«Қазақ мәдениетіндегі ырымдар мен тыйымдар» тақырыбына мысалдар арқылы талдау жасау



Дата20.01.2023
өлшемі14.7 Kb.
#417543
Байланысты:
Қазақ мәдениетіндегі ырымдар мен тыйымдар


«Қазақ мәдениетіндегі ырымдар мен тыйымдар» тақырыбына мысалдар арқылы талдау жасау
Қазақ халқымен ғасырлар бойы жасасып келе жатқан ырым-тыйымдар жүйесі хал­қы­мыз­дың өмірінде, салт-санасында, әдет-ғұрпында, тұрмыс-тіршілігінде кеңінен көрініс тапқаны белгілі. Ырым-тыйым арқылы бала тәрбиелеу, жат әдеттерден тыю, туындауы мүмкін қауіп-қатерлерді ескерту және т.б. нәрселер ұлтымыздың рухани кеңістігінде әлі күнге дейін сақталып келе жатқан тарихи, этномәдени, әлеуметтік мәні те­рең дүние. Кейбір ырым-тыйымдар бағзы замандардағы шамандық, тәңірлік наным-се­німдердің сипаты, белгісі ретінде де көрініс беріп жатады.
Мысалы, «Бос бесікті тербетпе» деген үлкендердің сөздерін талай естігенбіз. "Бесіктегі бала бес түлейді" деп бесікті киелі санаған. Наным-сенімдер бойынша, бос бесікке ібіліс баласын жатқызады немесе жылан салып қояды, сондықтан бос бесікті тербетуге болмайды, оның бетін әрдайым жауып жүру керек екен.
Халқымыз баланы көз бен сөзден де мұқият қорғаған. «Қазақ баланы сәби кезінен тәрбие беруге ұмтылған. Оны ешқашан «ойпырым-ай» айдай, күндей сұлу екен» деп айтпаған, себебі көз, сөз тиеді деп қорыққан. Сондықтан балалардың маңдайына күйе жаққан, себебі жаңа туылған бала әлсіз болады.
«Бетіңді баспа, жағыңды таянба», дейді қазақ. «Бетті бастым, Қатты састым, Тұ­ра қаштым, жалма-жан», демейтін бе еді Абай? Ұяттан безіп, жасаған арсыздық ісі ашылғанда, не күнәға батып, ол жария түс­кенде пенде бетін басады. Жақты таяну да, жақсылықтың нышаны емес. Амалы құрып, айласы таусылған адам сол күйге түседі. Бұл арада жақсы ырым – әркімге бақ, теріс ырым – жат дегенді ұқтырады.

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет