ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИТІ БІРЛЕСТІГІНІҢ 2021-2022 ОҚУ ЖЫЛЫНДА АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ САРАПТАМАСЫ
Тақырыбы: «Диалогтық оқыту арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, білім сапасын арттыру»
Мақсаты: Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқыту арқылы рухани жаңғыру, ұлттық сананың кемелдену көкжиегі екенін түсіндіру
Міндеті:
1.Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытуда жаңа педогогикалық технологияларды тиімді пайдалану;
2. Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту;
3. Шығармашылықпен жұмыс істеуге баулудың тиімді жолдарын анықтау.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп - үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол - өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы мен біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық , зерттеушілік, дидактикалық, әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы, коммуникативтілік,ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға. Жинақтай айтсақ, ол - оқыту методикасына әдісіне жаңа элементтер ендіру, оның нәтижелегі арқасында уақытты тиімді пайдаланып, сапалық биікке көтеру. Мұғалім - оқушы арасындағы жаңа, өзіндік педагогикалық ынтымақтастық жолдарын табу, дарынды, уақытша үлгерімі төмен оқушылармен жеке, топтық жұмыс жүргізудің жаңа әдістерін өндіру. Мұғалімнің пәндер, ғылымдар арасындағы байланысты жетілдірудегі өзіндік үлесі, оқушыларға білім стандарттарын оқыту мазмұнын игеруіне тиімді өзіндік бақылауы, талдауы.Инновациялық оқыту нәтижелері оқушының өз бетінше әрекет етуі арқылы білімді меңгеруіне ықпал етуі тиіс. Оқушының ой-өрісін кеңейтіп,дүниетанымдық көзқарастары мен танымдық белсенлілігін арттыруда,зерттеушілігі арқылы шығармашылық икемділігін дамытуда, біліктілікке ұмтылуда, яғни тұлғаны жан-жақты дамытуды жүзеге асыруда оқу үдерісіне инновациялық технолгияларды енгізу шешуші рөл атқарады,оң нәтиже береді.
Иә, қазіргі таңда еліміздің түкпір-түкпірінде Қазақстан Республикасы орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде бірқатар пәндер бойынша педагогикалык кадрлардың біліктілігін арттыру курстары жүргізілуде.Жанартылған білім беру бағдарламасының ең негізгі максаты-білімалушылардың оқу нәтижелерін жетілдіру болып табылады. Орта білім мазмұнын жаңартудың көптеген компоненттері, соның ішінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы осы максатқа бағытталған.
Осы орайда, Жамбыл атындаға №5 мектеп- гимназиясының казақ тілі мен әдебиеті кафедрасында да біршама іс-шаралар орындалды. Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасында 14 мұғалім бар, олардың ішінде – 1 жас маман, 1 мұғалім бала күтіміне байланысты демалыста отыр.
2021-2022 оқу жылында бірлестік мұғалімдері оқытудың жетілдірілген тиімді моделімен инновациялық әдістер әдістемелік жұмыстарды оқу мазмұнына айналдырған.
Жұмыс түрлері:
-педагогикалық оқулар;
-семинарлар;
-кәсіби байқаулар;
-конференция;
-олимпиада;
-ғылыми жоба байқауы;
-іскерлік ойындар;
-қашықтық пәндік олимпиада.
Достарыңызбен бөлісу: |