Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығының бұзылу салдары Мал шаруашылығы

Loading...


бет2/5
Дата04.05.2021
өлшемі25.84 Kb.
1   2   3   4   5
Қазақ жылқысы  тұрқы аласа, кеуделі келеді. Ол жыл бойы өз аяғымен тебіндеп жайылады. Қазақ жылқысы жүйрік әрі өте төзімді, сондықтан да ол ішкі Ресейден қоныс аударып келген орыстардың арасында өте жоғары бағаланды. Жылқы малы қазақты етпен, қымызбен қамтамасыз етті, салт мінуге және ауыл шаруашылығында күш көлігі ретінде де пайдаланылды.

Сиыр малы  қалмақ сиырлары сияқты ұсақтау болып келеді. Сүтті де көп бермейді. Сиыр елдің солтүстік аймақтарында көбірек өсірілді. Оны қоныс аударып келген орыс шаруалары көптеп сатып алатын. Отырықшы және жартылай отырықшы шаруашылықтарда ол жер жырту кезінде соқаға жегілетін күш көлігі ретінде пайдаланылды. Қазақ байлары өз сиырларын ежелгі дәстүр бойынша кедейлерге сауын ретінде таратып беретін. Кедейлер сиырдың сүтін сауып ішетін. Оның есесіне ол сиырларды жемшөппен қамтамасыз етіп, бағып-күтуді, төлін аман өсіруді өз міндеттеріне алатын. Мәселен, Перовский уезінің атақты байы Біләш жыл сайын өзінің 700-ге тарта сиырын тап осылай «сауынға» беріп тұрған.

Қазақтар ешкіні негізінен тамаша түбітіне бола өсіретін. Атақты Орынбор шәлілері қазақ ешкілерінің түбітінен тоқылып келгені белгілі. Қазақта әр отар қойды бастайтын серке болады. Түйе түлігі негізінен айыр өркешті болып келеді. Жалғыз өркешті нар түйелер Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-батыс аймақтарында өсірілді. Қазақтар түйені көші-қон, егін шаруашылығында күш көлігі ретінде де пайдаланды. Түйені Ресейден қоныс аударып келген орыс шаруалары аз да болса сатып алып жүрді.

XIX ғасырдың бірінші жартысында Қазақстандағы ең ірі байлардың бірі Азынабай болды. Баянауыл сыртқы округында тұратын оның 25 мыңға жуық малы бар еді. Ал 1917 жылға қарай Қазақстандағы алты облыста тұратын қазақтардың қолындағы малдың жалпы саны 18 миллион басқа жуық болатын.

Жұт

Қазақтар үшін ең ауыр кез жұт жылдары болды. Кейде көктайғақ мұздардың немесе шөп шықпай қалудың салдарынан бүкіл мал қырылып қалатын. Өйткені мал көкпеңбек болып қатып қалған қалың мұздың қабатын бұзып, шөп жей алмайтын. Ондай жұт кезінде мал мың-мыңдап қырылатын. Ең сұрапыл апатты жұт 1880 жылы болды. Сол жылы тек Торғай облысында ғана 1,5 миллионнан астам мал аштан қырылды. Қазақтардың байқауынша, мұндай ауыр жұттар әрбір 10-12 жылда бір рет қайталанатын «қоян» қылына сәйкес келеді. Ондай жұттардан аман қалу үшін қазақтар шекара шебіндегі қазақтар мен орыс шаруаларына жақын келіп қонуға тырысатын. Станицалар мен деревня тұрғындарынан пішен мен сабан сатып алатын. Жұттан кейін күйзеліп, қайыршыланған қазақ шаруашылықтары ендігі жерде егіншілікпен айналысуға мәжбүр болды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
рсетілетін қызмет
ғылым министрлігі
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
тоқсан бойынша
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
туралы хабарландыру
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
арналған жиынтық
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
бағалаудың тапсырмалары
Қазақстан республикасының
республикасы білім
білім беретін
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
Қазақстан тарихы
арналған әдістемелік
әкімінің аппараты
туралы анықтама
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
Қазақ әдебиеті
мерзімді жоспар
Мектепке дейінгі
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
әдістемелік кешені
оқыту әдістемесі
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
қызмет регламенті
пәнінен тоқсан
мамандығы бойынша
болып табылады

Loading...