Қаржы әрқашанда мемлекеттің өсіп-дамуымен тығыз байланысты және мемлекеттерімен бір уақытта пайда болған


Қаржылық бақылаудың ұғымы және түрлері

Loading...


бет3/4
Дата27.02.2021
өлшемі57.5 Kb.
1   2   3   4
Қаржылық бақылаудың ұғымы және түрлері
Қаржылық бақылау мемлекеттің қаржылық қызметінің түрі ретінде есептелінеді, сондай-ақ экономикалық категория ретінде де қаржыларға бақылау функциясы тән болады. Осы бақылау функциясы мемлекеттік қаржыларды қалыптастыру, бөлу және пайдалануын ұйымдаствру процестерінің заңды негізде және мақсатқа сәйкес жүргізілуіне қадағалауды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, осы қаржылық қызмет аясындағы уәкілетті қаржылық органдардың қызметтеріне де бақылау жүргізіледі. Сондықтан қаржылық бақылаудың ұғымы екі тұрғыдан түсіндіріледі. Қаржылық бақылау деп, мемлекеттің ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және мемлекеттің ақша қаражаттарын пайдалану процестерінің заңды түрде, сондай-ақ мақсатқа сәйкес жүргізілуін тексеруді айтамыз.

Қаржылық бақылаудың екінші ұғымы қаржылық қызметке қатысушылардың өз қаржылық міндеттемелерін орындауларын тексеру жөніндегі мемлекеттік уәкілетті органдардың іс-қимылдары болып табылады.

Қаржылық бақылаудың мына келесідей міндеттері болады: қаржылық қызметтің барысында заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету: мемлекеттің ақша қаражаттарының орынды және тиімді түрде пайдалануын қамтамасыз ету: кәсіпорындар мен ұйымдардың мемлекет алдындағы қаржылық міндеттемелерінің орындалуын тексеру: мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық операцияларының тиімді және белгілі мақсатқа сәйкес жүргізілуін тексеру; мемлекеттік емес шаруашылық субьектілерінің ақшалай операцияларының заңды негізде жүзеге асырылуын тексеру; қаржылық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында қаржылық тәртіп бұзушылықтың алдын алу жою.

Қаржылық бақылау әр түрлі негіздер бойынша мынадай түрлерге бөлінеді:

1.Нысандары бойынша: а) Тікелей бақылау; б) Жанама бақылау;

Тікелей бақылау нақты бақылау обьектісінде алғашқы ақша құжаттарын зерделеу және талдау, ақшаларды қайта есептеу, тауарлық-материалдық құндылықтарды түгендеу арқылы жүргізіледі.

Жанама бақылау бойынша, бақылау субьектісі мен обьектісі аумақ арқылы бөлінгендіктен олардың есеп беру және жоспарлау құжаттарын тексеру сырттай сипатта жүзеге асырылады.

1.Жүзеге асыру уақыты бойынша мынадай түрлерге бөлінеді:

а) алдын-ала қаржылық бақылау:

ә) ағымдағы қаржылық бақылау:

б) кейінгі қаржылық бақылау.

Алдын ала қаржылық бақылау қандай да болмасын қаржылық шараларды жүргізгенге дейін жүзеге асырылатын ескертпе бақылау:

Ағымдағы қаржылық бақылау қандай да болмасын қаржылық шараларды жүргізу процесінде жүзеге асырылатын жедел бақылау:

Кейінгі қаржылық бақылау өз қаржылық міндеттерін сапалы орындамағандарға және қаржылық құқық жасаған фактілерін айғақтау мақсатында қаржылық шаралар жүргізілгеннен кейін жүзеге асырылатын бақылау.
3.Субьектілері бойынша: арнайы және функциялық қаржылық бақылау.

а) арнайы қаржылық бақылау мемлекеттің арнайы уікілетті органдары жүзеге асыратын бақылау(мысалы, Қазақстан Республикасының Қаржы Министірлігі, Қазақстанның Ұлттық Банкі, Қаржы Министрлігінің қаржы бақылау комитеті және т.б)

ә) функциялық қаржылық бақылау мемлекеттік органдар жүзеге асыратын және олар үшін қаржылық қызмет пен қаржылық бақылау қызметтерінің бір бағыты ретінде көрініс табатын бақылау.

4. Қаржылық бақылау аясына байланысты: а) бюджеттік бақылау: ә) банктік бақылау; б) сақтандыру бақылауы; в) валюталық бақылау; г) салықтық бақылау; д) қаржылық-шаруашылық бақылауы болып бөлінеді.

Қаржылық бақылауды жүзеге асыру әдістеріне мыналар жатады: 1. Ревизия; 2. Алғашқы ақша құжаттарын тексеру; 3. Бухгалтерлік есеп тіркеліміндегі жазуларды тексеру; 4. Стастикалық және бухгалтерлік есептеулерді тексеру, 5. Жоспарлар мен сметаларды тексеру; 6. Тексеру кезінде туындаған мәселелер бойынша лауазымды адамдар мен материалдық жауаптылық жүктелген тұлғалардан жазбаша түсініктемелер алу; 7. Негізгі қорларды, нақты ақша қаражаттарын және тауарлық-материалдық құндылықтарды түгендеу; 8. Банктер мен басқа да есеп айырысу мекемелеріне ресми сұраныс жасау; 9. құқық қорғау органдары мен соттардан түскен ақпараттарға талдау жасау. Осы қаржылық бақылау әдістерінің ішіндегі ең бастысы ревизия болып табылады. Ревизия деп тексерілетін обьектілердің қаржылық-шаруашылық қызметтерін мұхият зерделеу арқылы олардың заңды түрде, мақсатқа сәйкес және ұтымды жүргізілген тексеруді айтамыз.

Ревизия жүргізу кезінде мына келесідей әдістер қолданылады: 1. тексеру обьектісі бойынша: құжаттық тексеру: факті бойынша, яғни жасалған жұмыстың көлемі мен сапасын, тауаралық-материалдық құндылықтардың бар жоқтығын тексеру. 2. тексеру обьектісінің қамтылуы бойынша: толық, жаппай тексеру; ішінара, іріктеп тексеру. 3. ұйымдастырылуы бойынша: жоспарлы тексеру; жоспардан тыс тексеру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
рсетілетін қызмет
Сабақ тақырыбы
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
туралы хабарландыру
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
бағалауға арналған
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
арналған жиынтық
туралы анықтама
Қазақстан республикасының
білім беретін
республикасы білім
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
жиынтық бағалауға
бағалау тапсырмалары
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
арналған тапсырмалар
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
әдістемелік кешені
Мектепке дейінгі
ортақ біліктілік
Қазақстан облысы
қызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс қатысушыларына
біліктілік талаптар
мамандығы бойынша

Loading...