Жұқпалы емес науқастардың операциялық бөлімшелерінің органикалық қалдықтары (ағзалар, тіндер) Кодекстің 144-бабының 6-тармағына сәйкес бекітетін «Коммуналдық объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес бейіттердің арнайы бөлінген орындарында көмуге жатады.

Пайдаланылған люминесцентті шамдар, құрамында сынабы бар аспаптар мен жабдықтар сақтау мен тасымалдау кезінде сынуын болдырмайтын тығыз жабылатын ыдыстарда тасымалданады және сақталады. Г сыныбының медициналық қалдықтарын көму қауіпті қалдықтарға арналған полигондарда, олар залалсыздандырылған жағдайда ҚТҚ полигондарында жүзеге асырылады.
Медициналық қалдықтарды тасымалдауға су өткізбейтін жабық кузовпен жабдықталған, дезинфекциялық оңай өңделетін көлік құралында көлікке халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қолданыстағы заңнамаларға сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің санитариялық эпидемиологиялық қорытындысы бар болғанда жол беріледі.

Медициналық қалдықтарды түсіргеннен кейін көлік құралы жуылады, дезинфекцияланады және таза күйінде ұсталады. Медициналық қалдықтарды Кодекстің 144-бабының 6-тармағына сәйкес бекітетін СҚА белгілеу бойынша Санитариялық қағидаларына сәйкес СҚА мөлшері есебімен орналасқан арнайы қондырғыларда (залалсыздандырылмаған «Б» сыныбындағы МҚ және «В» сыныбындағы барлық МҚ) жағу көзделеді. Арнайы қондырғылары жоқ объектілер мен елді мекендер аумағында медициналық қалдықтарды жағуға тыйым салынады.