«Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты



Дата16.01.2017
өлшемі73.5 Kb.
#326


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы « »

№ қаулысымен



бекітілген
«Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты



  1. Жалпы ережелер




  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама беру».

  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлеген орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

  3. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері және кент, ауыл, ауылдық округтің әкімдері (бұдан әрі – уәкілетті орган).

  4. Өтініштерді қабылдауды жүзеге асыратын және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдардың атауы:

  1. уәкілетті орган;

  2. халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі – орталық);

  3. тұрғылықты жері бойынша уәкілетті орган болмаған жағдайда кент, ауыл, ауылдық округтің әкімі (бұдан әрі – ауылдық округтің әкімі).

  1. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар болып табылатын жеке тұлғалар көрсетілетін қызметті алушылар болып табылады (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар).



2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі


  1. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

  1. уәкілетті органға, орталыққа және ауылдық округ әкіміне өтініш беру кезінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мерзімі көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды өткізген сәттен бастап 15 минуттан аспайды;

  2. құжаттар пакетін өткізу үшін көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін (талон алғанға дейін) күтудің ең ұзақ шекті уақыты бір көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетуге 15 минуттан есептегенде кезектегі адамдардың санына байланысты болады;

  3. көрсетілетін қызметті алушыға өтініш берген күні сол жерде қызмет көрсетудің ең ұзақ шекті уақыты – 15 минуттан аспайды.

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде.

  2. Көрсетілетін қызметті алушы алатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі ағымдағы тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек алушыларға көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) тиесілігін растайтын осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап болып табылады.

  3. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

  4. Жұмыс кестесі:

  1. уәкілетті орган, ауылдық округ әкімінде:

демалыс және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі –Заң) белгіленген мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.



  1. орталықта:

демалыс және заңнамада белгіленген мереке күндерін қоспағанда, күнделікті сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз, орталықтың филиалдары мен өкілдіктері үшін жұмыс кестесі сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен күн сайын сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» тәртібімен жүзеге асырылады.



  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті

алушы осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес өтініш береді және оған: жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасының азаматы – жеке басын куәландыратын құжат көшірмесін (төлқұжат), шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар - Қазақстан Республикасында тұру ықтиярхатының көшірмесін немесе азаматтығы жоқ адамның ішкі істер органдарында тіркелгендігі туралы белгісі бар куәліктің көшірмесін);

Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.



  1. Көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында көзделген тізбеге сәйкес толық құжаттар пакетін ұсынбаған жағдайда, уәкілетті орган маманы, ауылдық округтің әкімі немесе орталық қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.

  2. Ағымдағы тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы мәліметтер болмаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.



3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының, орталықтардың, ауылдық округ әкімдерінің және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі


  1. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының, орталықтардың, ауылдық округ әкімдерінің және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

1) уәкілетті органның, орталықтардың басшыларына тікелей.

Азаматтарды қабылдау кестесі мынадай интернет-ресурстарда орналастырылған: http//www.enbek/gov.kz; www.con.gov.kz;

2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 8 (7172) 74-37-23, 74-33-65, 74-28-41 нөмірлері бойынша «сенім телефонына»;

3) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz мекенжайы бойынша интернет-ресурсының «сұрақ-жауап» бөліміне;

4) Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің блогына (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz мекенжай бойынша интернет-ресурсының «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің блогы» бетіне);

5) 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8-үй, 6-кіреберіс мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің шағымдар мен ұсыныстар жәшігінде арқылы;

6) жазбаша шағыммен 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8-үй, 6-кіреберіс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңсесіне жүгіну арқылы жүзеге асырылады.


  1. Жазбаша шағыммен жүгінген көрсетілетін қызметті алушыға шағымды қабылдау күні мен уақыты және шағымды қабылдаған адамның тегі, аты-жөні көрсетілген талон беріледі.

  2. Қабылданған шағым «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімдерде қаралады.

  3. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын қарау нәтижелері туралы жазбаша түрде хабарланады.

  4. Мемлекеттік көрсетілген қызметтердің нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.



4. Мемлекеттік қызметтерді көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар


  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek/gov.kz мекенжайы бойынша интернет-ресурсында орналастырылады.

  2. Консультативтік қызметтер сall-орталықтың (1414) телефоны бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы көрсетіледі.

«Атаулы әлеуметтік көмек

алушыларға өтініш берушінің

(отбасының) тиесілігін

растайтын анықтама беру»

мемлекеттік көрсетілетін

қызмет стандартына

1-қосымша

АНЫҚТАМА

_________________________________________ ______________ тіркеу


нөмірдегі 20___ жылғы ____ тоқсанда шын мәнінде мемлекеттік атаулы
әлеуметтік көмек алушысы болып табылғандығы туралы берілді.
Отбасының мына мүшелеріне:
1. ____________________________________________________________
2. ____________________________________________________________
3. ____________________________________________________________
4. ____________________________________________________________
5. ____________________________________________________________
Анықтама талап еткен орынға көрсету үшін берілді.

Уәкілетті органның бастығы

(кент, ауыл (село), ауылдық

(селолық) округтың әкімі) __________________________

«Атаулы әлеуметтік көмек

алушыларға өтініш берушінің

(отбасының) тиесілігін

растайтын анықтама беру»

мемлекеттік көрсетілетін

қызмет стандартына

2-қосымша
Уәкілетті органға (кент, ауыл (село),
ауылдық (селолық) округ әкіміне)
__________________________________________
(елді мекен, аудан, облыс)
_______________________ мекенжайда тұратын
(елді мекен, аудан)

__________________________________________


(Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)

__________________________________________


(көше, үй және пәтердің №, телефон)
құжат, жеке куәлік № _____________________
____________________________________берілді

____________________________ берілген күні

Өтініш

Маған 20___ жылғы ____ тоқсанда мен шын мәнінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы болып табылатындығым туралы анықтама



беруді сұраймын.

Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама алу үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге өз келісімімді беремін.

Анықтама талап еткен орынға қажет.
«____»_______________20___ж. Өтініш берушінің қолы ______________________

«Атаулы әлеуметтік көмек

алушыларға өтініш берушінің

(отбасының) тиесілігін

растайтын анықтама беру»

мемлекеттік көрсетілетін

қызмет стандартына

3-қосымша


___________________________________

көрсетілетін қызметті алушының

ТАӘ не ұйымының атауы)

_________________________________

(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы

қолхат

«Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын басшылыққа ала отырып уәкілетті ұйымның бөлімшесі немесе «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының №____ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіз мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген құжаттардың толық пакетін ұсынбағандықтан ___________________________ мемлекеттік қызмет көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес көрсету) құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

Жоқ құжаттардың атауы:

1) ________________________________________;

2) ________________________________________;

3) ….


ұсынбауыңызға байланысты бас тартады.

Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалған.

____________________________ _____________

(Орталық қызметкерінің ТАӘ) (қолы)

Тел.__________

Алдым: ТАӘ / көрсетілетін қызметті алушының қолы


20__ ж. «___» _______
Каталог: sites -> default -> files
files -> Мысыр араб республикасының лаңкестікке қарсы күрес жүргізу тәжірибесі
files -> Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенцияны ратификациялау туралы
files -> Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда Қр жоғарғы Соты Пленумының 1998. 05. 15
files -> Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймаққа қатысты ядролық державалардың ұстанымы Аңдатпа
files -> Сот ісін жүргізу тілі принципін қолданудың кейбір мәселелері туралы
files -> Ғылыми жетекші: Омарова А. К. «Қаржы» кафедрасының оқытушысы
files -> Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгілері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын бекіту туралы
files -> Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алу үшiн жұмыстарды қабылдау


Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
Қазақстан республикасы
рсетілетін қызмет
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Жалпы ережелер
білім беретін
бағалау тапсырмалары
бекіту туралы
республикасы білім
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалаудың
қызмет стандарты
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
арналған жиынтық
болып табылады
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
жалпы білім
Әдістемелік кешені
нтізбелік тақырыптық
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Мектепке дейінгі
Зертханалық жұмыс
республикасының білім
оқыту әдістемесі
Инклюзивті білім
туралы хабарландыру
білім берудің
Жұмыс бағдарламасы
туралы жалпы
қазақ тілінде
Қысқа мерзімді
тақырыптық жоспар
пайда болуы
пәнінен тоқсан