Асембаева. Ш. Д. – т.ғ. д Дина Нұрпейіс (1861-1955)



Дата06.08.2022
өлшемі24.46 Kb.
#278227
Байланысты:
Серікбай Нұрлыайым Хамитқызы Ғылыми жұмыс Дина
1 СӨЖ тапсырмасы

М.Әуезов атындағы оңтүстік қазақстан университеті
«Мәдениет және спорт» факультеті
«Музыкалық білім және көркем еңбек» кафедрасы
Серікбай.Н.Х.- МС-19-1k тобының студентті
Асембаева.Ш.Д. – т.ғ.д
Дина Нұрпейіс (1861-1955) – қазақтың әйгілі күйші композиторы. Туып өскен жері Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданына қарасты Бекетай құмы деген жер. Топырақ Алматы қаласынан бұйырған. Қазақстанның халық әртісі (1944). Халық өнерпаздарының 1937 жылы өткен республикалық байқауына қатысып 75 жасында халық аспаптарын тартатын өнерпаздардың Москвада өткен Бүкілодақтық бірінші байқауында, одан кейін 1944 жылы 83 жасында Орта Азияның бес республикасынан өнерпаздар қатысқан Ташкенттегі он күндікте Дина тағы да жүлделі орындарды жеңіп алады. Әкесі белгілі домбырашы адам екен, қызы Динаға 8 жасынан бастап-ақ сол өнердің қыр-сырын үйрете бастаған. Оның ұлы күйші Құрманғазымен алғаш кездесуі де осы кез. 8-9 жасар Дина ұстазының күйлерін үйреніп қана қоймай, оның күйшілік-орындаушылық өнердегі ерекшеліктерін, дәстүрін жалғастырады. Динаның тырнақалды «Бұлбұл», «Байжұма», «Көгентүп» атты күйлерінде халықтың күйшілік дәстүрі айқын сезіледі. 1916 жылғы оқиғаға шығарған «1916 жыл» күйінде Құрманғазының Исатай мен Махамбетке арнаған «Кішкентай» күйінің әсері байқалады. Дина ата-ана шаңырағында бұлаңдап өскен жас кезінің өзінде ақ Дәулеткерей, Мүсірәлі, Әлікей, Түркеш, Ұзақ, Есжан, Байжұма, Баламайсаң сияқты күшілердің күйін нәшіне келтіре тартып, төңірегі «домбырашы қыз» деп атаған. Қаршадай қыздың даңқын естіп, әйгілі Құрманғазы арнайы іздеп келген. Ұлы Құрманғазы шәкіртінің жетістіктеріне қуанып, мақтан ететін. Ол: «Менің оң қолымның, ал Динаның сол қолының шеберлігі күшті. Егер менің оң қолым мен Динаның сол қолының шеберлігі бір адамның бойына табылса, дүниеде одан асқан домбырашы болмас еді»- дейді екен. Динаның үлкен өнер жолындағы сілтер темір қазығы, сүйеніші болады. Ұлы күйшінің өзінің ескі домбырасын шәкіртіне табыс еткен кезде айтқан мына сөздерін Дина әрқашан ерекше толқып ризашылықпен еске алатын: «Домбыра менің өмірлік серігім еді. Ол ғұмырымның ұзақ та қиян-кескі қиын жолында сенімді серік, берік сүйеу болды. Енді осы қимас серігімді лайықты мұрагерім- саған тапсырамын»
Динаның күйлері: «Ана бұйрығы», «Әсем қоңыр», «Байжұма», «Бозшолақ», «Бұлбұл», «Домалатпай», «Жеңіс», «Жігер», «Кербез», «Қосалқа», «Тойбастар», «Шынар», «Науаи», «Еңбек ері», «Сауыншы» т.б.
Дина апамыздын нәзік лирикалы « Әсем қоңыр», динамикалы және салтанатты «Той бастар.
Күй- қазақтың бағына біткен дара өнер, қастерлі дүние. Ұлы таланттар сан ғасырлық тарихымызды домбыра үні арқылы күй құдіретімен жеткізген Күй өнері – қазақ халқының ең құнды, бағалы мұраларының бірі. Қаны мен жанында күй ойнаған ұлтымыз тума таланттарға кенде емес. Сондай дарын иелерінің бірі – қазақ өнерінде өзінің өшпес ізін қалдырған күйші, композитор Дина Нұрпейісова. Ұстаздарына еліктеп шығарған күйлері сезім қылын дөп шертеді. Динаның Бапасқа еліктеп шығарған «Бұлбұл» күйі ерекше күйлердің бірі. Бұл күйде құстың сезімі мен ой-арманы да қоса берілген. Халық өнері үшін күйлердің табиғатпен байланысуы заңды құбылыс. Ал, Дина Нұрпейісова осы заңдылықты жоғары дәрежеге көтерген күйші.Күйші әжеміздің күйлерін кез-келген домбырашылар тарта алмайды. Себебі, оның күйлері өте күрделі күйлердің қатарында. Оны тарту үшін жүрек керек. Дина әжеміздің күйлері асқан шеберлік пен ептілікті қажет етеді.
«Дина Нұрпейісованың домбырада орындаушылық өнеріне қайран қалған композитор
Ахмет Жұбанов: «Дина ұзын да сүйріктей саусақтарымен домбыра пернесінде, сағағында небір алшақ пернелер аралықтарын ешбір мүлтіксіз алады. Симфония сазындай сиқырлы әуен 62 тамырыңды бойлата, шымырлата, буырқана небір әсерге түсіреді» деп күйшінің өнеріне тәнті болған екен. Динаның өнерін сахнаға алып шығуа себепші болған жандардың бірі әрі бірегейі академик Ахмет Жұбанов екендігі белгілі. Ол 76 жасында Алматыға келіп, үлкен сахнада өз күйлерін орындайды. Халықтың ықыласында шек болмайды. Жасы ұлғайса да шеберлігін жоғалтпаған күйші елінің қошеметіне бөленеді. Дина әжеміздің күйлерінің нотаға түсуі туралы мынадай оқиға көп айтылады. Ахмет Жұбанов «Құрманғазы» оркестірінен екі мықты деген домбырашыны әжемізге жібереді екен. Дина күйді ешқашан қайталап тартпайтын болған. Ол кісінің осы әдетін білетін Ахмет Жұбанов атамыз мынадай әдіс қолданыпты. Әлгі екі мықты домбырашы Динаның үйіне келіп күйлерін тыңдайтын болыпты. Дина әжеміз күй тартқанда біреуі жартысына дейін жаттап, екіншісі қалған бөлігін жаттап алып, академик Ахмет Жұбановқа келіп тартып беретін болған екен. Ахмет атамыз жартыдан бүтін құрап, Дина әжеміздің күйлерін нотаға түсіріпті. Дина күйлері «Құрманғазы» оркестірінің әр концертінде орындалатын болса керек. Сондай үлкен концерттердің біріне күйші әжеміз шақыртумен арнайы келіп, өз күйлерін естіп, қатты қуаныпты. Ахмет Жұбановқа өз ризашылығын білдірген екен.Ұлы күйшілер, ұстаз бен шәкірт атанған тарихи тұлғалардың арасын ашыналықпен жалғаған арзан әңгімеге нақты тарихи дерекпен де нүкте қоюдың реті келгендей. Яғни Дина шешеміз Шәпекке жаңадан қосылып, Бақтылы қызына жерік болып жүргенде, Құрманғазы бабамыз 1896 жылы 73 жасында Астрахан өңіріндегі Алтынжар ауылында дүниеден өткен болатын. Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам деген осы да. Күй- қазақтың бағына біткен дара өнер, қастерлі дүние. Ұлы таланттар сан ғасырлық тарихымызды домбыра үні арқылы күй құдіретімен жеткізген Күй өнері – қазақ халқының ең құнды, бағалы мұраларының бірі. Қаны мен жанында күй ойнаған ұлтымыз тума таланттарға кенде емес. Сондай дарын иелерінің бірі – қазақ өнерінде өзінің өшпес ізін қалдырған күйші, композитор Дина Нұрпейісова.
«Дина Нұрпейісованың монументалдық алып бейнесі санамызда орнап қалды, - деп жазды осы мақаланың авторы, - бұл халық музыкалық салтының зор қуатпен әсер ететінінің айқын айғағы. Шынында да, Дина Нұрпейісованың онкүндікте домбыра тартуы халықтың музыкалық салтының нағыз мерекесі еді. Оның үстіне Дина Нұрпейісоваға ілесе халық аспаптары оркестрі шығып, халық композиторларының шығармаларымен қатар, Советтік Қазақстан, орыс, Европа композиторларының шығармаларын орындады».
Екі жылдан кейін Қазақстан жұртшылығы Дина Нұрпейісованың сексен бес жылдығын атап өтті. Юбилейлік концерттегі ең басты номер Динаның сахнаға өзінің шығуы болды. Жұрт оны қызу карсы алды. Бұл жылдары Дина совет адамдарының бейбіт еңбегіне арналған «Еңбек геройлары», «Сауыншы», «Сегізінші март» күйлерін шығарды.
1938 жылы республикамыздың өкіметі қазақтың халық аспаптарында тартылатын музыканың тамаша салтын сақтап, өзінен кейінгілерге жеткізгені үшін Динаға «Қазақстан искусствосына еңбегі сіңген қайраткер» деген атақ берді.
Ал 1944 жылы Құрманғазы атындағы халық аспаптары оркестрінің онжылдығы тойланған кезде Динаға «Республикамыздың халық артисі» деген кұрметті атақ берілді.Дина екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен және «1941-1945 жылдардағы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалімен, Қазақ КСР-ы Жоғары Советінің бірнеше грамоталарымен наградталады»
Соғыстан кейін Дина соғыста көз жұмған ұлы Жұрынбайдан қалған Ақжан, Балжан және Гүлжан атты немере қыздарын өз қамқорлығына алды.
Соңғы концерт Дина Нұрпейісова халық алдына соңғы рет 1952 жылы 91 жасында шықты.
1955 жылдың 31 қаңтарында ұлы күйші дүние салды. Оның жасы сол кезде 94-те болатын. Дина Кенжеқызы Алматы қаласының орталық зиратында жерленген.
Оның шығармалары қазақ домбыра өнерінің нағыз классикасына айналды.
Консерваторияның фольклор кабинетінде халық композиторларының алуан түрлі мұрасын зерттейтін арнаулы бөлім бар. Бұның қазақтың халық аспаптарын тарту техникасын онан әрі үдетіп, жетілдіре түсу үшін аса зор теориялык және практикалық мәні бар.
Динаның күйлерін Құрманғазы атындағы және көркем-өнершілер оркестрлері тартады. Бұл күйлер Қазақстан композиторларының шығармаларына да тамаша тақырып болды. Республикамызда Дина Нұрпейісованы білмейтін ешбір түкпір жоқ. Оның аты мен музыкасы халық ссінде ұзақ сақталады.
P.S. Дина феномені, оның музыкалық таланты туралы Ахмет Жұбанов, Ғафура Бисенова, Қаршыға Ахмедияров секілді өнертанушы марғасқалар талай-талай мақала жазды. Шынында да тек қазақ ортасында ғана емес, әлемнің озық елдерінде де әйел құқығы оңайлықпен мойындала бермейтін ХІХ ғасырда өнер көгінде өшпес жұлдыз болып жарқыраған Дина Нұрпейісованың тағдыры ерекше-ақ. «Әлемнің ең атақты әйел-музыканттары» деген мақала жазып, Кассия Песнописица, Хильдегарда Бингенская, Фанни Мендельсон, Клара Шуман және Консуэло Веласкестердің қатарына Дина Нұрпейісованы да қосқан автор Лилит Мазикинамен келіспеу қиын. Шынында да Дина – әлемдік тұлға болатын.
Әдебиеттер
1.Шамғонов, А.Дина Нұрпейісованың тегі туралы не білеміз qazaquni.kz 5 мамыр 2015 ж. 
2. Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”
3.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005
4. Дина Нұрпейісова [Мәтін]. Т.2.Тарихи тұлғалар// Қазақтар: көпшілікке арналған тоғыз томдық анықтамалық.- Алматы: Білік, 2003.- 120-121 б.






Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
Жалпы ережелер
республикасы білім
рсетілетін қызмет
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
атындағы жалпы
туралы хабарландыру