Ақтау-2022 ж курстық ЖҰмысқа тапсырма



бет7/8
Дата09.06.2022
өлшемі0.56 Mb.
#267276
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
гулназ курс
Целые числа. Конспект урока
ҚОРЫТЫНДЫ

Сонымен, әрбір әлеуметтік педагог қиын баланың дербес ерекшелігі мен ынта-ықыласын, тұрмыс жағдайын ескеріп, айқын, нақты талаптар қояды. Орындалмақ әрбір педагогикалық талаптар мен тапсырмалар балалардың мүмкіндіктерімен қабілет-икемділіктерімен сәйкестендіру шарт.
Қайта тәрбиелеу процесінде өз орынын тауып келе жатқан әдіс - педагогикалық иландыру. Көп жағдайда этикалық тақырыптарға түсіндіру, әңгімелесу тәсілдерін қолдану өз нәтижесін бере бермейді. Қиын оқушының моральдық-эмоциялық күйін туғызып, жанамалы түрде оны нақтылы пайдаланып, оның алдына айқын мақсаттар қоюда педагогикалық иландырудың орны бөлек. Егер де, айқын мақсат шамалы болса да баланың санасына жетсе, оның тұрақты қабылдауына педагогикалық жағдай жасап, саналы іс-әрекеттерінің дәлеліне айналдыруға болады.
Педагогикалық иландырудың әсер ететендігін (қатты дауыс шығару, бұйыру, өктемдік білдіру, байкот жариялау тағы басқа) байқаймыз.
Әрине, бұл әдіс басқа да тәрбие әдістерімен тығыз байланыста жүргізілуі тиіс.
Педагогикалық иландыру фактор ретінде оқу-тәрбие процесінде жекелеген балаларға педагогикалық ықпалдар жасалынғанда еріксіз, стихиялық түрде болғанмен де белгілі мақсатқа негізделінеді.
Ерiксіз, стихиялы түрде иландыру, әлеуметтік педагогтің ақыл-кеңесін, талап-тілігн қарсылықсыз, таңдаусыз қабылдауын (суггестия) айтамыз. Педагогикалық процесте еріксіз, стихиялы тәсілді қолданудың методикалық ерекшелігі бар. Мысалы, егер де баланың интеллектік жағы басым болса, оның ықпалын төмендеткен орынды. Ал, керісінше иландырудың әсерін күрделендіріп, қиын баланың санасына жеткізу немесе ол аффектік күйде болғанда (дидактогения) еріксіз, стихиялы иландыруды қолданудың нәтижесі жоғары болмақ. Өйткені, қиын бала қатты ашуланғанда, өзінің эмоциясын басқара алмай, тәртіпсіз қылықтарын жалғастыра беруі мүмкін. Сонда, әлеуметтік педагог ашудың қарқынын төмендетуге онымен тіл тауып тежеп, өзін-өзі ұстауға себепші болып, дауыс ырғағымен, мимикасымен қолдау білдіреді.
Мақсатты түрде қиын балаларды қайта тәрбиелеудің ең басты әдісі – «көше» жолдастарымен жағымсыз байланыстарын үзу. Айтылып отырған тәсілді іс жүзіне ауыстырудың мектеп практикасында бірнеше жолдары бар. 
Соның бірі – территориялық тұрақты мекенін ауыстыру, мектеп алмастыру. Қиын жеткіншекті бір жылға, бірнеше жылға басқа облыс, аудандарда тұратын туған-туыстарына жіберу. Кейбір ата-аналар мектепті алмастырғанымен қиын балалар бірін-бірі тауып алып, байланыстарын жалғастыра береді. Көптеген отбасыларының басқа қалаларда, ауданда туыстары болмау мүмкін. Бұл жағдайда іске асыратын екінші тәсіл –жағымсыз достық байланыстағы қиын балаларға екі жақтың да кездесулеріне тыйым салу.
Бұл тәсілді негізгі үш жағдайда қолданған орынды:
а) қиын бала мен «көше» жолдастарының арасындағы байланысты ата-ана, мұғалім, балалар ісі жөніндегі инспекция тоқтата алмағанда;
ә) ата-ана мен мұғалім баланың қарым-қатынасына көңілдерін аудармай, тәрбиелік мәні бар түсіндіру жұмыстарын жүргізбегенде;
б) жеткіншектің көше жолдастарымен байланыстары тереңдегені сонша, қоғам және жеке меншік мүліктерін ұрлау, тонау, қорқыту әдеттеріне жүгінген жағдайда тағы басқа өте сақтықпен тыйым салу тәсілін методикалық шеңберлікпен қолдану қажет. Әрине бұл сәтте мұғалімнің, ата-ананың, милиция қызметкерлерінің беделі болуы шарт.
Абу Насыр Әл-Фараби «Тәрбиесіз қолға білім салма» деген екен. Ең бірінші тұлға қалыптасуына тәрбие өз ықпалын тигiзедi. Сондықтан да, балалармен тәрбиенің ролін күшейту қажет
Бүгінгі ХХІ ғасырдың басты мəселесі болып дұрыс ұрпақ қалыптастыру, болашаққа нық сенімді болу табылады. Ұрпақтың мəдениетті, ұлттық санасының жоғары болуын қалыптастыру мақсат етіледі. Осынау заманның сан-қилы мəселелерімен ата-ананың бала тəрбиелеудегі үлкен қиындықтарға тап болатыныны да белгілі. Негізінен, барлық мəселе ата-аналар тарапынан баланың бос уақытын дұрыс, орынды пайдаланбаудан, тұрмыстың нашарлығы мен отбасындағы келеңсіз жағдайлардан бастау алатындығы да болады. Бала тəрбиесін жас ерекшеліктеріне қарай жүргізсе, баланың ынтасын дамыту арқылы əдіс-тəсілдерді жаңартып отырса, заман талабына сай мектеп пен ата-аналар дұрыс жолға қойылған тəрбиелік мазмұны жоғары жұмыстар атқарса іс нəтижелі болып жемісін беретіндігі сөзсіз.
Қазіргі көп мəдениетті қоғамда балаға сырттан əсер етуші жағдайлар оның жаңа қалыптасып келе жатқан тұлғасына ауқымды əсерін тигізеді. Ст. Холл «бала толыққанды дамуы үшін өз халқының сезімдері мен көзқарастарын басынан өткеруі қажет» деп санайды.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ





  1. Аманқұлова Р.К. «Жасөспірімдердің темекі тартуының алдын алу», Валеология және дене тәрбиесі, спорт. №1-2, 2015. 

  2. Алпысбаева Г. «Есіктен енді есірткі», Оңтүстік Қазақстан газеті, №74,26 маусым, 2011.

  3. Арғынбаев Х.А. Қазақ халқындағы семья және неке. Аламты. 2013.

  4. Атемова Қ. «Қазақ отбасындағы тәрбие үрдісі», Қазақстан мектебі, №1,2014.

  5. Ахметжанова Н. «Мінез-құлқы қиын балалар», Ұлағат, 2011ж. №1. 

  6. Ахметжанова Н. «Қиын балалар қиғылығының қыры»,Ұлағат,№2, 2010.

  7. Аяғанова Б., Тәжин А. Социология негіздері, Алматы: Ана тілі.2007.

  8. Әбиев Ж.Ә., Бабаев С.Б., Құдиярова А.М. Педагогика: Оқу құралы. – Алматы: Дарын, - 2014.

  9. Бикенов К.Ү., Жаназарова З.Ж., Нұрбекова Ж.А. Отбасымен әлеуметтік жұмыс: Оқу құралы.- Алматы.- 2013.

  10. Байтабанова А. «Сынып жетекшінің қиын оқушымен жұмысы», Сынып жетекшісі, №4, 2014.

  11. Батталханов Е. ««Қиын» оқушылармен жұмыс ерекшелігі», тәрбие құралы, №4, 2013.

  12. Байшуақова М. « Ата-аналармен жұмыс », №3/2015.

  13. Бейсебаева С.Б. « Жастардың девиатттық мінез – құлқының дамуына әсер ететін факторлар ». Весник КазНУ Серия юридическая. № 3 2009.

  14. Бейімбет Қ.Ж. Ұрпақ тәрбиелеу ұлағатты іс. Алматы. 2009.

  15. Қайырова Ж. «Ауытқушы мінез-құлықтың шығу себептері мен фокторлары», Қазақстан мектебі, №1.2010.

  16. Керимов Я.К., Трофинов В.В. Трудный подросток А., 2011.

  17. Керимов Л.К. Қиын оқушылар және оларды қайта тәрбиелеу мәселелерi А., 2011.

  18. Қалаубек С. «Қиын балаларға көмек», Ұлағат, №5, 2014.

  19. Қазымбетова Д.К. « Жастардың жат қылықтарының профилактикасы мен күресу жолдары » ҚазҰУ хабаршы, Психология және социология сериясы. №1 .2014.

  20. Сарбасова Қ.А., Шаушекова Б.Қ. Педагогика негіздері. Қарағанды, 2014.

  21. Гершунский Б.С., Никандров Н.Д. Методологическое знание в педагогике. –М., 2016

  22. Краевский В.В. Методология педагогического исследования. Самара, 2014.

  23. Загвязинский В.И. Методология и методика дидактического исследования. М. 2011.

  24. Абенбаев С. Оқушы жастарға эстетикалық тәрбие беруді жетілдіру. – А., 2012.

  25. Абилова З. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру. – А.,2010.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
Жалпы ережелер
республикасы білім
рсетілетін қызмет
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
атындағы жалпы
туралы хабарландыру