Асқаров Нұрлан Әуезханұлы Нәлібаев Жәнібек Бәкірұлы Белғара Біржан Байғараұлы іс қАҒаздарын жүргізу негіздері алматы­­­

Loading...


бет2/27
Дата08.04.2020
өлшемі1.67 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

Алғы сөз


Жалпы іс қағаздарының қоғам өмірінде қолданылмайтын саласы жоқ. Адам дүниеге келген сәттен бастап бақилық болғанға дейінгі бүкіл өмірі құжатпен байланысты. Өз өмірінде іс қағаздарын жүргізумен бетпе-бет келмеген жан жоқ, сірә. Адам баласы кәмелеттік жасқа толғаннан кейін қызметке тұру үшін өтініш жазудан бастап, ұрпағына арнап өсиет қалдырғанға дейін қаншама құжат толтырады, қаншама құжатқа қол қояды. Алайда мұның бәрін арнайы ретпен, белгіленген тәртіпке, жүйеге сәйкес жүргізбесе, бұл құжаттар көптеген келіспеушіліктер мен дау-жанжалдарға да себеп болады. Сондықтан да іс қағаздарын жүргізу негіздерін білу тек әр алуан мекемедегі қызметкерлерге ғана емес, әрбір азамат адам үшін де өте маңызды.

Кез-келген ғылым саласы секілді іс қағаздарын жүргізудің де өзіндік жүйесі, қалыптасқан ережесі, дайындалу тәртібі бар. Ал, мұның басқа нақты ғылым салаларынан ерекшелігі оның әмбебаптық сипатында. Нақтырақ айтқанда, іс қағаздарын жүргізудің бүкіл салаға тән ерекшелігіне байланысты екендігінде. Айталық, жаратылыстану ғылымдарының әрбіреуі белгілі бір мәселеге ғана арналып, сол салада ғана қолданылса, ал, іс қағаздары, құжат айналымы жүйесі бүкіл кәсіпорында қолданылады. Сондықтан қай саланың қызметкері болмасын, құжат айналымы жүйесінен айналып өте алмайды. Мектепте, жоғары оқу орындарында іс қағаздарын жүргізу негіздері тереңдеп үйретілмейтіндігі себепті көпшілік қауым қызмет барысында көптеген қиыншылықтарға ұшырасып жатады. Ұсынылып отырған еңбек осы олқылықтың орнын толтыруды мақсат еткен.

Бұл кітапты таза ғылыми-теориялық еңбек деп қабылдамау керек. Кітаптың алдына қойған мақсаты да бұл емес. Басты мақсат – көпшілікті іс қағаздарын жүргізу негіздерімен, құжат ресімдеу үлгілерімен таныстыру, қазақша іс қағаздарын жүргізу дағдыларын меңгерту, ұйымдардағы іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру жүйесі жөнінде жалпы түсінік беру.

Іс қағаздарын жүргізуді тек басшылардың, хатшылардың, референттердің, іс қағазын жүргізушілердің ғана ісі деп қарау дұрыс емес. Мұны әрбір сауатты адам мүлтіксіз меңгергені лазым. Сонда ісіміз тиянақты, уақытымыз үнемді, шаруамыз берекелі болады. Өзімізге тиесілі құқықтарымыз да аяққа тапталмайды. Көпшілік қауымға жол тартып отырған бұл еңбек осынау маңызды да жауапты міндетті ойдағыдай атқаруға тиісті деп білемін.

Бұл еңбектің жазылып, жұртшылыққа ұсынылуы да заман сұранысына дөп келіп, ойлаған жерден шыға алған. Қазақтың ресми-іскерлік тілін ұштау, түрлендіріп дамыту мәселесі күн тәртібіне өткір қойылып отырған бүгінгі күні бұл кітаптың осынау зәру іске қосар үлесі мол болар деген үміт бар. Өйткені ұзақ жылдар бойы орыс тілінің үстемдік етуіне байланысты ана тіліміздегі ресми-іскерлік стилі өз деңгейінде нық беки қоймады. Қазіргі уақытта да ғылыми-техникалық тіліміз болсын, ресми іс қағаздары стилі болсын, орыс тілінің әсерімен қалыптасуда. Тіліміз орыс тілінің аудармасына, қазақша жансыз баламасына айналып бара жатыр. Қазақ тілі табиғи болмысынан, төл қасиетінен ажырап, жасанды, жұтаң тілге айналу қаупі төніп тұр. Бұдан былай осы бағытта ойласар, ортақ шешімге келер істер мол. Бұл ыңғайда іс қағаздарын жүргізудің заманауи жетістіктерімен бірге төл тарихымыздағы ресми-іскерлік тілді, түрік халықтары тілдерінің тәжірибелерін зерттеп, зерделеудің берері көп деп білемін.

Тарих тереңіне бойламай-ақ, қазақтың соңғы он ғасырдағы өткен жолына көз тіксек, қаншама заттай айғаққа куә боламыз. Армян қыпшақтарының тілінде жазылған ресми құжаттар мен Қазақ хандығы кезіндегі көршілес іргелі мемлекеттермен жазысқан ресми хат-хабарлардың өзі-ақ тақиямызға тар келмес. Әлбетте, бұл тарапта жасалған ізденістер жоқ емес. Біздің көздегеніміз сол сораптың соңы сұйылмай, арналы жолға айналса деген тілек. Осы жағынан алғанда, авторлардың бұл қадамы көңіл көншітеді.

Бұдан алдыңғы ізденушілер іс қағаздарының орыс және қазақ тілдеріндегі үлгілерін топтастырып берумен ғана шектеліп келген еді. Іс қағаздарын жүргізуді өзінше бөлек ғылым арнасы, оның теориялық және әдістемелік мәселелері бар екендігіне көңіл аударып, соны ана тілімізде егжей-тегжейлі қарастырып отырған бұл еңбек осы бағыттағы алғашқы қадамдардың бірі. Әрбір жаңа істің кем-кетіксіз болмайтыны белгілі. Бұл кітаптың да артық кем тұстары бар шығар. Дегенмен, дүйім жұртшылықтың іс қағаздарын жүргізу бойынша білімін көтеруді мақсат еткен бұл еңбек көп кәдесіне жарайды деп нық сеніммен айта аламын. Ендеше, іске сәт!


Өмірзақ Айтбайұлы,

Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор

Кіріспе

Кез-келген мекеме мен кәсіпорында құжаттардың, құжат айналымы жүйесін дұрыс ұйымдастырудың маңызы аса зор. Құжаттардың негізінде басқару шешімдері қабылданады, даулы мәселелер шешіледі. Қандай ұйымда болмасын, сауатты жасалып, заңды күшке ие болған құжат қана табысты жұмыстың кепілі болады.

Ұйымда құжат айналымының талапқа сай ұйымдастырылмауы құнды құжаттардың жоғалуына, кәсіпорын жұмысының жүйесіздігіне алып келеді. Мұның өз кезегінде түрлі қиыншылықтар мен даулы оқиғаларға соқтыратыны айтпаса да түсінікті. Бұлардың барлығы да Қазақстанның іс қағаздарын жүргізу саласында қолданылып жүрген заңдары мен нормативтік-құқықтық актілерінде тиісінше көрініс тапқан.

Іс қағаздарын жүргізудің негіздеріне арналып отырған бұл оқу-қолданбалы құралы еліміздегі түрлі нысандағы кәсіпорындардың, іс қағаздарын жүргізумен айналысушы мамандардың қызмет барысында пайдалануына арналған.

Іс қағаздарын жүргізу мекемелер мен кәсіпорынды құру сатысында-ақ басталып кетеді десе де болады. Ол болашақ ұйымның құрылтай құжаттарын дайындаудан бастап, оны мемлекеттік тіркеуден өткізу аралығын қамтиды. Белгілі-бір ұйым нақты тіркеуден өткеннен кейін заңды тұлға мәртебесіне ие болады. Міне, осы сәттен бастап ұйымда құжат айналымы жүйесін қалыптастыру қажеттігі туындайды. Көбінесе, шағын кәсіпорындарда іс қағаздарын жүргізумен айналысатын жеке құрылымдық бөлімше болмайды. Бұл функцияны, әдетте, хатшы-референт немесе кәсіпорын басшысының көмекшісі атқарады. Кейде ол кадр ісін де қоса алып жүреді. Мұның барлығының да кәсіпорындар мен ұйымдардың аяғынан тұрып кетуі үшін қолға алынып отырған қадамдар екендігінде сөз жоқ. Дегенмен, іс қағаздарын жүргізумен тұрақты айналысатын арнайы маманның не құрылымдық бөлімшенің болмауы құжаттамалық қамтамасыз ету саласының айтарлықтай нашарлауына алып келетінін жоққа шығара алмаймыз.

Осындай ерекшеліктерді ескере келе, біз бұл кітапқа іс қағаздарын жүргізу бойынша барынша қажет болар-ау деген маңызды ережелер мен нормалар түсіндірмелерін, жиі кездесетін құжаттардың үлгілерін топтастыруға тырыстық. Кітаптың елеулі бөлігі іс қағаздарын жүргізудің құқықтық негіздеріне, мекемелердегі, кәсіпорындардағы басшы мен қызметкерлер арасындағы еңбек қатынастарын ресімдеу мәселесіне арналған. Мекемеде құжат айналымын ұйымдастыру бойынша нақты ұсыныстар берілді. Оқу-тәжірибелік құрал көптеген мемлекеттік және коммерциялық кәсіпорындардың нақты тәжірибелерін, авторлардың қызмет барысында жинаған тәжірибелері мен пайымдауларын қорыту негізінде жазылды. Әсіресе, соңғы кездегі ақпараттық технологиялардың қол жеткізген жетістіктеріне орай электронды құжат айналымына, электрондық сандық қол қою арқылы құжаттарды ресімдеуге, ведомостволық электронды мұрағат ұйымдастыру мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Бұл орайда, көптеген компаниялар табысты пайдаланып жүрген бағдарламалық қамтамасыз етулерге де тиісінше тоқталдық.

Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізудің негіздеріне арналып отырған бұл еңбек Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі № 151-1 Заңы аясындағы міндеттерді іске асыру мақсатында жазылып отыр.

Ұйымдар мен кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің іс қағаздарын жүргізу міндетін атқару жүктелген мамандары, кәсіпорын басшылары, кадр бөлімінің қызметкерлері, жеке өз ісін ашқысы келетін жандар, сол секілді құжаттарды сауатты толтыру негіздерін меңгергісі келетін жалпы жұртшылық бұл кітаптан өз керегін қиналмай таба алады деп үміттенеміз.



Авторлар




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дебиеті маманды
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
білім беруді
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
мелетке толма
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...