Аты жөніңіз Сүйінбай Аронұлы шығармашылығын жаңаша көзқарас тұрғысынан зерттеу



Дата22.11.2022
өлшемі24.25 Kb.
#361029
Байланысты:
Береке макала
ҚМЖ 6 сынып қазақ әдебиеті Жусан иісі (2), СӨЖ 1 (3) (1) (1), 2.10 ТӨЖ, 12 сроп торебек 104а

Аты жөніңіз..............
Сүйінбай Аронұлы шығармашылығын жаңаша көзқарас тұрғысынан зерттеу
Бұл мақалада қазақ халқының орақ тілді шешен сөзді ақыны Сүйінбай Аронұлының поэзиясы жаңашыл көзқараста қарастырылады. Мақалада ақын туындыларын жан-жақты аша отырып, олардың оқырманға берер адамгершілік, рухани қыры негізгі нысан ретінде қарастырылған. Мақалада ақын өлеңдерінен үзінділер келтіріле отырып, оқырманға берер тәлім-тәрбиелік қыры айрықша түсіндірілген. Мақалада ақын толғауларында кездесетін адами қасиеттер талданады. Шынайылық, батылдық, мейірімділік, адалдық, бауырмалдық, жомарттық, мәрттік, патриоттық сияқты құндылықтарға ерекше назар аударылған. Автор өлеңдерінде адамзаттың асқақ болмысын оқырманға паш ете отырып, әр оқырман бойындағы кем-кетігін жөндей білсін деген қорытынды жасайды. Мақалада бірнеше ғалымдардың Сүйінбай Аронұлының шығармашылығына берілген бағасы мен пікірлері келтірілген. Осы пікірлер арқылы ақын шығармасына биік дәрежеде баға беріледі. Сүйінбайдың бірнеше ақын-жыраулармен айтыстары да мақалада бой көрсетіп, тәрбиелік танымдылығы бірге сипатталып жазылған. Мақаланың тағы бір маңызды тұсы: ақын шығармашылығын оқырманға танытудың бірнеше жолы мен танытудың тиімді тәсілдері қарастырылған.
«Хан емессің, күйіксің,
Қалың елді айдап жеп,
Теріңе зорға сиыпсың,
Ұры қары залымның,
Жаныңа бәрін жиыпсың...
Дүниені жұтса тоймайтын,
Түпсіз жатқан ұйықсың,
Қадірің жоқ халыққа,
Аққан судай сұйықсың (1) - деп жырлаған Сүйінбай Аронұлы айтысқа түскенде қынынан суырылып шыққан қылыштай жарқылдап, өзінің туа біткен дарынымен, орақ тілімен қалың көпшілікті аузына қаратып отырған атақты ақын болған. Өз заманында айтыс өнерінің майталманы атанған Сүйінбай Аронұлының Майлықожамен, Тезек төремен, Қатағанмен, Арыстанбекпен айтыстары (2) нағыз шашасына шаң жуытпайтын жүйріктің айғағы екенін дәлелдегендей.
Сүйінбайдың даңқын жер жүзіне жайған, ауыздан ауызға тараған шығармаларының бір шоғыры өз кезіндегі хан қара, би төре, бай манаптарға, көз көрген замандастарына қарата айтылған өлеңдері. Бұл өлеңдері, ол бір жағынан елдің мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын, табанды да турашыл азаматтың тұлғасын танытып отырса, екінші жағынан айтар ойын ұрымтал образ, ұтқыр ой арқылы жеткізуге шебер ақынның тегеурінді қарымын танытады. Оған дәлел ретінде Сүйінбайдың мына өлеңін алып қарасақ болады.
«Хан емессің, күйіксің,
Қалың елді айдап жеп,
Теріңе зорға сиыпсың,
Ұры қары залымның,
Жаныңа бәрін жиыпсың...
Дүниені жұтса тоймайтын,
Түпсіз жатқан ұйықсың,
Қадірің жоқ халыққа,
Аққан судай сұйықсың», дейді Сүйінбай.
Сүйінбай ақынның поэзиясы арқылы қазақ айтыс өнерінің тұғыры біршама биік дәрежеге жетті. Қазақ айтыс өнері бұған дейін айтыс саласының жандануы турасында сәл кенделеу болатын. Осы Сүйінбайдың орақ тілді, шешен сөзді болуы мен қатар оның тік мінезділігі, оның ештеңеден қаймықпай турашыл болуымен үндесе отырып, қазақ айтысына үлкен серпін алып келді. Сүйінбай шығармаларын талқылап көре отырып, ең алдымен оның суырып салма қасиетіне тоқталып өтсем.
Академик, жазушы Мұхтар Әуезов Сүйінбай Аронұлынының өнеріне тамсанып, оның ақындығын жоғары дәрежеде бағалап, оған «Айтыс өнерінің алтын діңгегі» деген атақ берген болатын. (3)
Көсемсөз шеберлері мен айтыс ақындары өмірге келген отбасыда тәрбиеленген Сүйінбайдың ағалары мен арғы аталары аталы сөзбен ел билеген аса дарында да ақылгөй би болған екен. Сүйінбай бір айтыста:
«Атыңнан айналайын Қызыр бабам,
Түсімде таңға жуық келді маған.
Білмеймін «өлең» деді, «көген» деді,
Сайрауық құстар келіп төнді маған» деуі, оның ақындық дарынының ерте оянғанын аңғартады.
Сүйінбай — халқымыздың поэтикасына жетік шебер тілді, жүйрік ақын. Оны тек ақын деп қысқа қайыра қоймай, оның адамзат баласының руханиятын зерттеген философ, әрі психологиялық ақын ретінде де қарастыруға болады.
Ақын боп жиырмада желдей болдым,
Отызда асқар биік белдей болдым.
Отыз асып қырыққа келгеннен соқ,
Қаптаған жердін, жүзін селдей болдым.
Қырықтан асып, елуге келгеннен соң,
Түбім терең, құрақты көлдей болдым.
Елу асып, алпысқа келгеннен соң,
Салынды суға ілінген сеңдей болдым
Алпыс асып, жетпіске келгеннен соң,
Тап-тақыр ел жайлаған жердей болдым. Ақынның мына «Кәрілік» өлеңі адамзаттың өмір белестерін жеке жеке талдай отырып, өмір сүру заңдылығын барша халыққа үйретіп кеткендей. Осы өлеңі арқылы Сүйінбайдың аса терең ойлы философ-ақын екенін аңғару қиын емес.
Профессор Е. Ысмайылов былай дейді: «Сүйінбайдың бүкіл Жетісу ақындарына, әсіресе, ең талантты шәкірті, келешегінен зор үміт күткен Жамбылға берген ақындық, ұстаздық жолында екі үлкен ерекшелік бар. Бірі — айтыста болсын, шындықты жеткізіп өткір, шешен, тапқыр тілмен тыңдаушыны құмарландырып сөйлеуі, екіншісі — тарихта болған батырларды үнемі желілі жырға айналдырып айтуы». (4) Бұл көзқарас қазақ айтысының майталманы болған Сүйінбайдың қазақ халқының маңдайына біткен ерекше жұлдызы екенін негіздейді.
«ХХ ғасырдың Гомері» атанған жырау, кең даланың дарабозы, асқақ ақын Жамбылдың тарихта қалуының бірден бір себебі осы Сүйінбайдың берген үлгі өнегесі емес пе? «Менің пірім – Сүйінбай, Сөз сөйлемен сиынбай» (4) деп жырлаған жыр алыбы Жамбыл әр айтысын, әр өлеңін Сүйінбайдың рухына арнап, оған сыйына отырып сөз бастаған екен. Жамбылдан басқа ақындар да Сүйінбайды өздеріне ұстаз тұтып, оның таланты алдында бас иген. Сүйінбай қайтыс болғаннан кейін, бір топ ақын оған арнап жоқтау өлеңдерін шығарған. Мысалы Үмбетәлі ақынның жоқтауы 1935 жылы шыққан Сүйінбай өлеңдерінің алғашқы шағын жинағында басылды.
Қазіргі зерттеулер Сүйінбай Аронұлының мейірімділік, парасаттылық, әділеттілік, ізгілік, достық сияқты адамгершілік қасиеттерді дәріптеген асқақ ақын екендігін айқындайды. Оның қырғыздың ұлы ақыны Қатағанмен айтысы қазіргі таңда толықтай зерттелмеген, бірақ та қисыны күрделі, мағынасы терең бұл айтыстың қолжазбасы Жамбыл Жабаевтың аузынан жазылып алынған екен. Бұл қолжазбада айтыс 98 беттен 4472 тармақтан тұрады.
Дәл осы Сүйінбай мен Қатағанның айтысынан кейін қазақ-қырғыз халқы арасында достық пен дәнекерлік пайда болып, Алатаудың қос қапталын мекендеген қос бауырлас халық қайта табысқандай болды.
Осы жиында қазақтан шыққан Сүйінбай мен қырғыздан шыққан атақты Қатаған айтысады. Сөз сайысы басталмас бұрын Сүйінбай "Айтыспаймын деп айта алмаймын, айтысамын! Бірақ айтыстың аты айтыс, ақын барлық пенен жоқтықты, ата-текті, бектік пен көптікті, жамандық пен жақсылықты, әділет пен әділетсіздікті айтады. Қазақ-қырғыз болып елдесіп, татуласып отырғанда, ақындардың ащы сөзінен кейін тағы да араздасып жүрмеңдер!" деп шарт қойды би-манаптарға.
Бұл айтыста Қатаған манаптар мен бай-бағландарды мақтап, байлық пен сән-салтанатты, дарақылық пен бақ-дәулетті дәріптеген деседі. Ал Сүйінбай оның бұл дарақылығын сынап, ақындықтан алыстаған, байлыққа бас ұрған, беті ашық берекесіздік пен өшпенділікті мақтайсың деп сынайды. Өзі ұсақ тақырыптарға бас ұрмай, күрделі қоғамдық, таптық және елдік мәселелерді қозғайды. Оның арасында қазақ пен қырғыз арасындағы достықты жырлап, оны бәрінен жоғары көреді. Сүйінбай бұл айтыста қазақты біртұтас ұлт деп қарап, бөлшектеп, бөлектемейді. Ұлы жүздің даналығы мен Орта жүздің ерлігін, Кіші жүздің батырлығын жырлаған. Айтыс соңына қырғыз би-манаптары Сүйінбайды "айтыста жеңдің" деп бәтуа айтып, зор құрмет көрсеткен екен.
Осы айтыстан кейін қазақ-қырғыз бауырластығы артып, ел қамқорлығы күшейген деседі.
Туған елінің ары мен ұжданы, тәуелсіздігі мен бостандығы үшін күрескен, момын шаруаның мүддесін қорғаған, халықтардың достығы мен туысқандығын жырлаған азамат ақын Сүйінбайдың суырып салмалық күші – оның халықтық сипатында. Қарапайым, еңбекші халықтың арасынан шыққан өнер иесі болғандықтан, өзі де сол ұяны жақсы көрген.(6)
Қазіргі таңда Сүйінбай Аронұлының айтыстары бірнеше атаумен жарыққа шығып оқырманға кеңінен ұсынылып жатыр. Дәріптелуі орташа сипаттағы бұл зерттеуде ақын өлеңдерін жаңашыл көзқараста насихаттау, зерттеу аса күрделі емес. Дегенмен де өз тарапымнан жаңашылдық ұстанымын ұстанып ақын өлеңдеріне талдау жасап көрсем.
Қандай да бір ақын жазушыны немесе ұлы тұлғаны насихаттау үшін том -том кітаптар, бірнеше күрделі мақалалар жазу- ол ескінің еншісіндегі дүние деп білемін. Ақын айтыстарының аудио жазбасын жасап халыққа қолжетімді бағдарламаларда ұсыну қажет. Өйткені жаңа дәуірдегі жаңа ұрпақ жаңаша ізденістерді қалайды. Жаңаша ізденістер жаңаша қабылдауды қажет етеді. Оқылым ретіндегі жазбадан гөрі жазылым жазбасы оқырманға қолайлы болып табылады.
Ақын толғаулары мен өлең үзінділерін қысқаша етіп қиып алып, оны көркем түрде халыққа ұсынса, «Сүйінбай айтқан» термині арқылы ел көкірегінде сайрайтыны шындық.
Мысал ретінде мен ақын толғаулары ішінен бірнеше салмақты ой саларлық үзінділер тізбегін жасап көрдім. Осыған баса назар аударсақ деп едім. «Жақсы жігіт ел - жұртының қаласындай, Жақсы әйел әмме жұрттың анасындай.», «Жақсының сөзін әркім пайдаланар, Миуалы алма, өріктің ағашындай» , «Жақсы кісі көрінер жыл құсындай, Жаман адам балтаның ұңғысындай», «Ел баққанның тұқымы — көптің көңілін аулайды,
Дау баққанның тұқымы —болмашы істі даулайды». Бұл үзінділер күрделі ойды білдіретін, адамға рухани ой саларлықтай асыл қазынаға толы.
Сүйінбай - өзі туып-өскен еңбекші халық ортасында жасап, сол ортадан тәлім алып, жетілген өнер саңлағы, дәуір қайшылықтарын аша да, жырлай да білген шыншыл ақын. Оның шағармалары - өзінің өміршендігімен, көркемдігімен құнды саналатыны сөзсіз. Сүйінбай ақын өлеңдері айтыс өнеріне ерекше толқыныс әкелген жазбаларға лық толы. Қазақтың орақ тілді шешенсөз шеберінің шығармашылығы биік деңгейде, қазіргі ұрпақтың тәуелсіз көзқарасы деңгейінде зерттелуі тиіс. Қазақтың маңдайына біткен өр тұлғаның поэзиясын ұмытпау мен қадірлеу болашақ ұрпақтың еншісінде. Ал оны зерттеп, жоғары деігейде дәріптеу, оны оқырман жүрегіне жеткізу әрбір қазақтың борышы!
Пайдаланылған әдебиеттер
1. «Сүйінбай Аронұлы шығармалары» Алматы 2014 жыл
2. «Сүйінбай Аронұлының өлеңдері мен шығармалары»
3. https://massaget.kz/layfstayl/debiet/63645/
4 Е. Ысмайылов "Ақындар", Алматы, 1956. 103-бет
5. https://surak.baribar.kz/501022/
6. https://massaget.kz/layfstayl/debiet/63645/

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
оқыту мақсаттары
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
мерзімді жоспар
Жалпы ережелер
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
рсетілетін қызмет
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
болып табылады
арналған жиынтық
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
қызмет стандарты
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
Қысқа мерзімді
атындағы жалпы
пайда болуы
Жұмыс бағдарламасы
әдістемелік ұсыныстар
республикасының білім
қарым қатынас
Әдістемелік кешені