Қазақ тілі мен әдебиті бірлестігінің 2021-2022 ОҚу жылында атқАРҒан жұмыстарының сараптамасы тақырыбы



бет7/21
Дата09.06.2022
өлшемі110.53 Kb.
#267215
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21
Байланысты:
Шолпанға кафедра жоспар
5 ӨСІМДІКТЕРДІҢ ГЕНЕРАТИВТІ МҮШЕЛЕРІ (Автосохраненный)
Отырыста мындай сұрақтар қаралды:
- қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша білім сапасын көтеру;
- қазақ тілі сабағында модульдік технологияны қолдану және одан әрі дамыту;
- мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту;
- қазақ тілі мен әдебиеті айлығын өткізу;
- мектепішілік пән олимпиадасын өткізу;
- 9-сынып оқушыларының МАБ-ға дайындығы;
- 11- сынып оқушыларының ҰБТ-ға дайындығы;
- дарынды және үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс;
- оқу кабинеттерімен жұмыс;
- 9,11- сыныптың мемлекеттік емтиханға дайындығы;
Оқу жылының басында қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша күнтізбелік жоспар құрылып, әдістемелік бірлестік отырысында қаралып, бекітілді. Басқару-бақылау жұмыстары бойынша бірқатар ұстаздар педагог-мадератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-шебер квалификациясына тапсыруға өтініш жазса, ал жас мамандарға тәлімгер бекітілді. Қазақ тілі мен тәдебиеті мұғалімдері тәжірибе алмасу арқылы жұмысты нәтижелі жүргізуге тырысты. Қазақ тілі модульдік оқыту технологиясымен жүргізілді. Нәтижесінде төмендегідей білім сапасына қол жеткізді.
оқу жылының басында оқу жылының аяғында
қазақ тілі 69,77 % 73,5 % 
қазақ әдебиеті 71,6 % 79,7 %
Оқу жылының басында ҚР Тілдер күніне орай қазақ тілі апталығы өткізілді. Апталыққа мектептегі барлық оқушылар тартылып, олар алуан сайыстар мен байқаулар арқылы өз білімдерін сынады.

Қазан айында Ы.Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай «Даланың қоңырауы» тақырыбында айлық өткізілді. Айлық барысында әр түрлі с-шаралар ұйымдастырылды.


Қараша айында мектепішілік пән олимпиадасы 5 -11 сыныптар арасында өткізілді. Олимпиада екі турдан тұрды. Жеңімпаз оқушылар марапатталды.
Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту мақсатында жыл бойы мұғалімдерге арналған үйірме жұмыс жасады. Пән мұғалімдері әр түрлі аудандық, облыстық семинарларға қатысып, пікір және тәжірибе алмасып тұрады және байқауларға, олимпиадаларға қатысты.
11-сынып оқушылары қазақ тілінен ҰБТ тапсыруға дайындалуда. Апта сайын қосымша сабақ өткізіледі. Алдын –ала тестілеудің қорытындысындағы оқушылардың орташа балы шығарылып отырды.
Пән мұғалімдері дарынды оқушылармен жұмыс жоспарын құрып, жыл бойы жұмыс жүргізді. Нәтижесінде олар мектепішілік, қалалық байқауларға қатысып, өз білімдерін көрсетті. Мәселен, 10 сынып оқушысы Нұрлан Әсемай қалалық пән олимпиадасына қатысып, жүлделі 3-орынды иеленді. Үлгерімі төмен оқушылармен жеке жұмыс жоспары құрылып, жұмыс жүргізілді. 9,11-сынып оқушылары мемлекеттік емтихан және 11- сынып оқушылары ҰБТ тапсыруда.
Жыл бойы қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдері тәжірибе алмасу мақсатында төмендегі тақырыпта ашық сабақтар өткізді.
Әдістемелік бірлестік мұғалімдері жыл бойы қазақ тілін дамытуда және білім сапасын көтеруде белсене жұмыс жасап, өз үлестерін қосты.
Тәжірибиелі ұстаздар - Исмайлова Бағлан, Көпбай Қарашаш әпкейлер бастаған алдыңғы лекпен бірге жаңалыққа жаны құмар жаңашыл ұстаздар Абаханова Н, Cейсебаева Г, Абумаликов Е., Қалықұлова Ж.,Исабаева Ж.,Нарымбетова Г., Керімбаева Д., Бейсенбекова М.,Сабеков С. сандық технологияны меңгеруде жігерлілік, табандылық танытуда. Осы ретте, жас маман Сабеков Сұлтанбек те әріптестерінің қажырлы еңбектерінен қанаттанып, білімділігімен көзге түсіп келеді. Сонымен қатар қалалық, облыстық көлемде және қашықтықтан өткен байқауларға қатысып, жүлделі орындарға да қол жеткізді.
Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестік ұстаздары апталық барысында оқытудың табысты тұстары баршылық. Олар:
1.Ақпараттық құралдар мен ғылыми негізделген әдістер арқылы білім алу формасы. Сондай-ақ ұстаздарымыздың жаңа технологиямен, ақпараттық құралдармен жұмыс істеу шеберліктері ұшталып, оқушының өз бетімен білім алу дағдылары арттырылуда. Дидактикалық және техникалық модельдерін ұстаздар дұрыс құра біледі.
2.Ұстаздарымыздың да, оқушылардың да цифрлық сауаттылығы арта түсіп, техникалық мүмкіндіктерді жетік меңгере бастады. Сабақ барысында қолданып жүрген ”Kundelik.kz” сайтының да түрлі мүмкіндіктерін аша бастады.
3. XXI ғасырдың талабы - қажетті сандық ақпараттарды іздеу мен оны оңтайлы пайдалану, ақпарат ағынынан сабақ кесіндісін қиып алу, министрлік әзірлеген бейнесабақтарды оқулықтағы тапсырмаларға кіріктіріп пайдалану күнделікті әдетке айналды.Ұстаздардың оқыту қызметі жаңа сандық деңгейге көтерілді.
4.Оқушылар мектепішілік түрлі іс-шараларға қатысты. “Дала қоңырауы» атанған Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына арналған іс-шараларға белсене атсалысып, байқауларға қатысты. Сондай-ақ қалалық, облыстық деңгейдегі байқауларға да белсене қатысып, жүлделі орындар мен алғыс хаттарын алып, марапатқа ие болып жүр.
5. Бірлестік ұстаздары балалардың білімге деген талабы, ынтасы мен құштарлықтарын кәсіби шеберлектерінің арқасында арттырып отыр десем артық болмас. «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім- мектептің жүрегі»,- деп ұлы ұстаз, ағартушы Ы.Алтынсарин айтқандай, ұстаздарымыз бойындағы бар қайратын жұмсап, өздерінің ізденгіштігі мен еңбекқорлығын танытып келеді. 2021-2022 оқу жылында қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің мұғалімдері қашықтықтан өтілген қала, облыс, республикалық көлемдегі байқауларға да қатысып отырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
атындағы жалпы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру