етістікті сөз тіркестері, тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелері, сөйлемнің бірыңғай мүшелері мен айқындауыш мүшелері, жай сөйлем,жай сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінуі; пунктуациялық норма: қабаттаса қолданылатын тыныс белгілері



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді