Аяқталуы Ұйымдастыру конференциясына қатысу. Бекітілген нормативтік құжаттарға сәйкес


Зертханада физикалық эксперименттік қоюға арналған қондырғылармен танысу

Loading...


бет15/15
Дата21.09.2021
өлшемі1.88 Mb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Зертханада физикалық эксперименттік қоюға арналған қондырғылармен танысу

Физика экспериментпен тікелей байланысты. Бұл – барлық физикалық заңдар, тәжірибе нәтижелерін жинақтап және оларды салыстыру арқылы тексеріліп барып ашылады деген сөз.

         Физикалық практикум студенттерге негізгі физикалық заңдылықтарды терең түсініп, тәжірибе жүргізудің қарапайым икемділігін игеруге, тәжірибенің нәтижелерін талдауды және олардың дәлдігіне баға беруді үйренуге көмектеседі. Бұл практикум болашақ инженердің алдағы өз бетінше істейтін жұмысына кіріспе деуге болады.

         Лабораториялық жұмысқа дайындықты осы жұмыстың теориясымен танысудан бастау керек, ол үшін берілген физика оқулықтарын және физпрактикумды пайдаланып, әдістемелік нұсқауды зейін қоя оқып, жұмыста қолданылатын құралдармен танысу керек.

         Эксперименттің дұрыс болуы тәжірибе нәтижелерін қатесіз жазуға байланысты. Осы мақсатта лабораториялық жұмыс жүргізу үшін арнайы дәптер арнап, онда жұмыстың тақырыбы, мақсаты және міндеті, қысқаша қорытынды (конспект) жазылуы керек. Жаңа бастап жатқан тәжірибе жүргізушілерге арналған пайдалы кеңестерді сіз әдебиеттен таба аласыз.

         Физикалық зертханада орындалатын жұмыс әдетте үш кезеңге бөлінеді, олар: тәжірибе жасауға дайындық, тәжірибені орындау және жұмыстың қорытынды есебін жасау. Дайындалу кезеңінде мына мәселелерге көңіл бөлу керек, яғни:

         а) мақсаттар және тапсырмалармен танысу;

         ә) берілген тәжірибенің негізі болып табылатын құбылыстар мен процестердің, тәуелділіктер мен заңдылықтардың ара қатынасын, мағынасын көрсететін теориялық ілімдерді анықтау;

         б) жұмысты орындау жоспарын жасау;

         в) тәжірибе мәліметтерін жазуға қажет кестелерді дайындау.

         Дайындалу жұмысы барысында студентте орындалатын тәжірибе туралы айқын көзқарасы және қандай нәтиже болуы мүмкін екені туралы ой қалыптасуы тиіс.

         Тәжірибелерді орындауда құралдарды орын-орнына қойып, өлшенетін шамаларды бақылап, артынша оларды өлшеуден бастайды; алынған мәліметтерді мұқият түрде кестелерге толтырады. Ал зертханалық жұмыстың соңғы кезеңінде алынған мәліметтерді өңдеу, ізделініп отырған шамаларды есептеп табу және қателіктерді бағалау қажет. Есептеулер жүргізуден бұрын жуықтау шамаларға амалдар қолдану ережелерімен танысқан жөн. Ақырында орындалған жұмыстың нәтижелері бойынша қажетті қорытындыларды тұжырымдау қажет.



         Тәжірибелік физикада әртүрлі мақсаттар үшін өте жиі сызбалар (графиктер) пайдаланылады. Оның себебі – біріншіден, көрнекі болуы үшін және басқа мәліметтермен немесе теория жүзінде алынған қисықпен салыстыруға; екіншіден, қандай да болмасын бір шаманы (мыс., сызбаның көлбеулігі немесе сызбаның координат  осімен қиылу  кесіндісі арқылы және т.б.) анықтау үшін; үшіншіден, құралды бөліктеу үшін. Сызбаны салу әдебиеттерде жан-жақты мазмұндалған бірқатар талаптарға сай болуы керек.

Экспериметтік зерттеу дегеніміз жаңа ғылыми білім алуға бағытталған зертеу әдісі. Теориялық зерттеу барысында алынған ғылыми нәтижелерді эксперименттік жағдайда тексеру керек болып табылады. Эксперимент нақты есепке айналатын жағдайда құбылысы мен процестерді байқауға немесе есепке айналатын жағдайда құбылысымен процестерді байқауға немесе ғылыми негізінде қойылған зерттеулерге арналған жұмыстар жиынтығы. Эксприменттің негізгі мақсаты ғылыми тақырыптың мазмұны терең зерттей отырып жұмыстың гипотезаны және басқада теориялық шарттарды тексеру жүргізу жағдайына байланысты эксперимент бірнеше топтарға талданады.



Зертханалық зерттеу-типтік приборлар, арнайы модельдеуші қондырғылар, стенттер, жабдықтардың көмегімен жүргізеді. Ла бораториялық зерттеулер біржағдайды бірнеше мәрте қайталамай отырып, негізгі параметрлерді өзгерте отырып, құбылыстар мен процестерді жан-жақты, сапалы және тиімді зерттеуге мүмкіндік береді. Зертханалық зерттеудің мұндай қасиеті олардың нәтижесін өңдеуді жетілдіру мақсатында математикалық жоспарларды пайдаланып ғылыми құнды ақпараттар дайындауға мүмкіндік береді;



Өндірістік эксперимент шын өндірістік жағдайда әртүрлі кездейсоқ факторлардың әсер етуін ескере отырып процестермен құбылыстарды зерттеу түрі болып табылады. Өндірістік эксперимент көп шығынды қажет ететін болғандықтан оны ойластыру, жоспарлау мәселелеріне қатаң талаптар қойылады. Өндірістік эксперимент бірнеше түрлі жүргізуі мүмкін.

Осы өндіріске ұқсас басқа өндіріске жинақталған ақпараттарды өңдеп өндіріске қажетті ұсыныстар дайындау. Бұл ақпараттық құндылығы ұқсас өндірістің көп жылдар бойынша жинақтаған тәжірибесі негізінде бір жүйеге келтірілген өндірістік эксперименттің тағы бір түрі - анкеталау әдісі. Бұл жағдайда зерттеулерін процеске, құбылысқа тиянақты орналастырылған әдістеме дайындауы қажетті мәліметтер ұқсас өндірістен сұрау арқылы жинақталады. Бұл әдіс қажетті мәліметтерді тез және көп мөлшерде жиынға мүмкіндік береді. Бұл әдіске қойылатын талаптардың бірі жинақталған көп ақпаратты статистикалық тазарту арқылы аса маңызды мәліметтерді бөліп алу. Өндірістік эксперимент сондай-ақ алаңдық зерттеумен алмастыру мүмкін. Эксперименттің жалпы құрылымы эксперимент методологиясын құрайды. Эксперимент методологиясы дегеніміз эксперименттік зерттеуді қою және жүргізу реті. Эксперименттің методологиясы төмендегі негізгі сатылардан тұрады:

1 эксперименттің жоспар бағытын құрастыру;

2 өлшемдерді бағалау және эксперимент жүргізуге қажетті құрамды тандау;

3 экспериментті жүргізу;

4 эксперимент нәтижелерін өңдеу және талдау.

Эксперименттің негіздік құрылымдық бөлігі болып өлшеу есептейді.

Өлшеу дегеніміз арнайы текникалық құралдардың көмегімен тәжірибелік жағдайда белгілі бір физикалық мәнді табу процессі.

 Өлшеу белгілі бір физикалық мәнді арнайы этолон ретінде қабылданған мәнмен салыстыру арқылы зерттеуге мүмкіндік береді. Өлшеудің эксперимент үшін маңызы зор болған оның теориялық және пактикалық мәселелеріне арнайы ғылым саласы метрология айналысады. Статистикалық өлшеу барысында зерттелетін мән өзгермейді. Динамикалық өлшеу барысында зерттелетін мәні өзгеріп отырады. Өлшеу сондай-ақ тура және жанама болуы мүмкін. Тура өлшеу барысында зерттелетін мәнді нақты тәжірибе барысында анықталады.

Жанама өлшеу кезде зерттелетін мәнді функционалды байланысы бар, басқа мәнді өлшеу арқылы анықталады. Өлшеулер негізгі 3 топқа бөлінеді:

1. Ерекше дәлдікпен жүргізілетін өлшеулер. Бұл өлшеулер мүмкіндігінше жоғары дәлдікпен жүргізіліп эталондық деп есептеледі.

2. Жоғары дәлдікпен жүргізілетін өлшемдер. Бұл өлшемдер барысында жіберілетін қателіктер алдын-ала белгіленген мәнімен шектеледі. Бұл өлшемдер тобын аса маңызды және жоғары дәлдікті қажет ететін эксприменттер барысында қолданылады.

3. Техникалық өлшемдер. Бұл өлшемдер барысында жіберілетін қателіктер өлшеу құрамының ерекшеліктерімен анықталады. өлшеулер сондай-ақ абсалюттік және салыстырмалы болады.

Абсалюттік өлшеулер дегеніміз зерттелетін мәннің бірлігімен сипаттайтын тура өлшемдер.



Салыстырмалы өлшемдер дегеніміз өлшенетін мәннің белгілі бір салыстырмалы мәнге қатынасы негізінде анықталатын өлшеулер.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар

Loading...