Ата - аналар жиналысының хаттамасы №3 Ата-аналар жиналысының тақырыбы: « Отбасылық тәрбие» Мақсаты: Жалпыадамзаттық рухани-адамгершілік құндылығын арттыру мақсатында, ата-аналардың балаларымен толыққанды, үйлесімді әрекет етуіне ықпал жасау.
Міндеттері:
1. Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру
2. Ата-ананың балаға деген сүйіспеншілігін, көз-қарасын, балаға деген махаббатын нығайту;
3. Баланы бұлтарыссыз қабылдауын, отбасында балаға деген тәрбиенің маңыздылығын айқындау;
19.01.2023 ж
Қатысқандар:13
Сынып жетекші – Ушурова З
Ата - аналар – 13 Хатшы – Мурадилова Н
Күн тәртібінде қаралған мәселе: 1.Отбасы және отбасы тәрбиесінің бала дамуында алатын орны /Баяндама/ 2.ІІ тоқсан бойынша сапа мен үлгерім көрсеткіштері .сынып бойынша тәрбиелік іс-шараларға қатысу мониторингісі 3. Еркін микрафон
1. Бірінші мәселе бойынша ата-ана,Сонурова Наргиза «Отбасы және отбасы тәрбиесінің бала дамуында алатын орны» баяндама оқыды.Баяндамада отбасы құндылықтары,баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына отбасының ықпалы айтылды./Баяндама хаттамаға тіркелді/
2.ІІ тоқсан бойынша сапа мен үлгерім көрсеткіштері .сынып бойынша тәрбиелік іс-шараларға қатысу мониторингісі Сынып жетекшісі Ушурова Замира ата - аналарға ІI- тоқсанның қорытындысын айтып өтті. ІI - тоқсанды 3 қыз бала және 10 ұл бала барлығы 17 оқушымен аяқтады.
Сыныптың сапа көрсеткіші төмендегідей:
Үздік оқушы саны-3, екпінді - 4оқушы, қалған 6оқушы қанағаттанарлық деп атап өтті.
Сапа-58 пайыз ,үлгерім-100 пайыз
Күн тәртібінің соңғы мәселесі бойынша ата - аналарға оқушылардың сабаққа қатысуы,оқу бағдарламасы, оқулықтар, кітап, дәптермен жұмыс жүргізілуі туралы айтылды. Оқулықтарды таза ұстау, қаптап, күнделіктерін толтырып жүру тапсырылды.Сабаққа кешігіп келу,сабақтарға кешігіп кіру үзіліс уақытын ескеру керектігі айтылды.Мектеп ережесіне сай жүріп тұру керектігі ескертілді.Сабақтан кейінгі уақытта балалардың уақытты тиімді өткізу керектігі және де жол қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керек екендігін тағы бір мәрте ескертті.Ата-ана тарапынан балаларын үнемі қадағалаумен қатар кері байланысты уақытылы жүргізіп отырса деген ұсыныс айтылды.Кешкі уақытта/20.00-ден кейін/ әсіресе ұл балалардың сыртта,достарымен жиналуына,спорттық алаңдарда жүруіне,көкпар ойындарына қатысуына,шалғай орналасқан ауылдарға қыдырып баруына болмайтындығын атап өтті.
Шешім: 1. Отбасы және отбасы тәрбиесінің бала дамуында алатын орны атты баяндамада оқылған құнды мәліметтерді ата-аналар негізге алсын 2.а) ІI - тоқсан қорытындысы «қанағаттанарлық» деп табылсын.
б) ІI - тоқсан қорытындысы бойынша жоғарыда аты аталған оқушылардың ата - аналарына үйдегі уақытта балаларының сабақтарын қадағалау жүктелсін.
3.а)Түрлі мәселелер негізінде айтылған ұсыныстарды ата-аналар назарға алсын
б) Оқушылардың мектептегі оқу үлгерімін, тәртібін қадағалау сынып жетекшісіне жүктелсін.