Қазақ тіл білімінің зерттелу тарихына хронологиялық шолу жасаңыз



бет10/21
Дата20.05.2022
өлшемі53.5 Kb.
#256557
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21
Байланысты:
лексикология ответы 1-30
Әлеуметтану.Манипулятор.Уалхан Г, 4759, 2212, Мулдашева.Полит1, Қазіргі кезеңдегі мәдениет. Мәдениет және ХХ ғасырдағы мәдени оқ-melimde.com, срс лексикология 14 апта, дш. 2 апта, практикалық сабақ , 19 12 апта, 19 13 апта, 1550728943, тарих аралык 29.04.22, Cүлеймен Бақырғани Дариға, Практическое занятие № 2, өзін - өзі тану АБ2
Фразеологиялық байлаулы мағына – фразеологиялық тіркес құрамындағы сөздердің тіркесіп келуі арқылы берілетін лексикалық мағынасы. Байлаулы мағынадағы сөздер шындық болмыстағы заттармен тікелей емес, жанама түрде байланысады. Мысалы: қасқа сөзі малдың маңдайында болатын, ұзынша келген ақ түсті жолақ деген мағынада айтылса, тұрақты тіркестің құрамында қасқа бас - маңдай шашы жоқ адам; қасқа тіс – малдың алдыңғы төрт тісі деген мағынаны білдіреді. Сол сияқты қасқа жол, қасқа бұлақ деген тұрақты тіркес құрамында ауыспалы мағынаға ие болады.
Синтаксистік шартты мағына - сөздер сөйлеу үстінде, контексте қолданылу жүйесіне қарай өзіне дағдылы емес қызмет атқаруынан туындайтын мағына. Мысалы: жемқор – өңеш, құлқын; аю – арбиған, ебедейсіз; құдық - мешкей, жалмауыз деген ұғымды білдіреді. Тілдік лексикалық жүйесіндегі кез келген сөздің фразеологиялық байлаулы мағынасы немесе синтакситік шартты мағынасы бола бермейді.
16. Сөздің стилистикалық қызметіне байланысты туған лексикалық мағыналары, жасалу жолдары, мысалдармен дәйектеңіз.
Сөздің стилистикалық қызметіне байланысты туған лексикалық мағыналарына сөздің бейтарап мағынасы, бейнелі мағыналары, кәсіби-терминдік мағыналары жатады. Бейтарап мағына – зат, құбылыстар мен сапалық белгілерді, әрекет-қимылды атап білдіретін жалпылама лексикаға тән. Мысалы: құстың қанаты, ұқсату заңы негізінде пайда болған ұшақтың қанаты десек те атауыштық мағынаға ие болып тұр, ал ұшарға қанатым жоқ, қанатты сөздер дегендегі қанат сөзінде бейнелі мағына бар. Бейнелі мағына - адамның сезімі мен көңіл күйіне байланысты айтылатын эмоционалды сөздердің мағыналары жатады. Олар стилистикалық бояма мағына деп те аталады. Мысалы: тамаша, шіркін, қалш-қалш, шілтию, тылтию, жалпию және т.б.
Терминдік мағына - ғылым, техника, өнер саласында қолданылатын арнаулы сөздердің лексикалық мағынасы. Терминдік мағына ғылым, техника, өнер саласындағы «таза» ұғымдармен сәйкес келіп, соларды білдірумен шектеледі. Әр терминге тән дара және тұрақты мағына болып табылады. Мысалы: күмбез (терминдік мағына) – «биіктігі жүздеген метрден мыңдаған метрге дейін жететін, көміліп қалған не қазіргі вулкан конусы». Ал лексикалық мағынасы «үлкен құрылыстың әшекейленген шаңырақ тәрізді төбесі, мұнара» Екі мағынаның арасындағы семалық белгілердің ұқсастықтары (сыртқы форма ұқсастығы) негізінде бір лексема екі түрлі ұғымды иемденіп тұр.
Сөздердің стилистикалық қызметінен туатын мағыналарына көркем әдебиеттегі поэтикалық мағына ұштасып жатады. Халықтық тілде бір-бірімен қиыспайтын сөздерден жаңа тіркестер, сөздің үйреншікті мағынасын бейнелеп, поэтикалық көтеріңкі сипатта қолдану көркем әдебиетте жиі кездеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы