Қанағаттанарлық (С+D): Білім алушы этиканың құндылықтары мен күтімнің қағидаларын түсінеді. Білім алушы науқастарға күтім көрсету кездінде кәсіби коммуникация туралы түсінігі бар. Білім алушы шешім қабылдадауды және күтім жоспарын таңдай алады. Білім алушы тәжірбиелік дағдыларды орындай алады. Білім алушы оқытушы берген қосымша әдебиеттерді қолданады. Білім алушы оқудағы немесе жұмыс жөніндегі, сонымен қатар теория мен қағидаларды қолдана біледі. Білім алушы өз мамандығының жұмысы немесе зерттеулер кезіндегі қиын мәселелерді шешуде негізгі дағдылары бар.
Қанағаттанарлықсыз (F): Білім алушы мейіргерлік үрдістің негізгі кезеңдерін атап, денсаулық сақтаудағы ұйымдастырудың бірнеше кезеңдерін, этика және мейіргер кәсібіндегі негізгі құқықтарын атап өтіп, науқастарды күтудегі кәсіби коммуникацияның жоқтығын көрсетеді. Білім алушы өзінің кәсіби дағдыларының деңгейін сезінуде қиналады, кері байланысты қорытындылап, оқуға деген өзінің кері қарым қатынасын көрсетеді.
2.4.2. Білімін бағалау ережесі.
Білімін бағалау баллдық-рейтингтік-әріптік жүйемен бағаланады.
Білімін бағалауды бақылау формасы: ағымды, аралық, БӨЖ/ОБӨЖ және қорытынды.
Ағымды бақылау бағасы кесте бойынша, қабылдау түріне байланысты қойылады.
Аралық бақылау әр бөлімнің соңында қойылады. Ағымды, аралық және қорытынды бақылау БӨЖ/ОБӨЖ бес баллдық бағалау бойынша бағаланады.
Білім алушының оқыған курсы бойынша арифметикалық жинаған орта балы емтиханға жіберіледі. Орта баллды келесі формула бойынша есептейді:
ЖОБ = АББ х 0,2 + АБОБ х 0,6 + БӨЖ х 0,2
ЖОБ – курс бойынша жіберілген орта баллы;
АББ – ағымды бақылаудың орта баллы;
АБОБ – аралық бақылаудың орта баллы;
БӨЖ – білім алушы өзіндік жұмысының орта баллы;
Орта баллдың пайыздық (ОБ) көрсеткішін келесі формуламен есептейді:
ОБ = (ЖОБ х 100 %)/5
Емтиханға курсты меңгерген білім алушы, курстың бағдарламасын толық меңгерген және орта баллдың пайызы 50 % - дан төмен болмауы керек.
Қорытынды бақылау курс біткеннен соң ОҚТЕ жүйесі бойынша, яғни әр кезеңде клиникалық жағдайлар бойынша манипуляцияларды білім алушы орындап беруі тиіс. Қорытынды бақылау 100 баллдық шкала бойынша және келесі кестеде берілгендей орындалады:
Достарыңызбен бөлісу: |