Асқаров Нұрлан Әуезханұлы Нәлібаев Жәнібек Бәкірұлы Белғара Біржан Байғараұлы іс қАҒаздарын жүргізу негіздері алматы­­­


Мемлекеттік стандарттар мен құжаттар

Loading...


бет6/27
Дата08.04.2020
өлшемі1.67 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

2.2. Мемлекеттік стандарттар мен құжаттар

Қазақстан Республикасында ресми құжаттарды ресімдеудің бірыңғай ережесін ендіру мақсатын көздеп дайындалған арнайы мемлекеттік стандарт бар. Ол тек мемлекеттік органдарда ғана емес, сонымен бірге жекеменшіктік және ұйымдық-құқықтық формалары қандай екендігіне қарамастан барша ұйымдарда, соның ішінде шетелдіктер қатысуымен жұмыс істейтін заңды тұлғаларда да қолдану үшін жасалған.

Бұл стандарт «Ұйымдық-құқықтық құжаттама. Құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар. СТ ҚР 1042-2001» деп аталады. Ол Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі комитет пен ҚР Ұлттық ғылыми-техникалық орталық тарапынан әзірленіп, қолданысқа ендірілген. Бұл стандарт Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігіне қарасты Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеттің 2001 жылғы 22 қазандағы № 376 бұйрығымен бекітіліп, іске қосылған.

Бұл стандарт құжаттардың деректемелер құрамын айқындайды, ресімделуін нақтылайды, бланкілерді жасауға, толтыруға, оларды есепке алуға, пайдалануға және сақтауға қойылатын талаптарды белгілейді.

Сонымен қатар қолданыста «Іс қағаздарын жүргізу және мұрағат ісі. Терминдер мен анықтамалар. СТ ҚР 1037-2001», «Қағаз негіздегі құжаттар. Мұрағаттық сақтауға қойылатын техникалық талаптар» атты стандарттар да бар.

Стандарттау – барлық ынталы тараптар пайдасын көздей отырып, солардың қатысуымен белгілі бір сала қызметін ретке келтіру мақсатында ережелер белгілеу және оларды қолдану. Стандарттау іс-әрекеттің сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету арқылы жалпыға ортақ ең жоғары экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізуді көздейді. Мәселен, іс қағаздарын жүргізу саласындағы терминдер мен анықтамаларды стандарттау мамандар мен аудармашылар жұмысын тіл, лексика және стиль жағынан бір ізге түсіріп, олардың кәсіби салада бірін-бірі түсінісу мүмкіндігін арттырады.

Қазақстан Республикасында бірқатар стандарттар жасалып, қолданысқа ендірілген. Олардың ішінде, жоғарыда атап өткеніміздей, іс қағаздарын жүргізуге байланыстылары мыналар:

1) СТ РК 1042-2001 «Ұйымдық-өкімдік құжаттама. Құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар»;

2) СТ РК 1037-2001 «Іс жүргізу және мұрағат ісі. Терминдер мен анықтамалар»;

3) СТ РК 1237-2004 «Қағаз жеткізгіштегі құжаттар. Мұрағаттық сақтау ісіне қойылатын жалпы техникалық талаптар».



Құжаттаудың бір ізге түсірілген жүйесі – бірыңғай тәртіп, талап, стандарт негізінде жасалған, белгілі бір сала қызметін басқаруға қажетті ақпараттардан тұратын құжаттама жүйесі.

Қандай бір сала қызметінде болмасын, маманның кәсіби деңгейін анықтайтын факторлардың бірі құжаттау жүйесі туралы білімі болып табылады. Неғұрлым кеңінен қолданылатын құжаттар тобы ұйымдық-өкімдік құжаттар болып табылады. Оның жасалуына, ресімделуіне, өңделуіне қызметкердің қай-қайсысы болмасын белгілі дәрежеде қатысып отырады (мәселен, жеке құрам бойынша құжаттар, бұйрықтар, анықтамалар, хаттамалар т.б.). Сондықтан жоғарыда аталған СТРК 1042-2001 стандартында ұйымдық-өкімдік құжаттаманың бір ізге түсірілуіне ерекше назар аударылып, ұйымдық-басқару міндеттерін орындауда пайдаланылатын құжаттар құрамына, мазмұнына, құрылысы мен ресімделуіне қойылатын талаптар белгіленген.



Құжат формасы – белгілі бір ретпен орналастырылған деректемелер жиынтығы.

Құжат деректемесі – белгілі бір құжат түріне тән міндетті элемент.

Құжаттың тұрақты деректемесі – құжат бланкісін жасау кезінде қойылатын деректеме.

Құжаттың ауыспалы деректемесі – блакіні толтыру кезінде қойылатын деректеме.

Белгі-деректеме – құжатқа алынып отырған объектінің сапалық сипатын білдіретін көрсеткіш деректеме.

Негіз-деректеме – құжатқа алынып отырған объектінің сандық (мөлшерлік) сипатын білдіретін көрсеткіш деректеме.

Құжаттағы көрсеткіш – белгі-деректеме мен негіз-деректеменің жиынтығы.

Құжат бланкісі (бланкі) – тұрақты деректемелер салынған ақпарат негізі.

Құжат деректемелерінің орналасу схемасы – белгілі бір қалыптағы құжат формасының құрылымдық үлгісі. Мұнда деректемелерді жазуға өзіне тән арнайы орындар белгіленеді. Ұйымдық-өкімдік құжаттар деректемелерін орналастыру схемасы СТРК 1042-2001 Стандартында, Қазақстан Республикасы мемлекеттік ұйымдарында құжаттау және құжаттаманы басқару жөніндегі тұрпатты ережелерде келтірілген.

Кәсіпорынның іс қағаздарын жүргізуге жауапты адамы немесе бөлімшесі құжаттама саласындағы мемлекеттік нормативтік-құқықтық актілерді қадағалап отыруы тиіс. Қолданыстағы нормативтік актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілсе, жаңа құқықтық актілер мен стандарттар қабылданса, іс қағаздарын жүргізуде сол құжаттарға сәйкес шараларды дер кезінде қолға алған жөн.



2.3. Басқаруды құжатпен қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі және құжаттау

Бүгінгі күні еліміздегі құжаттамалық қамтамасыз ету ісін бақылауға өкілетті орган Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті (бұдан әрі – Комитет) болып табылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысымен бекітілген Ережеге сәйкес Комитет мұрағат ісі мен құжаттама жөніндегі мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуын бақылау және тексеру қызметін атқарады.

Сол секілді елімізде мемлекеттік тілде іс қағаздарының жүргізілуіне, ұйымдастырылу деңгейіне белгілі дәрежеде Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті, қалалық және облыстық тілдерді дамыту басқармалары, Мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту республикалық орталығы және тағы басқа құрылымдар үйлестірушілік, қадағалаушылық және оқу-әдістемелік функциялар атқарады.

Көптеген елдерде іс қағаздарын жүргізудің әдістемелік басшылығы мұрағат органдарына жүктелген. Мұнда кездейсоқтық жоқ. Құжат көп қырлы. ҚР 1037-2001 «Іс қағаздарын жүргізу және мұрағат ісі. Терминдер мен анықтамалар» стандарты бәрінен бұрын құжаттың ақпарат жеткізгіш құрал екенін атап өтеді. Құжатты күнделікті жұмыста пайдаланған соң оның екінші бір ерекшелігі алға шығады, яғни оны ендігі жерде тарихи дереккөз ретінде сақтау. Қорытындысында құжат Ұлттық мұрағат қорын толықтырады. Бұл міндеттер әрқашан басқарушылардың да, мұрағат қызметкерлерінің де назарын аударады. Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Заңы бойынша құжаттардың жасалуына ұйымдық-әдістемелік басшылық және олардың облыстағы (республикалық бағыныстағы қала, астана) мемлекеттік ұйымдарда ведомстволық сақтау жағдайын бақылау мұрағат органдарына жүктелген. Осыған орай облыстық мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасы ведомстволық мұрағаттардың, мемлекеттік мекемелердің, ұйымдардың және облыс кәсіпорындарының құжаттау мен құжаттаманы басқару ісіне ұйымдық-әдістемелік басшылық жасайды. Осы мақсатта мемлекеттік ұйымдардағы құжаттама жасау мен мұрағаттық құжаттарды сақтау жайына кешенді тексеру жүргізіледі, соның аясында семинар-жиналыстар өткізіліп, іс қағазын жүргізушілер мен мұрағатқа жауап беретіндерге кеңестер беріледі, жеке номенклатуралық істер жетілдіріліп, мұрағат құжаттары реттеледі.

Кешенді тексеру жүргізу алдында мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасы облыстың тиісті департаменті, басқармасы немесе бөлімімен бірге арнайы бұйрықтар шығарады. Бұйрықтар арқылы жүйеге қарасты ұйымдардың тізімі, тексеру мерзімі белгіленіп, комиссиялар құрылады, тексеруді дайындау және жүргізуге дайындық жөніндегі жоспарлар бекітіліп, басқа да тиісті қағаздар әзірленеді.

Қандай ұйым болмасын, соның ішінде коммерциялық ұйым да құжатсыз жұмыс жүргізе алмайды. Құжаттардың түзілуі, пайдаланылуы және сақталуы қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жүргізілген жағдайда ол компания мүдделері қорғалуын қамтамасыз етіп, басқару қызметінің тиімділігін арттыра түседі.

Өз ісін ашқысы келген кісілердің бәрі де ең алдымен тиісті құжаттарды ресімдеуден бастау қажеттігін жақсы түсінеді.

Іс қағаздарын жүргізуді дұрыс ұйымдастыру кез келген ұйым қызметі туралы шынайы мәліметтер алып отыруға мүмкіндік беретіні және оларды неғұрлым тиімділікпен басқаруға ықпал ететіні айқын. Бұл іс қазіргі жағдайда бірқатар түбегейлі ерекшеліктерге ие болып отыр. Бүгінгі ұйымдар, адамдар арасындағы қарым-қатынас құралдары мен ақпараттық технологиялар ендірудегі аса жылдам өзгерістер кезеңінде жан-жақты талдап, түсінуді және кейін де пайдалану үшін сақтауды қажет ететін ақпараттар көлемі өсе түсуде.

Басқарудың ақпараттық дерек көздеріне байланысты технологиялық процестердің бір де бірі іс жүзінде құжаттау қызметін айналып өте алмайды. Құжаттау – құжаттардың түзілу, орындалу және ресімделу процестерінен тұрады. Барлық буындардың атқарушыларынан бастап жетекшілеріне дейінгі барша жұмыскерлер қызметі осы құжаттау ісімен байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
білім беруді
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...