Сервистері. (Эссе).
Мультимедиалық ресурстар мен интернет-журналистикада инфографика кеңіненқолданылады. Ақпаратты ықшамдап, оқырман тезтүсінетіндей қылып берудің тамаша әдісісаналатын бұл құралдың қарапайым түрлерін қазіронлайн түрде жасауға болады.
Инфографиканың пайда болу тарихы
Ең алғаш инфографиканы 1982 жылы USA Todayгазетінің баспагерлері қолдана бастады. Осыныңарқасында газет ең көп оқылатын басылымдардыңүздік бестігінің қатарына енді.
Уақыт өткен сайын инфографика тек қанатехнология мен бизнес емес, сонымен қатар өнерекені де анықтала бастады. Сонымен бірге, осы өнерді жетік меңгеру баспа бизнесінің табысынатікелей әсер ететіні де анық болды. Сондықтан«Эсквайр» және «Нью-Йоркер» сияқты журналдаринфографиканы жасау жұмысын идеяның авторы болып табылатын бір журналист пен 3-4 дизайнерге тапсырады. Осылайша инфографика дүниеге келеді.
Инфографика қандай болады?
Инфографика сөзсіз түсінікті болуы тиіс.Мысалы, сіз неміс тілін білмейсіз. Бірақ, суретке қараған уақытта сіз әңгіменің не жөнінде екенін ұға алсаңыз, бұл — инфографика деген сөз. Барлығытайға таңба басқандай түсінікті болуы керек. Бұдан шығатын қорытынды — қарапайым ете отырып, түсінікті қылуға тырысыңыз. Себебі, инфографиканы кейде “көп сөздің орнына — сурет” деп те атайды.
Суреттің инфографика екендігіне көз жеткізу үшін: суреттен барлық мәтін мен сандарды алып тастаукерек. Енді қалған суретке назар саламыз. Қандайда бір мағына беріп тұр ма? Егер тек сәндікэлементтерден ғана құралған дүние қалса, ондаол инфографика емес. Бұдан шығатын қорытынды: мәтін, сан, сурет барлығының арасында байланысболуы тиіс.
Одан бөлек, талғам болуы да аса маңызды. Суреттер мен сандардың сәйкес келуі, әріптер мен қаріптердің үйлесімі осының барлығы ерекшеталғамды қажет етеді. Олай болмаған күнде тек уақыт бекер шығындаймыз. Қай түстің қай түспенсәйкес келетіні, әріптерді орналастыру білу үшінбіраз жұмыс жасау керек.
Инфографика жасауға арналған онлайн-сервистер
Infogr.am – бұл латвиялық Улдис Лейтерс пенРаймондс Кейз атты екі журналистің құрған компаниясы. Негізгі мақсаты — журналистергекәсіби дизайнерлердің көмегінсіз инфографикаларжасауға қол ұшын беру.
Жұмысты қалай бастайды?
Аталған платформаның көмегімен кез келгенмәліметтерден график жасауға болады. Ол үшінсізге алдымен тіркелу керек. Одан кейін сіздіңалдыңызға үш түрлі нұсқа беріледі: график жасау, дайын жұмыстарды қарау немесе ақылы нұсқасынсатып алу.
График жасау (Create) батырмасын шертіңіз де, өзіңізге ұнаған график түрін таңдаңыз. Таңдапалған соң, XLS, XLSX нмеесе CSV форматындағымәліметтеріңізді компьютеріңізден жүктеу ғанақалады. Осыдан соң, мәтіннің көлемін, түсін, пішінін өзгерту сынды көптеген параметрлердіқолдана аласыз. Кейін дайын өнімді Facebook, Twitter сынды желілерде бөлісіп, жеке сайтыңызғасалып қоя аласыз.
Cacoo — 2007 жылы nulab.Inc. компаниясыныңшығарған сервис. Жұмыс жасап болған соң тек жүктеп қана қоймай, Adobe Illustrator сындыредакторларда өңдеуге мүмкіндік береді. Cacooонлайн схемалар мен диаграммалар жасауғаарналған қарапайым сервис. Ол қарапайымфункциялардан бөлек қосымша модульдер мен күрделі схема, диаграммалар жасауға да көмектеседі. Дайын өнімдер саны өте көп. Осынысымен де ыңғайлы. Сәл өзгерістер енгізіп, жаңа өнім жасап шыға аласыз. Бұл сіздің алдағыуақытта тәжірибе жинауыңғызға үлкен көмегінтигізетін болады.
Жұмысты қалай бастайды?
Ең алдымен, тіркелу қажет. Интерфейс орыстілінде де ашылады. Жүйелік қаріптер мен кирилләріптерін қолдайды. Аталған сервис топтық жұмыс үшін өте қолайлы. Шығармашылық процескеқатысушыларға өзгеріс енгізуге рұқсат беріп қоюкерек
Piktochart — енгізілген мәліметтер негізіндеинфографика мен презентацияларға арналғансхемалар жасауға арналған онлайн құрал. Бұлсервистің өзінің схемалар мен түстер редакторы бар. Қаріптер түрі өте көп және сурет жүктеугемүмкіндік бар.
Жұмысты қалай бастайды?
Жұмысты бастамас бұрын тіркелу қажет болады. Әлеуметтік желілердегі аккаунт арқылы тіркелу ең оңай тәсіл. Тіркелер кезде сізге тарифтікжоспарлардың бірін таңдау керек болады. Ақылынұсқасында жұмыс жасау ыңғайлы. Себебі, олжерде шығармашылықты шыңдау жолындакөптеген дүниелер қолжетімді болады. Бірақ, кезкелген сервис түрін таңдар кезде тегін нұсқасынанбастаған дұрыс. Өйткені, оның қаншалықты жұмыс істеуге қолайлы екендігін тексеріп алу керек.
Одан кейін қолжетімді шаблондардың бірін таңдаукерек. Неше түрлі түстер палитрасы ұсынылады. Таңдау нұсқалары көп болған сайын, керектісінтаңдау қиындай түседі. Бұл ретте аталған қызметсізді біраз әуреге салады. Таңдау саны тым көп. Ұнаған шаблонды редакторға жүктеп, өзгерістеренгізіп, мәліметтер салуға болады.
Жұмысты аяқтаған кезде тек редактордың оң жақ жоғарғы бұрышта тұрған Save батырмасын басу ғана қалады. Сол кезде жұмыс Piktochart сервисініңқоймасына сақталады. Сонымен қатар, өз инфографикаңызды компьютеріңіздің қатқылдискісіне де сақтауға болады.
Visual.ly — 2011 жылы жұмысын бастаған инфографика жасауға арналған платформа. Дайынболған жұмысыңызды әлеуметтік желілергежариялай аласыз. Аталған сервисті тек энтузиазмытасып, жасап көрейін дегендер ғана емес, кәсібидизайнерлер де қолданады. Осы сервистіңкөмегімен белгілі компаниялар да біразинфографикаларды дүниеге әкелген.
Жұмысты қалай бастайды?
Веб-сайт иелеріне өз парақшаларына қонақтардыңқаншалықтың кіретіндігін инфографиканыңкөмегімен көрсеткен әлдеқайда оңайырақ болады. Мәселен, қай кезде сайт көтерілді, қай кезде түсіпкетті деген секілді мәліметтерді беруге аталғансервис көмектеседі.
Басында сізге тіркеліп, өз аккаунтыңызды Google Analytics-ке қосы керек болады. Ол үшін Start Nowбатырмасын басып, Visual.ly сервисіне Google Analytics мәліметтерін қарауға келісім беруіңізқажет. Бұл кезде сіздің Google Analytics-тегі құпиясөзіңіз сервиске берілмейді. Ол жағынанқорықпаңыз. Одан кейін қажетті сайтты енгізесіз. Егер Google Analytics есеп жазбасына бірнеше сайт қосылған болса, бірін таңдайсыз.
Сайтты таңдаған соң бірнеше секундтың ішіндежүйе Analytics мәліметтері негізінде инфографика дайындап береді. Ол жерде беттің қаралым саны, жаңа қонақтар саны, сайтқа қайта оралғандарқанша т.б мәліметтер көрсетілетін болады. Оданбөлек, әлеуметтік желілер туралы ақпарат та көрсетіліп тұрады.
Соңында Visual.ly оқырманға не керек, ол үшінмаңызды деген ресусрты шығарып береді. Соңғы аптада жақсарған көрсеткіштер бөлек түспенкөрсетіледі.
Visual.ly осындай есепті апта сайын жүргізіптұруды ұсынады. Егер қаласаңыз, сізге бар-жоғыSend report weekly батырмасын басу қалады. Яғни, бұл қолданушыларға апта сайын сайттың жағдайынтексеріп тұруға мүмкіндік береді.
Easel.ly — журналистерге таптырмас қызмет түрі. Олай дейтініміз, мұның көмегімен өте қарапайымәрі жеңіл инфографика жасауға болады. Бастапқыда инфографика жасап үйренгіңіз келсе, осыдан бастауды ұсынамыз. Атауының өзі айтыптұрғандай бұл жерде барлығы қарапайым.
Жұмысты қалай бастайды?
Ең алдымен, қалыптасқан дәстүр бойынша, тіркелукерек. Тіркелген соң бұл сервисте сіздің жекекабинетіңіз пайда болады. Алдағы уақытта тағы инфографика жасар болсаңыз, бұрын жасағанжұмыстарыңыз кабинетіңізде сақтаулы тұрады. Ол жерден қалауыңызша өзгерістер де енгізсеңізболады.
Ал, енді жұмысты бастайық. Ол үшін Createбатырмасын басыңыз. Аздаған уақыт ішінде дайыншаблондар жүктеледі. Сол жерден біреуінтаңдаңыз. Бұл сізге жұмыс жасауға ыңғайы болу үшін дайындалған. Егер ақ парақтан бастаймындесеңіз, ол да болады. Clear батырмасы шаблонсыз, таза бет ашады.
Инфографикаға түрлі геометриялық фигуралар, нысандар, мәтіндер енгізуге болады. Таңдаған нысанның өлшемін, түсін де қалауыңызша өзгертеаласыз. Егер бір нәрсені өшіру керек болса, себетбелгісін басып, жоюға болады. Нысанды сол орыннан қозғалмайтын еткіңіз келсе, құлыптыңбелгісін шертіңіз. Менюдің жоғары бұрышындаSave батырмасы сақтауға мүмкіндік береді. Дайынжұмысты компьютеріңізге сақтауға, сайт не блогыңызға орналастыруға, бөлісуге болады.
Thinglink– интерактив суреттер жасауға арналғансервис. Яғни, қарапайым суретті интерактив нысанға айналдырады. Бұл үшін сіз видео, аудио не суреттерге түрлі белгілер салып қоясыз. Дайынжұмысты сайтқа, блогқа орналастыруға болады.
Жұмысты қалай бастайды?
Тіркелудің екі жолы бар: мәліметтерді енгізіп, поштамен байланыстыру арқылы немесе бәрімізгеүйреншікті әлеуметтік желі арқылы. Тіркелген соң сіз бір суретті таңдайсыз. Яғни, сол сурет фон ретінде болады. Одан кейін суреттегі әр нысанға(өзіңізге қажеттісіне) белгі қойып шығасыз.
Мәселен, суреттегі адам туралы мәлімет енгіңіз. Не болмаса, сол нысанға қатысты видео не музыға сілтеме. Сонымен бірге, мәтін жазуға да болады. Фото 1024 пиксельге дейін сығылады. 25 мегабайтқа дейінгі файлдарды жүктей аласыз. Бағасы — тегін. Ақылы нұсқасы да бар. Сервис орыс тілінде де жұмыс істей алады.
Интерактив сурет код арқылы сайтқа орналастырылады. Бір суретпен толыққандыақпаратты қалай беруге болады деп ойласаңыз, өзіңіз жасап көріңіз.
Bubbl.us — зияткерлік картасын жасауға арналғаналдыңғы қатарлы сервис. Дайын карталар саны көп. Бұл сервисте жұмыс істеу өте жеңіл. Тіптібастауыш сынып оқушылары да қолдана алады деген түсінік қалыптасып үлгерген. Бірігіп жұмыс істеуге мүмкіндік болғандықтан, шығармашылықжоба соңы жақсы аяқталады.
Жұмысты қалай бастайды?
Өзіңіздің mind map-ыңызды жасап бастау үшінсізде екі таңдау бар: тіркелмей байқап көру немесетіркелу. Егер тек қалай жұмыс жасайды дептексергіңіз келсе, онда тіркелмесеңіз де болады. Ал, егер жұмысыңызды кейін бір жерге қолданатынойыңыз болса, тіркелу міндетті.
Аккаунт ашқан болсаңыз, келесі жасауға тиістіқадамдармен таныстырып өтейік. Құрылғыныңмодульдерін қарап шығыңыз. Ол ешқандай да қиынемес. Айталық, X батырмасы тұрса — жою, түрлі-түсті қылқаламдар тұрса — бояу дегенді білдіреді. Карта жасауды осыдан кейін бастап кетеміз. Сервисті ашып отырсаңыз, барлығы да түсініктікөрсетілген. Карта жасалып болса, оны сақтау ғанақалды. Сақталған соң код арқылы сайт/блогыңызғаорналастырыңыз. Немесе, сілтемесін берсеңіз де өз еркіңіз.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, бірлескен жұмыс жасауға да болады Ол үшін сервисте тіркелгендостарыңыз тауып, картаны көпшілік көре алатындай етіңіз. Болған соң сақтаңыз. Жұмыс дайын болды!