Ата – ананың бала тәрбиесіндегі рөЛІ



бет1/2
Дата31.12.2022
өлшемі216.25 Kb.
#405232
  1   2
Байланысты:
5-2 реферат, 5 апта реферат, 6 апта, 7, Вербалды және вербалды емес қарым, 8, 8, 5

АТА – АНАНЫҢ БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ РӨЛІ

Жас ұрпақты тәрбиелеу жүйесі заман талабына сай қоғамдық өмірде болып жатқан ұлы өзгерістерге байланысты. Қазір қоғам жан – жақты үйлесімді жетілген жаңа адамды тәрбиелеуді талап етіп отыр. Қоғам талабы – заман талабы, өйткені «әр адам – өз заманының баласы». Сол себептен адамды заман білмейді, заманына сай Заңы туындайды. Қай заманда да тәрбие жөнінде талай ойшыл – педагогтар адам бойындағы теріс қылықтар мен жаман мінез – құлықтар әлеуметтік құбылыстың кемшіліктерінен туады... Халықтың эканомикалық тұрмыс – жағдайларын, тіршілік – күйін өзгерту керек, сонда өзі де өзгереді, - деп тұжырымдаған. Сондықтан «Туа жаман жоқ, жүре жаман бар», «Заман түзелсе, жаман түзеледі» - деп халық педагогикасы тәрбиенің заманға, қоғамға, оның материалдық, рухани байлығына тәуелді екенін дөп басып жеткізген.


Жас адамды есті, саналы, сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен қоғамдық тәрбие орындарының есті ұрпақты тәрбиелеу ісімен шектелмек.
Отбасына тәлім – тәрбиенің мақсаты – баланың жасын, жеке ерекшелігін, психикалық процестерін ескере отырып, жарасымды жетілген ұрпақты тәрбиелеу. Аталған нысанға жету үшін отбасындағы тәрбие төмендегі міндеттерді шешеді:
- Отбасында баланың өсіп жетілуіне, денсаулығына қамқорлық жасау, нығайту, бекіту. Тазалық дағдыларын қалыптастыру.
- Еңбексүйгіштікке, еңбекті қажетсінуге баулу, баланың күнделікті өмірін мәнді ұйымдастыру, тұрмыстағы, үй шаруашылығындағы еңбекке құлшынысын арттыру өзіне – өзі қызымет ету дағдыларына үйрету.
- Отбасы мүшелерінің өзара дұрыс қарым – қатынасын, тіл табысып түсінісуін, бірін – бірі тыңдап, ата – ананы, туған туыстарын, жасы үлкендерді сыйлап, құрмет тұтуға үйрету.
- Оқудың, білім алудың, мәдени мінез – құлықтың әдет дағдыларын қалыптастыру.
- Отбасында баланың икемділігі мен қабілетін байқап кәсіптік жағынан бағдарлау.
- Әдебиетке, өнерге, мәдениетке, ғылымға құштарлығын тәрбиелеу, уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру.
- Баланың ақылына, күйіне, біліміне сай берілген тапсырманы талапты орындауға дайын болуға үйрету. Бақылау, тексеру, бағалау.
- Тәртіптілікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке, ойшылдыққа, сергектікке, естілікке т.б. баулу.
Жас ұрпақты тәрбиелеуде отбасы маңызды орын алады. Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя болса, «Баланың бас ұстазы – ата - ана». Бұлар балаға отбасылық өмірдің алуан түрлі қыры мен сырын, тылсым дүние жұмбақтарын танытып, тағылым – тағылымға, әдептілікке баулиды. Себебі отбасы – таным белгісі, отбасы – өркениет ошағы, отбасы – үлгі өнеге бастауы. Ата – ана күнделікті өмір тіршілігінде еңбегі, адамдық бейнелері, жақсы мінез – құлқы, дұрыс қарым – қатынасы, арқылы балаға үлгі. «Балапан ұядан не көрсе, ұшқанда соны іледі», «Әкеден ақыл, анадан мейір» алады. Отбасында «Әке асқар тау, ана бауырындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ» - болып есептеледі, ата – анаға баладан жақсы ешкім жоқ. Сондықтан баласының әдепті, арлы азамат болып қалыптасуын армандайды. «Атадан жақсы ұл туса, елінің қамын жейді», «Әдепті бала - арлы бала, әдепсіз бала – сорлы бала» - деп қиналады, күйзеледі, күйінеді, сол жолда еңбек етеді.
Ата – ана отбасының жылылығы мен ынтымағын, бірлігі мен тыныштығын, қамқорлыққа, мейірімділікке, сүйіспеншілікке негіздеп құрып, сақтап, жанұя мүшелерінің көтеріңкі көңіл – күйде болуын қамтамассыз етіп отыруы керек. Ата – ана отбасында өздерінің күнделікті жұмысы, тындырған ісі туралы бала – шағасының алдында айтып, әңгіме дүкен құрады. Әкесінің жетістігіне балалары да бірге қуанысады. Бұл мақтаныш сезімін тудырады.
Бірте – бірте ұл қыздары да өз жаңалықтарын ортаға салып, айта бастайды. Осылайша, жанұя мүшелелерінің бір – біріне деген сенімі, сүйіспеншілігі, достық қатынастары нығая түседі. «Жанұяға қарап бала өседі, қарағайға қарап тал өседі» - деп тегін айтылмаған.
Халық педагогикасында «Бесіксіз үйде береке жоқ», «Үйінде ұл – қызы бардың көгінде сөнбес жұлдызы бар», - деп бала тәрбиесіне әуел бастан жіті қараған, өмірдегі қыз бала мен ұл баланың орнын дәл анықтаған.
«Ұл туғанға – күн туады, қыз туғанға ай туады», «Қыз өріс», «Ұл өссе ұрпақ», «Дәулетіңнің қадірін ұлың өскенде білесің, абыройыңның қадірін қызын өскенде білесің» сияқты аталы сөздер қыз бен ұл тәрбиесінің қаншалықты жауапты екенін байқатады. Болашақтағы бақыттың баянды болу үшін әке мен шешенің жеке тұлғасы баланың жетуге талпынатын мұратына айналуы керек. Себебі: «Ақ жүрек әке - күншуақ, ақ жүрек ана – ақ бұлақ», «Әке – ер, ана – жігер, бір үйде екі кемеңгер», - деп бағалаған халық.
Отбасында баланы ежелден–ақ халықтың әдеп – салты, дәстүрі, жөн – жоралғысы рухында тәрбиелеген. Атап айтсақ, адамдар арасындағы дұрыс қарым – қатынас, екі жақсы сыйластық, үлкенге құрмет, кішіге ізет, дарқан қонақжайлылық, көл – көсір меймандостық, жомарттылық, кеңпейілдік, адамдарға ілтифат, ізет көрсету, сөз өнерін құрметтеу, табиғатты қастарлеуге баулыған.
Сонымен, отбасындағы тәрбие мен қоғамдық тәрбие өзара тығыз бірлікте, халықтық педагогикадан бастау алып ғылымда дәлелденген нәтижелерге сүйеніп, тәрбие құралдарымен әдістері дұрыс таңдалып жүргізілсе, ізгілікті тәрбиенің көзі қаланбақ.
Отбасы мен мектеп, ата-ана мен педагогтер қарым-қатынасы мәселелері бүгінгі жағдайда маңызды болып отыр, өйткені әр оқушының тұлға болып қалыптасуы, өскелең ұрпақтың дамуы мен тәрбиесінің табысты болуы көптеген жағдайда нақ осы мәселелерді шешуге байланысты. 
Осы заманғы мектеп бұрын-соңды болмаған отбасы қолдауын қажет етеді.
Бүгінде педагогтің ата-анамен жұмысы оларды оқу-тәрбие үрдісіне белсенді тарта отырып, ынтымақтасуынсыз жүргізілуі мүмкін емес. 
Ұзақ уақыт бойы мектеп – негізгі тәрбиеші, ал отбасы оның көмекшісі және одақтасы деп саналып келгені даусыз. Іс жүзінде отбасы тәрбиесі ата-ана бақыты мен ізгіліктің және барлық тәрбие бастауының негізі болып табылады
Егеменді еліміздің жас азаматтың тұлғасын қалыптастыруда рухани – адамгершілік білім беру мен тәрбиенің міндеттері ерекше мән - маңызға ие болып отыр. 
Отбасы – руханияттың бесігі. ҚР « Неке және отбасы туралы» заңының 62 – бабында « Бала тәрбиелеуші ата-аналар өздерінің қабілеттері мен қаржылық мүмкіндіктерінің шегінде, оның дене, психикалық, адамгершілік және рухани жағынан дамуына қажетті өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін негізгі жауапкершілікте болады» деп жазылғаны тегін емес.

 Одан бөлек ҚР «Балалар құқығы туралы» заңның 490- бабында: « ... ата – ана баланың дене және психиялық денсаулығына ,оның адамгершілігінің дамуыны кедергі келтірмеуі керек» деп жазылған. 
Сонғы он жылда көптеген отбасы экономикалық,кейде тіпті жан бағу қамымен жүрген жағдайда көптеген ата- ана баланы тәрбиелеу мен тұлғасын дамыту мәселелерін шешуден шеттетілген әлеуметтік тенденциясы етек алуда. Ата – ана баланың дамуының жас және тұлғалық ерекшелігін тиісінше білмегендіктен,кейде өз түйсігі, өз шешімі бойынша тәрбиелей береді. Мұндай отбасылырда, әдетте, ата- ана мен балалар арасындағы тұлғааралық қарым қатынас болмайды , соның салдарынан көбіне жағымсыз болып келетін сыртқы ықпалға басымдық беріліп, баланың отбасы ықпалынан тысқалуына әкеліп соқтырады. 
Педагогтердің отбасы мәселелерін зерттеуге, отбасылық тәрбиеге ықпал ету жолдарын іздестіруге құлық танытпауының себебі осы. Әрбір үшінші отбасы толыққанды емес екені баршамызға аян. Әрбір екінші отбасында балалар тәрбиесіне өзіндік ықпалы бар жасырын немесе ашық шиеленісті жағдайлар кездеседі. 
Кәмелетке толмаған балалардың қылмыс жасауына кикілжіндер орын алып тұратын шиеленісті отбасылық жағдай себеп болады. Мұндай отбасында қылмыс жасау қаупі бар тұлға қалыптастады. 
Ата-аналар мұғалемдермен хабарласып, байланысып тұратын отбасылармен жұыс істеу қашанда жеңіл. Ал шиеленісті жағдайларған толы отбасылармен қалай жұмыс істеу керек? 
Мұндай отбасылармен жұмыс істеу табандылықты, зор еңбекті талап етеді.

 
Отбасының жалпы шиеленісімен күрес бар уақытта оңда нәтиже бере бермейді. Мұғалімдердің көпшілігі бұл істе айтарлық нәтижеге қол жеткізе алмай, өз шамасы келетін жағын-баланың мектептегі өмірін өзгертуді қолға алады. Оқушыға қамқорлық жасап, көбірек көңіл бөліп, балалармен арқа-жарқа араласып, сергіп, өз жанына жайлы ермек тауып, ісінің нәтижесіне қуануына жағдай жасайды. Бір сөзбен айтқанда, оқушының сыныптастарымен тілдесіп, оқудан қуаныш табуына жағдай жасап, әлеуметтік рөлін арттырады. 
Мұғалімдердің әлдеқайда тәжірибелі енді бір тобы шиеленісті отбасылардың ата-аналармен қарым-қатынас жасаудан жалтаруға асықпайды. Керісінше, ондай ата-аналардың ойына қозғау салып, өз баласының тұлғасын өздері, өз өнегесімен қалыптастыратынын түсіндіреді. Уақыт, табандылық, төзім, ата-анаға деген мейірім өз балаларының тәрбиесіне, олардың болашағына жауапкершілікпен қарауына міндетті түрде түрткі болады. 
Мектеп - өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын. Мектеп еш уақытта отбасынан, қоғамнан бөлініп, жеке болған мекеме болған емес. Сондықтан оның іс-әрекеті отбасымен, қоғаммен, еңбек ұжымдарымен тығыз байланысты. Мектепте іс-әрекеттің ең бастысы - тәрбие түрлерінің (дүниетаным, еңбек, мінез-құлық, әстетикалық дене тәрбиесі) мақсаттары мен міндеттері жүзеге асырылады.
Мектеп пен отбасы ұлттық сананың қорғаны болуға, оқушылардың бойында туыстық сезім, ата-ана, жас балалар, қарттар алдынға парыз сезімін қалыптастыруды үйретуге тиіс.



«Балапан ұяда нені көрсе, ұшқанда соны іледі» - демекші, бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Береке-бірлігі мол үлгілі отбасында тәрбиеленген баланың таным жүйесі мейлінше ауқымды, болашақ өркениетке қосар үлесі бар. Тәрбиенің бастауы болған отбасы мүшелері тәрбие мен оқу жоспарын іске асыруда мектептің ең басты одақтасы бола алады. Мектеп пен отбасы мүшелері өзара бірлесіп жұмыс істегенде ғана ынтымақтастықпен қарым-қатынас болып, арада түсіністік пен үйлесімділік орнамақ. Себебі, баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы тәлім-тәрбиедегі бір жүйелілікпен, өзін қоршаған ортамен, бірге оқыған құрбы-достарымен, олардың күнделікті іс-әрекетімен, сөйлеген сөзі, жүріп-тұруы тағы басқа қасиеттерімен тығыз байланысты. Орынды тәрбие арқылы адам баласының тағдыры шешіледі, оның білімді тұлға болып қалыптасатынын, елдің берік тірегі болатынын көрсетеді. Ұрпақ тәрбиесіне қай кезеңде, қай елде болмасын үлкен мән берілген. Ұлы педагог В.А.Сухомлинский: «Тек ата-аналармен бірге жалпы күш-жігерді біріктіру арқылы ғана мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақыт беруі мүмкін» деген ұтымды ой айтқан. Ұлтымыздың ұлағатты дәстүрлерін кеңінен пайдаланып, тәрбие ісіне арқау ету де өз пайдасын тигізеді.
Отбасы – белгілі-бір дәстүрлерді, адамшылық бейнені, идеялды, жақсы сөз, ұнамды мінез, ыстық ықылас, қуаныш, ашық әңгімелесу арқылы да баланың көңілін тауып, ішкі сырын ашуға болады. Дегенмен, жұмыс барысында көптеген ата-аналардың бала тәрбиесіне деген көзқарастарынан елеулі қателіктерді байқап жүрміз. Кейбір отбасылар баланы киім-кешекпен, тамақпен қамтамасыз етуді ғана өз міндеттеріне алып, тәрбие мен білім беру ісін мектеп мойнына жүктейді. Енді біреулері баласын орынсыз сөгіп, көңіліне қаяу түсіріп жатса, бірі «адам болар бала өздігінен оқып үйренеді» дегенді алға тартады. Мұндай теріс түсініктер баланың келешегіне зиян келтіреді. Ал, орынсыз балағаттап, баланың абыройына нұқсан келтіру ата-ананың бала алдындағы, қоғам алдындағы беделін төмендетеді. Бүгінгі таңдағы бала тәрбиесіндегі кездесетін мұндай олқылықтардың алдын алу үшін ата-ана, мектеп, қай кезде де бірлесе отырып жұмыс жасауы керек.
Адамның адамшылдығы жақсы ата-ана мен білікті тәрбиешіден. Тәрбиенің таразы секілді екенін ескерсек, екі басының тең түсуіне көп көңіл бөлген абзал. Тәрбие ісіндегі ең басты жауапкершілік өздерінде екендігін ұмытып, баласының мінез-құлқы үшін қоғамға кінә артатын ата-аналардың кездесіп жататыны өкінішті-ақ.
Бүгінгі кейбір жастарымыздың бойындағы келеңсіз қасиеттер мен жағымсыз мінез-құлықтардың қалыптасуына осындай жауапсыз ата-аналардың кемшілігі де өз әсерін тигізбей қоймайды дер едім. Жас ұрпақты тәрбиелеу жүйесі жаңа заман талабына сай қоғамдық өмірде болып жатқан ұлы өзгерістерге байланысты. Оған қойылар талап жан-жақты жетілген адамды тәрбиелеу. Ойлы ұрпақ тәрбиелегіміз келсе, ата-ана, мектеп пен бала ынтымақтастықта отырып, білім ордасындағы тәрбие отбасында жалғасын табатындай етіп ұштастыра білгеніміз жөн. Қазақ зиялыларының бірі М.Жұмабаевтың: «Тәрбиедегі мақсат баланы тәрбиешінің дәл өзіндей етіп шығару емес, келешек өз заманына лайық қылып шығару» деп айтуы бала тәрбиесіндегі ата-ана, мектеп, қоғам алдында үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын дәлелдейді. Әрине, отбасы өзінің дербес әрекеті арқылы тәрбие саласында ауқымды мәселелерді шешуде әлсіздік танытады .Ол үшін отбасы мен мектептің өзара ынтымақтастығын нығайту өте маңызды. Ал, тәрбие қоғамдық құбылыс болғандықтан, оны қоғам талаптарынан тыс ұйымдастыру мүмкін емес. Бұл тұста үштік одақ: мектеп, отбасы және қоғамдық мекемелер жұмысындағы өзара сабақтастық және ынтымақтастық өз үйлесімін табуы тиіс.


Оқушыларды тәрбиелеуде мектеп пен отбасы ынтымақтастығының моделі

 


Мұнда отбасы мен мектеп байланысының тығыздығын және де қоғамнан тыс қалмау қажеттігін көрсетілген. Тұлға дамуында отбасы, мектеп, қоғам қажеттілігі басты орында.
 
Бүгінгі таңда ата-аналардың бала тәрбиесінде олардың бір-біріне айтар ақыл кеңестері ауадай қажет. Ол үшін ата-аналар өз балалары тәрбиелеуде мектеппен қарым-қатынас, тікелей байланыс жасауды өзінің басты міндеті деп санауы тиіс, жәнеде осыған ұстаздар тарапынан ықпал жасалынуы қажет.Өйткені, ата-аналардың өз балаларын тәрбиелеудегі жетістіктері сынып, мектеп ұжымдарының оқу-тәрбие жұмыстарының нәтижесіне байланысты болып келеді. Ол өз кезегінде мектептегі оқу-тәрбие процесінің мазмұнын, сапасын және тиімділігін жақсартуда отбасы мен мектептің ынтымақтастықта жұмыс істеуін қажет етеді. Сондықтан да мектептің ата-аналармен өзара қарым-қатынасының ерекшелігі, осы екі жақтың тығыз өзара байланысы мен белсенді әрекетінің бірлігінің тұрақтылығынан көрінеді. Бұл тұрақтылықты ең алдымен сынып мұғалімі және сол сыныптың тәрбиешілері қамтамасыз етеді. Олар мектеп пен отбасы арасындағы ұйымдастыруда жетекші роль атқаруы тиіс. Ол үшін өзара сенім мен құрмет, өзара көмек пен қолдау, бір-біріне шыдамдылық таныту. Міне ынтымақтастық негізі осылый құрылуы тиі
 Мектеп пен отбасының ынтымақтастығы дегеніміз – бала тәрбиесінде отбасы мен мектептің бірін-бірі толықтыруы, өзара хабарласа, келісе әсер етуі, ықпал жасауы дегенді білдіреді.
Мектеп пен отбасы ынтымақтастығы жасөспірім тәрбесінде – ортақ мақсатты бірлесе талдау, өзара пікір алмасу, сезім әлеміне бірлесіп, қуанышта ортақтас болу секілді кең ауқымды эмоция түрлерін қамтиды. Жасөспірімдерді тәрбиелеуде ортақ келісімде іс-әрекеттер, өзара түсіністік қалыптасады. Бұл жерде мектеп ұжымының ынтымақтастығы, жасөспірімдердің бірі-бірімен ынтымақтастығы және отбасы мүшелерінің ішкі ынтымақтастығы да аса маңызды факторлар екендігі айту керек.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет