5. Глосарий:
Кредит - оқытушы мен білім алушының оқу жұмыс көлемінің унифицирленген мөлшері.
Кредиттік оқыту жүйесі – студенттердің жоғары оқу орыны қабырғасында білім алуын жеке жоспарлауына беріліп отырған мүмкіндік.
Жеке оқу жоспары - элективті пәндердің каталогы негізінде оқу жылына студенттің өзбетімен жыл сайын жасалатын құжат, жазылған пәні және кредит саны немесе академиялық сағат саны көрсетілген оқу пәндерінің тізімін қамтиды
Пререквизиттер - оқылатын пәнді игеру үшін қажетті білім, икемділіктер мен дағдыларды қамтитын пәндер;
Постреквизиттер - аталған пәнді оқыту аяқталғанда оларды зерделеу үшін меңгерілген білім, икемділіктер мен дағдыларды қажет ететін пәндер;
Рейтинг – білім алушылардың тізімдегі реттік нөмірін анықтау жөніндегі іс-шаралар жүйесі.
Аралық бақылау –тақырыптық жоспарға сай алынған білімін бағалау
Оқытушының жетекшілігімен орындайтын білім алушының өзіндік жұмысы (ОБӨЖ): ОБӨЖ студенттің аудиториядан тыс жұмысы, оны оқу сабақтарының жалпы кестесіне енбейтін жеке кесте бойынша оқытушының жетекшілігімен орындайды. ОБӨЖ барысында оқу бағдарламасының күрделі мәселелері, үй тапсырмасын орындау және туындаған сұрақтар бойынша БӨЖ тапсырмаларының басқа түрлері бойынша консультация, аралық бақылау өткізіледі.
Білім алушының өзіндік жұмысы (БӨЖ): студенттердің негізгі және қосымша оқу әдебиеттерімен, ақпаратты электрондық тасымалдағыштармен жұмыс icтeyi; өткен практикалық сабақтардың тақырыптарының жеке сұрақтарын тереңдетіп оқу, презентация дай-ындау, пікірталас, мейіргерлік сырқатнама мен мейіргерлік араласу карталарын дайындау, науқастарды қадағалау, жағдаяттық тапсырмаларды дайындау және шешу, реферат жазу.
Силлабус — оқылатын пәннің деректерін, оның қысқаша мазмұны, тақырыбы мен әрбір сабақтың ұзақтығын, өзіндік жұмыстардың тапсырмаларын, кеңес беру уақытын, оқытушының талаптарын, бағалау критерийлерін, аралық бақылау кестесін және әдебиеттер тізімін құрайтын оқу бағдарламасы.
Достарыңызбен бөлісу: |