Қаржы әрқашанда мемлекеттің өсіп-дамуымен тығыз байланысты және мемлекеттерімен бір уақытта пайда болған

Loading...


бет1/4
Дата27.02.2021
өлшемі57.5 Kb.
  1   2   3   4



Қаржы ұғымы.Қаржы әрқашанда мемлекеттің өсіп-дамуымен тығыз байланысты және мемлекеттерімен бір уақытта пайда болған. Сондықтан, мемлекет және құқық теориясы бойынша қаржылар мемлекеттің атрибуты болып табылады және мемлекеттің материалдық тірегі ретінде көрініс табады. Негізінде «қаржылар» ақша түріндегі қоғамдық өнімді бөлуге байланысты экономикалық қатынастардың бір бөлігі ретінде туындайтындықтан базистік қатынастарға сондай-ақ экономикалық құндылық категориясына жатады. Қаржылар өте мол ақша қаражаттары қорлары ретінде әрқашанда мемлекет меншігінде болады және жалпы мемлекеттік мұқтаждықтарды қанағаттандыру процесінде басты рөл атқарады. Қаржылар мемлекеттің өсіп дамуының материалдық негізі және оның өзіне тән міндеттері мен функцияларын ақшалай қамтамасыз етудің қайнар көзі болып есептелінеді. Мемлекет аумағындағы азаматтар салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлей отырып қаржыларды қалыптастыру процесіне араласса ал мемлекеттік қаржылардан зейнетақы және басқа да ақшалай жәрдемақы алу кездерінде оларды бөлу процесінде қатысыды. Қандай да болмасын заңды және тұлғалар қаржылық құқықтың обьектісі болып есептелінетін және мемлекеттің мақша жүйесінде қызмет ететін көптеген ақшалай қатынастардың субьектілері болып табылады. «Қаржы» термині екі мағынадан тұрады деп тұжырымдауға болады: 1. материалдық мағынада; 2. экономикалық категория ретінде.

Материалдық мағынада «қаржы» деп, мемлекеттің өз қарамағындағы, меншігіндегі ақша қаражаттары қорларының жиынтығын айтамыз. Бұл жерде айта кететін бір жәйт, азаматтар көбінесе қаржыны ақша деп түсінеді. Қаржылар өте мол ақша қаражаттары қорлары ретінде тек мемлекет қолында болады және ешқандай айырбас процесіне араласпайды. Ал азаматтардың қолында күнделікті өмірде жұмсалатын жалпыға бірдей құндылық баламасы-ақшалар болып табылады. Ақшалар 2 нысанда болады: қолда бар және құжат жүзіндегі ақшалар.

Экономикалық категория ретінде қаржы деп мемлекеттің ақшалай ресурстарын жоспарлары түрде қалыптастыратын және бөлетін сондай-ақ олардың пайдалануын ұйымдастыратын экономикалық қатынастардың жүйесін айтамыз.

Қаржылардың еліміздің әлеуметтік-экономикалық өміріндегі рөлдері мен маңызы олардың мынадай функциялары арқылы да көрініс табады:



  1. бөлу және қайта бөлу функциясы

  2. бақылау функциясы

Осы аталған функциялар тек мемлекеттік уәкілетті органдардың қаржылық қызметтерінің барысында жүзеге асырылады.

Бөлу функциясының көмегімен өндіріс аясында жасалған экономикалық өнімнің құны мен ұлттық табыстың бір бөлігі мемлекеттің қарамағына жіберіледі. Осы ақша қаражаттары мемлекеттің қаржысына айналғаннан кейін еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси құрылыстарының басым бағыттары бойынша қайтадан бөлінеді.

Бақылау функциясының арқасында ақша қаражаттарының жиылыстырылу және бөлу процестерінің заңға сәйкес жүзеге асырылуына сондай-ақ мемлекеттің ақшалай ресурстарының ұтымды әрі тиімді пайдалануына есептеу, тексеру жүргізіліп қаржылық тәртіптің сақталуы қамтамасыз етіледі.

Осы мемлекетке қажетті ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру бөлу және пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттің немесе оның уәкілетті органдарының іс-қимылдары мемлекеттің қаржылық қызметі болып табылады.

Ал қаржылық қызметтің, яғни мемлекеттің ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануын ұйымдастыру барысында туындайтын қоғамдық қатынастар қаржылық құқықтың пәні болып есептелінеді.

Қаржылар экономикалық категориялардың бірі болғандықтан жаңағы қоғамдық қатынастар экономикалық қатынастарға жатады, ал осы экономикалық қатынастардың жүйесіне кіретін қаржыларға байланысты қатынастар қаржылық қатынастар болып табылады. Қаржылық құқықтың пәнінің яғни қаржылық қатынастардың өздеріне тән айырықша белгілері болады. Олар мына келесідей болып келеді:



  1. Бұл қатынастар ақшалай немесе ақшаға байланысты қатынастар болып табылады:

  2. Бұл қатынастар әрқашанда бөлу сипатында болады:

  3. Бұл қатынастар мемлекеттің қаржылық қызметінің нәтижесі болып табылады.

  4. Бұл қатынастар ақша түріндегі құнның бір жақты қозғалысын білдіреді:

  5. Экономикалық қатынастардың бір түрі болғандықтан базистің құрамына жатады.

  6. Бұл қатынастар әрдайым қаржылық-құқықтық қатынастар түрінде кездеседі.

Осы аталған экономикалық және құқықтық белгілердің жиынтығы қаржылық қатынастарды жалпы экономикалық қатынастардың ішінен ал қаржылық-құқықтық қатынастарды жалпы құқықтық қатынастардың ішінен бөліп шығаруға мүмкіндік береді.

Сонымен, қаржылық құқық деп, мемлекеттің қаржыларын, яғни ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығын атаймыз.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
рсетілетін қызмет
Сабақ тақырыбы
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
туралы хабарландыру
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
бағалауға арналған
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
арналған жиынтық
туралы анықтама
Қазақстан республикасының
білім беретін
республикасы білім
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
жиынтық бағалауға
бағалау тапсырмалары
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
арналған тапсырмалар
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
әдістемелік кешені
Мектепке дейінгі
ортақ біліктілік
Қазақстан облысы
қызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс қатысушыларына
біліктілік талаптар
мамандығы бойынша

Loading...