Арнайы салық режимі Орындағандар : Жұмажан Ерқанат

Loading...


Дата26.03.2020
өлшемі113.77 Kb.

Арнайы салық режимі

Орындағандар : Жұмажан Ерқанат

Кеңесбек Диана

Киимбаев Акберды

Қаржаубай Диана

Қасенов Мирас

Қабылдаған : Қыздарбекова А.

Салықтар


Салықтар дегеніміз –мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардың белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдері.

Салық салудың мынадай негізгі принциптері бар:а) азаматтар салықты мемлекеттен алатын игіліктерге пропорционалды төлеу керек; б) салықтар табыстың мөлшерінен, салық төлеушілердің тұрмыс халінің дәрежесінен тәуелді болуы керек.

Салықтар шаруашылық субъектілердің, жеке тұлғалардың, мемлекет пен екі арадағы мемлекет арқылы жүзеге асырылады.

Салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықаралық табыстардың  қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықаралық табыстың белгілі бір мөлшері мемлекет үлесіне жинақтап жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді. Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болған және мемлекет бірге өмір сүріп дамуының негізі болған. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашанда болса салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қалыптасады. Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет.Салықтар мемлекеттің  тұрақты қаржы көздері болып табылады.


Салықтың атқаратын қызметтері:

  • реттеушілік
  • фискалдық
  • қайта бөлу.
  • Реттеушілік қызметі –салықтың ең негізгі қызметі. Осы қызметі арқылы салықтар ел экономикасына өз ықпалын тигізеді, яғни салықтың реттеуін жүзеге асырады.Салықтың реттеуінің ең басты мақсаты өндірістің дамуына ықпал ету. Салық түрлері, салық ставкалары, салық жеңілдіктері, салық салу әдістері, салықты реттеу тетіктері және тағы да басқалары.
  • Фискалдық немесе бюджеттік қызмет –бұл қызметі арқылы мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлімі құрылып, салықтың қоғамдық міндеті артады. Себебі салықтар мемлекеттік бюджеттің кірісін топтастыра отырып, әлеуметтік, әскери қорғаныс және тағы басқа шараларын іске асыруын қамтамасыз етеді.
  • Қайта бөлу қызметі –арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлігі мемлекет пайызына өтеді. Бұл қызметтің көлемі ішкі жалпы өнімдегі салықтың алатын үлесі арқылы анықталады.

Салық жүйесі


Салық жүйесі дегеніміз –мемлекет тарапынан алынатын барлық салықтар мен басқа да міндетті төлемнің, олардың құрылымы мен есептеу әдістерінің салық салу салаларындағы өкілетті органдар жүйесімен олардың өкілеттілігі мен тиісті нормалардың жиынтығы. Салық жүйесі мемлекеттік қаржы көздерін жасақтаудың ең негізгі құралы болуымен қатар ел экономикасын қайта құруға, өндірістің ұлғайып, дамуына және саяси-әлеуметтік шаралардың толығымен іске асуына мүмкіндік туғызады. ҚР-ның 1991 ж.25 желтоқсанында қабылданған ҚР-ның салық жүйесі туралы заңы тәуелсіз Қазақстанның салық жүйесін құраудың ең алғашқы бастамасы болған. Осы заң бойынша салық төлемдері мен салық қызметі органдарының құқықтары мен міндеттері республикалық және жергілікті басқару органдарының салыққа байланысты қызметтік құқықтары мен міндеттері айқын бектіледі.

Қабылданған заңға сәйкес 1992  ж.1 қаңтарынан ҚР-да 13 жалпы мемлекеттік салықтар, 11 міндетті түрде төленетін жергілікті салықтар мен алымдар, 18 жергілікті салықтар енгізілген. Салық салымының көптігі айналымының анықталуындағы қиындығы, шектен тыс дәлелсіз берілген салық жеңілдіктері салық тсавкаларының бір салалық түрі бойынша бірнеше тұрі болуы мүмкін.

2001 жылы шілде айынан бастап ҚР-да жаңа салық кодексі қабылданды. Бұл салық жүйесі бойынша салықтардың саны тоғызға дейін қысқартылды және кейбір салықтың түрлері бойынша ставаклары төмендетілді.

Салықтың түрлері


салық салу объектісі бойынша салықтар тікелей және жанама болып екіге бөлінеді. Тікелей салық заңды және жеке тұлғалардың табыстары мен мүліктеріне тікелей нақты белгіленетін табыстар.Жанама салық тауар бағасы арқылы алынатын салықтар. Ол негізінен көпшілік тұтынушылардан алынады. Тікелей және жанама салықтардың бұрыңғы КСРО-ның ұлттық табысындағы үлесінің мөлщері 40℅, АҚШ-та-30℅, Швейияда-51℅, Норвегияда-46℅, Францияда-45℅, Ұлыбританияда-39℅, ФРГ-да-37℅ құрады.

салықтық органдары бойынша жалпы мемлекеттік салықтар (корпорацияның табыс салығы, жеке тұлғалардың табысына салынатын салықтық қосылатын құнға салынатын салықтар, акциздер) және жергілікті салықтар мен алымдар (жер салығы, мүліктік салық, көлік салығы) деп бөлінеді.Жалпы мемлекеттік салықтар Республика заңдарының негізінде орталық өкіметпен мемлекеттік бюджетке аударылады. Жергілікті салықтар тиісті аймақтың жергілікті басқару органдарымен алынып жергілікті бюджетке түседі.

салықтың пайдасына қарай жалпы салықтар және арнайы салықтар деп екіге бөлінеді.
  • салық объектісінің экономикалық белгісіне қарай табысқа салынатын салық және тұтынуға салынатын салық болып екі түрге бөлінеді.
  • салық объектісінің бағалау дәрежесі бойынша нақты салықтар жеке салықтар болып бөлінеді.
  • салық ставкаларының белгілеу әдістері бойынша тұрақты ставкалар және пайыздық ставаклар деп екіге бөлінеді.
  • Салыну көздеріне қарай салықтар еңбекпен табылған және еңбексіз табылған табыс болып бөлінеді.Еңбекпен табылған табысқа еңбекақы, қаламақы, жеке кәсіпорындардың табысы жатады. Еңбексіз, бірақ жария табысқа дивидендтер, ақша салымы бойынша проценттер; қозғалмайтын мүліктердің және бағалы қағаздардың құнының өсімі, жер рентасы және т.б. жатады. Шет елдердің заңдары, кәсіпкерлік жолмен алынған пайданы, еңбек ақымен қатар еңбекпен табылған табысқа жатқызады.

АРНАУЛЫ САЛЫҚ РЕЖИМДЕРІ


1.Мыналарға:
  • шағын бизнес субъектілеріне;
  • шаруа (фермер) қожалықтарына;
  • ауылшаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғаларға;

Біржолғы талон — арнаулы салық режимін қолдану құқығын куәландыратын және төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын қоспағанда, жеке табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу фактісін растайтын құжат.

Патент — арнаулы салық режимін қолдану құқығын куәландыратын және салық сомаларының бюджетке төленген фактісін растайтын құжат.

Белгілі бір арнаулы салық режимін қолдануға арналған патент нысанын уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.

Патент жоғалған немесе бүлінген жағдайда, салық төлеушінің өтініші бойынша дубликат беріледі. Салық төлеуші бүлінген патентті салық органына тапсыруға тиіс.

Берілген патенттерді тіркеуді салык органдары патенттерді тіркеу (беру) журналында жургізеді.

Тіркеу журналдарының нысандарын және оларды толтыру тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.

Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, біржолғы талон және патент бланкілері қатаң есептілік бланкілері болып табылады және ақша алынбай беріледі. Оларды басқа адамдарға беруге тыйым салынады.

Арнайы салық режимдері қолданылатын тұлғаларға салық салу мақсатында салық төлеушінің өзге оқшауланған құрылымдық бөлімшесі болып оның функцияларының бір бөлігін орындайтын, орналасқан жері бойынша тұрақты жұмыс орындары жабдықталған аумақтық оқшауланған бөлімше танылады. Егер жұмыс орны бір айдан асатын мерзімге ққрылса, ол тұрақты болып есептеледі.

Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімдерін қолданатын салық төлеушілердің табысына мөлшері сәйкес айқындалатын табыстардың мынадай түрлері қосылады:

1) тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түсетін табыс, оның ішінде роялти, мүлікті жалға беруден түсетін табыс;

2) міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыс;

3) талап ету құқығын басқаға беруден түсетін табыс;

4) бірлескен қызметті жүзеге асырудан түсетін табыс;

5) таңылған немесе борышкер таныған айыппұлдар, өсімпұлдар және басқа да санкция түрлері (егер салық төлеуші бюджетпен есеп айырысуды жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүзеге асырған кезеңде, бұрын бұл сома шегерімге жатқызылмаса, негізсіз ұсталып, бюджеттен қайтарылған айыппұлдардан басқа);

6) мемлекеттік бюджет қаражатынан шығындарды жабуға алынған сомалар;

7) материалдық құндылықтардың түгендеу кезінде анықталған артық шығуы;

8) кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға арналған, өтеусіз алынған мүлік түріндегі табыс (қайырымдылық және демеушілік көмекті қоспағанда);

9) жалға беруші дара кәсіпкердің жалға берілген мүлкін күтіп ұстауға және жөндеуге арналған шығыстарын жалға алушының өтеуі;

10) жалға алушының жалға алу шарты бойынша төлемақы есебіне есептелетін, дара кәсіпкерден жалға алған мүлікті күтіп ұстауға және жөндеуге арналған шығыстары.

Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын салық төлеушінің табысы ретінде салық салу мақсатында мыналар қарастырылмайды:

   1) өтеусіз берілген мүлікті беруші салық төлеуші үшін – осындай берілген мүліктің құны;

 2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекет мұқтажы үшін сатып алынатын активтерді өткізу;

   3) егер тауар бірлігінің құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осындай беру күнінде қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 5 еселенген мөлшерінен аспаса, жарнамалық мақсатта (оның ішінде сыйға тарту түрінде) өзіне берілген, дара кәсіпкер өтеусіз алған тауардың құны қаралмайды.

Мыналардың арнаулы салық режимін қолдануға құқығы жоқ.

1) филиалдары, өкілдіктері бар заңды тұлғалардың;

2) заңды тұлғалар филиалдарының, өкілдіктерінің;

3) әртүрлі елді мекендерде өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелері және (немесе) салық салу объетілері бар салық төлеушілердің;

4) басқа  заңды тұлғалардың қатысу үлесі 25 проценттен асатын заңды тұлғалардың;

5) құрылтайшысы немесе қатысушысы бір мезгілде арнаулы салық режімін қолданатын басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы немесе қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалардың;

6) агенттік шарттар (келісімдер) негізінде қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілердің.

7) коммерциялық емес ұйымдардың;

8) дивидендтер, сыйақылар, роялти түрінде алынған табыстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден табыстар алатын заңды тұлғалардың

9) Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қолдануға құқығы жоқ.



Мынадай қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушілердің шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімiнқолдануға құқығы жоқ

1) акцизделетін тауарларды өндiруге;

2) акцизделетін тауарларды сақтауға және көтерме саудада өткізуге;

3) мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн - бензиндi, дизель отынын және мазутты өткізуге;

4) лотереяларды (мемлекеттік (ұлттық) лотереялардан басқа) ұйымдастыруға және өткізуге;

5) жер қойнауын пайдалануға;

6) шыны ыдыстарды жинауға және қабылдауға;

7) түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауға (дайындауға), сақтауға, қайта өңдеуге және өткізуге;

8) консультациялық қызметтер көрсетуге;

9) бухгалтерлiк есеп және аудит саласындағы қызметке;

10) сақтандыру брокері мен сақтандыру агентінің қаржы, сақтандыру қызметіне және делдалдық қызметіне;

11) құқық, әділет және сот төрелігі саласындағы қызметке.

Патент - жеке табыс салығын (төлем көзiнен ұсталатын жеке табыс салығын қоспағанда), әлеуметтік салықты, міндетті зейнетақылық жарналар мен әлеуметтік аударымдарды төлеу фактісін растайтын электрондық құжат

Патент негiзiндегi арнаулы салық режимiн мынадай талаптарға сай келетiн дара кәсiпкерлер қолданады:

1) қызметкерлердiң еңбегiн пайдаланбайтын;

2) жеке кәсiпкерлiк нысанындағы қызметтi жүзеге асыратын;

3) салық кезеңіндегі табысы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының 300 еселенген мөлшерінен аспайтын дара кәсiпкерлер.

Патент негiзiндегi арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлер үшін күнтізбелік жыл салық кезеңі болып табылады

Дара кәсiпкер патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдану үшiн оны қолдана бастағанға дейiн орналасқан жері бойынша салық органына салықтық өтінішті табыс етедi.

Қайтадан құрылған дара кәсіпкерлер аталған өтінішті дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей табыс етеді.

Дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген күн аталған дара кәсіпкерлер үшін арнаулы салық режимін қолдану басталатын күн болып табылады.

Патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануға салықтық өтінішпен бір мезгілде уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша патент алуға арналған есеп-қисап (осы тарауды қолдану мақсатында бұдан әрі – есеп-қисап) табыс етіледі.

Бюджетке төленген патент құнын, әлеуметтік аударымдарды төлеуді, міндетті зейнетақы жарналарын аударуды растайтын құжаттар есеп-қисапқа қоса беріледі.

Патент негізінде арнаулы салық режімін қолдану үшін орналасқан жері бойынша салық органына патент құнының есеп-қисабын (осы тараудың мақсатында бұдан әрі – есеп-қисап) ұсынады.       Есеп-қисапты қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде, оның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы:       1) жаңадан құрылған дара кәсіпкерлер – дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебі туралы салықтық өтінішпен бір мезгілде;       2) жалпыға бірдей белгіленген тәртіптен немесе өзге де арнаулы салық режімінен ауысуды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер – патент негізінде арнаулы салық режімін қолдану айының 1 күніне дейін;       3) кезекті патентті алу үшін патент негізінде арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкерлер – алдыңғы патенттің қолданылу мерзімі немесе салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін ұсынады.       Дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген күн жаңадан құрылған дара кәсіпкерлер үшін патент негізінде арнаулы салық режімін қолдану басталатын күн болып табылады.

Салық органдары есеп-қисап пен есеп-қисапқа қоса берілетін құжаттар табыс етілгеннен кейін бір жұмыс күні ішінде патент беруді жүргізеді немесе уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша патент беруден бас тарту туралы шешім шығарады. Шешім екі данада ресімделеді, оның біреуін салық төлеушіге қол қойылып тапсырылады.



Патент кемінде бір ай және он екі айдан аспайтын мерзімге беріледі.

Патент құнын есептеу салық салу объектісіне 2 процент мөлшеріндегі ставканы қолдану жолымен жүргізіледі.

Патент құны:

1) патент құнының 1/2 бөлiгi мөлшерiнде - жеке табыс салығы;

2) «Мiндеттi әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген әлеуметтiк аударымдарды алып тастағаннан кейiнгi патент құнының 1/2 бөлiгi мөлшерiнде әлеуметтiк салық түрінде бюджетке төленуге жатады. 

Әлеуметтiк аударымдар сомасы әлеуметтiк салық сомасынан асып түскен кезде, әлеуметтiк салық сомасы нөлге тең болады.

Егер нақты табыс патенттің қолданылу мерзімінің ішінде есеп-қисапта көрсетілген табыс мөлшерінен асып түссе, дара кәсіпкер бес жұмыс күні ішінде асып түскен сомаға қосымша есеп-қисапты табыс етуге және осы сомадан салықтар төлеуге міндетті.

Аталған есеп-қисаптың негізінде бұрын берілген патенттің орнына жаңа патент беріледі.

Егер патенттің қолданылу мерзімінің ішінде нақты табыс есеп-қисапта көрсетілген табыстың мөлшеріне жетпесе, дара кәсіпкер азаю сомасына қосымша есеп-қисапты табыс етуге құқылы.

Аталған жағдайда артық төленген салық сомаларын қайтару салық органы жүргізген хронометраждық зерттеуден кейін жүргізіледі.

Мынадай шарттарға сай келетiн шағын бизнес субъектiлерi оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимiн қолданады: 

1) дара кәсіпкерлер үшiн: 

дара кәсiпкердің өзiн қоса алғанда, қызметкерлердің шектi орташа тiзiмдiк саны салық кезеңi iшiнде 25 болса; 

салық кезеңі үшін шекті табысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қолданыста болған ең төменгі жалақының 1400 еселенген мөлшерін құраса; 

2) заңды тұлғалар үшiн: 

қызметкерлердiң шектi орташа тiзiмдiк саны салық кезеңi iшiнде 50 адам болса; 

салық кезеңі үшін шекті табысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қолданыста болған ең төменгі жалақының 2800 еселенген мөлшерін құраса, оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режімін қолданады. 

(2014.01.01 бастап қолданысқа енгізілді)

Шаруа немесе фермер қожалықтары мынадай салық салу режімдерінің бірін дербес таңдауға құқылы:

      1) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режімі;

      2) шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімі;

      3) жалпыға бірдей белгіленген тәртіп.

Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режімі

Шаруа немесе фермер қожалықтары, бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келген кезде АСР қолдана алады:       1) жеке меншік және (немесе) жер пайдалану құқығындағы (кейінгі жер пайдалану құқығын қоса алғанда) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің жиынтық алаңы мыналар үшін:    - Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары үшін – 3 500 га;

- Атырау, Маңғыстау облыстары үшін – 1500 га;

  - Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары үшін – 500 га,

- топырақ-климаттық аймақтардағы шөлді және тау бөктеріндегі шөлді-далалық жерлерінде орналасқан аудандарда (Бетпақ Дала, Балқаш көлі маңындағы құмдар) 1500 га болып белгіленген жер учаскесінің шекті алаңынан аспаса;

      2) осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызмет түрлерін ғана жүзеге асырса;

      3) қосылған құн салығының төлеушілері болып табылмаса, шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданады.



Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимi бiрыңғай жер салығын төлеу негiзiнде бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртiбiн көздейдi және акцизделетiн өнiмдердi өндiру, қайта өңдеу және өткізу жөнiндегi қызметтi қоспағанда, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiру, өзi өндiрген ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу және оны өткiзу жөнiндегi шаруа немесе фермер қожалықтарының қызметiне қолданылады.

Күнтiзбелiк жыл бiрыңғай жер салығы бойынша салық кезеңi болып табылады.

Шаруа немесе фермер қожалықтары арнаулы салық режимiн қолдану үшiн осы режим қолданылған бiрiншi жылдың 20 ақпанынан кешiктiрмей жер учаскесiнің орналасқан жері бойынша салық органына салықтық өтінішті табыс етеді.

Рет



Жер учаскелерінің алаңы (гектар)

Салық ставкасы

1.

500-ге дейін

0,1

2.

501-ден 1000-ға дейін қоса алғанда

500 гектардан бағалау құнының 0,1  500 гектардан асатын гектарлардың бағалау құнының 0,2

3.

1000-нан 1500-ге дейін қоса алғанда

1000 гектардан бағалау құнының 0,2  1000 гектардан асатын гектарлардың бағалау құнының 0,3

4.

1501-ден 3000-ға дейін қоса алғанда

1500 гектардан бағалау құнының 0,3  1500 гектардан асатын гектарлардың бағалау құнының 0,4

5.

3000-нан жоғары

3000 гектардан бағалау құнының 0,4  3000 гектардан асатын гектарлардың бағалау құнының 0,5

Егістік бойынша бірыңғай жер салығын есептеу жер учаскелерінің жиынтық бағалау құнына жер учаскелерінің жиынтық ауданын негізге ала отырып, мынадай ставкаларды қолдану жолымен жүргізіледі (өзгеріс енгізілді бұл ставкалар қолданылмайды):

Ррет №

Жер учаскелерінің алаңы (гектар)

Салық мөлшерлемесі

1

2

3

1.

500-ге дейін

0,15 %

2.

501-ден 1000-ға дейін қоса алғанда

500 гектардан бағалау құнының 0,15 % + 500 гектардан асатын гектарлардың бағалау құнының 0,3 %

3.

1001-ден 1500-ге дейін қоса алғанда

1000 гектардан бағалау құнының 0,3 % + 1000 гектардан асатын гектарлардың бағалау құнының 0,45 %

4.

1501-ден 3000-ға дейін қоса алғанда

1500 гектардан бағалау құнының 0,45 % + 1500 гектардан асатын гектарлардың бағалау құнының 0,6 %

5.

3000-нан жоғары

3000 гектардан бағалау құнының 0,6 % + 3000 гектардан асатын гектарлардың бағалау құнының 0,75 %

Егістік бойынша бірыңғай жер салығын есептеу жер учаскелерінің жиынтық бағалау құнына жер учаскелерінің жиынтық ауданын негізге ала отырып, мынадай мөлшерлемелерді қолдану жолымен жүргізіледі: (өзгерістер енгізілді 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізілді)

Жайылымдар, табиғи шабындықтар және арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын басқа да жер учаскелері бойынша бiрыңғай жер салығын есептеу жер учаскелерінің жиынтық бағалау құнына 0,2% мөлшерлемесін қолдану арқылы жүргізіледі.    Жергілікті өкілді органдардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары негізінде он еседен асырмай жоғарылатуға құқығы бар.



Арнаулы салық режимi:

1) ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалардың:

жердi пайдалана отырып ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, өзi өндiрген осы өнiмдi қайта өңдеу және өткiзу; 

толық кезеңдi (төлдi өсiруден бастап) мал шаруашылығы мен құс шаруашылығының (оның iшiнде, асыл тұқымды), ара шаруашылығының өнiмдерiн өндiру, сондай-ақ өзi өндiрген осы өнiмдердi қайта өңдеу және өткiзу жөнiндегi қызметiне;

  • селолық тұтыну кооперативтерінің:
  • шаруа немесе фермер қожалықтары - осы кооперативтердің мүшелері (пайшылары) өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу;

  • шаруа немесе фермер қожалықтары - осы кооперативтердің мүшелері (пайшылары) өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және осы өнімдерді қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімдерді өткізу жөніндегі қызметіне қолданылады.

Мүшелiк негiзде мүшелерiнiң (пайшыларының) материалдық және өзге де қажеттерiн қанағаттандыру үшiн өз мүшелерiнiң мүлiктiк (пайлық) жарналарын бiрiктiру жолымен жүзеге асырылатын азаматтардың ерiктi бiрлестiгi селолық тұтыну кооперативi деп танылады.

Селолық тұтыну кооперативтеріне мыналар жатады:

1) мүшелері (пайшылары) тек шаруа немесе фермер қожалықтары болып табылатын;



2) жиынтық жылдық табысының кемінде 90 процентін кооперативтердің мүшелері (пайшылары) өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және осы өнімдерді қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімдерді өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алуға жататын (алынған) табыстар құрайтын селолық тұтыну кооперативтері.

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
ызмет регламенті
республикасы білім
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
бойынша жиынты
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дебиеті маманды
дістемелік материалдар
дістемелік сыныстар
Мектепке дейінгі
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
мектепке дейінгі
білім беруді
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
мелетке толма
разрядты спортшы
ызметтер стандарттарын
дістемелік кешен
директоры бдиев
аласы кіміні

Loading...