2.3 ПӘННІҢ САЯСАТЫ:
Бөлімнің қызметі: сапалы білімді арттыру үшін жағдай жасауға, оптимальді шығындану кезінде сапаның қажетті деңгейін қамтамасыз етудің арқасында жоғары білікті мамандарды дайындауды қамтамасыздандыру, білім қызмет сапасын жақсарту процессіне қызметкерлердің барлығын қатыстыру, білім алушылардың шығармашылық белсенділігін мотивациялау, білім алу үшін қажетті жағдайды жасау, білім беру процессіне инновациялы технологияларды ендіруге бағытталған.
2.3.1. Академиялық мінез-құлық және әдептілік саясатына сәйкес білім алушыға қойылатын талаптар
Толерантты болу, басқалардың пікірін құрметтеу;
Даулы мәселелерді реттеу барысында қарсылықты нақты тұжырымдау;
Плагиат және басқа да әділетсіздіктерге жол бермеу;
БӨЖ, аралық бақылау және емтихан тапсыру барысында көшіріп алуға, өзгелерден көмек сұрауға, дайын сұрақ жауаптарын алып пайдалануға, басқа білім алушының орнына емтихан тапсыруға жол бермеу;
Колледждің академиялық саясатына сай себепті жағдайға байланысты (науқастанып қалу, тосын, апатты жағдай, болжанбаған т.б. жағдайлар) үй тапсырмасы мен өзіндік жұмыстардың мерзімі ұзартылуы мүмкін. Білім алушының сабақтағы белсенділігі, тапсырмаларды дер кезінде дұрыс орындауы оның жалпы бағасына әсер етеді. Әрбір білім алушының ұтымды жеке көзқарасы, пікірі ескеріледі.
*Курстың кез келген мәліметін бұрмалаған білім алушының алатын бағасы – «F»
2.4. Білімді бағалаудың критерилері мен ережесі.
Ағымдық бақылау: тестілеу, жазбаша/ауызша сұрау, жағдаяттық тапсырмаларды шешу, өзін өзі бағалау, шағын топтарда жұмыс істеу кезінде топтық бағалау, практикалық машықтарды бағалау.
Қорытынды бақылау – тестілеу/әңгімелесу және практикалық машықтарды көрсету енетін емтихан.
2.4.1. Білімін бағалау критериилері
Өте жақсы (А): Білім алушы этиканың құндылықтары мен күтімнің қағидаларын жан жақты түсініп, көрсете алады. Білім алушы науқастарға күтім жүргізу кезінде кәсіби коммуникациялық қағидаларды терең түсінеді. Білім алушы шешім қабылдауда және күтім жоспарын құрудағы дағдыларын көрсете алады. Білім алушы тәжірбиелік дағдыларды орындауда өзінің жауапкершілігін көрсетті. Күнделікті қауіпсіз тәжірбиедегі білімін ереже бойынша орындады. Күнделікті тәжірбиеде шешім қабылдау кезіндегі мәдениеттіліктің маңыздылығын түсінеді. Білім алушы қосымша ғылыми әдебиеттерді өз еркімен қолданады. Білім алушы оқудағы өз қажеттіліктерін нақтылап, ары қарай кәсіби дамудағы жеке оқу жоспарын құрады және мақсатына жетудегі оқу әдістерінің тиімдісін таңдайды. Білім алушы тиімді мейіргерлік тәжірбие үшін мейіргер ісіндегі дәлелдер мен зерттеулердің мағынасын түсінеді.
Жақсы (В): Білім алушы этиканың құндылықтары мен күтімнің қағидаларын жан жақты түсінеді. Білім алушы науқастарға күтім көрсету кезінде кәсіби коммуникациялық қағидаларды терең түсінеді. Білім алушы тәжірбиелік дағдыларды орындауда өзінің жауапкершілігін көрсетті. Күнделікті қауіпсіз тәжірбиедегі білімін заң бойынша орындады. Күнделікті тәжірбиеде шешім қабылдау кезінде мәдениеттіліктің маңыздылығын түсінеді. Білім алушы керекті әдебиеттерді біліп, қолданады және дәлелді тәжірбиенің мейіргерлік тәжірбиеде тиімділігін қолданып, түсінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |