Қазақ тілі 9-сынып. Тақырыбы: «0» кесін жұмысы



бет1/3
Дата18.11.2021
өлшемі20.3 Kb.
  1   2   3

Қазақ тілі 9-сынып.
Тақырыбы: «0» кесін жұмысы.

Мақсаты: -өткенді қайталау, оқушы білімін тексеру, ережелерге сәйкес

сауатты жазу машықтарын байқау.

-теориялық алған білімдерін практикалық тапсырмалар

орныдауда қолдануын бақылау.

-сауаттылыққа, жүйелілікке, тәртіптікке тәрбиелеп баулу.


Барысы:

1.Ұйымдастыру.

2. «0» кесін.
Мәтін 2 рет оқылып, түсініксіз сөздердің мағынасын ашып, жазуға қиын сөздер тақтаға жазылады. 3-ретте жазылады.
Мен толықсыған тал шыбықты да жаратамын, зәулім биік бәйтеректі де жақсы көремін. Тал шыбықты жақсы көргенде, оның балауса-балғын, нәзіктігі үшін ғана емес, ертең ол шыбық та өсіп, толысып кемеліне келіп, бәйтерек болуын үміт етіп ұнататын сияқтымын. Ал бәйтерек ... Оның орны бөлек қой! Бәйтерек заңғар биік ұлылықтың, дархан жанды жомарттықтың символындай. Оның тереңге бойлаған тамырлары, желектей өскен жапырағы өзіне ғана емес, көпке қызмет етеді, көпке сая болады.

Сондықтан да бәйтерек – өскен жерінің көркі, көптің сүйкімдісі, көптің мақтанышы.

Тапсырма:
1.1-сөйлемді сөйлем мүшесіне талдап, мағыналық түрін көрсет.

2.Түсіндірмелі салалас сөйлемнің тыныс белгілері қандай?

Мысалдармен дәлелде.

3. Салалас құрамаластың сабақтастан айырмашылықтары қандай?

4.Ер жігіттің екі сөйлегені ... (өлгені)
Жақсы сөз – ... (жарым ырыс)
Жеті жұрттың тілін біл,

Жеті ... ... ... (түрлі ғылым біл)


5.Ұнататын сөзіне морфологиялық талдау.

мен қосымшасын анықта.


Қазақ тілі 9-сынып.
Тақырыбы: Диктант (Пунктуация) (таза сауаттылыққа).

Мақсаты: - оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған теориялық

білімдерін пысықтау, білім деңгейлерін, сауаттылықтарын

тексеру.


-оқушылардың іскерлігі мен біліктілік дағдыларын жетілдіре

отырып, логикалық ойларын дамыту.

-ана тілін құрметтеуге, бағалай білуге баулу.
Барысы:

1.Ұйымдастыру.

2. Диктант жазу.
Диктант алдымен 2 рет оқылады, қиын, түсініксі, жазуға қиын сөздер тақтаға жазылып, мағынасы ашылады. Таза сауаттылыққа, пунктуацияға байланысты жазылады.
Сәулет-архитектура.
Тіл қисыны.

Сөзден әдемілеп әңгіме шығару өнері үй салу өнеріне ұқсас. Үй салуға, мәселен, түрлі зат керек. Ол керек зат – топырақ болса, оны біріктіріп илейді, иленген балшықтан кірпіш құяды. Кірпішті қалап, неше түрлі үй қылып шығарады. Жоба жасайтын сәулет өнерпазы қиялға неғұрлым бай болса, салған үй де соғұрлым сәулетті, әдемі болып шықпақ.

Сөзден құрастырып, піікрлі әңгіме шығару үшін жұмсалатын зат – сөздер. Топырақтан иленіп, кірпіш жасалған сияқты, дыбыстан құралып, сөз жасалған: кірпіштен қалап түрлі үй жасау сияқты, сөзден бірігіп, түрлі әңгімелер айтылады. Үйдің түрлі болып шығуы балшығынан, кірпішінен, әсіресе, қалауынан болатын сияқты, әңгіменің түрлі болып шығатыны тілдің дыбысынан, сөзінен, әсіресе, сөздің түзілуінен. Балшық жаман болса, кірпіші жақсы болып шықпайды. Бұл рас. Бірақ кірпіш жақсы болса да, қалауы жаман болса, онан жақсы үй шықпайды. Сол сияқты тілдің дыбысы жаман болса, дыбыстың қосылуы жақсы болмаса, сөз құлаққа жағымды болып шықпайтыны рас. Бірақ түзуі жаман болса, дыбысы жақсы сөздерден де жақсы әңгіме шықпайды.

(А.Байтұрсынов) (153 сөз)

Қазақ тілі 9-сынып.
Тақырыбы: Жылдық қорытынды диктант.

Мақсаты: -оқушылардың жыл бойы алған білімдерін жинақтап, білім,

білік дағдыларын тексеру, қорытындылау, стиль түріне

ажырату.

-ойлау қабілеттерін шыңдау, сауаттылыққа ойларын көркем

жеткізуге баулу.

-сауаттылыққа, жүйелілікке тәрбиелеу.
Барысы:

1.Ұйымдастыру.

2. Шығармашылық диктант.
1.Жай сөйлемнен салалас, сабақтас, аралас құрмалас сөйлем жасап, мғынасына қарай ажырат.

Кеңес Одағының Батыры атағын екі мәрте алған Талғат Бигельдиновті бүкіл еліміз біледі.
2.Тыныс белгісін қой, қай стильге жататынын анықта.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік