Қазақ тілі мен әдебиті бірлестігінің 2021-2022 ОҚу жылында атқАРҒан жұмыстарының сараптамасы тақырыбы


Айлық барысындағы ашық сабақтарға тоқталсақ



бет10/21
Дата09.06.2022
өлшемі110.53 Kb.
#267215
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21
Байланысты:
Шолпанға кафедра жоспар
5 ӨСІМДІКТЕРДІҢ ГЕНЕРАТИВТІ МҮШЕЛЕРІ (Автосохраненный)
Айлық барысындағы ашық сабақтарға тоқталсақ:
Мақсаты: Білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңаруы, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құрал-жабдықтарды сабақта қолдану арқылы оқытудың тиімділігін арттыру. Осы мақсатты жүзеге асыруда ақпараттық технологияны пайдалану әдісі зор рөл атқарады. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытуда интерактивті тақта мен басқа да АКТ-ні сабақта қолдану арқылы мұғалім білім алушылардың білімге деген қызығушылығын, ізденушілікке деген ынтасының өсуіне әсер етеді. Сондықтан білім берудегі барлық оңды өзгерістер педагогтің жаңаша ойлау тәсілі мен шығармашылық іс-әрекеттеріне, ізденгіштікке әкеледі.
Калыкулова Жанна Қапарқызы қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің жоғары санатты мұғалімі, педагог - зерттеуші. Еңбек өтілі-26 жыл.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Калыкулова Ж.К. 9 «Д» сыныбында «Махамбет жырларындағы қанатты сөздер» тақырыбында ашық өткізді. Ұстаз жоспарланған жұмыстарын толық орындады. Мақсатына жетті. Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін талдай отырып, автор стиліне баға беру. Оқушыларға қойған сұрақтарына толық жауап алды.
Сабақ уақытылы басталды. Оқушының әрекетіне бақылау мен бағалау жұмыстары толық жүргізілді. Күтілетін нәтижелер оқыту мақсаттарына сәйкес келеді. Білім алушылардың қажеттіліктерін ескереді. Зерттеу дағдыларын дамытуға бағытталған. “Шаттық шеңбер” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастырды. Оқушылар бір-бірінен идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестірді. Сабақ көңілді басталды. Педагог сабақ мақсаттары мен күтілетін нәтижелерді жүзеге асыру барысында білім алушыларға сұраққа жауап алудан бастады. Сабақтың әр кезеңінде педагог барлық білім алушыларды белсенді оқуға тартты. Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді. Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырды, көңіл-күйін көтерді, бауырмалдығын оятты. Тәттілер тарату арқылы үш топқа бөлді. Оқулықпен «ЖигСо» стратегиясы бойынша жұмыс жасады. Білім алушылар еркін отырды. Оқу материалын зерделеуді ұйымдастыру кезінде мұғалім білім алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандырды. Білім алушылардың қабілеттерін дамытты. Білім алушылар үйге берілген тапсырмалары бойынша жұмыстарын қорғады. Сұрақтар берілді. Оқушылар кезектесіп жауап берді. Махамбет ер жүрек ақынға, қайсар батыр образын аша алды. Әр топ бағалау парақшасына бағалап отырды, соңында қорғап шықты. Оқушылар проблемалық сұраққа өз көзқарастарын білдірді. Тәуелсіздіктің жеткен жетістігін айта отырып, өмірмен байланыстырды. Махамбет жырларындағы қанатты сөздерге көңіл аударды. Дәптермен жұмыс жасады. Оқушылар өз беттерінше берілген мысал өлеңді оқып мазмұндады.
Сабақ барысында педагог АКТ ресурстарын пайдаланады. Білім беру нәтижелеріне қол жеткізу үшін дайын цифрлық білім беру ресурстарын пайдаланды. Оқушылармен шығармашылық жұмыс жүргізді. «Пазл» әдісінің жасырынған сұрағын жасыру «5 жол өлең» стратегиясы бойынша жұмыс маған ерекше ұнады. «Пазл» әдісінің жасырынған сұрағына жауап беріп, оқушылардың сабаққа деген қызуғышылы арта түсті. Әр топ өз өлеңін немесе эссесін оқыды. Ойларын жүйеледі, қорытындылады.
Махамбетті еске алып, оқушыларды имандылыққа тәрбиеледі. Әр топтан бір бала өз тілегін айтып, келесі топқа ұсынды. Сабақты талқылап қорытындылады. Махамбеттің алдағы жеңістен күдер үзбеген, жас ұрпаққа сенім артқан оптимист ақын екенін айта келе, Махамбет жағып кеткен үміт отын жақты. Ой шақыру әдісі және проблемалық сұрақтар берілді. Әр топты бағалады. Оқушылар кері-байланыс жазды.
Меншікті цифрлық білім беру ресурстарын пайдаланады. Оқушылардың бірлескен жұмысы үшін желілік ресурстарды іске қосады. Педагог оқыту мақсаттарына қол жеткізу бойынша әрбір білім алушының ілгерілеуін қадағалады. Педагог білім алушыларды бағалау процесіне тартты. Педагог білім алушыларға конструктивті кері байланыс беру үшін жағдайлар жасады
Жоспар бойынша жүргізілген сабақты талдай келе, «өте жақсы» деп бағалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
атындағы жалпы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру