Асан қайғы Ақын Жырау Философ Реформатор Би Ақылшы. Асан қайғы (Хасан) Сәбитұлы



Дата11.04.2022
өлшемі272.51 Kb.
#219692
Байланысты:
әдебиет


Асан қайғы Сәбитұлы

Орындаған:Садуақас Ж.

Тексерген:Абылкасов Г.

Асан қайғы

Ақын


Жырау

Философ


Реформатор

Би

Ақылшы


.


Асан қайғы (Хасан) Сәбитұлы (14 ғасырдың ақыры – 15 ғасырдың басы) – мемлекет қайраткері, ақын, жырау, би, философ. Әз Жәнібек ханның ақылшысы болған. Әкесі Сәбит Арал өңірінің Сырдария жағасын мекен еткен. Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, «Жеті әулие» қорымындағы Асан ата кесенесі - Асан Қайғы мазары делінеді.

Оның өмір сүрген тұсы Алтын орда және қазақ халқының қалыптасу кезеңіне сай келеді. Асанқайғы шығармашылығында негізгі орын алатын қазақ тұрмысының өзекті мәселелерін арқау еткен философиялық-нақылдық жанрлар: толғау, терме, шешендік сөздер болып табылады. Асанқайғының шығармаларын жинап, зерттеумен Ш.Уәлиханов, Г.П.Потанин, М.Ж.Көпеев, С.Сейфуллин, М.Әуезов, тағы басқа айналысты. Жыраудың ақындық мұрасын бастыру ХЫХ ғасырдың соңында басталды. Асан Қайғы заманында Алтын Орда ыдырап, оның орнына Қырым, Қазан, Өзбек хандықтары пайда болды. Ноғай ордасы тарап, Қазақ хандығының тарих сахнасына шығуы хандықтар арасындағы қым-қиғаш талас-тартысты аласапыран кезеңмен тұспа-тұс келді. Кейінгі ұрпақ әулие танып, аты аңызға айналған «көшпелілер философы» (Ш. Уәлиханов) атанған Асан Қайғы «өзінен қалған қысқа сын болжаулары, өсиеті арқылы өзінің жайынан да, заман аңғарынан да бірталай көрініс, білік-дерек береді» 

Асан қайғы философиясының дүниетанымдары

1.Этикалық дүниетаным – ұлы жыраудың философия ойларының өзегін құрайды. Адам, адамшылықтың басты қасиеттері, олардың мәні мен сипаты жоғары имандылық деңгейінде қарастырылған. Поэтикалық формамен берілген этикалық ұғымдар, түсініктер, қағидалар Шығыс өркениетіне тән ерекшеліктермен сабақтастық тауып, адамгершіліктің алуан қырлы болмысын айқындайды.

2.Поэтикалық зерде және философияның қазақ дүниетанымында егіз ұғым екенін жырау өз толғаулары арқылы толық дәлелдеп берді. Адам өмірінің мәні, мақсаты, өлімнің растығы, қоршаған дүниені тану мәселелері Асан Қайғы философиясының басты бағыттары.

3.Асан Қайғы гуманизмі, адамға деген сүйіс пеншілігі тарихи сана арқылы түркі халықтарының жадында сақталған. Ноғай, өзбек, түрікмен, қырғыз, қарақалпақ халықтары арасында Асан Қайғы есімі ілтипатпен аталып, құрмет тұтылады. Оның ақындық ойы мен жыраулық философиясы өзінің танымдық құдіреттілігімен ерекшеленеді. 

Нақыл сөздері

Әділдіктің белгісі - біле тұра бұрмаса, ақылдының белгісі - өткен істі қумаса.

Бақыт қонған ерлердің әрбір ісі оң болар, Дәулеті күнге артылып, не қылса да мол болар.

Ердің құны сөз емес есебін тапқан сабазға, Мойның бұрып сөз айтпас көңілі қалған аразға.

Бұ заманда не ғаріп - ақ қалалы боз ғаріп, жақсыларға айтпаған асыл шырын сөз ғаріп.

Адам әзіз айтар деп — көңіліңді салмағын, Нәпсі алдаушы дұшпанның өсиетін алмағын.

Шығармаларынан үзінділер

Ай, Хан ием, мен айтпасам, білмейсің, Айтқаныма көнбейсің. Шабылып жатқан халқың бар, Аймағын көздеп көрмейсің.

Еділ бол да, Жайық бол, Ешкімменен ұрыспа. Жолдасыңа жау тисе, Жаныңды аяп тұрыспа.

Таза мінсіз асыл тас, Су түбінде жатады. Таза мінсіз асыл сөз, Ой түбінде жатады.

Асан  жыраудың  жер  туралы  сындары  терең  философиялық  мағына-сымен  халық  есінде.

Яссы қаласын (қазіргі Түркістан) олардың қожа-молдаларын көргенде: «Ай, қарыс жері бір арық, жер сорлысы мұнда екен, әйелі семіз, өрі арық, жұрт сорлысы мұнда екен»,— депті.

Шымкент пен Сайрамды көргенде: «Екі басса бір базар,малда береке болмайтұғын, екі басса бір мазар,бас-та береке болмайтұғын, базары жақын байымас, мазары жақын көбей-мес», — деген екен.

Алатауға келгенде:Түні суық, күні ыстық, жер даласы, Ананың емшегіндей сай саласы. 

Төрт елі топырақ асты алтын екен, 

Ішпей-жемей тоятын айналасы, —  

депті.


Назарларыңызға рахмет!!!



Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
Қазақстан республикасы
рсетілетін қызмет
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Жалпы ережелер
білім беретін
бағалау тапсырмалары
бекіту туралы
республикасы білім
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалаудың
қызмет стандарты
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
арналған жиынтық
болып табылады
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
жалпы білім
Әдістемелік кешені
нтізбелік тақырыптық
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Мектепке дейінгі
Зертханалық жұмыс
республикасының білім
оқыту әдістемесі
Инклюзивті білім
туралы хабарландыру
білім берудің
Жұмыс бағдарламасы
туралы жалпы
қазақ тілінде
Қысқа мерзімді
тақырыптық жоспар
пайда болуы
пәнінен тоқсан