Қазақ тілі мен әдебиті бірлестігінің 2021-2022 ОҚу жылында атқАРҒан жұмыстарының сараптамасы тақырыбы



бет18/21
Дата09.06.2022
өлшемі110.53 Kb.
#267215
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Шолпанға кафедра жоспар
5 ӨСІМДІКТЕРДІҢ ГЕНЕРАТИВТІ МҮШЕЛЕРІ (Автосохраненный)
Қапарова Альбина сыныптан тыс «ХХ ғасырдың Гомері» атты викториналық сайыс ұйымдастырды. Бұл жүз жылдарда бір-ақ көрінетін құбылыс.... « Гомер деуімізге осы Жамбыл атамыз ғана сыятын болуы керек,» -деп Мұхтар Әуезов айтқан сөзі арқылы тақырыптың ашылуына баса назар аударғанын көруге болады. Шығармалары сан алуан тақырыпта жазылған Жамбылдың поэзиясын оқып, шабыттанбау, Жамбылдың өлеңін оқып, тамсанбау, әрине, мүмкін емес. Бүгінгі іс-шарадан әдебиет майталманы, суырып салма ақын, көркемсөз шебері болған Жамбылдың шығармалары арқылы жас ұрпақты тәрбиелеуде, олардың бойына адамгершілік нәрін сіңірудің маңызы ерекше екенін көруге болады. Ол қарапайым халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған ақын шығармашылығы арқылы білім алушылардың бойына адами қасиетті сіңіре аламыз.
Әдебиет сабақтарында оқушылардың алған білімі мен дағдыларын сыныптан тыс оқумен ұштастыра дамытқан кезде ғана олардың өз бетімен оқу машығы жетіле түспек. Осыдан келіп оқушылардың әдеби білімдерін арттырудың иірмді жолы - әдебиет сабақтары мен сыныптан тыс оқу сабақтарын байланыстыра білгенде ғана үлкегн нәтижеге қол жеткізуге болады.
Сабеков Сұлтанбектің ұйымдастыруымен өткен «Білгенге маржан» атты Интеллектуалды ойынында білім алушылардың жеке қабілеті мен белсенділігінің дамуына жол ашып, шығармашыл тұлға қалыпастыру барысында, жас ұрпақ бойына тарихи сананы қалыптастырып, ұлттық рухты еге отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында өтті. Ойын нәтижесі бойынша үздік деп танылғандар І, ІІ, дәрежелі дипломдармен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. Интеллектуалды ойыны өте тартысты өтті.
Келесі «Тәуелсіздік – тәңірдің сыйы» атты мектепішілік эссе жазуды казақ тілі мен әдебиетінің жоғары санатты пән мұғалімдер: Көпбай Қ.Б., Исмаилова Б.ұйымдастырып ,үздігін фейсбук парақшасына жарияланды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндер бірлестігінің айлық барысында өтілген барлық сыныптан-тыс іс-шаралар мектеп парақшаларына, арнайы фейсбук парақшасына жарияланып отырды.
Түйін сөз: «Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешір­мейді», дейді дана халық. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақ тарихында қазақ ұялатын ештеңе жоқ» деген бір ауыз сөзінің өзі бізді ата-бабаларымыз үшін мақтаныш сезіміне бөлейді, қазақтың ендігі тарихында да сондай ізгі із қалдыруға үндейді. Тұңғыш Президентіміздің тағылымды сөзімен ойымызды өрбітер болсақ, бүгінгі қазақ халқы – сонау есте жоқ ескі замандарда-ақ тұлпарлардың тұяғымен дүниені дүр сілкіндірген көне сақтардың, ежелгі ғұндардың, байырғы түркілердің ұрпағы, үлкен үйдің қарашаңырағын атажұртта сақтап қалған халық.
Рас, тарихымызда біз қызаратын тұстар жоқ. Қайта айрықша атап, ерекше елеп өтетін кезеңдер көп.Соның бәрінде болашақтың жарқын болуын көздеген баһадүр бабаларымыздың ерен еңбегі, теңдессіз ерліктерінің ізі сайрап жатыр.Тарихи тұлғаларымыздың бейнесін сомдап, оны сахнада мүлтіксіз көрсете білу-ол үлкен жетістік.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
Жалпы ережелер
республикасы білім
рсетілетін қызмет
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
атындағы жалпы
туралы хабарландыру