Асқаров Нұрлан Әуезханұлы Нәлібаев Жәнібек Бәкірұлы Белғара Біржан Байғараұлы іс қАҒаздарын жүргізу негіздері алматы­­­

Loading...


бет18/27
Дата08.04.2020
өлшемі1.67 Mb.
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27

4.4. Ақпараттық-анықтамалық құжаттар

Мекемелер дайындайтын құжаттардың көп бөлігі ақпараттық- анықтамалық құжаттар болып табылады. Бұл құжаттар нақты істер туралы ақпараттардан тұрып, шешімдер қабылдау мен бұйрық сипатындағы құжаттарды дайындауға негіз болады.

Ақпараттық-анықтамалық құжаттарға анықтамалар, баянхаттар немесе түсініктемелер, актілер, әртүрлі хаттар және т.б. жатады. Олар ұйымдастырушылық - бұйрық құжаттарға қосымша болып келеді де, міндетті түрде орындауға жатпайды. Олардағы ақпарат іс-әрекетке итермелегенімен, мәлімет ретінде ғана қабылданады.

Анықтамалық-ақпараттық құжаттар ұйымдық-құқықтық және өкімдік құжаттарға қарағанда қызметтік рөл атқарады. Оларда өкімдік құжаттардағыдай тапсырма болмайды, міндет жүктемейді, тек белгілі бір мәселелер бойынша шешім қабылдауға итермелейтін мәліметтер болады, яғни басқару ісіне байланысты тиісті шараларды қарастыруға ықпал етеді, басқаша айтқанда, басқару жолымен әсер ету әдістерінің бірін таңдауға мүмкіндік жасайды.

Анықтамалық-ақпараттық құжаттардың бір ерекшелігі – олар басқару жүйесі бойынша төменнен жоғары: қызметкерден бөлімше басшысына, бөлімше басшысынан ұйым басшысына, ведомствоға қарасты ұйымдардан жоғарғы орындарға қарай жүреді.

4.4.1. Іскерлік хат

Іскерлік хат – кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің сыртқы әлеммен негізгі байланыс арналарының бірі. Хат арқылы алдын-ала келіссөздер жүргізіледі, кәсіпорындар арасындағы қарым-қатынастар анықталады, талап-шағымдар айтылады, ұсыныстар жасалады, өзара пайдалы ақпарат алмасу іске асырылады.

Хатты жылдам әрі сауатты дайындау үшін қазіргі кездегі ресми хат-хабар стилін және оған қойылатын талаптарды білген жөн.

Қызметтік хаттар – бұл іс құжаттарының ең көп тараған түрі. Хат басқа кәсіпорынмен немесе мекемелермен әртүрлі мәселелер бойынша жедел байланысу үшін жасалады.

Хат мазмұны және мақсаты бойынша ақпараттық, кепілдік, рекламациялық (наразылық), коммерциялық, сұрату-хаттар, шақыру хаттар және т.б. болады.

Ақпараттық хаттар хабарлау, өтіну, есіне салу, ұсыныс және т.б. тұрады.

Кепілдік хаттар ақы төлеуге, жеткізу мерзіміне немесе өнім мен қызметтің сапасына кепілдік беру туралы хабарлауға арналған.

Рекламациялық (наразылық) хаттарда келісім-шарттың немесе шарттардың талаптарын басқа тараптың (контрагент) бұзуы салдарынан шеккен зиянды өтеу талаптары баяндалады. Рекламация хатқа қоса берілетін акті, анықтама және т.б. түріндегі құжаттармен расталуы тиіс.

Коммерциялық хаттар келісім-шарттар жасау және орындау кезінде жазылады, оларда негізінен тауарлар мен қызметтер туралы ақпарат ұсыну немесе керісінше тауарлар мен қызметтер ұсыну туралы өтініштер жазылады.

Сұрату хаттарда контрагенттен қандай да бір фактіні немесе әрекетті түсіндіру сұралады.


Қызметтік хаттарды ресімдеу ережесі
1. Қызметтік хаттар хатқа арналған бланкіде ресімделеді, оның жалпы бланктен айырмашылығы онда кәсіпорынның почталық және банктік деректемелері болады.

2. Қызметтік хаттың құрамына мынадай деректемелер кіреді:

- адресат;

- күні;


- құжаттың индексі;

- мәтіннің тақырыбы;

- мәтін;

- қосымшаның бар екендігі туралы белгі (бар болса);

- қолы;

- орындаушының аты-жөні мен телефоны.



3. Хат тек бір нәрсе туралы ғана жасалады, мысалы, бір нәрсе туралы өтіну немесе хабарлау. Бірнеше мәселе - өтініш және бір нәрсе туралы хабарлау – қозғалған хаттарды өңдеу қиын, өйткені әр түрлі мәселемен әр түрлі орындаушы айналысады. Сондықтан әрбір мәселе бойынша жеке хат жасаған орынды.

4. Іскерлік хаттың ұсынылатын көлемі – 2 беттен аспағаны жөн (кейбір жағдайларда – 5 бетке дейін).

5. Хат екі данада ресімделеді, хаттың түпнұсқасы мекеменің бланкісінде басылады, ал көшірмесі таза стандартты қағазға басылады. Көшірме данасына бастық қол қоймайды, оны хатшы растайды.

6. Қызметтік хат мекемеге, оның құрылымдық бөлімшесіне, нақты лауазымдық тұлғаға немесе жеке адамға жіберілуі мүмкін. Егер хат мекемеге жіберілсе, онда адресаттағы мекеме атауы атау септігінде жазылып, лауазымды адамның аты-жөнін – барыс септігінде жазылады.

ҚР Әділет министрлігі

Заң басқармасы

немесе

ҚР Әділет министрлігі



Заң басқармасының бастығы

А. Омаровқа


Адресат атауынан кейін оның почталық мекен-жайы көрсетілгені жөн:

ҚР Әділет министрлігі

Заң басқармасының бастығы

А. Омаровқа

480035, Астана

Кенесары к-сі, 12-үй


7. Егер бір мазмұндағы хат бірнеше адресатқа бағытталған болса, алдымен негізгі алушының мекен-жайы, содан кейін басқалары тізіледі. Бір хатта Адресаттар деректемелері төртеуден аспауы керек. Егер құжат төртеуден көп адресатқа жіберілетін болса, тарату тізімі жасалып, әрбір данада нақты дана жіберілетін бір адресат көрсетіледі.

8. Хаттар мен факстерде құжат түрінің атауы көрсетілмейді. Хаттың тақырыптық бөлігіне мынадай деректемелер ресімделеді: егер жауап хат болса, Күні, Индексі және хаттың нөмірі мен күніне сілтеме ресімделеді. Хат мәтінінің тақырыбы барынша қысқа және нақты болуы тиіс. Ол әдетте былайша ресімделеді: ....... өзгерістер туралы, ........... құру туралы, ................ өткізу туралы, т.б. мазмұны 4-6 жолдан аспайтын хаттарға тақырыпша ресімделмейді.

9. Хаттың мәтінін екі бөлікке – кіріспе және негізгі – бөлген жөн:

- кіріспе бөлікте хат жазуға себеп болған нәрсе көрсетіледі, хаттың нөміріне, күніне, құжатқа сілтеме жасалады;

- негізгі бөлікте хаттың негізгі мақсаты тұжырымдалады.

Мысалы:
Кіріспе бөлік: «»

Негізгі бөлік: «»
Көпшілік қызметтік хаттардың кейбір сөз орамдары бірдей болып келеді, оларды меңгеріп алған соң, әр түрлі хаттарды оңай құрастыруға болады.

10. Қолы деректемесін ресімдеу жалпы талаптарға сәйкес жүргізіледі.

11. Орындаушының фамилиясы мен телефоны деректемесі бланктің беткі немесе екінші жағының төменгі сол жақ шетіне орналастырылады.

Әр хаттың өзіндік мақсаты бар, сондықтан ол осындай мақсатқа қол жеткізетін үлгіде жазылуы тиіс.

Сыпайылық пен дәлдік іскерлік хат-хабарлардың ажырамас бөлігі болып табылады. Маңызды мемлекеттік қайраткерге жазылған хаттардың мәнері әдеттегідей іскерлік хаттарға қарағанда ресми және құрмет білдіру сипатында болғаны жөн.

Іскерлік хаттарды дайындау барысында мына жайды есте ұстау керек, хаттар арқылы оларды жазып отырған адам ғана емес, оның артында тұрған ұйым да бағаланады. Нәтижесінде хат адамға немесе ұйымға жақсы бедел әкеледі немесе керісінше болып шығады.



Жолдама хат
Жолдама хат – құжаттар хатпен бірге қоса жіберіліп отырғандығы туралы адресатты хабардар ету үшін жиі қолданылатын құжат. Жолдама хат қандай да бір құжаттың жөнелтілгені жөніндегі фактіні куәландыра отырып жіберілген құжаттардың сақталуын бақылайтын сенімді әдіс болып табылады.

Жолдама хат жіберілген құжаттар жөнінде түсінік беру үшін немесе қосымша мәліметтер ендіру үшін, атап айтқанда: құжаттың орындалу мерзімін көрсету, кешігу себебін түсіндіру, күрделі жәйттердің түйінін аңғарту т.б. мақсаттарға байланысты әзірленеді. Қалған жағдайларда, қандай да бір ақпарат жеткізу міндеті көзделмейтін болса жолдама хат дайындаудың қажеті жоқ.

Жолдама хаттың мәтіні өте қысқа, әрі тақырыпсыз жазылады.

4.4.2. Жазбалар



Баян хат
Баян хат – ақпараттық-анықтамалық сипаттағы құжат. Ол бұл хатты жазушының өзі жұмыс істейтін ұйымның басшысына немесе жоғары тұрған органға жолдаған қандай-да бір мәселе немесе деректен, қорытынды мен ұсыныстан тұруы мүмкін.

Мазмұны мен мақсатына байланысты баяндау хат бастама (ұсыныс жасау, өтінішті, деректі, оқиғаны баяндау) және есеп беру (қандай да бір істің, тапсырманың, жоспардың орындалу барысы, жағдайы, аяқталуы, іссапар нәтижелері, тексеріс және т.б. туралы) сипатында болуы мүмкін.


Баянхаттың үлгісі
«Арқау» ЖШС-нің директору

Н. Асановқа



БАЯНХАТ
07.02.2007 ж. № 15
105/4 тапсырысты қосымша

қаржыландыру туралы
2007 жылдың І тоқсанында полиграфия қызметтерінің бағасының өсуіне және шығындар сметасының өзгеруіне байланысты № 105/4 тапсырыс бойынша жұмысты аяқтау үшін қосымша 1,5 (бір жарым) млн. теңге бөлуіңізді сұраймын.
Бөлім бастығы Жеке қолы Т. Тұрсынов
Түсініктеме

Түсініктеме – 1) негізгі құжаттың (жоспардың, есептің, жобаның) жекелеген ережелерінің мазмұнын түсіндіретін құжат; 2) лауазымды тұлғаның қандай да бір іс-әрекетті, деректі, оқиғаны түсіндіріп жоғары тұрған лауазымды тұлғаға ұсынатын хабарламасы. Түсіндірме қызметкер ішкі еңбек кестесін және еңбек тәртібі ережесін бұзған жағдайда (жұмысқа кешігіп келу, жұмыстан қалу, жұмыс орнынан табылмау және т.б.) жазылады.

4.4.3. Өтініш



Өтініш – жұмысқа қабылдау, жұмыстан шығару, басқа жұмысқа ауысу, демалыс беру және т.б. туралы өтінішпен ұйымға немесе лауазымды тұлғаға бағытталған құжат.
Жұмысқа қабылдау туралы
«Арқау» ЖШС-нің директоры

Т. Асановқа

Алматы қаласы, Байзақов көшесі,

200 үй, 21 пәтерде тұратын

Б. Қансейітовадан

ӨТІНІШ
Мені 2006 жылдың 11 қыркүйегінен бастап штаттық кестеге сәйкес қызметке алуыңызды сұраймын.
10.09.2006 ж. __________

(күні) (қолы)



Нотариалдық кеңсеге
******____________________

(нотариалдық кеңсенің атауы)

нотариалдық кеңсесіне

__________________________

мекенжайында тұратын

________(аты-жөні)________



АРЫЗ
******_________________ нотариальдық кеңсесінен _____________ мекенжайында тұратын азамат ______(аты-жөні)___________ төмендегі мазмұдағы өтінішті беруді өтінемін: «Азамат ____(аты-жөні)_______________, маған тиесілі _________________ маркалы, _________________ ж. № _________________ реестрмен куәландырылған автомобилді пайдалануға Сіздің атыңызға өзім берген сенімхаттан бас тартамын.

Сенімхаттың Сізге берілген данасын маған немесе ________________ нотариалдық кеңсесіне қайтаруыңызды өтінемін».


__ __________ ___ж. __________ (күні) (қолы)


4.4.4. Акт

Акт – анықтамалық - ақпараттық құжат. Бекітілген фактілерді немесе оқиғаларды (құралдар жиынтығының, материалдық құндылықтарды қабылдау - тапсыру, іс, құжаттарды жою, апат актілері және т.б.) растау үшін белгілі бір адамдар тобы жасайды. Акт оны жасаушылар шығарған қорытындыдан, айтқан кеңестен, ұсыныстардан тұруы мүмкін (тексеру, зерттеу, тексеріс, бұйымды сынау және т.б.).


Істі тасыру-қабылдау актісі
БЕКІТЕМІН:

Кәсіпорынның басшысы ___________________

(қолы, аты-жөні)

___ ________ __ ж.

Мөр
ІСТІ ТАПСЫРУ-ҚАБЫЛДАУ

АКТІСІ
___ ________ __ ж. № Алматы қ.
Жұмыстан босатылған ******бас бухгалтер ___________________________

(кәсіпорынның атауы)

_____________________________________________________________________

(аты-жөні)

және жаңадан тағайындалған бас бухгалтер _____________________________

(аты-жөні)

№ ________ бұйрық негізінде, ___ ________ __ ж. жағдай бойынша олардың істі тапсыру-қабылдау актісі жасалды.

*******Тапсыру-қабылдау актісі кәсіпорын директорының орынбасары ________________________________________ қатысуымен жүргізілді.

(аты-жөні)

Істі тапсыру-қабылдау нәтижесінде:

1. Бас кітап толығымен осы жылдың ____ ___________ жағдай бойынша толтырылды.

2. ___________________ шоты бойынша аналитикалық есептің карточкасы көрсетілді.

3. Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларына арналған ордерлік журналы көрсетілді, ____________________________________ талдама есеп бойынша ведомостар және депоненттерді тіркеу кітабы көрсетілді.

4. _____________________________ жылғы бухгалтерлік баланс көрсетілді.

5. Мыналар бойынша ___________ жылғы салық декларациясы көрсетілді:

- табыс салығы бойынша;

- ҚҚС бойынша;

- әлеуметтік салық бойынша.

6. __________________ жылғы І, ІІ, ІІІ тоқсандағы тексерулердің актілері көрсетілді.

7. _________________ жылғы кәсіпорынның жылдық есебін тексерген тәуелсіз аудитордың корытындысы берілді.

8. Тізімдеме бойынша _____________ ж. ________ іс мұрағатқа өткізілді.

9. Тізімдеме бойынша анықтамалық-нормативтік әдебиеттер тапсырылды.


Қосымша: 1. Кәсіпорын мұрағаты ісінің тізімдемесі, 5 бет.

2. Анықтамалық-нормативтік әдебиеттер тізімдемесі, 2 бет.


Істі тапсырдым ________________ __________________

(қолы) (аты-жөні)

Істі қабылдап алдым ________________ __________________

(қолы) (аты-жөні)

Істі тапсыру-қабылдап алуға қатысқандар:
Кәсіпорын директорының орынбасары ____________ ______________

(қолы) (аты-жөні)




4.4.5. Анықтама



Анықтама – 1) белгілі бір деректер мен оқиғаларды сипаттайтын, растайтын құжат; 2) биологиялық немесе қызметтік сипаттағы деректерді растайтын құжат.

Анықтамалар қызметтік және жеке болады.



Қызметтік анықтамалар лауазымды тұлға жүргізген қандай да бір тексерудің жиынтық нәтижесінен тұрады, мысалы,

- қоймадағы материалдардың болуы туралы анықтама, әдетте қойма меңгерушісі жасайды немесе оқушылардың белгілі бір уақыт ішінде сабақты босату саны туралы анықтама, мұны оқу меңгерушісі жасайды.



Жеке анықтамалар жеке тұлғаларға беріледі. Оларда әдетте, осы адамға қатысты қандай да бір мәлімет расталады, мысалы,

Оқу орнынан анықтама,

Жұмыс орнынан анықтама

Тұрғылықты жерінен анықтама

Емханадан денсаулығы туралы анықтама т.б.

Анықтамалар бұрыштама бланкіде ресімделеді және оларда мынадай деректемелер болады:

- адресат;

- құжат түрінің атауы (анықтама);

- анықтаманың рет саны;

- күні;


- жасалу орны;

- қызметтік анықтамаларда мәтіннің тақырыбы;

- мәтін;

- қосымшасының бар екендігі туралы белгі;

- қолы.

Қызметтік және жеке анықтамалардың айырмашылықтары мынада: қызметтік анықтамада адресат деректемесі ресімделеді, ал жеке анықтамада адресат ресімделмейді, бірақ құжат мәтінінің соңында анықтаманың қандай мақсатқа берілгені жазылады, яғни оның қандай мекемеге ұсынылатыны көрсетіледі


Жұмыс істейтіндігі туралы
АНЫҚТАМА

Осы анықтама ________________________________________________________

(аты-жөні)

________________________________ болып жұмыс істейтіндігі туралы берілді.

(лауазымын көрсету)

Анықтама *______________________________________________________

(берілген органның атауы)

көрсету үшін берілді.
**Алматы қаласы (________ ауданының) Әкімі ________ _____________

(қолы) (аты-жөні)



4.4.6. Шарт

Шарт – азаматтық құқықтарды, қандай-да бір қарым-қатынастардан туындайтын міндеттерді белгілеу, өзгерту, тоқтату туралы екі немесе бірнеше тұлғалардың (тараптардың) келісімі. Шарт А4 форматтағы парақта ресімделеді.

Шартта мынадай деректемелер болады:

● құжат түрінің атауы;

● күні;

● тіркеу нөмірі;



● мәтін;

● келісім жасалып жатқан тараптардың заңды мекен-жайлары;

● тараптардың әрқайсысының лауазымды тұлғаларының қолдары;

● тараптардың әрқайсысының мөрлері;

● келісу бұрыштамалары.

Шарттың санын шарт жасасушы тараптар анықтайды.



4.4.7. Телеграмма

Телеграмма – байланыс арнасы берілетін құжат. Ақпаратты беру және қабылдау уақытына дер кезінде шешім қабылдау мен оның дұрыстығы әсер етеді. Сондықтан, ақпараттың жылдам алынуын қамтамасыз ету үшін оны телеграф арқылы жібереді. Құжаттардың факсимильді көшірмелерін жіберу үшін фототелеграмма пайдаланылады.

Телеграмма А4 форматқа басылады және мынадай деректемелері болады:

● шұғылдық санаты;

● түрінің атауы;

адресаттың атауы;

● мәтін;

● тіркеу нөмірі;

● күні;

● жөнелтушінің қолы.



Телеграмма 300 сөзден аспауы тиіс.
Телеграмманың үлгісі
ТЕЛЕГРАММА
ШҰҒЫЛ

АСТАНА,


ЖЕҢІС Д-ЛЫ, 14

«ПАРАСАТ» ҚОРЫНА


«ТҰЛПАР» ПОЕЗЫМЕН ЖІБЕРІЛГЕН ЗАТТАРЫҢЫЗ ҚАБЫЛДАНЫП АЛЫНДЫ.

000000, Алматы, Республика алаңы 4

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы
Президент Жеке қолы ______________
М.О.
Күні
Орындаушының фамилиясы

және телефоны

Шығ. № _______ «___»_______


4.4.8. Телефонограмма

Телефонограмма – телефон байланыс арнасы арқылы ауызша берілетін және алушы жазып алатын құжат.

Телефонограмма бір данада жасалып, оған басшы немесе жауапты орындаушы қол қояды. Егер телефонограмма бірнеше адресатқа жіберілетін болса, онда оған жіберілетін жерлердің телефон нөмірлері көрсетіле отырып, тізімі қоса тіркеледі.

Телефонограмма үлгісі
ТЕЛЕФОНОГРАММА
20.05.2007 ж. № 17

сағ.:15:25


Бұқаралық ақпарат құралдарына
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының ұйымдастыруымен 2007 жылдың 29 мамырында сағат 15.00-де «Достық» үйінің мәжіліс залында «Жаһандану дәуіріндегі мемлекеттік тіл» атты дөңгелек үстел өтеді.
Президент Жеке қолы ______________


Хабарлаған хатшы

Ш. Шәкенова

Тел.: 271-66-49


Қабылдаған үйлестіруші

Н. Айдынова

Тел. 255-45-52

сағат 15.40


Телефонограмма мәтіні 59 сөзден аспауы керек. Айтылуы қиын сөздер мен күрделі сөз тіркестерін қолданбаған жөн. Хабарлағаннан кейін оның дұрыстығын қайтадан оқып, пысықтау қажет.

Қабылданған телефонограммалар журналға тіркеледі.


4.4.9. Факсограмма

Қазіргі кезде факс арқылы хат-хабар алмасу кең қолданысқа енді. Сондықтан оны ресімдеу мәселесі өзекті болып отыр.

Факс – телефон байланыс арнасы арқылы арнайы аппаратпен алынған құжат. Факс мәні бойынша берілетін құжаттың көшірмесі болып табылады. Телефакс бойынша құжаттардың кез келген түрі жіберіледі. Алайда факстер көп жағдайда іскерлік әріптестер мен мекемелер арасындағы хат алмасудың бір түрі болып қалады. Факсті ресімдеу қызметтік хатты ресімдеу секілді жүреді. Тек адресат деректемесінде почталық мекен-жаймен бірге алушы қаласының коды мен факс нөмірі көрсетіледі.

Қалған деректерді аппараттың (теелфакс) өзі қояды:

- жіберушінің коды;

- беру күні мен уақыты, сондай-ақ оның ұзақтығы;

- ақпарат берілген телефакстың нөмірі;

- берілген беттердің саны

Егер алынған факсте маңызды ақпарат болса және ұзақ уақыт қолдануға арналса, оларды көшіріп алу керек, өйткені көптеген факс аппараттарының пайдаланатын қағазы жұқа болып келеді. Ал кәдімгі қағазды пайдаланатын қымбат факстерді көшірмесе де болады.

4.4.10. Электрондық хабарлама

Электронды хабарлама – компьютерлер арасындағы желілік байланыс бойынша «электрондық почта» арқылы жіберілетін электрондағы нұсқадағы құжат.

Электронды хабарлама электронды почта адресатынан, қызметтік ақпарат атауынан және мәтіннен тұрады.

Электронды почта арқылы жөнелтілетін құжаттарға мынадай талаптар қойылады:

● құжаттар Word мәтін редакторының немесе Excel кеслеік редактордың көмегімен Times New Roman, Arial шрифтерін пайдалана отырып дайындалады және графикалық бейнелерден тұрмауы тиіс;

● құжаттың жоғарғы бөлігінде «Электронды почта арқылы жіберілді» деген белгі болуы тиіс;

● файлдың атауы латын қарпімен жазылады.

4.4.11. Хаттама




Хаттама – жиналыстарда, мәжілістерде, конференцияларда, бас қосуларда мәселелерді қарау барысын және онда қабылданған шешімді белгілейтін құжат.
Негізінен хаттамалар қысқаша жасалады, онда баяндамалар мәтіні толық келтіріле бермейді. Әйтсе де хаттамаға мәжілістің стенограммасы тіркелгені жөн.
Хаттама жалпы бланкіде де сол секілді А4 форматтағы қағазға да ресімделе береді. Мынадай деректемелерден тұрады:
Құжат түрінің атауы және оның рет тік нөмірі;
Күні;
Хаттама жасалған орын;
Мәтіннің тақырыбы;
Мәтін;
Төраға мен хатшының қолдары.
Мәтіннің тақырыбы әдетте жиналыстың атауынан тұрады, мысалы:
Оқу кеңесінің мәжілісі
Зауыт бөлімшелері басшыларының жиналысы
Кәсіподақ комитетінің мәжілісі
Хаттама мәтіні екі бөліктен – кіріспе және негізгі бөліктен тұрады.
Кіріспе бөлімде жиналысқа қатысушылар көрсетіледі, оның ішінде жиналыстың төрағасы мен хатшысы да көрсетіледі. Егер бұл өндірістік жиналыс болса, барлық қатысушының қызметінің атауы көрсетіледі. Кіріспе бөлім күн тәртібімен аяқталады.
Хаттаманың негізгі бөлімі мынадай сұлба бойынша құрылады: ТЫҢДАЛДЫ – СӨЙЛЕДІ- ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАДЫ (ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ)
ТЫҢДАЛДЫ бөлімінде баяндамашының аты-жөні, (лауазымы көрсетілмейді, ол кіріспе бөлімінде көрсетілген) жазылып, сызықша қойылады да баяндаманың қысқаша мазмұны баяндалады.
СӨЙЛЕДІ деген бөлімде де осылайша жүргізіледі.
ҚАУЛЫ ЕТТІ деген бөлімде қабылданған қаулы жазылады.
Хаттама мәтініне төраға және хатшы қол қояды.



4.4.12. Сенімхат



Сенімхат – сенімді тұлғаға сенім білдіруші (кәсіпорынның немесе азаматтың) атынан қандай да бір іс-әрекеттерді жүзеге асыруға құқық беруі туралы құжат.

Сенімхат үшінші тұлға алдында сеніп тапсырушының атынан сенімді тұлғаға берілген құжат болып табылады.



Жалақыны алуға берілген

СЕНІМХАТ
___________ қ., _____________ ж.

Мен, _____________, жеке куәлік __________, мекен-жай: ____________. өзімнің жалақымды _______________ мекен-жайында тұратын азамат __________________ сеніп тапсырамын. Бұл үшін ____________ менің атымнан барлық құжаттарға қол қою, өтініш жазу құқығын беремін.

 

_____________ ж.                                         ____________________



(аты-жөні, қолы)


Толық сенімхат
СЕНІМХАТ

___________________________________________________________________

(сенімхаттың берілген жері және күні жазумен)

Мен, ________________________________________ мекенжайында тұратын азамат _____________________________________________________,

жеке куәлік №. ______________, _________________________ жылы _____________________ берген, ________________________________________ мекенжайында тұратын азамат _________________________________________ меншік құқығы маған тиесілі _________________________________________ мекенжайында орналасқан тұрғын үйді, қызметтік, есік алды құрылыстарды және ___________ кв.м. (шаршы метр) көлемдегі жер телімін сыйлауға немесе бағасына және өзінің қалауы бойынша сатуына сеніп тапсырамын. Бұл үшін менің атымнан өтініш беріп, қажетті анықтамалар мен құжаттарды алуға, сату-сатып алу келісім - шартына қол қоюға, сыйлауға, маған тиесілі ақшаларды алуға, келісімшартты жергілікті орындарда тіркеуге, менің орныма қол қоюға және осы тапсырманы орындауға байланысты барлық әрекеттерді жүргізуге құқық беремін.

Сенімхат үш жыл мерзімге берілді.

Осы сенімхатты мен, __________________________________________, ____________________________________________________________________

(нотариалдық кеңсенің атауы, лицензияның №, берілген күні)

нотариусы _____________ __ ж. растадым.

Сенімхатқа менің қатысуыммен азамат ___________________________ қол қойды. Жеке басы анықталды, қабілеттілігі тексерілді.

Сенімхаттың мәтінін нотариус дауыстап оқыды.

№ ____________________ тіркемеге тіркелді.

Тариф бойынша: ______________ теңге алынды.

Нотариус: _______________________ (қолы)





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дебиеті маманды
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
білім беруді
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
мелетке толма
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...