Пән айлығының өткізілуі. Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің айлығы да мектепшілік ғылыми-әдістемелік жұмыс жоспарының мерзіміне сәйкес желтоқсан айында өткізілді. Айлық жоспары алдын- ала бірлестік отырысында талқыланып, өткізілетін іс-шаралар мен ашық сбақтардың кестесі бекітілуге ұсынылды.Басты мақсаты мен міндеттері қарастырылды: сабақтарда пән мұғалімдерінің шығармашылық тақырыптарын жүзеге асырудың тиімді жолдарын көрсету, диалогтік оқыту мен оқушылардың коммуникативтік әлеуетін арттыруға басты назар аудару қажеттілігі аталды. Сыныптан тыс іс- шаралар да жоғары деігейде өтілді.
Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің айлық қорытындысы
Бақылауды жүргізу негіздемесі: Мектепшілік бақылау жоспары
Бақылау мақсаты: Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында жаңа технологияны қолдана отырып оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен білім беру мазмұнының жүзеге асырылу деңгейін және сабақтан тыс уақытта оқушылардың жалпы білімділік және біліктілік дағдыларын қалыптастыру жетілдіруге бағытталған пән мұғалімдерінің сабақ беру әдістемелік тәсілдерін зерделеу;
Қазақ тілі кафедрасы айлығының барысын зерделеу кезінде Ы.Алтынсарин атындағы ҰҒА 2021-2022 оқу жылына арналған әдістемелік-нұсқау хаты басшылыққа алынды. Коммуникативтік құзіреттілік - бұл коммуникативтік, тілдік білім, білік, дағдылардың жиынтығы. Коммуникативтік дағдылар ең әуелі мектептегі оқыту процесінде,негізінен, тіл және әдебиет сабақтары барысында қалыптасады. Тілдік және әдеби білім берудің маңызды міндеттері:
1 ) барлық деңгейдегі қазақ тілінің жүйесі туралы білімді меңгеру негізінде оқушылардың тілдік сөйлеуін дамыту ( фонетика, лексика, сөз құрамы және сөзжасам , морфология , синтаксис);
2 ) сөйлеудегі тілдік құралдардың қызметі туралы ережені, сөздік қорды кеңейтуді және сөйлеу тілінің грамматикалық жағынан дұрыс құрылуы, сауатты жазу біліктері мен дағдыларын қалыптастыру;
3 ) қазақ әдеби тілінің нормаларын, сөйлеу әрекетінің әртүрлі тәсілдері мен дағдыларын өмірлік жағдаяттарға сәйкес қолдана білу қабілеттері өмірдегі мәселелерді шешуге бағытталуы тиіс ( тілдік және сөйлеу біліктілігі).
“ Қазақ әдебиеті” пәнін оқыту барысында үнемі “Мәңгілік Ел” идеясының құндылықтарымен байланыстырып отыру ұсынылады. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту - білім берудің басым мақсаттарының бірі. Оның нәтижесі оқушылардың алған білімдерін практикалық жағдайларда тиімді және әлеуметтік бейімделу процесінде сәтті пайдалануға мүмкіндік беретін негізгі құзыреттіліктер жүйесін меңгеруі болып табылады. Білім беру нәтижелеріне табысты қол жеткізуді, алған білімін өмірлік жағдаяттар қолдана алуын қамтамасыз ететін тиімді әдістерді білім беру процесіне оңтайлы енгізу- мектеп пен ұстаз қауымына қойылып отырған жауапты міндеттердің маңыздысы.
Достарыңызбен бөлісу: |