Қазақ шежіресі тарихи дереккөЗІ



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата12.04.2022
өлшемі149.13 Kb.
#220514
  1   2
Байланысты:
Қазақ шежіресі - тарихи дереккөзі



Такенов Т.Е., Темирханова А.С. 

122 


УДК 94.(574) 

 

ҚАЗАҚ ШЕЖІРЕСІ - ТАРИХИ ДЕРЕККӨЗІ 

 

Такенов Т.Е., Темирханова А.С. 

(М.Козыбаев атындағы СҚМУ

 

 



 

Шежіре  –  бұрын  жазба  тарихы  болмаған,  сауатсыз  көшпелі  қазақ халқының 

күнкөріс тіршілігіне негіздеп, қоғамдық сана – сезімнен туған, бір буыннан екінші 

буынға,  атадан  балаға,  үлкеннен  кішіге  ауысып,  жұртшылық  құлағына  сіңген 

және оған түсінікті халық аузындағы тарих, халық естелігі. Біздіңше, сол тарихи 

әңгімені екі бөлімге бөліп қарау керек. Біріншіден: қазақ халқының аса ертедегі 

ата  тегін  пайғамбарлар  заманынан  бастайды.  Орта  Азиядағы  көп  халықтарды, 

тіпті,  Аравия  мен  Еуропаның  шығысындағы  халықтарды  да  қазақпен  нәсілдес, 

туысқан,  бір  әке,  бір  шешеден  туып,  өсіп  -  өнді  деп  баяндайды.  Шежіренің  бұл 

бөлімін негізінен дәлелдеуге келмейтін ертегі – аңыз ретінде ғана қарауға болады. 

Екіншіден: Қазақстан бастайды. Мұнда да қазақ халқы – қазақ деген бір адамның 

ұрпағы деп көрсетілген. Бірақ ол тарихи шындыққа сай келмейді.[3. 59 – 60б] 

Тарих ғылымының бір тармағы ретінде «шежіре» сөзі екі мағына береді. Араб 

тілінде  –  «ағаш  бұтағы»,  «тармақ»,  ал  көне  түрік  және  моңғол  тілдерінде  «есте 

сақтау»,  «жадыда  ұстау»  деген  мағына  береді.  Шежіре  табиғаты  мен    оның 

құбылыстық  ерекшеліктері  «шежіре»  сөзінің  түпкі  мән  –  мағынасынан 

туындайды. «Шежіре» сөзін жазба дерек қатарында М. Қашғарида кездестіреміз. 

Шежірелерде дәстүрлі дәуір тудырған тарихи білім жүйесі, оның негізінде қазақ 

руларының қалыптасуы, елді мекендері, көш жолдары, ата – жұрты, есімі әйгілі 

тарихи  тұлғалар,  қожа,  төре,  ру  –  туыстық  байланыстары,  өткерген  тарихи 

оқиғалары баяндалады. 

Тарихи  деректану  саласында  зерттелмеген  әрі  өзектілігі  артып  отырған 

ғылыми  мәселелерінің  бірі  –  қазақ  шежірелерімен  байланысты.  Дала  өркениеті 

тудырған шежіре мәліметтеріне деректік талдау жасау, көшпелілік болмысқа тән 

тарихи  ой  –  сана  мен  тарихи  таным  -  өрісін,  оның  табиғатын  және  құрамдық 

бөліктерін, әлеуметтік – мәдени қызметін тануға жол ашылды. Тарихи ертегілер, 

жыр  –  дастандар,  тарихи  әңгімелер,  аңыздар,  қария  сөз,  шешендік,  билер  сөзі 

және  басқа  да  ауызша  айтылып,  халық  жадында  сақталған  мұралар  шежірелік 

дәстүрді  құрайтын  ішкі  деректер  жатады.  Өз  кезегінде  Ш.  Уалиханов  «қазақта 

бірде  –  бір  мәнді  оқиғасы,  бірде  –  бір  керемет  кісісі  туралы  айтылмай  қалғаны, 

халық  жадында  сақталмай  қалғаны  жоқ»  деп  атап  өткен.  Шежірелер  –  аз 

зерттелген  дерек  түрі  және  тарих,  деректану  ғылымдарының  дамуына  оң  ықпал 

ететін  мәселе.  Қазақ  тарихын  баяндауда  шежірелік  дерекке  молырақ  назар 

аударып,  оның  мәліметтерін  талдап  –  зерттеу  –  тарихи  ізденіс  үшін  көкейкесті, 

ғылыми таным үшін маңызды әрі ұлттық тарихнама тиімділігін арттыратын өзекті 

сала. 


Айарлықтай тарихи жазбасы болмаған халықтардың тарихи танымын түсінуде 

ұжымдық зерде өзектілігі арқасында отбасы, ру, тайпа, жалпы алғанда халықтың 

шығу тегін жадында сақтап келген аңыз, әңгімелер маңызды орын алады. Қазақ 

халқының  ру  –  тайпалық  құрылымын  талдаудан  бұрын  генеологиялық  аңыз  - 

 



Қазақ шежіресі - тарихи дереккөзі 

123 


әңгімелердің  біршама  ежелгі  және  киелі  қабатынан  мәліметтер  бере  алатын, 

сонымен бірге халқымыздың күнделікті өмірінің көрінісі бола алған шежірелердің 

генеологиялық үлгілеріне көңіл аударалық. 

Соңғы  уақытта  көптеген  газет,  журнал  жарияланымдары  мен  жеке 

кітапшалардың  бетінде  тарихи  талдаулар  мен  түсініктемелерден  алыс  әрі 

генеологиялық  үлгілерді  өзгеріске  ұшырамайтын  мәңгілік  аксиомалар  ретінде 

көрсетуге  тырысатын  шежірелер  жарық  көріп  отыр.  Құрылымдық  жағынан 

алғанда, шын мәніндегі бірыңғай, дараланған шежіре жоқ. Егер генеологиялардың 

кейбіреуі  ру,  тайпа,  тіпті  қазақ  жүздерінің  барлық  шежірелерінің  жинақтамасы 

ретінде  кездессе,  екіншілерін  өн-бойындағы  жинақталған  мәліметтеріне  талдау 

жасай  отырып,  жылнамаларға  ұқсатуға  болады.  Біршама  айқындалған  және  кең 

көлемді аңыз - әңгімелерді Рашид ад – Дин, Әбілғазы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, 

Құрбанғали  Халидтің  шығармаларынан  кездестіреміз.  Олардың  әрқайсысының 

өзіне тиеселі дәуірі, тарихи тағдыры, алдына қойған мақсаты бар, сонымен бірге 

олар  әр  түрлі  жанрға  жатады.  Түрлі  хронологиялық  қабаттар  мен  қилы 

сюжеттерді қамтитын белгілі шежірелер өз бойына халықтың жадында сақталып 

келген тарихи оқиғаларды жинақтап отырған. . [1. 167 – 174б] 

Түркі  халықтарына  тиеселі  генеологиялық  аңыз  -  әңгімелер  өзінің  қайнар 

көзін  ежелден  алатынына  күмән  жоқ.  Олардың  неғұрлым  ертерек  кезеңі  қытай 

жылнамалары мен ежелгі түріктердің руникалық ескерткіштеріне барып тіреледі, 

ал  бұған  үйсіндер  мен  ежелгі  түріктердің  шығу  тегін  жатқызамыз.  Барлық 

тайпаластар  өз  шығу  тегін  қандай  да  болсын  ортақ,  көбінесе  мифтік  атадан 

таратуына  негізделген  тайпалық  сананың  генеологиялық  дәстүрге  әсерін  атап 

кетуге болмайды.  

VIII  ғасырда  ежелгі  түріктердің  саяси  билігі  әлсіреп,  оғыз  ақсүйек 

тайпаларының  күшеюіне  байланысты  түрік  тілдес  халықтар  –  қаңлы,  қыпшақ, 

қалаш,  қарлұқ,  ұйғыр,  және  агачерлердің  арғы  атасы  Оғыз  хан  жайлы  сюжетті 

генеологиялық  аңыздар  тізбегі  қалыптасты.  Оғыздардың  ру  басы  жөніндегі 

ауызша аңыз - әңгімелер Махмұд Қашғаридің «Дивани лұғат ат - түрік», Рашид ад 

– 

Диннің  «Жылнамалар  жинағы»,  тағы  басқа  жазбаша  деректерге  енген. 



Генеологиялық үлгілерде сонымен бірге Оғыз хан мен Моңғолдың ұрпақаралық 

байланысы бар деген факт дәстүрге айналып отыр. Нақтырақ келсек, Моңғолдың 

екінші  буынынан  Оғыз  хан  таратылады.  Әрине,  бұл  шынайы  тарихи  тұрғыдан 

қарастырғанда  –  анохронизм.Уақыт  жағынан  бізге  жақындау  аңыздар-дың 

қатарына қазақтардың шығу тегі мен олардың құраған тайпалар жөніндегі тарихи 

аңыздар  жатады.  Аңыз  мифке  қарағанда  шыншылдау  болып  келеді:  себебі  онда 

миф  пен  ертегілердегідей  емес,  бас  кейіпкер  ойдан  шығару  мен  тарихи 

шындықтың ұштасқан жерінде тұрады. Өз кезегінде Шоқан Уалиханов қазақтың 

Алаша  ханы  мен  үш  жүзіне  байланысты  аңыз  жазып  қалдырған.  Олардың 

жойылуы  қисындылық  принципіне  сай  жүреді,  яғни  халықтың  есінде  ата  – 

бабаларының  бүгінгі  өмір  сүріп  отырған  қоғамда  қызмет  ете  алатындай  өзекті 

таксомандары болып табылады. 

Шежірелер  көптеген  ғасыр  шеңбері  мен  ру,  тайпа,  тайпалық  одақ  және 

халықтың  тарихи  дамуының  нәтижесінде  біраз  өзгерді.  Рулардың  көптеген 

этнонимдері  жойылып,  оның  орнына  жаңа  рулар  пайда  болды.  Бұл  процесс 

атасанақты бір жақты туысқандық топтан жүргізуге әкеп соқты. Бұл жағдайда ру 

басы  мифтік  емес,  шынайы  өмір  сүрген  этноним  атадан  басталады  және  оның 

есімі уақыт өте ру этнониміне айналады. Сонымен, тайпалар мен қазақ халқының 

 



Такенов Т.Е., Темирханова А.С. 

124 


шежірелері - өзінің ғасырлар тылсымында жасырылған және көбінесе түсіндіруге 

болмайтын бастамасы мен даму сатыларына бөлінетін тарихи категория. Шежіре 

дәстүрлі  білім  құбылысы  ретінде  табиғи  түрде  қалыптасып,  сан  ғасырлар  бойы 

ұлт  тарихының  терең  тамырын  тануға  қызмет  атқарады.  Қазақтың  аса  қадірлі 

ұлттық  дәстүрінің  бірі  ретінде  шежірелік  баяндаулар  халық  санасына  бекінген 

«жеті  ата»  ұғымының  қасиеті  мен  оның  генеологиялық  сипатын  анықтап  берді. 

Сондықтан болар халық фольклорлық мұрасында сақталған «Жеті атасын білген 

ер – жеті елдің қамын жер» деген әлеуметтік формулалар – осының бір даналық 

айғағы. 

Даладағы  ауызекі  тарихи  әңгімелерден  хатталған  әйгілі  шежіре  еңбектері 

қатарында  Өтеміс  қажының  «Шыңғыс  наме»,  Қадырғали  Жалайырдың 

«Шежірелер  жинағы»,  Әбілғазы  Баһадүр  ханның  «Шаджара  –  и  түрки» 

шығармалары  белгілі.  М.Х.  Дулаттың  ізімен  жазылған  еңбектің  бірі  –  Шах 

Махмұд  ибн  Мирза  Фазыл  Шорас  шежіресі.  Дәстүрді  қалың  бұқара  ортасында 

ұрпақтан  –  ұрпаққа  жалғастырушы  сақтаушылар  болған.зерттеулер  шежіре 

дәстүрі ауызша мәдениет негізі екендігін көрсетеді. Бірақ жазба шежірелік дәстүр 

де болған. Араб – парсы және түркі тілінде жазба түрде хатталған шежірелерден 

әйгілісі  атақты  Рашид  ад  –  дин  Хамаданидің  моңғол  –  түрік  шежіресі,  Жамал 

Қаршидың оғыз – қыпшақ, Қарахан шежіресі, Байбарыс пен Ибн Халдун жазған 

«Қыпшақ шежіресі», «Жаһан наме». 

XIX ғасырдың екігші жартсында және XX ғасыр басында қария сөз үлгілерді 

жинап, шежірелік тарих еңбек еткендер – Мәшһүр – Жүсіп Көпейұлы, Шәкәрім 

Құдайбердіұлы,  Құрбанғали  Халид,  Нұржан  Наушабай  және  қазақтың  өткенін 

баяндайтын деректерді жариялаған М. Тынышпаев өз еңбегінде қазақ руларының 

жүйесі, шығу тегі, ататек кестелері мен халық саны туралы мәліметтер келтірген. 

Сонымен  бірге  «Қазақ  шежіресін»  хатқа  түсірген  М.Ж.  Көпеев.  Бұл  авторлар 

қазақтың тарихи мұрасын хаттап, баспа бетіне жариялады. 

Ал бізде соңғы кезге дейін ата – текті, руды, ұлысты, тайпаны білу қылмыс 

сияқты көрініп келді, одан жұрт үркіп тұратын, ат – тонын ала қашатын жағдайға 

жетті.  Мұның  өзі  кешегі  әміршіл  -  әкімшіл  басқару  жүйесі  тұсында  қазақтарды 

мәңгүрттендіру үшін керек болды. Бұл саясаттың сырына түсініп жетпеген кейбір 

ағайындарымыз  осы  уақытқа  дейін  шежірені  айтқанда  шошып  тұрады.  Оны 

рушылдықты  қоздыратын  нәрсе  деп  сескенеді.  Рушылдық  феодалдық  дамудың 

сатысына  тең,  XV  –  XVII  ғасырлардағы  рулардың  іргесі  сөгілмеген  кездегі  бұл 

ұнамсыз құбылыспен жершілдікті шатастыруға әсте болмайды. Ұлттың мүдесін, 

халықтың қамын ойлайтын адам рушылдыққа, жершілдікке, жең ұшын ұштасуға 

бармайды.  

Жас ұрпақ ағайын – туғанын, ата – тегін, ру – тайпасын, елін білуге міндетті. 

Одан шыққан батырлар мен билерді, қазақ халқының мәртебесін биіктетуге үлес 

қосқан  адамдардың  ісін,  жолын,  дәстүрін  жалғастыруы  керек.  Бұл  ретте 

жастардың  тарихи  зердесін  ұштауда  шежіренің  атқарар  қызметі  зор  және  ата  – 

баба  мұрасы  ретінде  ұқыптылықпен  қарастырылып,  ғылыми  таныммен 

жақындастыра білгенде ғана мәдени ескерткіштері қатарына қоса аламыз.[4. 166 – 

167б] 


Сөзімізді  қорыта  келе  айтарымыз,  шежіре  тарқату  –  кейбіреулері  айтып 

жүргендей  рушылдықты,  жікшілдікті,  рушылдық  қоздыратын  құрал  емес, 

жұртымызды  бауырмалдыққа,  туысқандыққа,  ағайын  –  жекжат  арасындағы 

сыйластыққа  баулитын  асыл  тәлімдеріміздің  бірі.  Кез  келген  екі  бейтаныс 

 



“Құлсары батыр ” – мақтан тұтар лайықты тұлға 

125 


қазақтың  бір  –  бірінен  жөн  сұраса  қалса,  көбіне  –  көп  әйтеуір  бір  ағайындығы 

немесе  құда  –  жекжаттығы  бар  болып  шыға  келетіндігі  де  бағзыдан  жалғасқан 

қасиетті  дәстүрімізге,  «қара  тамыр  ел  боп  кеткен»  ардақты  салтымызға  саяды. 

Ендеше  ешкімді  сыртқа  теппейтін  бауырмал  халқымыздың  өз  тарихы  мен  тегін 

түгендеуге  деген  ұмтылысына  өлшеусіз  қолқабыс  беретін  шежіре  тарқату 

үрдісімізді халқымыздың ортақ игілігіне қайта айналдыруға үлес қосу қастерлі іс 

деп білеміз. 

 

 



 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
Қазақстан республикасы
рсетілетін қызмет
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Жалпы ережелер
білім беретін
бағалау тапсырмалары
бекіту туралы
республикасы білім
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалаудың
қызмет стандарты
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
арналған жиынтық
болып табылады
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
жалпы білім
Әдістемелік кешені
нтізбелік тақырыптық
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Мектепке дейінгі
Зертханалық жұмыс
республикасының білім
оқыту әдістемесі
Инклюзивті білім
туралы хабарландыру
білім берудің
Жұмыс бағдарламасы
туралы жалпы
қазақ тілінде
Қысқа мерзімді
тақырыптық жоспар
пайда болуы
пәнінен тоқсан